Air Astana press-releases
1.86K subscribers
100 photos
2 videos
8 files
145 links
әуекомпанияның БАҚ үшін ресми ақпараты / официальные сообщения авиакомпании для СМИ
Download Telegram
Дубайға/Дубайдан рейстер туралы ақпарат

Air Astana Алматы-Дубай-Алматы бағыты бойынша 17 сәуірге жоспарланған КС897/КС898 рейстері Дубай әуежайының жабылуына байланысты тоқтатылатынын хабарлайды. Жолаушылар билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады немесе сатып алу орны бойынша құнын қайтара алады.

Астана-Дубай бағыты бойынша 17 сәуірдегі КС205 рейсі бару пункттегі әуежайдың жабылуына байланысты Фуджейра қаласының әуежайына қонды. Дубайға ұшу уақыты 18 сәуір жергілікті уақыт бойынша 08:20 жоспарланған. Дубай-Астана бағыты бойынша КС206 рейсі жергілікті уақыт бойынша 18 сәуір 10:00-ге ауыстырылды.

Дубайға ұшу кестесінде басқа өзгерістер болып жатса, әуекомпания қосымша хабарлайды. Әуежайға барар алдында әуекомпанияның ресми сайтында рейстің статусын тексеруді сұраймыз.

Air Astana Дубайдағы қатты нөсерден туындаған қолайсыздықтарға өкініш білдіріп, әуежайдың жұмысы тез уақытта қалпына келетініне үміттенеді.
Информация о рейсах в/из Дубая

Air Astana сообщает, что рейсы КС897/КС898, запланированные на 17 апреля по маршруту Алматы-Дубай-Алматы, отменяются в связи с закрытием аэропорта Дубая. Пассажиры могут перебронировать билеты на альтернативные даты или оформить возврат по месту приобретения.

Рейс КС205 от 17 апреля по маршруту Астана-Дубай был перенаправлен в аэродром г.Фуджейра также в связи с закрытием аэропорта в пункте назначения. Ожидаемое время вылета в Дубай 18 апреля в 08:20 по местному времени. Обратный рейс КС206 по направлению Дубай-Астана переносится на 18 апреля 10:00 местного времени.

В случае дальнейших изменений в расписании полетов в Дубай, авиакомпания проинформирует дополнительно. Просьба проверять статус рейса на сайте авиакомпании перед выездом в аэропорт.

Air Astana сожалеет о неудобствах, вызванных сильным ливнем в Дубае, и надеется на скорейшее восстановление работы аэропорта.
Air Astana тобы 75 тонна гуманитарлық жүкті тегін тасымалдады

Су тасқыны дағдарысы басталғаннан бері Air Astana мен FlyArystan зілзала аймағына 75 тонна гуманитарлық жүкті тегін тасымалдады. Мұндай салмақты тасымалдау құны 34 миллион теңгеге парапар. Жүк ішіне азық-түлік, киім, гигиеналық құралдар, тұрмыстық тауарлар, моторлы қайықтар және басқа да қажетті заттар кіреді. Жіберушілер арасында қайырымдылық қорлары мен қауымдастықтар, сондай-ақ коммерциялық ұйымдар бар. Гуманитарлық көмек Air Astana және FlyArystan ұшағымен Алматы мен Астанадан Атырау, Ақтау және Оралға жеткізілді.

Авиабилеттерге сұраныстың ұлғаюына жауап ретінде Air Astana және FlyArystan бірлесіп 8 сәуір мен 21 сәуір аралығында Атыраудан 41 қосымша рейс ашты. Тұрақты рейстермен бірге осы кезеңдегі рейстер саны 30%-ға артып, шамамен 23 мың отандасымызға Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау және Шымкентке кешеуілдемей ұшуға мүмкіндік берді.

Бұл ретте Air Astana және FlyArystan тікелей рейстерінің тарифтері көтерілмей ғана қоймай, 13 сәуір мен 24 сәуір аралығында Атыраудан эконом-класс билеттерінің құны бір жаққа 40 мың теңгеге дейін төмендетілді. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін екі әуекомпания да жолаушыларға 30 сәуірге дейінгі рейстерге айыппұлсыз билеттерді қайтаруға немесе 21 мамырға дейінгі баламалы рейстерге қайта брондауға рұқсат етті.

Бұған дейін Air Astana тобы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Samruk Kazyna Trust қорына 1 миллиард теңге аударған болатын. Қосымша ретінде әуекомпаниялардың қызметкерлері қаражат пен ең қажетті заттарды жинап, су басқан аймақтардағы мұқтаж жандарға тарату үшін Qamqor Charity қоғамдық қорына тапсырды. Сонымен қатар, Air Astana еріктілері Атырау мен Ақтауда апаттық-құтқару жұмыстарына қатысуда.

Air Astana тобы зардап шеккен отандастарына жанашырлық танытып, су тасқынының зардаптарынан тезірек қалпына келеді деп үміттенеді.
Группа Air Astana бесплатно перевезла 75 тонн гуманитарного груза

С начала паводкового кризиса Air Astana и FlyArystan бесплатно перевезли 75 тонн гуманитарного груза в зону бедствия, перевозка которого в денежном выражении эквивалентна 34 миллионам тенге. Это - продукты питания, вещи, гигиенические средства, хозяйственные товары, моторные лодки и другие необходимые предметы. В числе отправителей как благотворительные фонды и ассоциации, так и коммерческие организации. Гуманитарная помощь перевозится самолетами Air Astana и FlyArystan из Алматы и Астаны в Атырау, Актау и Уральск.

В ответ на увеличившийся спрос на авиаперевозки из-за ухудшения паводковой ситуации, авиакомпании Air Astana и FlyArystan на период с 8 по 21 апреля совместно запустили 41 дополнительный рейс из Атырау. Вместе с регулярными рейсами количество полетов в указанный период увеличилось на 30%, что позволило 23 000 соотечественникам без промедления вылететь из Атырау в Алматы, Астану, Актау и Шымкент.

При этом тарифы на прямые рейсы Air Astana и FlyArystan не повышались, а на период с 13 по 24 апреля стоимость билетов эконом-класса из Атырау была снижена до 40 тысяч тенге в одну сторону. Для удобства пассажиров обе авиакомпании также продлили период, в течение которого пассажирам разрешается оформить возврат билетов без штрафов для рейсов по 30 апреля или перебронировать на альтернативные рейсы до 21 мая.

Ранее группа Air Astana перечислила 1 миллиард тенге в Фонд Samruk-Kazyna Trust для помощи пострадавшим от паводков. Также по инициативе сотрудников группы был организован дополнительный сбор средств и предметов первой необходимости, которые передали в общественный фонд Qamqor Charity для дальнейшего распределения среди нуждающихся. Кроме того, волонтеры Air Astana продолжают участвовать в аварийно-спасательных работах в Атырау и Актау.

Группа Air Astana сопереживает пострадавшим соотечественникам и надеется на скорейшее восстановление от последствий наводнений.
Дубайға/Дубайдан рейстер туралы жаңартылған ақпарат

Дубай әуежайына Дубай әуежайының шектеулеріне байланысты Air Astana 19 сәуірдегі КС 8970/8980 Алматы-Дубай-Алматы қосымша рейстерін болдырмауға мәжбүр. Жолаушыларға сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе қайта брондау қолжетімді.

КС 205 Астана-Дубай рейсі Астана уақыты бойынша 19.00-ге дейін кешіктіріледі. Рейстің мәртебесін
https://airastana.com/kaz/kk-kz/Ақпарат/Әуежайда/Рейс-статусы сайтынан қадағалауды сұраймыз.

Обновленная информация о рейсах в Дубай

В связи с ограничениями аэропорта г. Дубай Air Astana вынуждена отменить дополнительные рейсы от 19 апреля КС 8970/8980 Алматы-Дубай-Алматы. Пассажирам доступен полный возврат или перебронирование по месту приобретения.

Рейс КС 205 Астана-Дубай задерживается предварительно до 19.00 по времени Астаны. Просим следить за статусом рейса на сайте https://airastana.com/kaz/ru-ru/Информация/В-аэропорту/Статус-рейса
Air Astana KITF 2024 көрмесіне қатысуда

Air Astana бүгін Алматы қаласында ашылған «Туризм мен саяхат» (KITF) 2024 22-ші Қазақстан халықаралық көрмесіне қатысуда.

Air Astana-мен бірге KITF-ке туристік нарықтағы жетістіктер мен трендтерді көрсету үшін 28 елден 400-ден астам компания қатысып отыр. Air Astana екі панельдік сессияға қатысады: 24 сәуірде әуекомпания өкілдері «Қазіргі уақыттағы әуежайлар: маркетинг және коммерция» панельдік сессиясында тәжірибені бөліссе, 25 сәуірде Air Astana компаниясының Германия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Түркия және Қытай елдеріндегі аймақтық менеджерлері әлемдік нарықтар мен Қазақстанға келу туризмінің ерекшеліктері туралы баяндамалар жасайды.

Air Astana KITF ұйымдастырушыларына шақырғаны үшін, сондай-ақ көрмеге келушілерге әуекомпаниясына деген қызығушылығына алғыс білдіреді.
Air Astana участвует в KITF 2024

Air Astana принимает участие в 22-ой Казахстанской международной выставке «Туризм и путешествия» (KITF) 2024, открытой сегодня в городе Алматы.

Вместе с Air Astana на KITF представлено свыше 400 компаний из 28 стран мира, демонстрирующих достижения и тенденции на туристическом рынке. Air Astana участвует в двух панельных сессиях: 24 апреля представители авиакомпании поделятся опытом и экспертизой на панельной сессии «Аэропорты в новой реальности: маркетинг и коммерция», а 25 апреля региональные менеджеры Air Astana из Германии, Южной Кореи, Индии, Турции и Китая выступят с докладами об особенностях мировых рынков и въездного туризма в Казахстан.

Air Astana благодарит организаторов KITF за приглашение, а также посетителей выставки за интерес, проявленный к авиакомпании.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Air Astana есірткіге мас күйінде ұсталған ұшқышты жұмыстан шеттеді.

2024 жылғы 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды.

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды. Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғы үнемі тексеріліп отырады.

Air Astana отстранила пилота, задержанного в состоянии наркотического опьянения

Второй пилот авиакомпании был задержан в аэропорту Алматы 23 апреля 2024 года во время вылета в качестве пассажира.

В настоящее время провоохранительные органы проводят досудебное расследование.

Аir Astana проявляет нулевую терпимость к употреблению сотрудниками алкоголя или наркотиков, поскольку безопасность полетов является нашим приоритетом. В авиакомпании на постоянной основе проводятся тестирования экипажей на наличие в крови алкоголя или наркотических веществ.

В связи с этим авиперевозчик в незамедлительном порядке отстранил пилота.
Air Astana Астанадан Сеулге рейстерді қайта орындайды

Air Astana Астанадан Сеулге рейстерге билеттердің сатылымын бастады. Рейстер 2024 жылдың 15 маусымынан бастап аптасына екі рет Аirbus A321LR ұшағында орындалады. Астанадан Сеулге рейстерді әуекомпания 2015 іске қосып, ковид себебімен 2020 жылы тоқтатқан болатын.

Астанадан Сеулге рейстер Алматыдан Сеулге күнделікті рейстерді толықтырып, екі бағыт та Asiana Airlines компаниясымен кодшеринг келісімі бойынша орындалады. Әуекомпания Алматы-Сеул рейсін 2003 жылы бастап, 22 жылда 800 мыңға жуық жолаушы тасымалдаған.

Әуетасымалдаушысы сондай-ақ 2024 жылға халықаралық рейстердің жазғы кестесінде Алматыдан Ташкентке ұшу жиілігі аптасына 14 ретке дейін; Бішкекке аптасына сегіз ретке дейін; Тбилисиге аптасына тоғыз ретке дейін; Душанбеге аптасына төрт ретке дейін; Бакуге аптасына үш ретке дейін ұлғайтылғанын еске салады.
Air Astana возобновляет рейсы из Астаны в Сеул

Air Astana открыла продажу билетов на рейсы из Астаны в Сеул. Рейсы с частотой два раза в неделю будут выполняться на самолетах Airbus A321LR с 15 июня 2024 года. Авиасообщение из Астаны в Сеул авиакомпания запустила в 2015 году, но была вынуждена приостановить в 2020 году из-за ковида.

Рейсы из Астаны в Сеул дополнят ежедневные рейсы из Алматы в Сеул, при этом оба направления будут выполняться по кодшеринговому соглашению с авиакомпанией Asiana Airlines. Рейс Алматы-Сеул авиакомпания запустила в 2003 году, и за последние 22 года по этому маршруту перевезла порядка 800 тысяч пассажиров.

Авиаперевозчик также напоминает, что в летнем расписании международных рейсов на 2024 год увеличены частоты рейсов из Алматы в Ташкент до 14 раз в неделю; в Бишкек до восьми раз в неделю; в Тбилиси до девяти раз в неделю; в Душанбе до четырех раз в неделю; в Баку до трех раз в неделю.
Air Astana тобының 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің нәтижелері
 
Air Astana тобы тұрақты қаржылық және операциялық көрсеткіштерді көрсететін 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет нәтижелері туралы хабарлайды. Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5% -ға өсіп, 1,9 млн адам болды. Түсім және өзге де кірістер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3% -ға өсіп, 264,7 млн. АҚШ доллар болды.
Баспасөз хабарламасының толық мәтіні мына сілтеме бойынша қол жетімді

https://ir.airastana.com/kz/ақпаратты-ашу-орталығы/нормативтік-ақпаратты-ашу-және-баспасөз-хабарлама/
Результаты деятельности Группы Air Astana за первый квартал 2024 года   Группа Air Astana сообщает о результатах деятельности за  первый квартал 2024 года, который демонстрирует устойчивые финансовые и операционные показатели. Общее число перевезенных пассажиров выросло на 18,5% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года и составило 1,9 млн человек. Выручка и прочие доходы выросли на13,3% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года и составили 264,7 млн долл. США.
Полный текст пресс-релиза доступен по ссылке

https://ir.airastana.com/ru/fentr-raskrytiya-informafii/normativnoe-raskrytie-i-relizy/
Air Astana акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізетіні туралы хабарлайды

Air Astana акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2024 жылғы 30 мамырда сағат 11.00 Тимирязев көшесі, 43, 10 корпус, Best Western Plus Atakent Hotel мекенжайы бойынша өтеді.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу Алматы уақыты бойынша сағат 10:00 басталады. Баспасөз хабарламасының толық мәтіні https://ir.airastana.com/kz/ақпаратты-ашу-орталығы/нормативтік-ақпаратты-ашу-және-баспасөз-хабарлама/ сілтеме бойынша қол жетімді

Air Astana извещает о проведении годового общего собрания акционеров

Годовое общее собрание акционеров Air Astana состоится 30 мая 2024 года в 11.00 в Алматы по адресу: ул. Тимирязева, 43, корпус 10, отель Best Western Plus Atakent Hotel.
Начало регистрации участников годового общего собрания акционеров: 10:00 по времени Алматы. Полный текст пресс-релиза доступен по ссылке https://ir.airastana.com/ru/fentr-raskrytiya-informafii/normativnoe-raskrytie-i-relizy/
`
Әуе компаниясы жолаушыларға
рейске алдын ала келуге кеңес береді


Air Astana 1 мамырдан бастап Қазақстанның барлық әуежайларында ҚР азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның нұсқауына байланысты қауіпсіздіктің күшейтілген шаралары енгізілетіні туралы хабарлайды. Бұл жолаушыларды, жүкі пен қол жүгін тексерудің қосымша желілерін орнатуды талап етеді. Сондықтан әуе компаниясы жолаушыларға тексерісте және тіркеу орнында кезегін болдырмау үшін әуежайға алдын ала келуді сұрайды.
Рейстердің мәртебесін әуе компанияның сайтында тексеруді сұраймыз.

Авиакомпания рекомендует пассажирам
прибывать на рейс заблаговременно


Air Astana сообщает, что с 1 мая во всех аэропортах Казахстана вводятся повышенные меры безопасности в связи с указанием уполномоченной организации в сфере гражданской авиации РК, что предусматривает дополнительные линии досмотра пассажиров, багажа и ручной клади. Поэтому авиакомпания рекомендует пассажирам прибывать в аэропорт заранее во избежание очередей на досмотре и регистрации.
Просим проверять статус рейсов на сайте авиакомпании.
Air Astana Еуропаға жазғы курорттық бағыттарды жандандырады

Әуе компаниясы Еуропаның көрікті қалалары Ираклионға (Грекия) және Подгорицаға (Черногория) маусымдық жазғы рейстердің қайта басталатыны туралы қуана хабарлайды.
Алматыдан Крит аралында орналасқан Ираклионға рейстер 6 маусымда дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына 3 рет жиілікпен басталады. Ұшулар Airbus A321LR авиалайнерінде 6 сағат 30 минут ұшу ұзақтығымен орындалады. Қазақстан азаматтарына Грекияға кіру үшін шенген визасы қажет. Ираклионнан Афинаға жергілікті тұрақты рейстермен жетуге болады, олар шамамен бір сағатты алады, сондай-ақ пароммен танымал Санторини аралдарына дейін жетуге болады.
Барлық алымдармен екі жаққа билеттің ең төменгі құны эконом-класта 307 959 теңге.

Алматыдан Черногорияның астанасы Подгорицаға рейстер 8 маусымнан бастап және сейсенбі, жұма және сенбі күндері қатынайды, ал Астанадан Подгорицаға рейстер 9 маусымнан бастап дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады. 2024 жылғы 1 мамырдан 31 қазанға дейін Қазақстан азаматтары үшін Черногорияға 30 күнге дейін визасыз кіруге болады.
Алматыдан Подгорицаға барлық алымдармен екі жаққа билеттің ең төменгі құны эконом-класта 282 551 теңгеден басталады.
Рейстердің ұшу ұзақтығы A321LR ұшағымен Алматыдан 6 сағат 55 минут, Астанадан 6 сағат 30 минут.

Билеттерді airastana.com әуе компаниясының сайтынан, сондай-ақ Брондау және ақпарат орталығынан, әуе компанияның сату кеңселерінен, туристік агенттіктерден сатып алуға болады.