КТЖ пресс-релизы
1.03K subscribers
2.9K photos
154 videos
28 files
166 links
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның БАҚ үшін ресми ақпараты / официальные
сообщения АО «НК «ҚТЖ» для СМИ
Download Telegram
Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы тасымалданды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылдың алғашқы алты айындағы жұмыс қорытындысын шығарды. Осы кезеңде Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 6 миллионнан астам жолаушы сапарлаған.

Жолаушылар ағыны дәстүрлі түрде еліміздің ірі қалаларына тиесілі болды. Жолаушыларды жөнелту көлемі бойынша Алматы қаласы көш бастады. Жыл басынан бері бұл қаладан 993 мың жолаушы жолға шыққан. Екінші орында Астана қаласы – 855 мың жолаушы, ал Шымкент қаласынан 393 мың жолаушы тасымалданды.

Өңірлер бойынша да жолаушылар ағыны жоғары деңгейде сақталуда. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының станцияларынан 615 мың, Абай облысынан 413 мың, Қарағанды облысынан 390 мың, Қызылорда облысынан 366 мың және Жамбыл облысынан 286 мың жолаушы пойыз қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіштер теміржол көлігіне деген сұраныстың республиканың барлық өңірлерінде тұрақты екенін айғақтайды.

Теміржол тасымалына сұраныс әсіресе жазғы және қысқы маусымда, сондай-ақ, мереке күндері арта түседі. Осыған байланысты 2026 жылдың жазғы маусымында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 15 қосымша теміржол бағытын ұйымдастырып, 4 қосымша «Тальго» пойызын және 3 қосымша қала маңы пойызын іске қосты. Қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар Астана – Достық, Алматы – Достық, Семей – Достық, Өскемен – Достық, Қызылорда – Достық және Павлодар – Достық бағыттарында қатынайды. Сонымен қатар Алматы – Астана, Астана – Шымкент, Ақтөбе – Астана, Қарағанды – Балқаш және Алматы – Семей бағыттарындағы сұраныс жоғары пойыздарда орын саны көбейтілді.

Теміржол билеттеріне сұраныс артқан кезеңде «Күту парағы» қызметін қолдануға болады. Бұл қызмет бос орындарды сатып алуға мүмкіндік береді. Сервис bilet.railways.kz сайтында және барлық теміржол билет кассаларында қолжетімді.

2026 жылдың басынан бері «Күту парағы» арқылы жолаушыларға 84 мыңнан астам босаған орын ұсынылып, нәтижесінде 28 мыңнан астам билет рәсімделді.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан, сондай-ақ, билеттерді сатуға арналған мобильді сервистер арқылы қолжетімді.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін байланыс нөмірі немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасы @jolaushylar_tasymaly арқылы сатып алуға болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
С начала года поездами Нацперевозчика перевезено свыше 6 млн пассажиров

В АО «Пассажирские перевозки» подведены итоги работы за шесть месяцев 2026 года. За этот период поездами Национального перевозчика воспользовались свыше 6 млн пассажиров.

Наибольший пассажиропоток традиционно пришелся на крупнейшие города страны. Лидером по объему отправления пассажиров стал Алматы, где пассажиропоток составил 993 тыс. человек. Далее следуют Астана — 855 тыс. пассажиров и Шымкент — 393 тыс. пассажиров.

Значительный пассажиропоток также зафиксирован по направлениям отправления со станций Актюбинской области — 615 тыс. пассажиров, области Абай — 413 тыс., Карагандинской области — 390 тыс., Кызылординской области — 366 тыс. и Жамбылской области — 286 тыс. Это подтверждает устойчивый спрос на железнодорожные перевозки как между крупнейшими городами, так и между регионами страны.

Высокий спрос на железнодорожные перевозки наблюдается в летний и зимний периоды, а также в праздничные дни. Для удовлетворения повышенного спроса в летний сезон 2026 года АО «Пассажирские перевозки» организовало 15 дополнительных железнодорожных маршрутов, назначило 4 дополнительных поезда «Тальго» и 3 дополнительных пригородных поезда. Дополнительные поезда и прицепные вагоны курсируют по направлениям Астана – Достык, Алматы – Достык, Семей – Достык, Оскемен – Достык, Кызылорда – Достык и Павлодар – Достык. Кроме того, увеличено количество мест на востребованных маршрутах Алматы – Астана, Астана – Шымкент, Актобе – Астана, Караганда – Балхаш и Алматы – Семей.

В период повышенного спроса пассажиры активно пользуются сервисом «Лист ожидания», который позволяет приобрести билеты на освободившиеся места. Услуга доступна на сайте bilet.railways.kz и во всех железнодорожных билетных кассах.

С начала 2026 года через сервис «Лист ожидания» пассажирам было предложено более 84 тыс. освободившихся мест, из которых оформлено свыше 28 тыс. билетов.

Билеты доступны на официальном сайте bilet.railways.kz и в билетных кассах АО «Пассажирские перевозки», а также через мобильные сервисы продажи билетов.

Дополнительную информацию можно узнать по бесплатному номеру 1433, а также на официальном Instagram-аккаунте АО «Пассажирские перевозки» @jolaushylar_tasymaly.

Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки»
КТЖ пресс-релизы
Photo
📣 ПРЕСС-АНОНС

🇰🇿🇨🇳Қазақстан мен Қытай Шанхайдағы бизнес-форумда көлік логистикасы, цифрлық технологиялар және электрондық коммерцияның болашағын талқылайды


📍Шанхай, 2026 ж. 15 шілде

2026 жылғы 15 шілдеде Шанхай қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына сапары аясында «Қазақстан – Қытай: көлік-логистикалық ынтымақтастық және электрондық коммерция – жаңа технологиялар, жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық бизнес-форум өтеді. Іс-шараны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастырады.

Форум Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, көлік-логистикалық компанияларының, теміржол әкімшіліктерінің, қаржы институттарының, технологиялық корпорацияларының басшыларын және бизнес өкілдерін біріктіріп, әлемдік экономиканың қарқынды цифрлық трансформациясы жағдайында халықаралық логистиканы дамытудың негізгі бағыттарын талқылауға мүмкіндік береді.

Форумның басты тақырыптары Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан әрі іске асыру, көлік-логистика саласын цифрландыру, жасанды интеллект және Big Data технологияларын енгізу, интеллектуалды көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ электрондық коммерция мен заманауи логистикалық сервистердің мүмкіндіктері болмақ.

Халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін практикалық шешімдерге ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, көлік процестерін басқаруды автоматтандыру, көлік жүйелерінің цифрлық өзара байланысын дамыту, «ақылды» терминалдар құру және Еуразиялық көлік бағыттарының барлық бойында инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қаралады.

Бүгінде Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік және логистикалық хаб ретіндегі позициясын жүйелі түрде нығайтып келеді. Көлік инфрақұрылымын дамыту, халықаралық бағыттарды кеңейту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу Еуразия кеңістігінде орнықты жеткізу тізбектерін қалыптастырудың маңызды элементтеріне айналуда. Қытаймен стратегиялық әріптестік бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және тиімді әрі технологиялық көлік экожүйесін құруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Форум бағдарламасында көлік-логистикалық ынтымақтастықты, цифрлық инновациялар мен электрондық коммерцияны дамытуға арналған пленарлық және тақырыптық сессиялар, екі елдің мемлекеттік органдары мен жетекші компаниялары өкілдерінің сөз сөйлеуі, сондай-ақ ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі қарастырылған. Ресми бөлімнен кейін қатысушылар B2B-кездесулер мен іскерлік қарым-қатынас аясында диалогты жалғастыра алады.

Форумға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KTZ Express» АҚ, China State Railway Group, China Development Bank өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың көлік, логистика, қаржы және IT секторларындағы ірі компаниялары қатысады деп күтілуде. Қатысушылар қатарында Alibaba, JD.com, Kaspi.kz, YTO International Express & Supply Chain Technology, Atasu Group және басқа да жетекші ұйымдардың өкілдері бар.

🗓️Күні: 2026 жылғы 15 шілде

🕐Уақыты: 09:00–14:00

📍Өткізу орны: Hyatt on the Bund, Шанхай қ., ҚХР

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері іс-шараны жариялауға шақырылады.

Байланыс үшін
Email: aizabolat2005@gmail.com
Telephone number:

+7 707 931 11 73, +7 707 518 26 07
Website:
www.railways.kz
📣ПРЕСС-АНОНС

🇰🇿🇨🇳Казахстан и Китай обсудят будущее транспортной логистики, цифровых технологий и электронной коммерции на бизнес-форуме в Шанхае


📍Шанхай, 15 июля 2026 г.

15 июля 2026 года в Шанхае состоится международный бизнес-форум «Казахстан – Китай: транспортно-логистическое сотрудничество и электронная коммерция – новые технологии, новые возможности», организованный АО «НК «Қазақстан темір жолы» совместно в рамках визита Президента Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику.

Форум объединит руководителей государственных органов, транспортно-логистических компаний, железнодорожных администраций, финансовых институтов, технологических корпораций и представителей бизнеса Казахстана и Китая для обсуждения ключевых направлений развития международной логистики в условиях стремительной цифровой трансформации мировой экономики.

Центральными темами форума станут развитие стратегического партнерства между Казахстаном и Китаем, дальнейшая реализация инициативы «Один пояс, один путь», цифровизация транспортно-логистической отрасли, внедрение технологий искусственного интеллекта и Big Data, развитие интеллектуальной транспортной инфраструктуры, а также перспективы электронной коммерции и современных логистических сервисов.

Особое внимание будет уделено практическим решениям, способным повысить эффективность международных перевозок: автоматизации управления транспортными процессами, развитию цифровой связанности транспортных систем, созданию «умных» терминалов и внедрению инновационных технологий на всем протяжении евразийских транспортных маршрутов.

Сегодня Казахстан последовательно укрепляет свои позиции в качестве ключевого транзитного и логистического узла между Азией и Европой.

Развитие транспортной инфраструктуры, расширение международных маршрутов и внедрение современных цифровых решений становятся важными элементами формирования устойчивых цепочек поставок на евразийском пространстве. Стратегическое партнерство с Китаем открывает новые возможности для реализации совместных инфраструктурных проектов и создания эффективной, технологичной транспортной экосистемы.

В программе форума – пленарные и тематические сессии, посвященные развитию транспортно-логистического сотрудничества, цифровым инновациям и электронной коммерции, выступления представителей государственных органов и ведущих компаний двух стран, а также церемония подписания документов о сотрудничестве. После официальной части участники смогут продолжить диалог в рамках B2B-встреч и делового общения.

Ожидается участие представителей Администрации Президента Республики Казахстан, Министерства транспорта Республики Казахстан, АО «НК «Қазақстан темір жолы», АО «KTZ Express», China State Railway Group, China Development Bank, а также крупнейших компаний транспортного, логистического, финансового и IT-секторов Казахстана и Китая. Среди участников – представители Alibaba, JD.com, Kaspi.kz, YTO International Express & Supply Chain Technology, Atasu Group и других ведущих организаций.


🗓️Дата: 15 июля 2026 года

🕐Время: 09:00–14:00

📍Место проведения: Hyatt on the Bund, г. Шанхай, КНР

Представители средств массовой информации приглашаются к освещению мероприятия.

Контакты
Email: aizabolat2005@gmail.com

Telephone number:+7 707 931 11 73, +7 707 518 26 07

Website:
www.railways.kz
PRESS ANNOUNCEMENT

🇰🇿🇨🇳Kazakhstan and China to discuss the future of transport logistics, digital technologies and e-commerce at a business forum in Shanghai

📍Shanghai, 15 July 2026


On 15 July 2026, Shanghai will host the international business forum “Kazakhstan–China: Transport and Logistics Cooperation and E-Commerce: New Technologies, New Opportunities”, organized by JSC NC Kazakhstan Temir Zholy as part of the visit of the President of the Republic of Kazakhstan to the People’s Republic of China.

The forum will bring together senior officials from government agencies, transport and logistics companies, railway administrations, financial institutions, technology corporations, and business communities of Kazakhstan and China to discuss key areas for the development of international logistics amid the rapid digital transformation of the global economy.

The central topics of the forum will include the development of the strategic partnership between Kazakhstan and China, further implementation of the Belt and Road Initiative, digitalization of the transport and logistics sector, the introduction of artificial intelligence and Big Data technologies, the development of smart transport infrastructure, as well as the prospects of e-commerce and modern logistics services.

Special attention will be given to practical solutions aimed at improving the efficiency of international transportation, including the automation of transport process management, the development of digital connectivity between transport systems, the creation of smart terminals, and the implementation of innovative technologies along Eurasian transport routes.

Today, Kazakhstan is consistently strengthening its position as a key transit and logistics hub between Asia and Europe. The development of transport infrastructure, the expansion of international routes, and the introduction of modern digital solutions are becoming important elements in building sustainable supply chains across the Eurasian space. The strategic partnership with China opens up new opportunities for implementing joint infrastructure projects and creating an efficient, technology-driven transport ecosystem.

The forum program will include plenary and thematic sessions dedicated to the development of transport and logistics cooperation, digital innovation, and e-commerce; speeches by representatives of government agencies and leading companies of the two countries; as well as a ceremony for signing cooperation documents. Following the official part, participants will have the opportunity to continue dialogue through B2B meetings and business networking.

Representatives of the Administration of the President of the Republic of Kazakhstan, the Ministry of Transport of the Republic of Kazakhstan, JSC NC Kazakhstan Temir Zholy, JSC KTZ Express, China State Railway Group, China Development Bank, as well as major companies from the transport, logistics, financial, and IT sectors of Kazakhstan and China are expected to attend.

Participants will include representatives of Alibaba, JD.com, Kaspi.kz, YTO International Express & Supply Chain Technology, Atasu Group, and other leading organizations.

🗓️Date: 15 July 2026

🕐Time: 09:00–14:00

📍Venue: Hyatt on the Bund, Shanghai, PRC

Media representatives are invited to cover the event.

Contacts
Email: aizabolat2005@gmail.com
Telephone number:

+7 707 931 11 73, +7 707 518 26 07
Website:
www.railways.kz
Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады?

Теміржол көлігімен сапарға шыққан әрбір жолаушыны пойызға мінген сәттен бастап жолсерік қарсы алады. Көпшілік жолсеріктің жұмысын билетті тексеру және төсек-орын жабдықтарын таратумен ғана байланыстырады.

Алайда іс жүзінде оның қызметі әлдеқайда ауқымды. Сапар бойы жолсерік жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, вагонның санитариялық және техникалық жай-күйін қадағалайды, қызмет көрсету сапасына жауап береді әрі кез келген төтенше жағдайда жедел әрекет етеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына, Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жолсерік бірқатар маңызды міндеттерді орындайды.

Жолаушыларды қарсы алу және отырғызу

Пойыз жөнелтілгенге дейін жолсерік:
• жолаушыларды вагонның алдында қарсы алады;
• жол жүру құжаттары мен жеке басын куәландыратын құжаттарды тексереді;
• электрондық билеттердің мәліметтерін тіркеу жүйесімен салыстырады;
• балаларға, қарт адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, жүкті әйелдерге вагонға мінуге көмек көрсетеді;
• жолаушылардың қауіпсіз отырғызылуы мен түсірілуін қамтамасыз етеді.

Жолаушыларды ақпараттандыру

Пойыз жолға шыққаннан кейін жолсерік:
• жолаушыларды пойыздағы жүріс-тұрыс қағидаларымен таныстырады;
• өрт қауіпсіздігі және жеке қауіпсіздік бойынша нұсқама жүргізеді;
• пойыз бастығының орналасқан орнын хабарлайды;
• вагон-мейрамхананың жұмыс тәртібі, сервистік қызметтер және сапар барысында қолжетімді қосымша мүмкіндіктер туралы ақпарат береді.

Қажет болған жағдайда жолсерік қол жүгін, багажды және үй жануарларын тасымалдау қағидаларын түсіндіруге міндетті.

Вагонның санитариялық жағдайын қамтамасыз ету

Жолсеріктің негізгі міндеттерінің бірі – вагонның тазалығын сақтау.

Сапар барысында:
• жолаушылар салоны тәулігіне кемінде екі рет ылғалды тәсілмен тазаланады;
• дәретханалар тәулігіне кемінде төрт рет, қажет болған жағдайда одан да жиі тазаланады;
• дәретхана қағазының, сұйық сабынның, қағаз сүлгілердің немесе қол кептіргіштердің және басқа да санитариялық-гигиеналық құралдардың болуы тұрақты бақылауда болады;
• қоқыс уақытылы шығарылып, вагондағы тазалық пен тәртіп сақталады.

Сонымен қатар жолсерік санитариялық жабдықтардың жарамдылығын қадағалайды. Ақау анықталған жағдайда бұл туралы дереу пойыз бастығына және пойыздың электр механигіне хабарлайды.

Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету

Жолсеріктің міндеттеріне сондай-ақ:
• төсек-орын жабдықтарының жиынтығын ұсыну;
• қарт адамдарға, жүкті әйелдерге және мүгедектігі бар адамдарға төсек жабдықтарын дайындауға көмек көрсету;
• қауіпсіздік тұтқасы қарастырылмаған жоғарғы сөрелерде жолаушының өтініші бойынша қауіпсіздік белдігін беру және орнату;
• қызмет көрсету стандарттарына сәйкес стақандарды, қасықтарды және өзге де қажетті құралдарды ұсыну;
• фирмалық пойыздарда шай жиынтықтарын, сондай-ақ купе вагондарында гигиеналық жиынтықтарды ұсыну;
• вагонның техникалық жабдықталуына сәйкес мобильді құрылғыларды қуаттауға мүмкіндік жасау кіреді.

Вагонның техникалық жағдайын бақылау

Жолсерік тұрақты түрде:
• жылыту, кондиционерлеу және желдету жүйелерінің жұмысын;
• жарықтандыру жүйесінің жұмысын;
• есіктердің, терезелердің және бекіту құрылғыларының жарамдылығын;
• сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын;
• өртке қарсы жабдықтардың толық болуын және жарамдылығын бақылайды.

Ақаулар анықталған жағдайда жолсерік белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті шараларды қабылдап, бұл туралы пойыз бастығына және пойыздың электр механигіне дереу хабарлауға міндетті.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Сапар барысында жолсерік жолаушылардың тасымалдау қағидаларын сақтауын бақылайды.

Ол жолаушыларға:
• вагондарда және тамбурларда темекі шегуге;
• заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға;
• қоғамдық тәртіпті бұзуға;
• тасымалдауға тыйым салынған заттар мен қауіпті заттарды алып жүруге болмайтынын ескертуге міндетті.
КТЖ пресс-релизы
Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады? Теміржол көлігімен сапарға шыққан әрбір жолаушыны пойызға мінген сәттен бастап жолсерік қарсы алады. Көпшілік жолсеріктің жұмысын билетті тексеру және төсек-орын жабдықтарын таратумен ғана байланыстырады. Алайда…
Төтенше жағдайлар туындаған кезде жолсерік бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес жолаушыларды уақтылы хабардар етеді және тиісті даярлығы болған жағдайда жедел қызметтер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Пойыз межелі станцияға жақындағанда

Пойыз межелі станцияға келер алдында жолсерік:
• жолаушыларды алдын ала пойыздың келу туралы хабардар етеді;
• жолаушылардың келісімімен межелі станцияға келуге 30 минут қалғанда төсек-орын жабдықтарын жинайды;
• балаларға, қарт адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, жүкті әйелдерге вагоннан түсуге көмек көрсетеді;
• жолаушылардың жеке заттарын ұмытып кетпеуін тексереді.

Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүйесінде 5 мыңнан астам жолаушылар вагонының жолсерігі еңбек етеді. Бір ғана рейс барысында жолсерік техникалық жабдықтардың жай-күйін бақылаудан бастап вагонның санитариялық тазалығын қамтамасыз етуге, жолаушыларға қызмет көрсетуге және олардың қауіпсіздігін сақтауға дейін ондаған түрлі міндетті орындайды. Сондықтан бұл мамандық жоғары жауапкершілікті, ұқыптылықты, күйзеліске төзімділікті және кез келген жағдайға жедел әрекет ету қабілетін талап етеді.

Жолсеріктің басты міндеті – әрбір жолаушының сапарын қауіпсіз, жайлы әрі қызмет көрсету сапасының белгіленген стандарттарына сай ұйымдастыру.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Обязанности проводника: что должен знать каждый пассажир

Работа проводника пассажирского вагона — это не только проверка билетов и встреча пассажиров у входа в вагон. Во время всей поездки именно проводник отвечает за безопасность, санитарное состояние вагона, комфорт пассажиров и оперативное реагирование в нестандартных ситуациях.

В соответствии с законодательством Республики Казахстан, Правилами перевозок пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом, а также внутренними стандартами обслуживания АО «Пассажирские перевозки», проводник обязан выполнять широкий перечень обязанностей.
 
Встреча и посадка пассажиров

Перед отправлением поезда проводник:
- встречает пассажиров у вагона;
- проверяет проездные документы и документы, удостоверяющие личность;
- сверяет данные электронных билетов с системой регистрации;
- оказывает помощь при посадке детям, пожилым людям, лицам с инвалидностью, беременным женщинам и пассажирам с ограниченной мобильностью;
- следит за безопасной посадкой и высадкой пассажиров.
 
Информирование пассажиров

После отправления поезда проводник обязан:
- ознакомить пассажиров с правилами поведения в поезде;
- провести инструктаж по пожарной и личной безопасности;
- сообщить местонахождение начальника поезда;
- проинформировать о режиме работы вагона-ресторана, сервисных услугах и дополнительных возможностях во время поездки.

При необходимости проводник обязан разъяснить правила перевозки ручной клади, животных и багажа.
 
Обеспечение санитарного состояния вагона

Одной из основных обязанностей проводника является поддержание чистоты.

В пути следования проводится:
- влажная уборка пассажирского салона не менее двух раз в сутки;
- уборка туалетных комнат не менее четырех раз в сутки, а при необходимости — чаще;
- контроль наличия туалетной бумаги, жидкого мыла, бумажных полотенец или сушилок, а также других санитарно-гигиенических средств;
- своевременное удаление мусора и поддержание порядка в вагоне.

Кроме того, проводник контролирует исправность санитарного оборудования и при возникновении неисправностей незамедлительно сообщает об этом начальнику поезда и электромеханику поезда.

Обеспечение комфорта пассажиров

В обязанности проводника также входит:
- предоставление комплекта постельного белья;
- помощь пожилым пассажирам, беременным женщинам и лицам с инвалидностью при застилании постели;
- выдача и установка ремней безопасности на верхних полках по просьбе пассажира, где не предусмотрена скоба безопасности;
- предоставление стаканов, ложек и другого инвентаря, предусмотренного стандартами обслуживания;
- в фирменных поездах — предоставление чайных и гигиенических (только купейные вагоны) наборов;
- обеспечение возможности зарядки мобильных устройств в соответствии с оснащением вагона.
 
Контроль технического состояния вагона

Проводник обязан постоянно контролировать:
- исправность систем отопления, кондиционирования и вентиляции;
- работу освещения;
- исправность дверей, окон и запорных устройств;
- исправность систем водоснабжения;
- наличие необходимого противопожарного оборудования.

При обнаружении неисправностей проводник обязан незамедлительно принять предусмотренные меры и сообщить начальнику поезда и электромеханику поезда.
 
Обеспечение безопасности

Во время поездки проводник следит за соблюдением пассажирами правил перевозок.

Он обязан предупреждать пассажиров о запрете:
- курения в вагонах и тамбурах;
- распития алкогольных напитков в случаях, предусмотренных законодательством;
- нарушения общественного порядка;
- перевозки запрещенных предметов и веществ.

При возникновении чрезвычайных ситуаций проводник действует согласно установленным инструкциям, организует информирование пассажиров и оказывает первую помощь до прибытия экстренных служб при наличии соответствующей подготовки.
 
Перед прибытием на станцию

Перед прибытием поезда проводник:
- заблаговременно предупреждает пассажиров о прибытии;
- с согласия пассажиров за пол часа до прибытия на станцию назначения собирает постельное белье;
КТЖ пресс-релизы
Обязанности проводника: что должен знать каждый пассажир Работа проводника пассажирского вагона — это не только проверка билетов и встреча пассажиров у входа в вагон. Во время всей поездки именно проводник отвечает за безопасность, санитарное состояние вагона…
- помогает при высадке детям, пожилым людям, лицам с инвалидностью, беременным женщинам и пассажирам с ограниченной мобильностью
- проверяет, чтобы пассажиры не забыли личные вещи.

К слову, в АО «Пассажирские перевозки» сегодня трудятся свыше 5 тысяч проводников пассажирских вагонов. За одну поездку проводник выполняет десятки различных задач — от проверки технического состояния оборудования и санитарной обработки вагона до оказания помощи пассажирам и обеспечения их безопасности. Именно поэтому его работа требует высокой ответственности, внимательности, стрессоустойчивости и постоянной готовности оперативно реагировать на любые ситуации.

Главная задача проводника — сделать поездку каждого пассажира безопасной, комфортной и соответствующей установленным стандартам качества обслуживания.

Пресс-служба АО «Пассажирские перевозки»