#кітаптан_үзінді
Тайсалмайтын Маск өзінің жаңа жоспарын Zip2-ні сатпай тұрып жүзеге асыра бастады. Компаниядағы үздік деген инженерлердің қайсысы оның жаңа тәуекеліне бірге бара алатынын түсіну үшін олармен біраз әңгімелесіп алды. Кезінде канадалық банкте жасаған байланыс арналарына да өзінің идеяларын айтып көрді.
1999 жылдың қаңтарында Zip2-нің басқармасы сатушы іздеп жүрген кезде Маск өзінің банктерге арналған жоспарын жүзеге асыра бастады. Шын мәнінде ол Zip2 компаниясының сатылымынан түскен ақшаның көбін Х.com компаниясына құйды. Ондай шешім жасауға бірнеше орынды себеп бар еді. Салық заңнамасына сәйкес жаңа кәсіп ашқан инвесторлар екі ай ішінде пайда көрсе, мойындары біраз босап қалатын. Алайда тіпті Кремний алқабының жоғары тәуекелді стандарттары бойынша жаңадан түскен қаражатты онлайн банк сияқты күмәнді іске салу ерсі. Ал Маск Х.com-ға 12 миллион доллар салып, өзінің жеке пайдалануына, салықтарды қоспағанда, 4 миллион доллардай қалдырды. «Дәл осы қасиет Илонды қарапайым адамдардан ерекшелендіреді, – дейді Х.com-ның тең құрылтайшысы және Zip2-нің бұрынғы қызметкері Ед Хо. - Маск ойланбай тәуекелге бел бууға дайын. Сондай тәуекел ететін адамның басына бақ қонуы да мүмкін немесе жолы болмай, түнейтін жерді автобус тұрағынан іздеп қалуы да ғажап емес.
Маск мәселеге жаңа көзқараспен қарау үшін өмірінде алғаш рет қаржы
секторындағы қалың қалталыларға өзін қарсылас ретінде ұсынып, таптаурын болып қалған факторларды жеңуге бет алды. Сонымен қатар ол ерекшеліктерін жеткілікті танып алмаса да, өте күрделі бизнеске кірудің өзіне ғана тән стилін қалыптастыра бастады. Оның ойынша, банкирлердің әрекеттері дұрыс емес, ал өзі бұндай бизнесті басқаларға қарағанда жақсырақ басқара алады. Масктің менмендігі мен өз-өзіне сенімі біреулерді таңдандырса, басқаларды мақтаншақтығымен және құрал талғамайтындығымен үркітіп жіберді.
Ashlee Vance-тің Elon Musk, Tesla, SpaceX және таңғажайып болашаққа саяхат кітабының PayPal жүйесінің тарландары бөлімінен үзінді
@progressive_group

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Күн жүйесі шын мәнінде қалай қозғалады?
Соңғы зерттеулерге сүйенсек Жер мен өзге планеталар күнді айналмайды. Ол оған ілесіп спиарлді түрде бір бағытта қозғалып келеді. Осылайша бүкіл күн жүйесі жылжып келеді дейді ғалымдар. Күн жүйесінің қозғалу траекториясы қарапайым шеңберден әлде қайда күрделі. Ең қызығы құйынға ұқсайтын қозғалыс біздің ДНҚ құрылымынан айнымайды. Тағы да бір дерек бойынша күн жүйесі көзге көрінбейтін энергияның арқасында жылжып келеді екен.

Neuromarketing маркетиңтік зерттеулер үшін неуропсихологияны қолданатын неуроғылым саласы.
Төмендегі сілтемедегі видеода Jürgen Klaric есімді Латын Америкалық неуромаркетиң експертінің Адамдарға емес санаға сат (Sell it to the mind not to the people) кітабына саммари жасайды.
Неге? Себебі адамдар өздерінің не қалайтынын білмейді бұл басты құпия инсайт.
Бұл кітаптан алатын негізгі 3 кеңес:
#1 қандай да бір затты сататын кезде, сату хаттарын дайындаған кезде сізден сатып алу үшін адамдарға үш таңдау жасауға, үш алтернатив мүмкіндік беріңіз көп жағдайда сізден сатып алуға шешім қабылдайды және тек үшеуінің біреуін таңдауға мүмкіндік ғана бермей қайсынын таңдайтынын айтыңыз. Бұны интернеттегі онлайн курстардан өте көп кездестірген шығарсыз (Basic, Pro, Gold) және ақылы программалар (Monthly, Annually, Lifetime).
#2 1) Назар аударту себебі қазіргі уақытта біз бәріміз тауарды сатуды қажет етеміз және кім көп назар аударта алса көп жағдайда жеңеді. Сіз қалай назар аударта аласыз? Оқиғаларды айтыңыз, қарапайымдықтан шығу үшін бірдеңе жасаңыз, қалыптасып қалған ережелерді бұзыңыз. Көшбасшылық құндылықпен бірге. Құндылық, құндылық, құндылық! Күн сайын контентіңізге тұрақты түрде сапалы құндылық жасаңыз.
2) Өзіңіз және өзіңіздің өніміңіз не қызметіңізбен позитив емоциялық бірлестік құрыңыз
Позитив емоциялық бірлестікті тіпті негатив оқиғаны айтқан кезде қолданса да болады. Мысалға сіз машиналарды сататын болсаңыз сізге әлеуетті сатып алушы келіп Toyota қарап жүрген едім, менің ойымша өте жақсы машина, бірақ сіз Honda немесе басқа машина сататын болсаңыз онда сіз не істеуіңіз керек? Toyota машинасында електрикалық проблемаларын айтудың орнына иә олар өте жақсы деп сатып алушының айқанына келісесіз, оларды ақылды сезіндіресіз. Адамдар өзін ақымақ сезінгісі келмейді. Қазіргі уақытта өте көп сатушылар сатып алушы адамдарды өзін ақымақ сезіндіреді. Бұл өте үлкен қателік. Сіз сатып алушыларды өзін ақылды сезінуіне мүмкіндік беруіңіз керек, себебі сіздің қызметіңізді не өніміңізді сатып алу үшін олар өзін ақылды сезінгенді қалайды. Ары қарай Toyota оқиғасын жалғастыру үшін иә олар жақсы машина дегенмен менің балдызым жуықта Toyota сатып алған бақытымызға орай електрикалық проблемалары болып жөндеу үшін екі жарым аптадан бері гаражда тұр. Сонымен сіз олардың сенімінен табыс табасыз. Өзіңіз және өзіңіздің өніміңіз не қызметіңізбен позитив емоциялық бірлестік құруыңыз керек себебі адамдар адамдарды сатып алады олар тек өнімдерді не қызметтерді сатып алмайды, адамдар адамдарды сатып алады. Олар сізді сатып алуы керек, сонымен қоса сіздің дене тіліңіз өте маңызды. Мысалы мен денемді тік ұстап …
жалғасы бар...
https://www.youtube.com/watch?v=6TWs_LhHkQI

YouTube
3 NeuroMarketing Tips to Sell More - Carolina Millan Jurgen Klaric
Enjoying the content? Leave a comment and like the video! 😃
SUBSCRIBE! ▶︎ ▶︎ https://www.youtube.com/c/carolinamillan?sub_confirmation=1
SUBSCRIBE to Podcast! ▶︎ http://beyondthehustle.com
▶︎Work With Me as Your Mentor: http://workwithcarolina.com
☛Get…

Көшіріп жариялағанда авторлығымды көрсету міндетті.
Ғылымға қай ел қандай деңгейде көңіл бөліп нәтижесін көріп жатыр?
Төмендегі статистикалық мәліметтерге қарасақ зерттеу және дамытуға (research and development) Жалпы Ішкі Өнімнің ауқымды бөлігін жұмсау бойынша Оңтүстік Корея мемлекеті бірінші орында екен, ЖІӨ-ның (жалпы байлығының деп түсінсе де болады) 4,3% үлесін зерттеу және дамытуға яғни ғылымға жұмсайды.
Одан кейінгі тұрған мемлекеттер:
#2 Израиль 4,2%
#3 Жапония 3,4%
#4 Швейцария 3.2%
#5 Финлдандия 3.2%
#6 Аустрия 3.1%
#7 Швеция 3.1%
#8 Дания 2.9%
#9 Германия 2.9%
#10 Америка Құрама Штаттары 2.7%
Қазақстан Жалпы Ішкі Өнімінің 0,17 % үлесін ғылымға жұмсаумен 66-орында тұр.
Израиль мемлекеті миллион тұрғынға шаққанда 8250 ғалымнан келетін әлемдегі ең көп ғалымы бар ел. Ал Қазақстанда миллион халыққа шаққанда 790 ғана ғалымнан келеді.
Жалпы ғылымға көп қаржы бөлуден 476,5 миллиард доллармен бүкіл әлемнің 26,4% үлесін құрап АҚШ көш бастап тұр.
Одан кейінгі тұрған мемлекеттер:
#2 Қытай $370.6 billion
#3 Жапония $170.5 billion
#4 Германия $109.8 billion
#5 Оңтүстік Корея $73.2 billion
#6 Франция $60.8 billion
#7 Индия $48.1 billion
#8 Құрама патшалық (Құрама Патшалық = Солтүстік Ирландия + Ұлыбритания) $44.2 billion
#9 Бразилия $42.1 billion
#10 Ресей $39.8 billion
………
#66 Қазақстан $670 миллион
Ал әр адамға шаққанда ғылымға жұмсалатын қаражат мөлшері бойынша Сингапур мемлекеті 1831 доллармен бірінші орында тұр.
Одан кейінгі тұрған мемлекеттер:
#2 Швейцария $1647
#3 Америка Құрама Штаттары $1586
#4 Оңтүстік Корея $1518
#5 Швеция $1468
#6 Дания $1450
#7 Германия $1450
#8 Аусрия $1416
#9 Тайвань $1383
#10 Израиль $1361
………
#72 Қазақстан $39
Бұл статистикалық мәліметтерден ғылымға баса көңіл бөлу дамудың кепілі екенін көрсетіп тұр. Елді дамытатын әншілер мен спортшылар емес, дін емес ғылым мен технология екеніне тағы бір дәлел.
Дереккөздер:
https://en.wikipedia.org/wiki/List_of_countries_by_research_and_development_spending
https://www.visualcapitalist.com/money-country-puts-r-d/
http://uis.unesco.org/apps/visualisations/research-and-development-spending/
https://www.indexmundi.com/facts/indicators/GB.XPD.RSDV.GD.ZS

Баға көрсеткіші (ценник), акциялар, жаппай сату (распродажа) мен супермаркеттерді ойлап тапқан адам
Жоғарыда аталған сауданың ажырамас бөлігіне айналған ұғымның бәрін ойлап тапқан - Frank Winfield Woolworth. Бұл жігіт алғашқыда Ланкастерде сатушының көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. Бірақ дүкен қожайыны осыншама ұялшақ және тұйық адамды жұмысқа алғанына өкінсе керек. Ол заманда адамдар сатып алушының сырт бейнесіне қарай тауарға баға белгілеп, әрі қарай саудаласу арқылы келісімге келетін болған. Бұл Frank үшін азаппен тең еді, адамдармен тіл табысу оған тым ауырға түсті. Frank клиенттермен барынша аз қарым-қатынасқа түсу үшін заттарды реттеп, оларға бағасын алдын ала жазып қою керек деген ойға келеді. Есікте тұрып сатып алушы шақырудан құтылу мақсатында, дүкен алдына жарнамалық бірнеше плакат іліп қояды. Ал қоймадағы тұрып қалған заттарды жинақтап, бәрін бір төмен бағамен қорапқа салып сата бастайды. Бұл идеялар дүкенге үлкен табыстар алып келген соң, көп ұзамай Frank өзінің жеке кәсібін бастайды. Кассасы залдың соңында орналасқан, кассир тек есептеу жүргізіп отыратын, өтуі нашар тауарларға жаппай сату ұйымдастырылатын Woolworth дүкендері нарықты жаулап, 65 млн доллармен ұялшақ Frank-ті миллионерлер қатарынан бірақ шығарды. Қазіргі кездің өзінде Woolworth компаниясының жылдық айналымы 5 миллиард долларға жуық. Осылайша, кейде адамның әлсіз тұстары теңдессіз идеялардың туындауына түрткі болуы мүмкін.
© Duman Mizambek

Google өзінің Messages app қосымшасын іске қосты. Бұл қосымша WhatsApp-тың басты бәсекелестерінің бірі болмақ. Сонымен қоса дәстүрлі SMS хабарлама жіберу қызметін алмастырушы онлайн протоколы Rich Communication Services (RCS) жаңартуының бөлігі. Кәдімгі SMS-тен айырмашылығы басқа мессенжерлер сияқты интернет арқылы істей береді.
Messages уатсап сияқты QR код сканерлеп ноутбукте уеб нұсқасын қолдануға мүмкіндік бар. Android Google-ге тиесілі болғандықтан өшірілмейтін әдепкі қосымшалары қатарына қосылса Android-пен бірге келетіндіктен қолданушылар саны тез көтеріліп уатсапты басып озбаса да басты бәсекелестерінің біріне айналуы мүмкін.
Қазіргі уақытта АҚШ-та андройд қолданушылары үшін қолданысқа еніп бастаған. Келесі кезекте Құрама Патшалық, Мексика, Франция елдерінде қолданылып бастамақ, сосын бүкіл дүние жүзі бойынша қолданысқа енбек.
Play Store-дан орнату:
https://play.google.com/store/apps/details?id=com.google.android.apps.messaging&hl=en_US
Негізгі таныстырым сайты: https://messages.google.com/
Уеб нұсқасы: https://messages.google.com/web/authentication

Google Play
Google Messages - Apps on Google Play
Simple, helpful messaging by Google
Ақылдыларды жетістіктен құр қалдыратын батылсыздық тұзағы
Көптеген адамдар өте ақылды, дарынды және еңбекқор, бірақ олардың қолынан түк келмейді. Ал ақыл-парасаты орташа, қабілеті аздау адамдар жетістікке жылдам жетіп жатады. Бұндай әділетсіздіктің себебі неде? Қалауына жетуге мүмкіндік бермейтін ақылдылардың батылсыздық тұзағы.
Өзіңізді бір орыннан жылжи алмай тұрып қалғандай сезініп жүрсіз бе? Сілікпеңіз шығып, құр айналып жүгіріп жүргендей сезім бар ма? Көптеген ақылды, білікті және еңбекқор адамдардың проблемасы неде? Неге олардың қолынан түк келмейді де, таланты мен ақылы аздау адамдар көбірек табысқа жетіп жатады? Себебі біреу-ақ. Бұл батылсыздық тұзағы.
Ақылды, қабілетті адамдар әрекетсіздік, ұзақ талдап-сараптау, жағдайды басқаша ойлап көру және қолайлы сәтті күту деген батпаққа батып қалған. Ақылы мен қабілеті төмендеу адамдардың жетістікке жетуіне олардың белсенді ұстанымы мен жылдам әрекеті себеп болады. Іс жүзінде кез келген әрекет тартыншақтық пен батылсыздықтан анағұрлым тиімді.
Ақылдылардың батылсыздық тұзағы
Қате әрекеттен гөрі, батылсыздықтың кесірінен көбірек жоғалтасың.
Сопрано әулеті
Ақылы аздау адамдар мүмкіншіліктің бәрін көре бермейді. Олар анығырақ, тиімдірек болып көрініп тұрғанды таңдай салады. 2-3 есіктің ішінен дұрыстауын таңдайды да, алғай қарай зырылдап жылжи береді. Олар қателесіп, маңдайын соғып жатады, дегенмен алға жүре береді.
Ақылдылау, зиялылау адамдар басқаша әрекет етеді. Олардың көрген есігі мен әрекет нұсқаларының саны көбірек. Нәтижесінде олар көптеген нұсқаларды қарастыра бастайды, алдағы жасалар қадамдардың түр-түрін ойластырып, ең қолайлы сәтті күтуге кіріседі.
Ақылды адамдардың сарабы мен талдауы көп, бұл өз кезегінде ақпараттың көбейе түсуіне, соған байланысты есептің одан сайын күрделенуіне апарып соғады. Ал шексіз талдау әдетте шешімнің қабылданбай қалуына себеп болады. Есептеуде белгісіздік пен кездейсоқтық өте көп, ал ақылдылар мұндайдан сескенеді. Ақылды адамдар шешім қабылдағанның өзінде, көбіне кешігіп қалады. Ол кезде пойыз кетіп қалған.
Өмірде табысты болу үшін шешім жасаудың маңызы
Үрейлі және арманшыл батылсыздық жалқаулыққа ереді де, шарасыздық пен кедейлікке себеп болады.
Уильям Шекспир
Сол себепті ақылды адамдар қаламайтын нәрсемен айналысып, мамандығын немесе қам-қарекет саласын өзгерте алмай жүреді. Сондықтан ақылды адамдар болашағы мүлдем жоқ, жалақысы мардымсыз жұмысты істеп жүре береді. Осылайша талантты адамдар, мегаполис немесе астанаға кетіп, өз армандарын жүзеге асырудың орнына ауыл мен шағын қалаларда өмірін өткізуде.
Ойланып, болуы мүмкін нұсқаларды есептеу жаман емес. Бір жерде тоқтап, қажетті шешімді қабылдамау жаман. Өмір бойы батылсыздық тұзағынан шыға алмау жаман.
Дұрыс шешімді қалай жасау керек?
Ойланып-толғануға жаратылатын ең ұзақ уақытты белгілеп қойыңыз: бір күн, бір апта, бір ай.
Шешімнің жақсы/жаман тұстарын, перспективасы мен қатерлерін талдап, қарастырып шығыңыз.
Шынайы жалпы ахуалды көре алу үшін жағдайды бейтарап, әділ қарастыру.
Қысқамерзімді пайда мен күмәнді ұсыныстарға қызықпау, жоламау.
Ұзақмерзімді перспективаға және болашақ нәтижеге назар салу.
Шешім қабылдауыға ықпал ететін факторларды қарастырып шығу, оларды талдау.
Қолда бар ақпаратқа сүйеніп, бірнеше үздік шешімді таңдап алу.
Жақсы ақыл-кеңес бере алатын табысты кісімен ақылдасу.
Жақсы нұсқаларды егжей-тегжейлі, жете ойластыру.
Ойланып-толғанатын уақыт аяқталды ма? Үрей мен батылсыздық кедергі болуға тырысады.
Қазіргі сәтте ең дұрысы деп қабылдаған шешімді үзілді-кесілді (қайтарымсыз) қабылдау.
Шешім қабылдау әрдайым тәуекелді, екіұшты болады. Бірақ одан өткен қауіп-қатер — еш тәуекел етпей, өмір бойы батылсыздық батпағында өмір сүру.
Батылсыздық пен әрекетсіздікті емес, іс-әрекетті қару ет. Өзіңе ойлануға бір күн, бір апта немесе бір ай бер де, сосын шешім жасап, іске кіріс...
Дереккөзі: https://bilim-all.kz/article/11476-Aqyldylardy-zhetistikten-qur-qaldyratyn-batylsyzdyq-tuzagy

Көп адамдар сауатсыздығынан, білімсіздігінен коронавирус биліктің адамдардың көңілін басқа жаққа аудару үшін жасап жатқан ақпараттық шырмауы деп ойлайды екен. Жоқ бұл Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемге тарап жатқан індет екенін мына видеодағы статистикадан көре аласыздар, жұқтырушылар саны секунт санап өсіп жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=qgylp3Td1Bw
YouTube
[LIVE-ENDED] Coronavirus Pandemic: Real Time Counter, World Map, News
Novel coronavirus Live Streaming: Breaking news, world Map and live counter on confirmed cases, recovered cases(COVID-19).
I started this live stream on Jan 26th, and since Jan 30th I have been streaming this without stopping. Many people are worried about…