𝐚𝐢𝐤𝐚 𝐬𝐭𝐮𝐝𝐲
547 subscribers
785 photos
166 videos
807 files
481 links
🖇 Ағылшын тіліне арналған каналымыз 🇺🇲
t.me/aikastudyenglish
Download Telegram
8) Күн сәулесінен, зиянды микробтардан қорғайтын ұлпа бөлімі:
Anonymous Quiz
46%
Қыртыс
16%
Ауа жинаушы
19%
Негіз
19%
Қор жинаушы
Келістік пе😉
Anonymous Poll
91%
Ия😍
9%
Жоқ😏
a1kastudy Тау жыныстары.pdf
469.8 KB
#География: Тау жыныстары тақырыбы бойынша қысқаша конспект🌎
Джтдан 1917 Ресейдегі революция бойынша флеш кард жасап отырмын🤓📒

Джт таңдағандар бар ма?

Қалай дайындалып жатырсыңдар?

Қандай тақырыпқа келдіңдер?

Джт жанына қандай пән таңдадыңдар, жаза отырайық😍

Мүмкін бірге дайындалып қалармыз😇🙌
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Motivation

ҰБТдан жоғары бал алғың келсе, сылтау емес мүмкіндік ізде
ҰБТҒА дайындыққа арналған маған ұнайтын топ 3 канал😍

Осы каналдардан

Университет

Мотивация

Мамандық

Кеңестер

Тағы да басқа пайдалы мәліметтер таба аласың.

https://youtube.com/channel/UCKSHBOx00ProjunMonf4j6Q @a1kastudy

https://youtube.com/c/JooKz @a1kastudy

https://youtube.com/c/konystudy @a1kastudy
Биологиядан ҰБТда келуі мүмкін сұрақтар 🧬

1.Зоология ғылымы зерттейді: Жануарларды
2.Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар
3.Қосмекенділердің өкпесінің пішіні: Сопақша
4.Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі: Микориза
5.Өрік өсімдігінің тұқымдасы: Раушангүлділер тұқымдас
6.Дизентерия ауруын тарататын: Шыбын, тарақан
7.Жапыраққа күн сәулесі түскенде, хлоропластар ауадан сіңіреді: Көмірқышқыл газы
8.Тұқымы бір жарнақты өсімдік: Күріш
9.Гидраның энтодермасындағы жасушалардың рөлі: Асқорыту, сөл шығару
10. Құстың тісінің қызметін атқаратын мүше: Етті қарын
11. Адам мен жануарлар жасушасында болмайтын қабықша: Жасунықты
12. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратын бөлігі: Ми көпірі
13. Адамның қол сүйектері: Тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ
14.Қаннің ұюына қатысады: Тромбоциттер
15. Көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше: Кеңірдек
16. Бұл дәрумен жетіспесе адам бери-бери ауруына ұшырайды: В1
17. Эктодерма дегеніміз: Сыртқы ұрық жапырақшасы
18. Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі: Биосфералық
19. Биотикалық факторлаға жататын: Жыртқыштардың жемтігін аулап жеуі
20. Денесінде бақалшағы бар біржасушалы қарапайым жәндік: Арцелла
21. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік: Таллом
22. Бұршақ тұқымдастардың гүлінің формуласы: Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1
23. Гистондар кездеседі: Жануарлар мен өсімдіктердің ядросында
24. «Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар» заңын ашқан: Н.Вавилов
25. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы аталуы: К.Линней
26. Лейкопластардың қызметі: Қор затын жинауға қатысу
27. Екі жұп мұртшасы бар (ұзын және қысқа) жәндік: Шаян
28. Тірі ағзаларда тіпшілік етеді: Паразиттер
29. Қына денесінді саңырауқұлақ: Су және онда еріген минералды тұздарды сіңіреді
30. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы: Қауырсын тәрізді
31. Адам қанының атқаратын қызметі: Газ тасымалдау
32. Қазақстанда «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы жарыққа шықты: 1996 ж
33. Пиязшықты өсімдік: Қызғалдақ
34. Гүл сағағының жоғарғы кеңейген жері: Гүлтабан
35. Гидраның жазылатын жіпшесі орналасқан жері: Атпа жасушада
36. Жорғалаушылардың қан айналым жүйесі: Екі жүрекше, бір қарынша (жартылай бөлінген), екі қанайналым шеңбері
37. Бүйрек үсті безінің ішкі қабатынан бөлінетін гармон: Адреналин
38. Есту фймағы орналасқан ми бөлігі: Самай бөлігіндегі иірім
39. Бұлшықет сүйекке байланысады: Сіңір арқылы
40. Қарынның сілемейлі қабықшасының қабынуы: Жара(гастрит)
41. Асқорыту орталығын реттейді: Сопақша ми
42. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және механикалық әсерден қорғайды: Шел қабаты
43. Ақуыздың жасушада синтезделуі: Рибосомада
44. Қыналар денесінде саңырауқұлақтар мен балдырлардың өте тығыз бірігіп тіршілік етуі: Нақты селбестік
45. Қарапайымдылар түрлерін алғаш ашқан ғалым: Антони Ван Левенгук
46. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеген ғалым: Н.Вавилов
47. Онтогенездік дамуда эктодерма қабатынан пайда болатын: Жүйке жүйесі
48. Г.Мендельдің үшінші заңы: Тәуелсіз тұқым қуалау
49. Тіршіліктің алғаш рет қарапайым эволюциялық өзгерістер байқалатын деңгейі: Популяциялық-түрлік
50. Тірі ағзалардың біртіндеп көтерілу(градиация) ұғымын енгізген ғалым: Ж.Б.Ламарк

#биология
Барлықтарыңа қайырлы түн🥰

Бүгін ҰБТҒА сапалы дайындық жасадың деген үміттемін😍

Қазір мен жаттығу жасаймын да, ұйықтаймын😅