Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Мемлекет басшысына жас кәсіпкер Асқар Ахметов өзінің виртуалды (VR) және толықтырылған шынайылық (AR) технологияларына қатысты жобалары жөнінде айтып берді

🎥 Молодой предприниматель Аскар Ахметов рассказал Главе государства о своих проектах в области виртуальной (VR) и дополненной реальности (AR)

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi
⚜️ Бүгін – Абай күні. Ұлтымыздың ұлы ақыны, хәкім Абайдың шығармашылығын кеңінен дәріптеу мақсатында атаулы күн 2020 жылғы 5 тамызда еліміздің мерекелер күнтізбесіне енді.

«Өткеннің арты, жаңаның басы бола білген» ұлы ақынның тағылымына терең бойлау, одан салиқалы сабақ ала білу – бүгінгі күнде үлкен маңызға ие.

Абай – ұлтымыздың болмысы мен бітімінің айқын үлгісі. Абай – әлем әдебиеті мен мәдениетін қастерлі асыл қазыналармен байытқан бірегей тұлға. Күллі адамзатқа ортақ кемеңгер шығармаларының әлемнің 30-дан астам тіліне аударылуы – бұл сөзімізге айқын дәлел.

Абайдың өміршең һәм өнегелі әдеби мұрасы – біздің өркениетіміздің алтын тұғырына айналуы тиіс.

Өткеніміз бен ертеңіміздің алтын діңгегіне айналған тұғырлы тұлғаны өскелең ұрпақ арасында кеңінен дәріптеу мақсатында бүгінде отандық бірнеше жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне «Абайтану» курстары енгізілген. Бұдан бөлек, бірқатар ғылыми-зерттеу мекемелерінде хәкім шығармашылығын зерделеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

⤵️
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы», – деп атап өткен.

Расында да, надандықтың орнына білімпаздықты, даңғазалықтың орнына даналықты насихаттаған Абай мұрасы бізге әрдайым жол сілтер шамшырақ болып қала беретіні сөзсіз.

Ұлы ақынның ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани сарқылмас азық, таусылмас қазына бола бермек. Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын!
🎓 Начался приём заявлений на гранты в вузы от фонда "Казахстан халкына". Фонд выделил 850 грантов на этот учебный год.
🇰🇿 🇹🇷 Достар, Ахмет Ясауи университеті талапкерлер үшін керемет мүмкіндік ұсынып отыр.

Қазақстандық жастардың тегін, әрі сапалы білім алуы үшін халықаралық оқу орнына Түркия Республикасы тарапынан арнайы 500 квота бөлінді.

Жыл сайын бөлінетін Түркия квотасы биыл 40-тан астам мамандықтар бойынша беріліп отыр. Конкурсқа ҰБТ-дан өткен және нәтижесінде университеттің шекті балын жинаған, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 баллдан жоғары ұпай жинаған ҚР азаматтары қатыса алады.

Бұл квотаның ерекшеліктерінің бірі – студенттер бір жыл «Дайындық факультетінде» оқып, қазақ және түрік, сондай-ақ кейбір мамандықтар үшін ағылшын тілдері бойынша терең білім ала алады.

Құжаттарды қабылдау 10-17 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Мамандықтар бойынша бөлінген квота саны туралы ақпаратты университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан ала аласыздар.

Үміткерлеріміздің үкілеген үміттері ақталсын!
🇰🇿 🇹🇷 Друзья, университет Ахмеда Ясави предлагает абитуриентам прекрасную возможность!

Турецкая Республика выделила международному образовательному учреждению специальную квоту в размере 500 человек для бесплатного и качественного обучения казахстанской молодежи.

Ежегодно выделяемая квота Турции в этом году дается более чем по 40 специальностям. В конкурсе могут принять участие граждане РК, сдавшие ЕНТ и набравшие в результате пороговый балл университета, в том числе по истории Казахстана, математической грамотности, грамотности чтения-не менее 5 баллов и набравшие по каждому профильному предмету не менее 5 баллов.

Одной из особенностей этой квоты является то, что студенты могут в течение года обучатся в «Подготовительном факультете» и получить углубленное образование по казахскому и турецкому, а также английскому языкам для некоторых специальностей.

Прием документов осуществляется с 10 по 17 августа. Информацию о количестве квот, выделенных по специальностям, вы можете получить на страницах университета в социальных сетях.

Всем абитуриентам желаю удачи!
БҮГІН ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ БАСТАЛДЫ

Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 15 тамызға дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 17 мыңнан астам өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 66%-ға жуығы қазақ тілінде, 34%-ы орыс тілінде, 53 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді.

ҰБТ-ны өткізудің бірінші күні 4499 адам емтихан тапсырады.

Тамыздағы ҰБТ белгіленген шекті балл жинай алмаған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоо-ға ақылы негізде түсу мүмкіндігі болуы үшін өткізіледі. Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдады.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

🔗Толығырақ.
СЕГОДНЯ НАЧАЛОСЬ АВГУСТОВСКОЕ ЕНТ

Сегодня стартовало августовское ЕНТ, которое продлится до 15 августа. На участие в тестировании было принято более 17 тысяч заявлений. Около 66% сдающих ЕНТ изъявили желание пройти тестирование на казахском языке, 34% – на русском, 53 человека – на английском языке.

В первый день проведения ЕНТ экзамен сдают 4499 человека.

Августовское ЕНТ проводится для того, чтобы у абитуриентов, не набравших установленный пороговый балл, с несоответствующими комбинациями профильных предметов, с аннулированными результатами ЕНТ была возможность повторно пройти тестирование и поступить в вуз на платной основе. При регистрации тестируемые сами выбрали место, дату и время проведения экзамена.

На апелляцию абитуриенты могут подать в течение 30 минут после завершения тестирования. Сертификат будет доступен в личном кабинете тестируемого после принятия решения об апелляции.

🔗Подробнее.
📌 Өңірлік Студенттік Омбудсмендер тізімін ұсынамыз.

Жаңа оқу жылы қарсаңында пайда болған сұрақтарыңыз болса, жатақхана мәселесі бойынша
Омбудсмендерге хабарласуға болады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔰 Бүгін кезекті рет азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдадым.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын нақты іске асыру мақсатында ұйымдастырылған қабылдау онлайн және офлайн форматтарда өтті. Қабылдауға келген азаматтар білім беру, ғылымды дамыту, жатақхана, ҰБТ-ға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Мәселен, Павлодар облысы мен елорда тұрғындары мемлекеттік гранттан өзге тегін оқудың жолдарын сұрап, қолұшын созуды өтінді.

Өз кезегімде отандық университеттерде тегін білім алуға арналған гранттар бойынша толыққанды ақпарат бердім. Бүгінде мемлекеттік білім грантын иелене алмаған түлектер үшін көптеген мүмкіндік бар.

Біріншіден, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің гранты. Жыл сайын аймақтарда немесе қалаларда тапшы мамандықтарға қосымша гранттар бөлінеді.

⤵️
Екіншіден, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары. Қордың білім беру гранттарын тағайындау арқылы жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Ол ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға беріледі.

Үшіншіден, жоғары оқу орны ректорларының гранттары. Оқу жылының басында арнайы комиссия шешімімен кейбір университеттерде ішкі гранттар тағайындалады. Мұнда үміткердің отбасы жағдайы, үлгерім көрсеткіші және университеттің қаржылық мүмкіндігі қаралады.
Сонымен қатар қабылдауда бірқатар ата-аналар жатақхана мәселесін көтерді. Қазіргі таңда студенттерді жатақханаға орналастыру мәселесін жіті әрі ұдайы назарда ұстап отырмын. Бүгінде министрлік бұл тарапта бірқатар нақты жұмыстарды қолға алуда.

Атап айтқанда, министрлік жанынан студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша ахуалдық орталық құрылды. Студенттердің тұрғын үймен туындаған проблемаларына жедел ден қою үшін ахуалдық орталықта call-орталық та іске қосылған.

Сондай-ақ орын тапшылығы бойынша проблемаларды жүйелі шешу үшін биыл біз Алматы мен Астанада жатақханалар салу бойынша жобалық кеңселер аштық.

Бұдан өзге, жатақханаларда орын жетпеген студенттерге орын тапшылығы мәселелері шешімін тапқанша хостелдер мен қонақүйлерде орын ұсыну ұсыну механизмі де енгізілді.

Жалпы алғанда, қабылдау барысында азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға әріптестеріммен бірге егжей-тегжейлі жауап бердік.
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 40 мың адам тапсырды. Олардың 41%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 70 балл. Ең жоғары балл – 136.

Тестілеу қорытындысы бойынша 281 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 189 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 89 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 2 бөгде тұлға анықталды. Сондай-ақ, тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 1 адамның балы жойылды.

Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Грант конкурсына құжаттар қабылдау ертең, 11 тамызда басталады.

🔗Толығырақ.
ИТОГИ КОМПЛЕКСНОГО ТЕСТИРОВАНИЯ ДЛЯ ПОСТУПЛЕНИЯ В МАГИСТРАТУРУ
 
Комплексное тестирование для поступления в магистратуру сдали 40 тысяч претендентов. Пороговый балл набрали 41% поступающих. Средний показатель – 70 баллов. Максимальный балл – 136.
 
По результатам тестирования за нарушение правил были аннулированы результаты 281 участника. В том числе, 189 поступающих не были допущены к тестированию за попытки проноса смартфонов, шпаргалок и других запрещенных предметов. За нарушение правил во время тестирования из аудиторий удалены 89 человек, их результаты также аннулированы. Благодаря трехуровневой системе прокторинга были зафиксированы 2 подставных лица. Также по результатам проверки видеозаписей тестирования аннулированы баллы 1 человека.
 
Для обучения в магистратуре в этому году выделено более 13 тысяч грантов. Прием документов на конкурс грантов стартует завтра, 11 августа.

🔗Подробнее.
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ АЛМАТЫ Қ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің тапсырмасы аясында студенттерді Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының жатақханаларына орналастыру мәселелерін жедел шешу үшін ахуалдық және кризистік орталықтар құрылуда.

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Білім туралы» заңның барлық білім алушыларды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуді көздейтін жаңа редакциясы күшіне енеді. Ахуалдық және кризистік орталықтардың міндеті – студенттерге баспана іздеуде қажетті көмек көрсету. Сонымен қатар әр университетте студенттерді жатақханалар мен хостелдерге орналастырудың жеке бекітілген алгоритмі бар. Бұл алгоритм туралы толық ақпарат университеттердің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Жаңа оқу жылына дайындықты тексеру мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері Алматы қ. жоо-ларын аралады.

🔗Толығырақ.
ПРЕДСТАВИТЕЛИ МИНИСТЕРСТВА НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ ОЗНАКОМИЛИСЬ С ГОТОВНОСТЬЮ ВУЗОВ Г. АЛМАТЫ К НОВОМУ УЧЕБНОМУ ГОДУ

По поручению Министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек для оперативного решения вопросов по заселению студентов в общежития вузов г. Алматы, создаются ситуационные и кризисные центры.

С 1 сентября 2023 года вступает в силу новая редакция Закона «Об образовании», предусматривающая обеспечение всех обучающихся вузов местами в общежитиях. Поэтому задачей ситуационных и кризисных центров является предоставление необходимой помощи студентам в поиске жилья. Помимо этого, каждый вуз имеет свой утвержденный алгоритм размещения студентов в общежития и хостелы. Детальная информация о данном алгоритме предоставляется на официальных сайтах и в социальных сетях университетов.

В целях проверки готовности к новому учебному году представители Министерства науки и высшего образования РК посетили вузы г. Алматы.

🔗Подробнее.
МАГИСТРАТУРАҒА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Бүгін магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Ол 20 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.

Барлығы 40 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Оқуға түсушілердің 41%-ы немесе 16 мыңнан астам адам шекті балл жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 11-20 тамыз аралығында жоо-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттар құжаттарын дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады.

🔗Толығырақ.
НАЧАЛСЯ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ НА ПРИСУЖДЕНИЕ ГРАНТОВ В МАГИСТРАТУРУ

Сегодня начался прием документов для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов в магистратуру. Он будет проходить до 20 августа (включительно) через приемные комиссии вузов, в том числе, через виртуальные комиссии.

Всего в комплексном тестировании приняли участие более 40 тысяч человек. Из них пороговый балл набрали 41% поступающих или более 16 тысяч человек. Они смогут участвовать в конкурсе грантов.

Образовательные гранты для обучения в магистратуре присуждаются на конкурсной основе по результатам комплексного тестирования.

Прием документов на конкурс грантов будет осуществляться с 11 по 20 августа через приемные комиссии вузов, в том числе онлайн через виртуальные комиссии. То есть, будущим магистрантам предоставляется возможность выбрать удобный способ подачи документов.

🔗Подробнее.