Orientalist's Notes
12.5K subscribers
64 photos
38 videos
12 files
83 links
Автор: Arsen Shadi

#запискиВостоковеда

Біздің онлайн-курстар:

https://web.courstore.com/ru/profile/tilbil2024/
Download Telegram
Ыстанбұлға анам мен Ясиннің екі ағасы келген (ағамның ұлдары). Ғидаят төртте, Қасымжомар үште, Ясин бірде.

Анамның 3 ұл немересі қосылған кездегі айқай-шуды елестете беріңіз…

Балалармен бала боп ойнап, секіріп, алыстық…

Сол, ұзақ ештеңе жазбаймын, түйін бір ғана ой болсын: балаға берген, арнаған уақытың қажет екен. Оқып жатырмын, қырып жатырмын, универге мақала жазу керек, кітап жазудамын, жаңа курс құрастырудамын… соның бәрі бекер дерсің, егер перзент, іні-қарындас балаларға көңіл бөле алмасаң.

Елге қызмет деп ауыз толтырғанға құмар ғой қазіргі “инфлюенсерлер”, көзілдірікті туралап қойып, түрді жасап тұрып, подкасттарда жыртып жатады… Шынында, “Елге қызмет ету керек, ойбай, а-у” деген айқайларды сүймеймін. Ол айқайлайтын нәрсе емес.

Балаға көңіл бөліп, жақсы ұрпақ тәрбиелеу, ол да елге қызмет.

Аласың, жолыңды табасың, адал ісіңді істейсің, маман боласың… қызмет көп-ақ…

#кешкі_ой
Түндерде көп ұйықтама. Түндерде көп ұйықтауың - қиямет күні сені пақыр етеді.

(с) Имам Ғазали (رحمه الله), “Әйюһәл-уәләд” кітабынан

P.s. Түнді құлшылықпен, зікірмен, пайдамен өткізу жайында.

#ғалымдар_өсиеті
Тәтті нәрсенің тәтті екендігін, ащы нәрсенің ащы екендігін тек соны татқан кезде ғана біле аласың. Кей сұрақтардың жауабы да тап солай, адам оны өзі татпайынша, жауабын түсіне алмайды.

(с) Имам Ғазали (رحمه الله), “Әйюһәл-уәләд” кітабынан

#ғалымдар_өсиеті
Біздің www.shadi-courses.kz платформасында араб, түрік, ағылшын, орыс тілдерінен онлайн-курстар бар-тын (сайтқа кіріп таныса аласыз).

Қазір сол курстарды жаңарту үстіндеміз. Одан бөлек “новинка” курстар:

1. Орыс тілі 0-ден;
2. Парсы тілі 0-ден;
3. Түрік тілінің жалғасы;
4. Араб тілінің жалғасы ж/е т.б.

Жаңа курстар сатылымға әлі шықпайды, себебі академиялық өмірде өз шығармашылығымызға уақыт аз боп қалып жатыр, тек сіздерге хабарлап қойып жатқаным, бір дұғаларыңызға қоса жүрсеңіздер.
Топтар толды. Бұйыртқан жандар алды. Алла берекеден айырмасын.

Білім алуды, ізденуді тоқтатпаңыздар.

Өз жолыңызды таба алмай жүрсеңіз де қосымша білім алыңыз, ізденіңіз, жол міндетті түрде көрініп бастайды.

#күн_жақсы_болсын
Алла Тағала әрбір адамның ризығын бөліп, дайындап қойғанын білгенімнен соң, өзге адамға қызғанышпен қарамайтын болдым.

Тәуекел - Алланың уәде еткен нәрсесінің міндетті түрде орындалатынына сену.

(с) Имам Ғазали (رحمه الله), “Әйюһәл-уәләд” кітабынан

#ғалымдар_өсиеті
Жүрместен, қадамыңды жасамастан қалаған жеріңе ешқашан жете алмайсың.

(с) Имам Ғазали (رحمه الله), “Әйюһәл-уәләд” кітабынан

#ғалымдар_өсиеті
Әрбір жақсы мүмкіндіктің артында қауіп жасырынған. Әрбір қауіптің артында мүмкіндік жасырынған. Бәрі бірге дағдарыс (кризис) деп аталады.

Қытай тілінде “кризис” сөзі 2 иероглифтен тұрады: 1) Қауіп; 2) Мүмкіндік.

(с) Қасым-Жомарт Тоқаевтің Петербург экономикалық форумындағы сөзінен, 2022

P.s. Сол жылы спич-анализ жасау барысында түртіп алынған сөздер.
— Өмірде биік мақсаты бар, бос нәрсеге алданбайтын жандардың жанында жүріп өзің де қуат аласың, бой түзейсің.

— Ондай адамдарды қайдан таба аламын?

— Игі орталардан, білім мәжілістерінен, ілім алқаларынан.

— Ондай білім мәжілістері қайда бар?

— Естімедің бе, Ыстанбұл қаласында, Әбу Ханифа институтында жазғы 1 айлық курсқа қабылдау ашылды. Арабша білсең, Ислам ілімдерін білікті ұстаздардың алдында отырып игергің келсе, мүмкіндікті пайдаланып қатысып қалсайшы…

— Ма ша Алла! Қызық боп кетті, тағы толығырақ айтшы…

— Шейхтармен шариғи кітаптар оқисың, бір айдан соң бітіріп курс сертификатын аласың және шейхтар әр оқылған кітаптан ижаза береді. Ойланшы, тамаша мүмкіндік қой, үлкен ғалымдардың тізбегі бойынша ижаза алу деген бақыт қой.

— Алла, Алла! Ғажап! Қандай кітаптар оқылады екен?

— Ғулумуль Қуран Әл-Кәрим, Әд-дурус Ән-Нәхуия, Әл-Һәдйун-Нәбәуи, Әл-Арбағунә фил-Әхкәм, Манзуматуль-Бәйқуния, Усулуш-Шәши, Әл-Мәсәил Хамсуна фи Усулуд-дин, Тасрихуль-Мантық кітаптары, яғни, түрлі сала бойынша кітаптар оқылады.

— Ма ша Алла! Жазда бір айымды осылай пайдалы, сауапты, берекелі іске жұмсағаным күшті емес пе?! Ел көрем, үлкен шейхтармен кездесем, білім дәмін татамын, жақсы ортамен танысамын, берекесін аламын…😍 қатысамын, ин ша Алла! Құны қанша? Қайда тұрамын?

— Құны өте номиналды, бар болғаны 100$. Тамақ + жататын жер кіреді. Су тегін ғой, былайша айтқанда. Келіп-кету билетіне + 100$ ақша тапсаң оқуға, бар болғаны сол. Аз шығынмен көп пайда ала аласың.

— СубханАлла, расымен су тегін ғой! Мүмкіндікті жібермей, бірден тіркелу керек. Басқа да достарыма айтып сауап алып қалайын. Ыстанбұлда 1 ай бірге ғалымдардың жанында уақыт өткізбейміз бе?! Нығмет қой! 😍 Не істеу керек?

— Тіркелу үшін мына сілтемеге өтіп, форманы толтыру керек ⤵️

https://forms.gle/nEAheHCCTv3b6XcY9

Қосымша сұрақтар болса, WhatsApp номерін де қалдырайын, жазып, тікелей байланысқа шыға бересің ⤵️

http://wa.me/905531880177

Ал мынау телеграм арнасының сілтемесі, нендей жаңалық болса да сонда салады ⤵️

https://t.me/abuhanifamahad

— Алла разы болсын, осылай жақсылықты нұсқап, бөлісіп жатқаныңа! Ерекше қуаныштымын! 😍🤝

— Әмин, Алла баршамызға разы болсын! Өзгелерге де хабарлап, бөлісіп қой. Ертең өзің бара алмай қалсаң да, сенің бөлісуің арқылы барған адамның сауабына сен де үлескер бола аласың.

#білім #жазды_пайдамен_өткіз #оқы_үйрен_ізден
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыз қазақ па? | 1-бөлім

Соңғы уақытта осындай жаңалық тарап, қазақтілді кеңістікті шарлап өтті. Әлбетте, тамаша жаңалық! Біз қазақ, мақтанғанды сүйеміз, абырой көреміз, өзі солай-ақ та! (Онда тұрған не бар дерсің?!)

Күшті емес пе, әлемдік деңгейдегі тұлға - ұлты қазақ.

Ертең Шымкентте болатын жаңа мешіттің ашылуына да шапан жауып алдырттық.

[Шейх Осман Тоһә кім екенін білмесеңіз, төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыз] ⤵️

YouTube сілтемесі

Содан, Осман Тоһә атамыздың қазақ екені бір видеодан мәлім болды, жан-жаққа тарқады. Ешкім фактчек жасамастан, соған нана кетті.

[Ол қандай видео десеңіз, оны да келесі сілтемеден көріңіз] ⤵️

YouTube сілтемесі

Видеода, бірақ қазақша сөйлеп тұр емес пе?!

Шейх 1934 жылы бүгінгі Сирияның Хәләб (Алеппо) қаласында, Санди деп аталатын ауылда дүниеге келген. Ал ол Санди - түркімен ауылы боп табылады. Жалпы, Сирияда араб пен күрдтен соң түркімен 3-орында (саны жағынан). Олардың басы Шам өлкесіне Зенкилер дәуірінде келе бастаған (тарихтан қараңыз).

“Түркімен” деп арабтарда, ертеде Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарын айтады. Сөздің өзі “Түрік” және “Иман” сөздерінің қосындысы. Уақыт өте кез-келген қос сөз ассимиляцияға ұшырайды, содан да бұл сөз “Түркімен” боп қысқарған.

Ғасырлар өтіп сол аймақтарда ұрпақтары қалған соң, жаңа бір этникалық топ секілді қалыптасып қалған, ал шынында түбі бір түрік халықтары.

Құрметті шейхіміз Осман Тоһә - сол Хәләб түркімендерінен. Бүгін сол шейхтің әйелі мен туған қызына аударма жасап, жандарында болған ұстаз, 10 қырағат иесі - Шоқан қарекең де осы сауалды сұрағанын айтты, әйелі де, қызы да түркімендерденбіз деп растаған.

Иә, түбіміз бір, бір тармақтанбыз, алайда қазақ деп жібере салу қаншалықты дұрыс?!

Осы принциппен шейх өзбек те бола алады, Ашхабад түркімені де бола алады, қырғыз да бола алады, ноғай да бола алады… Бәріміз түрікпіз (түркі)!

Шейхтің өзі 90-ды алқымдап қалған, содан да ақырын сөйлейді және кей сөздерін біздің қазекеңдер жаңылыс түсініп қалған көрінеді.

“Аталарым Түркістаннан келген” деген көрінеді шейх…

Енді осы “Түркістан” атауын талдап жіберейік.

1) Түркістан - көне қала атауы (біздің Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тұрған).

2) Түркістан - бүкіл түрік (түркі) халықтарына ортақ тарихи мекен атауы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және оның ішінде Қарақалпақстан, Түркіменстан - бұл Батыс Түркістан.

3) Ал енді Қытайдағы (ҚХР) Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы және маңындағы аймақтар - Шығыс Түркістан (ол да кәдүгіндей үлкен территория). Шыңжаңда ұйғырлардың тұратынын білеміз, алайда Батыс Түркістандағы халықтардың да көп бөлігі Шығыс Түркістанда бар.

4) Оңтүстік Түркістан деген де бар (Ауғанстанның солтүстігі), олар саяси тұрғыдан бізден бөлініп қалған. Бүгінде Ауғанстан жерінде көптеген түркі халықтарын кездестіре аламыз (өзбек, түркімен ж/е т.б.)

5) Еділ (Волга), Жайық (Урал), Қырым, Солтүстік Қауқаз (Кавказ) Қобан (Кубань), Дон, Днепр, Днестр, Дунай - осылардың бәрінде түркі халықтары н/е түркі халықтарының ізі бар.

Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) аталарының Түркістаннан келгенін айтса, Шымкент жақтағы Түркістанды меңземегені анық.

Википедияның ағылшыншасында “Nationality” деген жерге біздіңкілер “Qazaq” деп жазып кетіпті…😂 иә-иә, Википедияда өзің кіріп редакция ұсына аласың. Оны біздіңкілер жасағанын қайдан білдім? Өңделген өзгертпелердің мұрағатын көру мүмкіндігі бар. “Last edited” деген тұсы 1 ай бұрын деп тұр, яғни, соңғы рет бір ай бұрын өзгеріс еңгізілген.

Мақтануға келгенде жан салмаймыз алдымызға!😂

Біреу “Don’t change the page without proof” деп жазған, сонда қазақтар қайта-қайта кіріп “Qazaq” деп өзгерте берген ғой…😁 Бұл енді қате! Олай жасаған дұрыс емес!

Бір қазақ оларға ағылшынша жауап беріп қойыпты “Қазақ халқын көре алмайтындардың бүлдірген бетін қайта туралап қойдым” деп…😅 (до конца қырылған ғой, уопшым).

#панказахизм
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) қазақ па? | 2-бөлім

Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыздың (иә, түбі бір түркі атамыз деп мойындаймын) Қазақстанға келуі, жаңа мешіттің ашылуына қатысуы үлкен шарапат, береке, Алланың бізге берген нығметтерінен.

Қасиетті Алланың кәләмін жазған мүбарак қолдарын сүю - құптарлық іс, Алла Тағала бізге де көрісуді жазсын, қолын алуды, батасын алуды нәсіп етсін.

Қазақстанды “Атажұрт” дейді, иә, солай. Түркия президенті - Эрдоған көкеміз де солай айтады. Түрік (түркі) халықтарының асыл мекенінде қалғанбыз біздер.

Алайда шейхті “қазақ” деп жар салып, негізсіз, дәйексіз ақпар таратуға қарсымын.

“Шыңғысхан қазақ болған” деген секілді панказахизмді қою керек ау… тарихта өтіп кеткен Шыңғысханды қайтеміз, көзі тірі адамды қазақ қылып жіберіп жатқанымызда…

Ешкімді күстаналау мақсатымда жоқ, керісінше, шейхтің Қазақстанға келуіне себепкер болған видеодағы ұстазға да, басқа кісілерге де Алла разы болсын! Үлкен еңбек, оны мойындаймыз!

#панказахизм
Жұманың берекетімен Шымкент қаласында ашылған жаңа мешіт елге берекелі болсын!

Ерсін қари Әміре ұстазымыздың сол мешітке бас имам боп тағайындалуы - күннің керемет жаңалықтарынан.

Ал мен кешегі жазбаға қатысты түрлі пікірлер алып үлгергенімді тілге тиек ете кетейін.

“Бір қариды қазаққа қимай қалдыңдар ма?”, “Жазбаны жазған адам сол жерде өзі бола алмаған соң көреалмай жазған”, “Пікірі дұрыс емес, керісінше жақсы адамдар мен тамаша тұлғалардың халқымызда көп болғаны жақсы, соларға қарап жастар бой түзейді” ж/е т.б.

Мен Осман Тоһә шейхіміздің (حفظه الله) Қазақстанға, оның ішінде менің туған жерім - Шымкентке келгеніне ерекше қуандым. Алланың берекесі!

Бірақ жазбаны эмоциямен емес, сау пікірмен оқыған адам не дегім келгенін жақсы түсінеді. Өтірік ұран қажет емес, мәселе сол!

Жақсы адамдар мен тамаша тұлғалар көп шыққан халқымыздан, бой түзегісі келетін жастарға үлгі жетерлік. Алайда әлемдік деңгейдегі тұлғаны “қазақ” деп жар салу ұят нәрсе!

“Түбіміз бір, бір атаға ораламыз, тегіміз бір” деген сияқты вариант көп қой.

Қызық керек болса айтайын, ұятқа қалып та үлгергенбіз.

Алланың қалауымен заманымыздың үлкен ғалымы - шейх Мухаммад Аууаманың (حفظه الله) үйінде қонақта болдым. Шейхтің ұлы - Мухиддин Аууамамен (حفظه الله) отқан кезде осы әңгіме қозғалды. “Біздің елде Осман Тоһәны қазақ деп шығарып жатыр” деген кезде шейх Мухиддин Аууама басын шайқады. Себебі олар да Хәләб (Алеппо) қаласынан шыққан, бәрін тамаша біледі. Бұл әңгімеге 3 қазақ куә болғанбыз.

“Қазақтың қуанышын көреалмау” деген бос әңгіме, төмен сана. Әдетте осындай әңгімені қазақ үшін бір ши сындырып көрмеген адамдар айтады. Балаңды ғалымдыққа оқытуға, білім алуына жағдай жасауға жоқсың, алайда Айды аспаннан келтіріп жалған ұран іздейсің…

Шындап келсек, шейх Осман Тоһәның (حفظه الله) өз фазилетін, қадір-қасиетін біліп жатқандар аз. “Қазақ” деген соң ғана пай-пайлап кетті. “Хаттат” дегенді “Хаттаб” деп…

Хаттат - каллиграф деген сөз.

Каллиграфия - көркем жазу өнері. Құран әріптерінің хаққысын беріп, әдемілеп жаза алу үшін сан-жылдар беріп оқиды адамдар. Ең азы 8 жыл.

“Құранды қолымен жазған” дегенді де дұрыстап түсіндіру керек адамдарға (Құранның авторы деп түсініп кетпесін білмейтіндер, Алла сақтасын). Ztb және басқа да порталдардың пікірлерінен неше түрлі нәрсе көріп үлгердік. “Бұл кісі таза қазақ, қазақша судай сөйлейді” деп жазып қойыпты бір кісі. Өтірік осылай тарқайды екен ғой!

“Көреалмаушылық” дегенді таста! Қазақ ретінде мен де қуанбаймын ба егер солай болса?!

Арасында бола алмаған соң осылай көреалмай адам пост жаза ма?!

Академиялық білім алған соң кез-келген жаңалыққа сыни қараймыз, тексереміз. Біздің елде білім-ғылымда кенжелейтініміз осындайдан, міне! Қалай дамысын?

[Жұмаға барып кеп, соның күшімен жазып жатырмын, содан тоқтай алмай қалдым, ал 😂]

Кеше жазба шыққан соң Ернар Абзал ұстаз қоңырау шалып, пікірлесіп жатыр. Біздің қазақ пен қырғызда ұлт ретінде комплекс бар деген ой айтты. Ақиқаты сол! Осындай жаңалықтар арқылы “самоутверждение” іздейміз, өзімізді жұбатқымыз келеді.

Соңында тағы да қайталап жазайыншы, әйтпесе тар қабылдап жатқан адамдар баршылық. Шейхтің елге келуі тамаша, ма ша Алла, ғажап нәрсе! Мен де елде болсам қасына жақындап қалуға тырысар едім.

Менің айтпағым: өтірік ұранды қояйықшы!

#панказахизм
Үлкеен әлемді өмір бойы тек бір ғана тіл білумен тарылтып алма.

#әлеміңді_кеңейт
Тілді YouTube-тан үйренуге болады, дау жоқ. Өз бетінше тұрақты жоспар құрып, сол жоспарына сай жүріп отырса.

Алайда курсқа қатысу арқылы сіз үшін жоспар құрып, жүйелеп берген адамның н/е топтың еңбегіне төлейсіз. Сіздің орныңызға ізденіп, құрап, сығып, қажетті форматта жеткізеді.

Біз тілден онлайн-курс шығарғанда “Ең жақсы курс бізде” деп айтпаймыз, айта алмаймыз.

Өз білетінімізді видео-дәріс қылып жазғанбыз. Бұл жерде тек тіл мәселесі емес, таным мәселесі де бар. Біздің дүниетанымымызға, әлемді көруімізге сай түсірілген, пікірімізге негізделген.

Және ең бастысы - дұрыс тілдік негіз қалыптастыруға курстарымыз көмектесе алады, оны ұялмай айта аламыз.

TilBil Polyglot атты авторлық кітабымызды оқыған жандар болса, жалпы не жайында әңгіме өрбітіп жатқанымды түсінеді (кітапты KitapAl дүкендер желісінен таба аласыз).

Мына жерде қазір бар курстарымызбен таныса аласыз: https://shadi-courses.kz/allcourses/

Осы курстың бәріне тамаша жеңілдік болып жатыр, алайда ол жеңілдікті алу үшін бір шарт бар. Ол үшін инстаграмдағы осы рилсты қараңыз: инста-рилс

Жеңілдікпен “дешевка” курстарды ұрып жатқан жоқпыз, шынайы білімге негізделген сабақтарды берудеміз.

Бұл жеңілдікке қатысты бөлек жазба шығарамын.

#тілбіл #білім_ал #әлемді_таны
“Асылы, жазбауға мүмкіндігің болса, жазба! Жаман жазғаннан жазбаған жақсы! Сонда әлгі бір ар таза тұрады...”

(с) Лев Толстой

#пайдалы_болсын
Қаламның ұшымен жасалатын еңбек те өте маңызды.

Кітап жазатын адамның көбеюі сапаны арттырады. Жақсы, сапалы кітаптар көптеп шықса, оқитын адам саны да көбейеді.

“Иқро” әмірі түскен үммет екенімізді ұмытпау ләзім.

#пайдалы_болсын
Басқаның бақытын құнсыздандырма.

Біреу таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ одан кейін отбасына, бала-шағасына оралып, мауқын басып, бақытты сәттерін кешеді. Ол да – бақытты.

Біреу таңнан кешке дейін адамдарды емдеп, олардың алғысын алады. Олардың қуанғанын көреді. Ол да – өз еңбегімен бақытты.

Оларға келіп: “Осы да өмір ме? Кәсіппен айналысып миллион тап…” деп оның бақытын құнсыздандырма.

Адам бақытты болу үшін міндетті түрде миллиондаған доллар тауып, үлкен бизнесмен болу қажет деген сөз жоқ.

Өзіңнің пайымыңдағы бақыт ұғымын басқаларға да тықпалап әуре болма.

Әркім өз өміріне сай бақытты.
Forwarded from muslim_talks
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
— Сеніңкі нендей арабша мынау, йаа?! Баш-ла гөз үстүне. Біздің түріктердің көбінде қанша тырыссақ та ыңғайға келе бермейді, бұлай әдемі шығара алмаймыз…

— Еста’фрАлла, хожам…

— Жоқ, асыра сілтеп жатқан жоқпын. Мұхаммед, қарашы, - деп араб жігітке қарайды, - арабшасы сенікінен әлдеқайда жақсы, солай ма?!

— Иә, ұстаз, фусха таза ғой…

— Арсән (түрікшеге келтірген жайым 😁), сендердің елдеріңде бәрі осындай ма? Тіл үйренуге икемдерің жақсы секілді ғой. Ненің әсері болуы мүмкін? Себебі сенде ингилизже бар, фарсыша бар, русша бар, казакчаң затен белгілі, арабчаңа тәнтімін…біз білетіндеріміз осылар сен туралы, ал білмейтініміз қанша шығар…

— Валла, хожам, там айта алмаймын, алайда бірнеше тіл білетін жастар көп бізде. Тарихи факторлардан долайы шығар. 37-де руслар біздің қазақ айдынлары - Алаш зиялыларын қырған болатын. Сол, міне, Алаш зиялыларының алды 20 тілге дейін білген. Біздің елде көбіне үлгі моделі ретінде сол тұлғаларға қарайды…

— Хаа, нендей гюзәл! Руслар Орта Азияда көп қанды қырғын жасағаны туралы еститінбіз…

— Иә, хожам, сол кезеңдер…

— Міне, біз үшін өрнек болатын үлгі азаматтар ортамызда бар. Академиялық зерттеулер үшін бізге келгеніңе қуаныштымыз.

— Еста’фрАлла, хожам! Алла разы болсын!

(с) Мармара университеті, Таяу Шығыс және Ислам өлкелерін зерттеу институты, бүгінгі диалог

[түрікше дәмді сездіру үшін осындай стильде жазылды]

Өзімнен кейін баратын қазақтар үшін оңды имидж қалыптастырып кеттік, ал (дейін бе). Шетелде жүрген әр қазақтың мойнында үлкен жауапкершілік бар деген қағидадан баз кешпедік.

#күн_тәмсілі
Дәл қазіргі сәтте Рафахтағы бауырларымыз зұлымдық көріп жатқан кезде, ең азы осы күндері әзіл-сықақ, бос-күлкі нәрселер бөліспесек екен әл.желі парақшаларымызда.

Онсыз да ғапілеттеміз ғой!

Үмметтің қайғысын өз қайғыңдай көре білу, сезе білу өте маңызды-ақ…

Қайдан келді бұл ой?

Тарихшаларды қарап отырып Рафахта лағынет атқыр Израильдің шабуылынан кейін өртке оранған адамдарды көрдім, артынша бір “прикол” шықты… осы бір контраст - біздің бүгінгі хәліміз.

#Палестина_аяқта_соңына_дейін