Paparaci.kz
3 subscribers
1 photo
2 videos
5 links
Aqparattyk agenttigi
Download Telegram
Channel created
Еліміз бойынша 326 лото клуб жабылды
Paparaci.kz Республика аумағында бір күнде 300-ден астам құмар ойын ұйымдастыратын «Loto Club» желілерінің қызметі тоқтатылды. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, лотерея клубтарының атымен жұмыс істейтін заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісін жою операциясын өткізді.
Ғимараттарды тінту барысында 23 атыс және травматикалық қару, 247 млн теңге, 55 млн Ресей рублі, 125 мың АҚШ доллары, компьютерлік техника, мобильді құрылғылар, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ал олардың ойыншылардан тапқан табысының 70%-ға жуығы шетелге шығарылған.
Кейбір лото клубтарда заңсыз ойын қызметінен басқа, қалталы клиенттерге интимдік қызметтерді ұйымдастыру, есірткі заттарын пайдалану фактілері анықталды. Арнайы операциядан кейін полицияға құмар ойынға қатысы бар 400-ден астам адам жеткізілді.
🤔1
Қызылорда облысында БАҚ өкілдері мінген әкімдік көлігі жол апатына ұшырады
Бүгін түске таман Жаңақорған ауданының Құттықожа ауылына бара жатқан жолда облыс әкімдігінің тойота «Hice» автокөлігі жол апатына ұшырады. Көлік ішінде аймақ басшысының сапарын ақпараттандыруға аттанған бір топ БАҚ өкілдері болған. Журналистер мінген көлік әкімнен бұрын келесі нысанға жету үшін асығып, жолдан тайып кеткен. Абырой болғанда, адамдар аман. Түрлі дене жарақатын алғандар бар.
🤔2
Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы жер сілкінісі болды
Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігі "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 қаңтарда Астана уақытымен сағат 09:56-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,6. Магнитудасы MPV - 4,7", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Ақпарат tengrinews.kz сайтынан алынды
👀2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордада акция ұйымдастырған дүкенді адамдар қиратып кетті
Кәсіпкер дүкен сөресіндегі аяқ-киімдерді мың теңгеден сатылымға шығаратыны туралы әлеуметтік желіге бір күні бұрын хабарлама таратқан. Акциядан қалыс қалмауға ұмтылған тұрғындар таңертеңнен бастап сауда үйінің алдына жиналған. Арзан аяқ-киім алауға келгендердің көптігі сонша ұзын-сонар кезек қалыптасып, ақыр соңы адамдар дүкеннің есігін қиратып, терезесін сындырып ішке кіруге асыққан. Тіпті, ығы-жығы топтың ортасында қалып қойған кейбіруіне дем жетпей, жүрегі қысылып, денсаулығына қауіп төнген. Мұндай сорақылықты күтпеген дүкен иесі акцияны тоқтатуға мәжбүр болып, желі арқылы жұрттан кешірім сұрады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жедел-жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан азамат іздестірілуде!!!
Полиция қызметкерлерімен "жедел жәрдем" жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген қарағандылық азамат анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Бұзақылық  әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.