𝐚𝐢𝐤𝐚 𝐬𝐭𝐮𝐝𝐲
480 subscribers
785 photos
166 videos
807 files
481 links
🖇 Ағылшын тіліне арналған каналымыз 🇺🇲
t.me/aikastudyenglish
Download Telegram
Биологиядан ҰБТда келуі мүмкін сұрақтар 🧬

1.Зоология ғылымы зерттейді: Жануарларды
2.Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар
3.Қосмекенділердің өкпесінің пішіні: Сопақша
4.Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі: Микориза
5.Өрік өсімдігінің тұқымдасы: Раушангүлділер тұқымдас
6.Дизентерия ауруын тарататын: Шыбын, тарақан
7.Жапыраққа күн сәулесі түскенде, хлоропластар ауадан сіңіреді: Көмірқышқыл газы
8.Тұқымы бір жарнақты өсімдік: Күріш
9.Гидраның энтодермасындағы жасушалардың рөлі: Асқорыту, сөл шығару
10. Құстың тісінің қызметін атқаратын мүше: Етті қарын
11. Адам мен жануарлар жасушасында болмайтын қабықша: Жасунықты
12. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратын бөлігі: Ми көпірі
13. Адамның қол сүйектері: Тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ
14.Қаннің ұюына қатысады: Тромбоциттер
15. Көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше: Кеңірдек
16. Бұл дәрумен жетіспесе адам бери-бери ауруына ұшырайды: В1
17. Эктодерма дегеніміз: Сыртқы ұрық жапырақшасы
18. Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі: Биосфералық
19. Биотикалық факторлаға жататын: Жыртқыштардың жемтігін аулап жеуі
20. Денесінде бақалшағы бар біржасушалы қарапайым жәндік: Арцелла
21. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік: Таллом
22. Бұршақ тұқымдастардың гүлінің формуласы: Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1
23. Гистондар кездеседі: Жануарлар мен өсімдіктердің ядросында
24. «Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар» заңын ашқан: Н.Вавилов
25. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы аталуы: К.Линней
26. Лейкопластардың қызметі: Қор затын жинауға қатысу
27. Екі жұп мұртшасы бар (ұзын және қысқа) жәндік: Шаян
28. Тірі ағзаларда тіпшілік етеді: Паразиттер
29. Қына денесінді саңырауқұлақ: Су және онда еріген минералды тұздарды сіңіреді
30. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы: Қауырсын тәрізді
31. Адам қанының атқаратын қызметі: Газ тасымалдау
32. Қазақстанда «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы жарыққа шықты: 1996 ж
33. Пиязшықты өсімдік: Қызғалдақ
34. Гүл сағағының жоғарғы кеңейген жері: Гүлтабан
35. Гидраның жазылатын жіпшесі орналасқан жері: Атпа жасушада
36. Жорғалаушылардың қан айналым жүйесі: Екі жүрекше, бір қарынша (жартылай бөлінген), екі қанайналым шеңбері
37. Бүйрек үсті безінің ішкі қабатынан бөлінетін гармон: Адреналин
38. Есту фймағы орналасқан ми бөлігі: Самай бөлігіндегі иірім
39. Бұлшықет сүйекке байланысады: Сіңір арқылы
40. Қарынның сілемейлі қабықшасының қабынуы: Жара(гастрит)
41. Асқорыту орталығын реттейді: Сопақша ми
42. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және механикалық әсерден қорғайды: Шел қабаты
43. Ақуыздың жасушада синтезделуі: Рибосомада
44. Қыналар денесінде саңырауқұлақтар мен балдырлардың өте тығыз бірігіп тіршілік етуі: Нақты селбестік
45. Қарапайымдылар түрлерін алғаш ашқан ғалым: Антони Ван Левенгук
46. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеген ғалым: Н.Вавилов
47. Онтогенездік дамуда эктодерма қабатынан пайда болатын: Жүйке жүйесі
48. Г.Мендельдің үшінші заңы: Тәуелсіз тұқым қуалау
49. Тіршіліктің алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалатын деңгейі: Популяциялық-түрлік
50. Тірі ағзалардың біртіндеп көтерілу(градиация) ұғымын енгізген ғалым: Ж.Б.Ламарк

#биология
Барлықтарыңа қайырлы түн🥰

Бүгін ҰБТҒА сапалы дайындық жасадың деген үміттемін😍

Қазір мен жаттығу жасаймын да, ұйықтаймын😅
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Басқалар жетпеген жетістікке жету үшін, ешкім жасамаған әрекетті жаса📚

Сен шын ниетпен қалап, еңбектенсең, СЕН АЛМАЙТЫН ҚАМАЛ ЖОҚ

#Motivation
Қайырлы таң

Білесің бе, қазір сен ұйықтап жатқанда не тұрғың келмей телефон қарап, уақытыңды босқа құртып отырғанда, басқа талапкерлер ҰБТҒА қызу дайындалу үстінде📚

Сондықтан, грант үшін еңбектенуді тоқтатпа🔥
Бекіністер

1640 жылы – Гурьев бекінісі
1716 жылы – Жәміш/Ямышевк
1716 жылы – Омбы
1717 жылы – Железинск бекінісі
1718 жылы – Семей/Семипалатинск
1720 жылы – Павлодар, Өскемен, Обинск,
Осморыжск, Черногорская және Коряковская
1735 жылы – Ор/Орск
1743 жылы - Орынбор
1752 жылы - Петропавл
1761 жылы - Бұқтырма
1771/2 жылы – Жайық, Кулагин
1824 жылы – Көкшетау, Қарқаралы/округтер
құрылды
1826 жылы - Баянауыл
1827 жылы - Көкпекті
1831 жылы – Аякөз/Сергиополь округ құрылды
1832 жылы – Ақмола/округ құрылды
1833 жылы – Үшбұлақ
1834 жылы – Аманқарағай
1835 жылы - Торғай
1846 жылы - Атбасар
1847 жылы – Қапал, Ақтау, Алатау
1853 жылы – Перовск, Ақмешіт/Қызылорда
1854 жылы - Верный
1855 жылы - Лепсі
1859 жылы - Қастек
1866 жылы - Ақтөбе
1869 жылы - Зайсан

#тарих
Окк көпшілігіміз тарихты таңдаппыз😍

Қазір тарихтан викториналар жіберемін🔥
Адамдар тамаққа балықты көп қолдана бастаған кезең:
Anonymous Quiz
50%
Мезолит
21%
Энеолит
12%
Палеолит
17%
Неолит
1380 ж Куликово даласында шайқас кімдердің арасында болды?
Anonymous Quiz
34%
Әмір Темір vs Баязит
19%
Батый vs Дмитрий
37%
Мамай vs Д. Донской
11%
Кенесары vs В. Перовский
Қаңлы әйелдері арасында жақсы дамыған қолөнер түрі:
Anonymous Quiz
21%
Тері илеу
30%
Жүн өңдеу
42%
Тоқымашылық
6%
Көзешілік
Көмекей әулие аталған жырау:
Anonymous Quiz
27%
Үмбетей
26%
Ақтамберді
35%
Бұқар
12%
Шалкиіз
Әскери коммунизм кезіндегі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі:
Anonymous Quiz
32%
Азық түлік салығы
30%
Азық түлікке айырбас жасау
33%
Азық түлік салғырты
6%
Ақшалай сатып алу
Ұлы Отан Соғысы жылдарында Қазақ КСР-де жалпы одақта өндірілетін қорғасынның балқытылған пайызы:
Anonymous Quiz
25%
75 %
36%
65%
31%
85%
8%
45%
1867-68 жж Семей облысына енген уезд:
Anonymous Quiz
20%
Көкшетау
28%
Сергиополь
48%
Қарқаралы
4%
Ходжент
Моңғолияда Секиз өзенінің бойын мекендеген тайпа:
Anonymous Quiz
45%
Найман
29%
Керейіт
18%
Жалайыр
8%
Қыпшақ