Құранға қызмет
601 subscribers
331 photos
67 videos
7 files
46 links
Біздің мақсат
Ұлы Алланың сөзін жаттайтын зиялы ұрпақты көбейту
Карта реквизитерымыз
⬇️⬇️⬇️⬇️
Каспи голд: 4400 4301 6654 3337
ИИН:960903001077
Каспий нөмер:87751324816
Тұрсынбаев Асқарбек Абайұлы
Хабарласу үшін:87751324816
Download Telegram
Алланың 99 көркем есімі

1. Алла (Аллаһ) – Әлемдердің Жаратушысы, Иесі.
2. Ар-Рахмаан – Аса рақымды, Аса мейірімді.
3. Ар-Рахиим – Мейірбан, Ерекше мейірімді.
4. Әл-Мәлик – Патша, билік Иесі.
5. Әл-Қуддуус – Аса қасиетті, Киелі.
6. Әс-Сәләәм – Бейбітшіл.
7. Әл-Мумин – Аса сенімді.
8. Әл-Муһәймин – Толық басқарушы.
9. Әл-Азииз – Үстем, Аса даңқты, құдіретті.
10. Әл-Жаббаар – Бойсұндырушы, Аса құдіретті.
11. Әл-Мутәкәббир – Тәкаппар, Аса жоғары.
12. Әл-Хаалиқ – Жаратушы.
13. Әл-Баари – Жоқтан бар етуші.
14. Әл-Мусаууир – Бейнелеуші.
15. Әл-Ғаффар – Кешірімшіл, Аса кешірімді.
16. Әл-Қаһһар – Өктем, шексіз қаһар Иесі.
17. Әл-Уаһһаб – Сый беруші.
18. Ар-Раззақ – Ризықтандырушы.
19. Әл-Фаттах – Жеңуші, Ашушы.
20. Әл-Алиим – Бәрін Білуші.
21. Әл-Қаабид – Тарылтушы.
22. Әл-Баасит – Кеңейтуші.
23. Әл-Хаафид – Төмендетуші, Түсіруші.
24. Ар-Раафиъ – Жоғарылатушы, Биіктетуші.
25. Әл-Муъиззу – Даңқты асырушы, жеңіс беруші.
26. Әл-Музиллу – Дәрежені төмендетуші.
27. Әс-Сәмииъу – Бәрін Естуші.
28. Әл-Басиир – Бәрін Көруші.
29. Әл-Хакам – Қазы, Төреші.
30. Әл-Адл – Әділетті.
31. Әл-Латииф – Жұмсақ, Мейірімді.
32. Әл-Хабиир – Бәрінен Хабардар.
33. Әл-Халиим – Ұстамды, мейірімді.
34. Әл-Азиим – Ұлық, Ардақты.
35. Әл-Ғафуур – Кешіруші, Кешірімді.
36. Әш-Шәкуур – Алғыс Иесі, жақсылыққа қарымта қайтарушы.
37. Әл-Алий – Асқақ, Бәрінен Биік.
38. Әл-Кәбиир – Үлкен, Аса зор.
39. Әл-Хафииз – Сақтаушы, қорғаушы.
40. Әл-Муқиит – Қорек беруші.
41. Әл-Хасииб – Есептеуші.
42. Әл-Жәлиил – Аса ұлық, аса мәртебелі.
43. Әл-Кәриим – Аса жомарт.
44. Ар-Рақииб – Бақылаушы.
45. Әл-Мужииб – Жауап беруші, тілекті қабыл алушы.
46. Әл-Уаасиғ – Кеңпейілді, Бәрін қамтушы.
47. Әл-Хакиим – Дана, хикмет Иесі.
48. Әл-Уадууд – Сүюші.
49. Әл-Мәжиид – Даңқты, Ұлы.
50. Әл-Баағис – Қайта Тірілтуші.
51. Әш-Шәһиид – Куәгер.
52. Әл-Хаққ – Ақиқат, Хақ.
53. Әл-Уакиил – Қамқор, Уәкілдік етуші.
54. Әл-Қауий – Қуатты, Күшті.
55. Әл-Мәтиин – Өте Берік, Мықты.
56. Әл-Уалий – Дос, Жанашыр.
57. Әл-Хамиид – Мақтаулы.
58. Әл-Мухсии – Бәрін есептеуші.
59. Әл-Мубдии – Бастаушы.
60. Әл-Муғиид – Қайтарушы.
61. Әл-Мухии – Тірілтуші.
62. Әл-Мумиит – Өлтіруші.
63. Әл-Хайй – Мәңгі Тірі.
64. Әл-Қаййум – Өздігінен Тұрушы.
65. Әл-Уаажид – Табушы, Бай.
66. Әл-Мәәжид – Игілікті, Даңқты.
67. Әл-Уаахид – Жалғыз.
68. Ас-Самад – Мұңсыз, Мұқтажсыз.
69. Әл-Қаадир – Құдіретті.
70. Әл-Муқтадир – Бәріне құдіретті.
71. Әл-Муқаддим – Алға шығарушы.
72. Әл-Муаххир – Артқа қоюшы.
73. Әл-Әууәл – Ең бірінші.
74. Әл-Аахир – Ең соңғы.
75. Аз-Зааһир – Айқын, Бәрінен жоғары тұрушы.
76. Әл-Баатин – Жасырын, Барлық нәрсені қамтушы.
77. Әл-Уаали – Әмірші.
78. Әл-Мутәәли – Бәрінен Биік.
79. Әл-Барр – Ізгі, күллі игіліктің, жомарттықтың Иесі.
80. Әт-Тәууәәб –Тәубені тез қабыл алушы.
81. Әл-Мунтәқим – Кек қайтарушы.
82. Әл-Афуу – Ғафу Иесі, Кешірімді.
83. Ар-Раууф – Мейірбан.
84. Мәәликул-мулк – Патшалықтардың, Биліктің Патшасы, Иесі.
85. Зул-жәләли уал-икрам – Ұлылық пен Жомарттықтың Иесі.
86. Әл-Муқсит – Өте әділетті.
87. Әл-Жаамиғ – Жинаушы.
88. Әл-Ғаний – Бай, ештеңеге мұқтаж емес.
89. Әл-Муғний – Байытушы.
90. Әл-Мааниғ – Тыйым салушы, Тоқтатушы.
91. Ад-Даарр – Зияндық беруші.
92. Ән-Наафиғ – Пайда беруші.
93. Ән-Нуур – Нұр Иесі, нұрландырушы.
94. Әл-Һәәди – Туралыққа бастаушы.
95. Әл-Бәдииғ – Көркем Жаратушы.
96. Әл-Баақи – Мәңгі қалушы.
97. Әл-Уаарис – Мирасқор.
98. Ар-Рашиид – Туралыққа Нұсқаушы.
99. Ас-Сабуур – Аса сабырлы.
Дін туралы аңыз…

Баяғы бір заманда су тасығыштар ортақ құдыққа келіп үлкен ыдыстарын таза суға толтырып алады. Сосын әрқайсысы өз ауылына аттанады. Су келді деп ауыл адамдары су тасығыштың маңайына жиналады. Бірақ ауыл адамдарының ыдыстары таза болмапты.

Бірінші ауылдың ыдыстары таңқурай тосабынан босаған екен.


Екінші ауылдікі балықтан босапты.

Үшіншісінікі ішімдік сасып тұрыпты.

Су тасығыштар ыдысты тазаламаса су бүлінетінін айтып ескертеді. Бірақ ауыл адамдары бұл сөзге тоқтамайды. Елді сусамыр етіп тастап кетуге болмайды ғой. Амал жоқ сол ыдыстарына мөлдір судан құйып беруге тура келеді.

Су құйылған ыдыстың дәмін бойына сіңіреді. Әр ауылдың адамы судың дәмі осындай екен ғой деп ойлайды. Кейін өзге ауылдың тұрғындарымен кездесіп судың дәмі мынандай деп әңгіме-дүкен құрады. Әр ауылдың суы әр басқа екенін білгенде бөлек бастаулардан алынған болар деп топшылайды. Өзара кімнің суы ең таза деп дауласады. Осы даудың аяғы кері кетіп, тартыс ұзаққа созылыпты. Бір-бірінің суын сыйламаған көршілерін жау көретін болыпты.

Өздерінің білместігімен судың сапасын емес, өздері дарытқан дәмін бағалағанын байқамапты. Дін де су сияқты. Ол саф таза. Ізгілік дарытушы. Тек кей адам оны өз білместігімен бүлдіріп жатқанын байқамайды.
Жаппар бин Әбу Тәліптің ұлы Абдулла ыстық күндердің бірінде құрма ағаштар бағына түсіп, ағаштардың көлеңкесінде отырады. Сол бақта қызмет еткен бір құлға түскі ас ретінде үш тілім нан берілгенін көреді. 

Құл нанды ауызына салайын деп тұрғанда алдынан аш бір ит шығады. Құл қолындағы нанды иттің алдына қояды. Ит нанды бір мезетте жеп қояды. Құл екінші нан тілімін да иттің алдына қояды. Аш ит бұл жолы да түгін қалдырмай жейді. Иттің әлі де аш екенін түсінген құл соңғы, үшінші нан тілімін да иттің алдына қояды. Түскі ассыз қалған құл, жұмыс басына өтпекші болғанда, алыстан оны бақылап отырған Абдулла жақындап келіп, сұрайды:

– Бүгін саған берілген азықтың мөлшері қандай болды?
– Үш тілім нан.
– Ондай болса неге өзіне түк қалдырмадың?
– Ит өте аш көрінді. Жартысына тоймас еді.
– Енді өзің не жейсің?
– Ораза ұстаймын.

Абдулла бин Жаппар құлдан иесінің аты-жөнін сұрап алады. Иесіне барып құрма бағымен бірге құлды да сатып алады. Қайтып келіп, құлға бақпен бірге өзін де сатып алғанын хабарлайды да: «Сені азат етемін. Осы бақты да сыйым ретінде қабыл ет».

Осыны естіген ел: «Сізден асқан жомарт жоқ шығар, сірә! Ол құл итке бар жоғы  үш-ақ тілім нан берді, сіз болса оның ақысына үлкен құрма бағы мен азаттық сыйладыңыз» дегенде, Абдулла: «Күмәнсіз ол менен асқан жомарт! Өйткені, ол қолдағы барын берді, мен болсам бір бөлігін ғана...», – деген екен.

Лайк басып, тіркеліп қоюды ұмытпаңыз)
САЛАУАТ ҚАЛАЙ АЙТЫЛАДЫ?
Әбу Хумәйд әс-Сағиди (р.а.): «Бірде сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Сізге салауатты қалай айтсақ дұрыс болады?» – деп сұрады. Сонда ол: «Аллаһуммә салли алә Мұхаммәдин уә алә әзуәжиһи уә алә зурриятиһи кәмә салләйтә алә Ибраһимә, уә бәрик алә Мұхаммәдин уә алә әзуәәжиһи уә алә зурриятиһи кәмә бәәрактә алә Ибраһимә, иннәкә Хамидун Мәжидун» (Уа, Алла тағалам! Ибраһимге салауат еткеніңдей, Мұхаммедке және оның жұбайлары мен ұрпақтарына да салауат еткейсің. Сондай-ақ, Ибраһимге береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның жұбайлары мен ұрпақтарына да береке бергейсің. Шын мәнінде, Сен әр алуан мақтау мен мадаққа лайықсың әрі Ұлысың!)», – деп айтыңдар», – деген


#сауап
#салауат
#құранғақызмет
#qurangaqyzmetқоры

YouTube: https://ww.youtube.com/quranga.qyzmet

Instagram: https://instagram.com/quranga.qyzmet?utm_medium=copy_link