Politico.kz ‒ Қазақстандағы жаңалықтар
76 subscribers
358 photos
256 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
⛽️Ақпанда бензин бағасы қымбаттайды

Қазақстанда бензин бағасы ақпан айынан бастап біртіндеп көтеріле бастайды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев үкіметтің брифингінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, сұйытылған газдың бағасы жақын арада көтеріледі, ал тауарлық газдың бағасы биылғы жазда өсуі мүмкін. "Өткен жылы біз бағаны 54 теңгеден 85 теңгеге дейін көтердік. Қазір баға 59-дан 90 теңгеге дейін ауытқуда. Жақын арада біз шекті диапазонды 64-98 теңге деңгейінде белгілейміз. Бұл аймаққа байланысты өзгереді", – деді Сатқалиев.

Министрдің сөзінше, отын бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін үкімет барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов те халықты жанар-жағармай материалдарының бағасы кенеттен қымбаттамайды деп сендірген болатын.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру үшін үкімет әкімшілік шараларды күшейтпек.

https://clck.ru/3G2mCG
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев елімізді мазаққа айналдырғандарды сынға алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында кейбір азаматтардың еліміздің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерін қатаң сынға алды

"Қалай болғанда да, заңды тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдаған шаралар өз еліне затбелгі қоюға себеп болмауы керек. Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден керемет жетістіктер мен табыстарды тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатыр. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін-өзі қоғам белсендісі санайтын жастар, тіпті депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлде түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе", - дейді Тоқаев.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3LDH
🔥Әуежайда жолаушылар ұшағы өртенді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әуежайда жолаушылар ұшағы өртенді. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді.

Өрт ұшақтың құйрық бөлігінде ұшу алдында шыққан. Бортта 169 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған. Барлығы шұғыл эвакуацияланып, зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар мен фотосуреттерден ұшақтың отқа оранғаны, қалың түтін көтерілгені байқалады. Өртті сөндіру үшін бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталуда. Әуежай қызметкерлері мен авиация билігі тергеу жүргізіп жатыр.

https://clck.ru/3G3c5M
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇦Украина газ транзитін жандандырмаса, Словакия қолдауды тоқтатпақ

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Украинаға көмек көрсету мәселесінде қатаң шарт қойды. Ол Киев газ транзитін қалпына келтірмесе, Украинаға бағытталған барлық көмекті тоқтататынын мәлімдеді.

Фицоның пікірінше, Киевке қысым жасау – Украина билігі түсінетін жалғыз әдіс.

"Зеленский тек қатаң талаптар арқылы ғана келіссөз жүргізуге дайын. Егер Украина газ тасымалын қайта бастамаса, біз жауап ретінде көмекті толықтай тоқтатамыз", – деді Словакия премьері.

Қазіргі уақытта Украина арқылы Еуропаға тасымалданатын ресейлік газ көлемі азайған. Бұл жағдай Словакияның энергетикалық тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Фицо Украина билігін келіссөздер жүргізуге шақырды.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3d93
"Медеу" мұз айдыны 3 жылға жаңарту жұмыстарына жабылады

Алматыдағы әйгілі "Медеу" мұз айдыны 2025-2027 жылдары толық реконструкциядан өтеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың сұрауына берген жауабында мәлімдеді.

Жаңғырту жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Үш жылға жоспарланған қайта құру барысында мұз аренасының техникалық сипаттамалары жақсартылады. Бектеновтың айтуынша, бұл жаңарту "Медеуді" Халықаралық конькишілер одағының (ISU) талаптарына сай етіп, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3fPC
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚖️Жаңаөзенде ер адам танысын интим фото-видеомен бопсалаған

Жаңаөзенде полиция арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен 21 жастағы ер адамды ұстады. Ол танысын интим фото және видеоматериалдар арқылы бопсалап, 600 мың теңге талап еткен.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жәбірленушіні жеке материалдарын жариялаймын деп қорқытып, ақша беруге мәжбүрлеген. Оны ұстау барысында 300 мың теңге айғақ зат ретінде тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

https://clck.ru/3G3mCK
🇰🇿Депутат "Штрафстан" сөзі үшін түсініктеме берді

Депутат Азат Перуашев бұған дейін айтқан "Штрафстан" сөзіне қатысты түсініктеме беріп, оны сәтсіз таңдалған термин деп мойындады.

Перуашев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің беделіне қатысты ескертуімен толық келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ел ішіндегі мәселелерді талқылау бір бөлек, ал оларды халықаралық деңгейде жағымсыз сипатта тарату – басқа мәселе.

"Біз өз елімізді құрметтеуіміз керек. Бізге шетелдік инвесторлар мен туристер келуі үшін елдің беделін сақтау маңызды. Олар "жаман" елге келмейді, керісінше өзін құрметтейтін және мақтан тұтатын елдерге барады," – деді депутат.


Сондай-ақ, ол өз сөзінде жауапкершілік шараларының құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес болуы керектігін айтқысы келгенін түсіндірді.

"Не істейік, сәтсіз термин қолданып қойдым. Ондай нәрсе болады," – деп түйіндеді Перуашев.


https://clck.ru/3G3kLM
🇷🇺Кремль ардагерлердің беделін көтеруге тырысуда

Ресей билігі соғыс ардагерлерін қоғамға ықпалды тұлға ретінде енгізу саясатын белсенді жүргізуде. Кремль оларды жоғары лауазымдарға тағайындап, бизнесте қолдау көрсетіп, несиелерін кешіріп, қоғамда ардагерлерге құрметті орынды қамтамасыз етуге тырысуда, деп хабарлайдыThe New York Times.

Көптеген ардагерлер мектептерде дәріс оқып, әскери дайындық сабақтарын өткізуде. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Ресей мектептерінде 8-сыныптан бастап қару ұстау және әскери дайындық курсы міндетті пәнге айналған.

Кремль сонымен қатар ардагерлерді мемлекеттік басқаруға тартуға арналған «Время героев» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама соғыстан оралғандарды жаңа элита ретінде қалыптастыруға бағытталған. Ол басқарушылық және көшбасшылық курстардан өтіп, әкімшілік қызметтерде тағылымдамадан өту мүмкіндігін береді. Алғашқы 83 орынға 44 мың адам өтініш берген.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3nSR
🇰🇿Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

https://clck.ru/3G3pXL
🍬"Баян Сұлу" өнімдерін әлемдік нарыққа шығарады

Қазақстандағы ең ірі кондитерлік фабрикалардың бірі "Баян Сұлу" өндірісін кеңейтіп, жылына қосымша 13 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорын жаңа өндірістік желілерді іске қосу арқылы өнім ассортиментін кеңейтіп, Қазақстан мен шетел нарығына тағы да көп тәтті өнімдер ұсынуды көздейді.

"Өндірісті кеңейту – бұл тек инвестиция емес, сонымен қатар брендтің сапасы мен дәстүрін нығайтуға жасалған маңызды қадам. Біз өз тұтынушыларымызға одан да көп сүйікті тәттілерді ұсынғымыз келеді," – деді "Баян Сұлу" АҚ басқарма төрағасы Тимур Садықов.

Жоба Қазақстанның Даму Банкі (БРК) тарапынан қаржылық қолдауға ие болды. Банк жалпы 14 млрд теңге көлеміндегі жобаны іске асыру үшін 6 млрд теңге несие бөлмек.

https://clck.ru/3G3qZY
📑Қазақстанда сотталған әйелдерге рақымшылық жасалуы мүмкін

Қазақстанда зорлық-зомбылықпен байланысты емес қылмыстар жасаған әйел сотталушыларға рақымшылық жариялау ұсынылды. Бұл бастаманы «Ауыл» партиясының депутаты Қарақат Әбден көтерді.

Депутаттың айтуынша, бұл шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға және әйелдерге жаңа өмір бастауға мүмкіндік бермек.

"Қазіргі таңда Қазақстанда 2336 әйел бас бостандығынан айырылған, олардың жартысы – аналар, соның ішінде 250-і көпбалалы. 1500-ден астам бала аналарының қамқорлығынсыз қалса, жүзге жуық нәресте балалар үйіне тапсырылған," – деді Қарақат Әбден.


Осыған байланысты депутаттар бірінші рет сотталған, 60 жасқа толған, жүкті немесе кәмелетке толмаған балалары бар аналарға рақымшылық жариялау немесе жазаны қысқарту қажет екенін айтты.

Әзірге бұл ұсыныс тек бастама ретінде қарастырылуда. Парламент бұл мәселені жан-жақты зерттеп, талқылайтын болады.

https://clck.ru/3G3upX
⛽️Қазақстанда бензин мен дизель бағасына енді үкімет араласпайды

Қазақстанда бензин мен дизель отынының мемлекеттік реттелуі ресми түрде тоқтатылды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстандағы отын бағасы әлемдегі ең төмен бағалардың бірі болып отыр. Бұл бағалық алшақтыққа, жанармай тапшылығына және жанармайдың заңсыз шекара асып кетуіне әкеліп соқтырған.

"Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бағасы көрші елдерден 40%-дан 138%-ға дейін, ал дизель отыны 20%-дан 79%-ға дейін арзан. Бұл нарықта тұрақсыздық тудырады және отын саласын жаңғыртуға мүмкіндік бермейді," – деп түсіндірді министрлік.

Осыған байланысты Қазақстан жанармай бағасын нарықтық модельге көшіру туралы шешім қабылдады.

Бұл өзгерістер 2025 жылдың 30 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

https://clck.ru/3G3wqA
🇰🇿🇺🇸Алматыдағы АҚШ консулдығының аумағы неге үлкенін СІМ түсіндірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Алматыда АҚШ консулдығына 7 гектар жер берілуіне қатысты түсініктеме берді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев журналистерге берген жауабында бұл мәселе екіжақты келісім аясында шешілгенін айтты.

"Бұл – қалыпты халықаралық тәжірибе. Бірқатар елдердің елшіліктері Қазақстанда үлкен аумақты иеленеді, дәл осындай жағдай бізде де бар. Қазақстанның шетелдердегі елшіліктері де кең аумақтарда орналасқан," – деді Бақаев.


Жер телімі 49 жылға жалға беріледі. Бұл шешімді Мәжіліс 22 қаңтарда бекіткен. Жалпы жалға беру құны 25,3 млн долларды (шамамен 13,2 млрд теңге) құрайды, оған мүмкін болатын ұзарту мерзімдері де кіреді.
🏦Halyk Bank аударым комиссиясын көтерді

Қазақстанның ең ірі қаржы ұйымдарының бірі Halyk Bank өз клиенттеріне арналған ақша аударымдары үшін комиссияны көтерді. Бұрын басқа банктерге жасалатын аударымдар үшін 150 теңге комиссия алынған болса, енді бұл сома 200 теңгеге дейін өсті.

Бұл өзгеріс туралы ресми хабарландыру жасалмады, ал банк өкілдері комиссия мөлшерінің көтерілуіне қатысты түсініктеме берген жоқ.

Қазақстанда жаңа Салық кодексі талқыланып жатыр. Оның аясында банктік қызметтерге НДС (қосымша құн салығы) енгізілуі мүмкін. Егер бұл өзгеріс қабылданса, банк комиссияларының одан әрі қымбаттауы мүмкін.

Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бұған дейін банк қызметтерін НДС-пен салықтандыру клиенттерге қосымша қаржылық жүктеме әкелетінін айтқан.

https://clck.ru/3G49xF
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✈️Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады

Вашингтон қаласында жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, Потомак өзеніне құлады. Бұл туралы CNN арнасы Федералды авиация басқармасына (FAA) мәлімдеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, American Airlines әуе компаниясының 5342 рейсі, Уичита (Канзас) – Вашингтон бағытында ұшып келе жатқан Bombardier CRJ700 ұшағы Сикорский H-60 (Black Hawk) әскери тікұшағымен соқтығысқан.

Ұшақ бортында 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған. Әзірге қаза тапқандар мен аман қалғандар туралы нақты ақпарат жоқ.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G4suj
🇺🇸🇰🇿АҚШ 369 қазақстандықты депортациялайды

АҚШ билігі 369 қазақстандықты елден депортациялау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Fox News арнасы АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметінің (ICE) ресми есебі мәлімдеді.

АҚШ үкіметі заңсыз мигранттардың үлкен тобын депортациялау шарасын бастады. Жалпы тізімде 1,5 миллионнан астам адам бар, оның ішінде 369 қазақстандық және 337 ТМД елдерінің азаматтары.

🔹 АҚШ-та депортацияланатын мигранттар саны – 1,5 млн адам
🔹 369 қазақстандық елден шығарылуы мүмкін
🔹 337 адам ТМД елдерінен
🔹 Барлық тізімдегі азаматтарға сот депортация туралы шешім шығарған
🔹 АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елден өз еркімен кетуді ұсынды

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G4tzB