Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
елде мұндай жағдайлар болып жатқанда, ысрап қылып, ресторанда ауызашар өткізу - пир во время чумы
Арудың мына бір сөзі ойымда жүр. Халқымыз үйсіз-күйсіз жүр💔

Ал дебатерлар миллиондаған ақшаға турнир өткізіп, сөйлеп-сөйлеп, күліп-ойнап жүр👀

Су қаупі болмаса да, Алматыдағы Қазақ ұлттық университеті Алтын сапа турнирін кейінге шегерді. Меніңше, бұл дұрыс шешім болды🧡

Бұл сөзім біреуді айыптау емес, жай ғана ойтолғау💡

сіздер мен не істей аламын деулеріңіз мүмкін, бірақ сол турнирге жұмсаған ақшаларыңызды жергілікті халыққа жіберсеңіздер, одан қалды сол аймаққа жақын болсаңыздар, ерікті болып барсаңыздар, одан қалды жай ғана осындай және басқа да қиын жағдайдағы тиімді шешімдер туралы, оның алдын алу туралы ойланып, ізденгендеріңіз мың есе артық сияқты💡

Қазір Атырауда елге қызмет етіп, өз жерін қорғап, көшбасшылық танытып жүрген дебатерлерге ризамын🤗

Мен мықтымын деген дебатерлардың ел басына күн туғанда, дебат ойнап жүргені ойландырды🫣

Дебатты осындай жағдайды болдырмас үшін, бола қалса, көшбасшылық танытып, үлес қосу үшін ойнамайсыздар ма👀

осы күндері дебатты не үшін ойнап жатсыздар, жай ғана турнир жасап, уақыт өткізу үшін бе? арман-мақсаттарыңыз, ерік-жігерлеріңіз қайда💔
#дебатқызықмолжылдар
Forwarded from Qazaq Debate🇰🇿 (Yerkebulan K)
Маған мектепте әсер еткен 3 шығарма:

1. Бүгіліп тұрған бидайлар мен басын көкке көтеріп тұрған бидай туралы әңгіме

Осыны оқығаннан кейін, мен бүгілген бидайлар сияқты болғым келді. Өмірде бүкірейіп жүретінімнің себебі сол.

2. Орыс әдебиетіндегі Обыкновенный человек деген әңгіме

Бұны оқығаннан кейін мен шелегін құдыққа тастап кеткен жолаушы сияқты болғым келді.

3. Тау көтерген Толағай туралы ертегі

Бұны оқыған соң Толағай сияқты болғым келді

#дебатқызықмолжылдар