Politico.kz ‒ Қазақстандағы жаңалықтар
77 subscribers
358 photos
256 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇦Украина газ транзитін жандандырмаса, Словакия қолдауды тоқтатпақ

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Украинаға көмек көрсету мәселесінде қатаң шарт қойды. Ол Киев газ транзитін қалпына келтірмесе, Украинаға бағытталған барлық көмекті тоқтататынын мәлімдеді.

Фицоның пікірінше, Киевке қысым жасау – Украина билігі түсінетін жалғыз әдіс.

"Зеленский тек қатаң талаптар арқылы ғана келіссөз жүргізуге дайын. Егер Украина газ тасымалын қайта бастамаса, біз жауап ретінде көмекті толықтай тоқтатамыз", – деді Словакия премьері.

Қазіргі уақытта Украина арқылы Еуропаға тасымалданатын ресейлік газ көлемі азайған. Бұл жағдай Словакияның энергетикалық тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Фицо Украина билігін келіссөздер жүргізуге шақырды.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3d93
"Медеу" мұз айдыны 3 жылға жаңарту жұмыстарына жабылады

Алматыдағы әйгілі "Медеу" мұз айдыны 2025-2027 жылдары толық реконструкциядан өтеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың сұрауына берген жауабында мәлімдеді.

Жаңғырту жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Үш жылға жоспарланған қайта құру барысында мұз аренасының техникалық сипаттамалары жақсартылады. Бектеновтың айтуынша, бұл жаңарту "Медеуді" Халықаралық конькишілер одағының (ISU) талаптарына сай етіп, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3fPC
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚖️Жаңаөзенде ер адам танысын интим фото-видеомен бопсалаған

Жаңаөзенде полиция арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен 21 жастағы ер адамды ұстады. Ол танысын интим фото және видеоматериалдар арқылы бопсалап, 600 мың теңге талап еткен.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жәбірленушіні жеке материалдарын жариялаймын деп қорқытып, ақша беруге мәжбүрлеген. Оны ұстау барысында 300 мың теңге айғақ зат ретінде тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

https://clck.ru/3G3mCK
🇰🇿Депутат "Штрафстан" сөзі үшін түсініктеме берді

Депутат Азат Перуашев бұған дейін айтқан "Штрафстан" сөзіне қатысты түсініктеме беріп, оны сәтсіз таңдалған термин деп мойындады.

Перуашев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің беделіне қатысты ескертуімен толық келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ел ішіндегі мәселелерді талқылау бір бөлек, ал оларды халықаралық деңгейде жағымсыз сипатта тарату – басқа мәселе.

"Біз өз елімізді құрметтеуіміз керек. Бізге шетелдік инвесторлар мен туристер келуі үшін елдің беделін сақтау маңызды. Олар "жаман" елге келмейді, керісінше өзін құрметтейтін және мақтан тұтатын елдерге барады," – деді депутат.


Сондай-ақ, ол өз сөзінде жауапкершілік шараларының құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес болуы керектігін айтқысы келгенін түсіндірді.

"Не істейік, сәтсіз термин қолданып қойдым. Ондай нәрсе болады," – деп түйіндеді Перуашев.


https://clck.ru/3G3kLM
🇷🇺Кремль ардагерлердің беделін көтеруге тырысуда

Ресей билігі соғыс ардагерлерін қоғамға ықпалды тұлға ретінде енгізу саясатын белсенді жүргізуде. Кремль оларды жоғары лауазымдарға тағайындап, бизнесте қолдау көрсетіп, несиелерін кешіріп, қоғамда ардагерлерге құрметті орынды қамтамасыз етуге тырысуда, деп хабарлайдыThe New York Times.

Көптеген ардагерлер мектептерде дәріс оқып, әскери дайындық сабақтарын өткізуде. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Ресей мектептерінде 8-сыныптан бастап қару ұстау және әскери дайындық курсы міндетті пәнге айналған.

Кремль сонымен қатар ардагерлерді мемлекеттік басқаруға тартуға арналған «Время героев» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама соғыстан оралғандарды жаңа элита ретінде қалыптастыруға бағытталған. Ол басқарушылық және көшбасшылық курстардан өтіп, әкімшілік қызметтерде тағылымдамадан өту мүмкіндігін береді. Алғашқы 83 орынға 44 мың адам өтініш берген.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3nSR
🇰🇿Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

https://clck.ru/3G3pXL
🍬"Баян Сұлу" өнімдерін әлемдік нарыққа шығарады

Қазақстандағы ең ірі кондитерлік фабрикалардың бірі "Баян Сұлу" өндірісін кеңейтіп, жылына қосымша 13 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын жаңа өндірістік желілерді іске қосу арқылы өнім ассортиментін кеңейтіп, Қазақстан мен шетел нарығына тағы да көп тәтті өнімдер ұсынуды көздейді.

"Өндірісті кеңейту – бұл тек инвестиция емес, сонымен қатар брендтің сапасы мен дәстүрін нығайтуға жасалған маңызды қадам. Біз өз тұтынушыларымызға одан да көп сүйікті тәттілерді ұсынғымыз келеді," – деді "Баян Сұлу" АҚ басқарма төрағасы Тимур Садықов.

Жоба Қазақстанның Даму Банкі (БРК) тарапынан қаржылық қолдауға ие болды. Банк жалпы 14 млрд теңге көлеміндегі жобаны іске асыру үшін 6 млрд теңге несие бөлмек.

https://clck.ru/3G3qZY
📑Қазақстанда сотталған әйелдерге рақымшылық жасалуы мүмкін

Қазақстанда зорлық-зомбылықпен байланысты емес қылмыстар жасаған әйел сотталушыларға рақымшылық жариялау ұсынылды. Бұл бастаманы «Ауыл» партиясының депутаты Қарақат Әбден көтерді.

Депутаттың айтуынша, бұл шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға және әйелдерге жаңа өмір бастауға мүмкіндік бермек.

"Қазіргі таңда Қазақстанда 2336 әйел бас бостандығынан айырылған, олардың жартысы – аналар, соның ішінде 250-і көпбалалы. 1500-ден астам бала аналарының қамқорлығынсыз қалса, жүзге жуық нәресте балалар үйіне тапсырылған," – деді Қарақат Әбден.


Осыған байланысты депутаттар бірінші рет сотталған, 60 жасқа толған, жүкті немесе кәмелетке толмаған балалары бар аналарға рақымшылық жариялау немесе жазаны қысқарту қажет екенін айтты.

Әзірге бұл ұсыныс тек бастама ретінде қарастырылуда. Парламент бұл мәселені жан-жақты зерттеп, талқылайтын болады.

https://clck.ru/3G3upX
⛽️Қазақстанда бензин мен дизель бағасына енді үкімет араласпайды

Қазақстанда бензин мен дизель отынының мемлекеттік реттелуі ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстандағы отын бағасы әлемдегі ең төмен бағалардың бірі болып отыр. Бұл бағалық алшақтыққа, жанармай тапшылығына және жанармайдың заңсыз шекара асып кетуіне әкеліп соқтырған.

"Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы көрші елдерден 40%-дан 138%-ға дейін, ал дизель отыны 20%-дан 79%-ға дейін арзан. Бұл нарықта тұрақсыздық тудырады және отын саласын жаңғыртуға мүмкіндік бермейді," – деп түсіндірді министрлік.

Осыған байланысты Қазақстан жанармай бағасын нарықтық модельге көшіру туралы шешім қабылдады.

Бұл өзгерістер 2025 жылдың 30 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

https://clck.ru/3G3wqA
🇰🇿🇺🇸Алматыдағы АҚШ консулдығының аумағы неге үлкенін СІМ түсіндірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Алматыда АҚШ консулдығына 7 гектар жер берілуіне қатысты түсініктеме берді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев журналистерге берген жауабында бұл мәселе екіжақты келісім аясында шешілгенін айтты.

"Бұл – қалыпты халықаралық тәжірибе. Бірқатар елдердің елшіліктері Қазақстанда үлкен аумақты иеленеді, дәл осындай жағдай бізде де бар. Қазақстанның шетелдердегі елшіліктері де кең аумақтарда орналасқан," – деді Бақаев.


Жер телімі 49 жылға жалға беріледі. Бұл шешімді Мәжіліс 22 қаңтарда бекіткен. Жалпы жалға беру құны 25,3 млн долларды (шамамен 13,2 млрд теңге) құрайды, оған мүмкін болатын ұзарту мерзімдері де кіреді.
🏦Halyk Bank аударым комиссиясын көтерді

Қазақстанның ең ірі қаржы ұйымдарының бірі Halyk Bank өз клиенттеріне арналған ақша аударымдары үшін комиссияны көтерді. Бұрын басқа банктерге жасалатын аударымдар үшін 150 теңге комиссия алынған болса, енді бұл сома 200 теңгеге дейін өсті.

Бұл өзгеріс туралы ресми хабарландыру жасалмады, ал банк өкілдері комиссия мөлшерінің көтерілуіне қатысты түсініктеме берген жоқ.

Қазақстанда жаңа Салық кодексі талқыланып жатыр. Оның аясында банктік қызметтерге НДС (қосымша құн салығы) енгізілуі мүмкін. Егер бұл өзгеріс қабылданса, банк комиссияларының одан әрі қымбаттауы мүмкін.

Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бұған дейін банк қызметтерін НДС-пен салықтандыру клиенттерге қосымша қаржылық жүктеме әкелетінін айтқан.

https://clck.ru/3G49xF
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✈️Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады

Вашингтон қаласында жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, Потомак өзеніне құлады. Бұл туралы CNN арнасы Федералды авиация басқармасына (FAA) мәлімдеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, American Airlines әуе компаниясының 5342 рейсі, Уичита (Канзас) – Вашингтон бағытында ұшып келе жатқан Bombardier CRJ700 ұшағы Сикорский H-60 (Black Hawk) әскери тікұшағымен соқтығысқан.

Ұшақ бортында 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған. Әзірге қаза тапқандар мен аман қалғандар туралы нақты ақпарат жоқ.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G4suj
🇺🇸🇰🇿АҚШ 369 қазақстандықты депортациялайды

АҚШ билігі 369 қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Fox News арнасы АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметінің (ICE) ресми есебі мәлімдеді.

АҚШ үкіметі заңсыз мигранттардың үлкен тобын депортациялау шарасын бастады. Жалпы тізімде 1,5 миллионнан астам адам бар, оның ішінде 369 қазақстандық және 337 ТМД елдерінің азаматтары.

🔹 АҚШ-та депортацияланатын мигранттар саны – 1,5 млн адам
🔹 369 қазақстандық елден шығарылуы мүмкін
🔹 337 адам ТМД елдерінен
🔹 Барлық тізімдегі азаматтарға сот депортация туралы шешім шығарған
🔹 АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елден өз еркімен кетуді ұсынды

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G4tzB
👨‍⚕️Түркістандық хирургтер 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келі шаш алды

Түркістан облысында дәрігерлер 6 жасар қыздың асқазанынан 1 келіге жуық шаш түйінін алып шықты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қыз бала асқазандағы ауырсыну, әлсіздік, тәбетінің жоғалуы және салмақ тастау белгілерімен жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер ЭФГДС (эзофагогастродуоденоскопия) арқылы тексеру жүргізіп, асқазанында бөгде зат бар екенін анықтаған.

Хирургтер шұғыл түрде операция жасап, асқазанынан біртұтас 1 кг шаш түйінін алып шыққан.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G4uXe
⚰️Атырауда ескерткіш басып қалған 7 жасар қыздың әкесі кінәлілерді толық жауапқа тартуды талап етуде

Атырауда ескерткіш құлап, 7 жасар қыз қаза тапқан оқиға бойынша әкесі кінәлілердің барлығы жазаға тартылуын талап етуде. Бұл туралы қыздың әкесі Айдос Сабыров мәлімдеді.

2024 жылдың маусым айында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында серуендеп жүрген 7 жасар қызды ҰОС ардагеріне қойылған ескерткіш басып қалып, ол сол жерде көз жұмған.

Қыздың әкесі Айдос Сабыров тергеу барысында маңызды жайттардың назардан тыс қалғанын айтып, тек мердігердің емес, әкімдік өкілдерінің де жауапқа тартылуын талап етуде.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G4vYG
🤳Шымкентте полицей формасымен тікелей эфирге шыққан тиктокер қыз жауапқа тартылды

Шымкентте полиция формасын киіп, TikTok-та тікелей эфирге шыққан 24 жастағы қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полиция қызметкері болып көрінген қыздың тікелей эфир жүргізгені анықталған. Блогер тәртіп сақшысына лайықсыз әрекеттер көрсетіп, ІІМ беделіне нұқсан келтірген.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G4wnK
🚓Қазақстанда көмірді тек "өз адамдарға" сатқан биржа заңсыз екі миллиард теңге пайда тапқан

Қазақстанда Modern Trading Solutions атты тауар биржасының көмір саудасындағы заңсыз схемасы әшкереленді. Компания көмірді тек "өз адамдарға" сату арқылы екі миллиард теңге заңсыз пайда тапқан.

Агенттік мәліметінше, биржа басшылығы 23 брокерлік компанияны өз туыстары мен сенімді тұлғаларының атынан тіркеген. Осылайша, көмірді сатып алуға тек белгілі бір адамдар ғана жіберіліп, олар тұрақты түрде пара төлеп отырған.

Шұбаркөл кен орнынан өндірілетін көмірді әділ бәсекесіз сатып алу мүмкін болмады. Көмір сатып алғысы келген кәсіпкерлер аккредитацияны ұзарту, келісімшарттарды рәсімдеуден бас тарту, нәтижелерді жою сияқты бюрократиялық кедергілерге тап болды. Бұл әрекеттер халық арасында әлеуметтік шиеленістің күшеюіне себеп болды.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G4ycr
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📈Ұлттық банк НДС көтерілген жағдайда инфляцияны қалай ұстап тұратынын әлі білмейді

Қазақстан Ұлттық банкі ҚҚС (НДС) мөлшерлемесінің көтерілуінен кейін инфляцияны қалай ұстап тұратыны туралы нақты жоспары жоқ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.

Негізгі мәселелер:
Үкімет ҚҚС-ты 16% немесе 20%-ға көтеруді қарастырып жатыр
Ұлттық банк бұл өзгерістің инфляцияға қалай әсер ететінін нақты білмейді
Нақты экономикалық есептеулер жүргізіліп жатыр
Президенттің инфляцияны төмендету тапсырмасы мен НДС өсімі арасында тепе-теңдік табу керек

"Бұл – үкімет пен Ұлттық банктің ортақ жұмысы. Ол қарсы бағытта жұмыс істейтін тетік болмауы тиіс. Сондықтан Мемлекет басшысы бюджет шығыстарын қысқарту керектігін атап өтті. Қазір іске қосылған процесс аясында Үкімет пен Ұлттық банк тиісті шараларды күшейтетін болады," – деді Шолпанқұлов.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G523b
📹Informburo.kz