Progressive
194 subscribers
44 photos
26 videos
1 file
30 links
Осы телеграм арнаның тобы: @progressive_group
Download Telegram
Көшіріп жариялағанда авторлығымды көрсету міндетті.

Ғылымға қай ел қандай деңгейде көңіл бөліп нәтижесін көріп жатыр?

Төмендегі статистикалық мәліметтерге қарасақ зерттеу және дамытуға (research and development) Жалпы Ішкі Өнімнің ауқымды бөлігін жұмсау бойынша Оңтүстік Корея мемлекеті бірінші орында екен, ЖІӨ-ның (жалпы байлығының деп түсінсе де болады) 4,3% үлесін зерттеу және дамытуға яғни ғылымға жұмсайды.

Одан кейінгі тұрған мемлекеттер:
#2 Израиль 4,2%
#3 Жапония 3,4%
#4 Швейцария 3.2%
#5 Финлдандия 3.2%
#6 Аустрия 3.1%
#7 Швеция 3.1%
#8 Дания 2.9%
#9 Германия 2.9%
#10 Америка Құрама Штаттары 2.7%
Қазақстан Жалпы Ішкі Өнімінің 0,17 % үлесін ғылымға жұмсаумен 66-орында тұр.

Израиль мемлекеті миллион тұрғынға шаққанда 8250 ғалымнан келетін әлемдегі ең көп ғалымы бар ел. Ал Қазақстанда миллион халыққа шаққанда 790 ғана ғалымнан келеді.

Жалпы ғылымға көп қаржы бөлуден 476,5 миллиард доллармен бүкіл әлемнің 26,4% үлесін құрап АҚШ көш бастап тұр.
Одан кейінгі тұрған мемлекеттер:
#2 Қытай $370.6 billion
#3 Жапония $170.5 billion
#4 Германия $109.8 billion
#5 Оңтүстік Корея $73.2 billion
#6 Франция $60.8 billion
#7 Индия $48.1 billion
#8 Құрама патшалық (Құрама Патшалық = Солтүстік Ирландия + Ұлыбритания) $44.2 billion
#9 Бразилия $42.1 billion
#10 Ресей $39.8 billion
………
#66 Қазақстан $670 миллион

Ал әр адамға шаққанда ғылымға жұмсалатын қаражат мөлшері бойынша Сингапур мемлекеті 1831 доллармен бірінші орында тұр.
Одан кейінгі тұрған мемлекеттер:
#2 Швейцария $1647
#3 Америка Құрама Штаттары $1586
#4 Оңтүстік Корея $1518
#5 Швеция $1468
#6 Дания $1450
#7 Германия $1450
#8 Аусрия $1416
#9 Тайвань $1383
#10 Израиль $1361
………
#72 Қазақстан $39

Бұл статистикалық мәліметтерден ғылымға баса көңіл бөлу дамудың кепілі екенін көрсетіп тұр. Елді дамытатын әншілер мен спортшылар емес, дін емес ғылым мен технология екеніне тағы бір дәлел.

Дереккөздер:
https://en.wikipedia.org/wiki/List_of_countries_by_research_and_development_spending
https://www.visualcapitalist.com/money-country-puts-r-d/
http://uis.unesco.org/apps/visualisations/research-and-development-spending/
https://www.indexmundi.com/facts/indicators/GB.XPD.RSDV.GD.ZS
Баға көрсеткіші (ценник), акциялар, жаппай сату (распродажа) мен супермаркеттерді ойлап тапқан адам

Жоғарыда аталған сауданың ажырамас бөлігіне айналған ұғымның бәрін ойлап тапқан - Frank Winfield Woolworth. Бұл жігіт алғашқыда Ланкастерде сатушының көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. Бірақ дүкен қожайыны осыншама ұялшақ және тұйық адамды жұмысқа алғанына өкінсе керек. Ол заманда адамдар сатып алушының сырт бейнесіне қарай тауарға баға белгілеп, әрі қарай саудаласу арқылы келісімге келетін болған. Бұл Frank үшін азаппен тең еді, адамдармен тіл табысу оған тым ауырға түсті. Frank клиенттермен барынша аз қарым-қатынасқа түсу үшін заттарды реттеп, оларға бағасын алдын ала жазып қою керек деген ойға келеді. Есікте тұрып сатып алушы шақырудан құтылу мақсатында, дүкен алдына жарнамалық бірнеше плакат іліп қояды. Ал қоймадағы тұрып қалған заттарды жинақтап, бәрін бір төмен бағамен қорапқа салып сата бастайды. Бұл идеялар дүкенге үлкен табыстар алып келген соң, көп ұзамай Frank өзінің жеке кәсібін бастайды. Кассасы залдың соңында орналасқан, кассир тек есептеу жүргізіп отыратын, өтуі нашар тауарларға жаппай сату ұйымдастырылатын Woolworth дүкендері нарықты жаулап, 65 млн доллармен ұялшақ Frank-ті миллионерлер қатарынан бірақ шығарды. Қазіргі кездің өзінде Woolworth компаниясының жылдық айналымы 5 миллиард долларға жуық. Осылайша, кейде адамның әлсіз тұстары теңдессіз идеялардың туындауына түрткі болуы мүмкін.


© Duman Mizambek
Аудармасы:
Көшбасшының артынан ілесушілер көшбасшының жолды жасау үшін тырысуының қаншалықты қиын екенін ешқашан білмейді.
Google өзінің Messages app қосымшасын іске қосты. Бұл қосымша WhatsApp-тың басты бәсекелестерінің бірі болмақ. Сонымен қоса дәстүрлі SMS хабарлама жіберу қызметін алмастырушы онлайн протоколы Rich Communication Services (RCS) жаңартуының бөлігі. Кәдімгі SMS-тен айырмашылығы басқа мессенжерлер сияқты интернет арқылы істей береді.

Messages уатсап сияқты QR код сканерлеп ноутбукте уеб нұсқасын қолдануға мүмкіндік бар. Android Google-ге тиесілі болғандықтан өшірілмейтін әдепкі қосымшалары қатарына қосылса Android-пен бірге келетіндіктен қолданушылар саны тез көтеріліп уатсапты басып озбаса да басты бәсекелестерінің біріне айналуы мүмкін.

Қазіргі уақытта АҚШ-та андройд қолданушылары үшін қолданысқа еніп бастаған. Келесі кезекте Құрама Патшалық, Мексика, Франция елдерінде қолданылып бастамақ, сосын бүкіл дүние жүзі бойынша қолданысқа енбек.

Play Store-дан орнату:
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.google.android.apps.messaging&hl=en_US
Негізгі таныстырым сайты: https://messages.google.com/
Уеб нұсқасы: https://messages.google.com/web/authentication
Ақылдыларды жетістіктен құр қалдыратын батылсыздық тұзағы

Көптеген адамдар өте ақылды, дарынды және еңбекқор, бірақ олардың қолынан түк келмейді. Ал ақыл-парасаты орташа, қабілеті аздау адамдар жетістікке жылдам жетіп жатады. Бұндай әділетсіздіктің себебі неде? Қалауына жетуге мүмкіндік бермейтін ақылдылардың батылсыздық тұзағы.

Өзіңізді бір орыннан жылжи алмай тұрып қалғандай сезініп жүрсіз бе? Сілікпеңіз шығып, құр айналып жүгіріп жүргендей сезім бар ма? Көптеген ақылды, білікті және еңбекқор адамдардың проблемасы неде? Неге олардың қолынан түк келмейді де, таланты мен ақылы аздау адамдар көбірек табысқа жетіп жатады? Себебі біреу-ақ. Бұл батылсыздық тұзағы.

Ақылды, қабілетті адамдар әрекетсіздік, ұзақ талдап-сараптау, жағдайды басқаша ойлап көру және қолайлы сәтті күту деген батпаққа батып қалған. Ақылы мен қабілеті төмендеу адамдардың жетістікке жетуіне олардың белсенді ұстанымы мен жылдам әрекеті себеп болады. Іс жүзінде кез келген әрекет тартыншақтық пен батылсыздықтан анағұрлым тиімді.

Ақылдылардың батылсыздық тұзағы
Қате әрекеттен гөрі, батылсыздықтың кесірінен көбірек жоғалтасың.

Сопрано әулеті

Ақылы аздау адамдар мүмкіншіліктің бәрін көре бермейді. Олар анығырақ, тиімдірек болып көрініп тұрғанды таңдай салады. 2-3 есіктің ішінен дұрыстауын таңдайды да, алғай қарай зырылдап жылжи береді. Олар қателесіп, маңдайын соғып жатады, дегенмен алға жүре береді.

Ақылдылау, зиялылау адамдар басқаша әрекет етеді. Олардың көрген есігі мен әрекет нұсқаларының саны көбірек. Нәтижесінде олар көптеген нұсқаларды қарастыра бастайды, алдағы жасалар қадамдардың түр-түрін ойластырып, ең қолайлы сәтті күтуге кіріседі.

Ақылды адамдардың сарабы мен талдауы көп, бұл өз кезегінде ақпараттың көбейе түсуіне, соған байланысты есептің одан сайын күрделенуіне апарып соғады. Ал шексіз талдау әдетте шешімнің қабылданбай қалуына себеп болады. Есептеуде белгісіздік пен кездейсоқтық өте көп, ал ақылдылар мұндайдан сескенеді. Ақылды адамдар шешім қабылдағанның өзінде, көбіне кешігіп қалады. Ол кезде пойыз кетіп қалған.

Өмірде табысты болу үшін шешім жасаудың маңызы
Үрейлі және арманшыл батылсыздық жалқаулыққа ереді де, шарасыздық пен кедейлікке себеп болады.

Уильям Шекспир

Сол себепті ақылды адамдар қаламайтын нәрсемен айналысып, мамандығын немесе қам-қарекет саласын өзгерте алмай жүреді. Сондықтан ақылды адамдар болашағы мүлдем жоқ, жалақысы мардымсыз жұмысты істеп жүре береді. Осылайша талантты адамдар, мегаполис немесе астанаға кетіп, өз армандарын жүзеге асырудың орнына ауыл мен шағын қалаларда өмірін өткізуде.

Ойланып, болуы мүмкін нұсқаларды есептеу жаман емес. Бір жерде тоқтап, қажетті шешімді қабылдамау жаман. Өмір бойы батылсыздық тұзағынан шыға алмау жаман.

Дұрыс шешімді қалай жасау керек?
Ойланып-толғануға жаратылатын ең ұзақ уақытты белгілеп қойыңыз: бір күн, бір апта, бір ай.

Шешімнің жақсы/жаман тұстарын, перспективасы мен қатерлерін талдап, қарастырып шығыңыз.

Шынайы жалпы ахуалды көре алу үшін жағдайды бейтарап, әділ қарастыру.

Қысқамерзімді пайда мен күмәнді ұсыныстарға қызықпау, жоламау.

Ұзақмерзімді перспективаға және болашақ нәтижеге назар салу.

Шешім қабылдауыға ықпал ететін факторларды қарастырып шығу, оларды талдау.

Қолда бар ақпаратқа сүйеніп, бірнеше үздік шешімді таңдап алу.

Жақсы ақыл-кеңес бере алатын табысты кісімен ақылдасу.

Жақсы нұсқаларды егжей-тегжейлі, жете ойластыру.

Ойланып-толғанатын уақыт аяқталды ма? Үрей мен батылсыздық кедергі болуға тырысады.

Қазіргі сәтте ең дұрысы деп қабылдаған шешімді үзілді-кесілді (қайтарымсыз) қабылдау.

Шешім қабылдау әрдайым тәуекелді, екіұшты болады. Бірақ одан өткен қауіп-қатер — еш тәуекел етпей, өмір бойы батылсыздық батпағында өмір сүру.

Батылсыздық пен әрекетсіздікті емес, іс-әрекетті қару ет. Өзіңе ойлануға бір күн, бір апта немесе бір ай бер де, сосын шешім жасап, іске кіріс...

Дереккөзі: https://bilim-all.kz/article/11476-Aqyldylardy-zhetistikten-qur-qaldyratyn-batylsyzdyq-tuzagy
Көп адамдар сауатсыздығынан, білімсіздігінен коронавирус биліктің адамдардың көңілін басқа жаққа аудару үшін жасап жатқан ақпараттық шырмауы деп ойлайды екен. Жоқ бұл Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемге тарап жатқан індет екенін мына видеодағы статистикадан көре аласыздар, жұқтырушылар саны секунт санап өсіп жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=qgylp3Td1Bw
Табиғи сұрыпталу (natural selection) еволюциялық өзгеріске әсер ететін негізгі механизм. Ал жасанды сұрыпталу (artificial selection or selective breading) адамның жануарлардың тұқымдарын өз қажетіне сай асылдандыру нәтижесінде пайда болған жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрленген түрлері. Мысалға қазіргі үй жануарына айналған иттердің барлық түрі қасқырлардың арғы тегінен тараған. Ауылда өскендер жақсы біледі, ит қасқыр сияқты ұлитын кездері болады. Тегіне тарпай қоймайды деген осы шығар.

Ағылшын булдогының жоғары иіріле көтерілген қысқа танауының өзгерісіне бар жоғы 45 жыл кеткен.

Үшінші суреттегі сүйкімді ит тұқымы табиғатта қалай тамақ тауып жеген деген сұрағыма тапқан жауабым осы жасанды сұрыптау.

Жылқы және зебра, тарпаң деген жабайы жылқы тұқымы, есек барлығы бір түрден тармақталып бөлінген.

Жасанды сұрыпталудың мысалы ретінде мал тұқымын асылдандыру арқылы, етті, сүтті сиыр тұқымдарын алуды атап өтуге болады.

#artificalselection #naturalselection #жасандысұрыпталу #табиғисұрыпталу