Politico.kz ‒ Қазақстандағы жаңалықтар
76 subscribers
358 photos
256 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥Париждегі ХІХ ғасырлық көне ғимарат өртенді

Париждің ХІХ ғасырда салынған тарихи ратуша ғимаратында 27 қаңтар күні ірі өрт болды.

RTL Today дерегі бойынша, түнгі сағат 3:20 шамасында өрт шыққан. Оқиға орнына 153 өрт сөндіруші жіберіліп, өрт таңғы 6-ға дейін сөндірілді. Дегенмен ратушаның қоңырау мұнарасы құлау қаупінде тұр.

Ратуша ғимараты XIX ғасырда салынған және бірнеше архитектуралық стильдерді – Ренессанс, Людовик XIII және Людовик XIV дәуірлерін біріктірген ерекше мұра болып саналады. Қазіргі таңда өрт салдарынан келтірілген шығын мөлшері және оның себептері анықталуда.
🩸Қызылордада жаңа босанған әйелге қан құйып, ВИЧ жұқтырған

Қызылордада жаңа босанған әйелге қан құйғаннан кейін АИТВ(ВИЧ) инфекциясы анықталды.

Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният растады. Ол бұл жағдайды министрлік өз бақылауына алғанын айтты.

"Қазіргі уақытта тиісті тексеру жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады", – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Қызылорда облысының полиция департаменті медициналық қызметкерлердің өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Аталған бап бойынша 30 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Егер зардап шеккен адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, жаза екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды.

Ресми емес деректер бойынша, перинаталды орталықта әйелге 12 донордан қан құйылған. Бір айдан кейін оның ағзасында АИТВ анықталған.

https://clck.ru/3FzL6A
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🩴Атырауда балалар үйінің жүргізушісі балаға қол жұмсады

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Шаңырақ» балалар үйінің аумағында түсірілген видео тарады.

Кадрларда жалаңаш белді ер адамның 15 жастағы балаға тәпішкемен бірнеше рет шапалақ бергені байқалады.

Айжан Сәрсенбаева, Атырау облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, бұл оқиға 2024 жылдың шілде айында болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бала жүргізушіні мазақтап, артынан ұрып жіберген. Жүргізуші жауап ретінде ескерту жасап, артынша тәпішкемен бірнеше рет шапалақтаған.

«Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тек қазір ғана таралды, себебі жүргізуші мен электрик арасында жанжал туындаған. Электрик жүргізушіге ашуланып, бақылау камерасындағы жазбаны жариялап жіберген», – деді Сәрсенбаева.


Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
🇰🇿🇧🇾Назарбаев пен Лукашенко жақын арада кездезпек

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жақын уақытта кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Беларусь Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел көшбасшылары арасында жылы достық әңгіме өрбіген.

«Беларусь Президенті мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті арасында өте жылы және достық сипаттағы әңгіме болды. Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы шын жүректен сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бұл қуанышқа Беларусь халқын да ортақтасып құттықтауын жеткізді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әңгіме барысында екі тарап та жақын арада кездесуге дайын екендерін білдірді.

26 қаңтарда Беларусьте президенттік сайлау өтті. Ресми мәліметтерге сәйкес, Александр Лукашенко сайлаушылардың 87,6% дауысын жинаған.

https://clck.ru/3G2HXV
🇵🇸Палестиндіктер қираған үйлеріне қайтып жатыр

Израиль жол тосқауылдарды ашқаннан кейін Газаның солтүстігіне палестиндіктер жаппай қайтып жатыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, соғыс басталғалы бері 650 мың палестиндік өз үйлерін тастап, Газаның орталық және оңтүстік бөліктеріне көшкен. Бітімгершілік туралы келісім аясында халық өз үйлеріне оралуға мүмкіндік алды. Тек блокпосттар ашылған алғашқы екі сағат ішінде 200 мың адам қайтып үлгерген.

Келісім Израиль мен ХАМАС арасындағы 15 айға созылған қақтығыстан кейін жасалды. ХАМАС 19 қаңтарда Израильдік үш тұтқынды босатты, ал Израиль 90 палестиналық тұтқынды босатумен жауап берді. Соңғы деректерге сәйкес, 25 қаңтарда тағы төрт израильдік тұтқын босатылып, Израиль 200 палестиналықты еркіне жіберді.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G2KgC
🎦Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізуде. LIVE
https://clck.ru/3G2Rf7
🐒Бішкек зообағында өрт шығып, жануарлар қаза тапты

28 қаңтар күні Бішкектегі Октябрь ауданындағы реабилитациялық зообақта өрт шығып, бірнеше жануар қаза тапты.

Қырғыз Республикасының ТЖМ мәліметінше, өрт 10 шаршы метр аумақтағы контейнерден жасалған және ағашпен қапталған вольерде шыққан. Өрт 08:50-де толығымен сөндірілгенімен, трагедияның салдарынан төрт маймыл (бір ересек және үш бала), екі сурикат, кенгуру және ара тотықұсы қаза тапты.

Зообақ директоры Владислав Шевченконың айтуынша, өрттің себебі электр жүйесіндегі ақау болған. Суық күндері тропикалық жануарларға жайлы жағдай жасау үшін бұл вольерде еден мен қабырғаларды жылыту жүйесі үнемі жұмыс істеген. Алайда, қысқа тұйықталу орын алып, өрттің тез таралуына себеп болған.

Шевченко өрт салдарынан көршілес вольерлерге де зақым келгенін және зообақтың алдағы күндері уақытша жабылатынын мәлімдеді.

Қазіргі таңда өрттің нақты себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

https://clck.ru/3G2mDR
⛽️Ақпанда бензин бағасы қымбаттайды

Қазақстанда бензин бағасы ақпан айынан бастап біртіндеп көтеріле бастайды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев үкіметтің брифингінде мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, сұйытылған газдың бағасы жақын арада көтеріледі, ал тауарлық газдың бағасы биылғы жазда өсуі мүмкін. "Өткен жылы біз бағаны 54 теңгеден 85 теңгеге дейін көтердік. Қазір баға 59-дан 90 теңгеге дейін ауытқуда. Жақын арада біз шекті диапазонды 64-98 теңге деңгейінде белгілейміз. Бұл аймаққа байланысты өзгереді", – деді Сатқалиев.

Министрдің сөзінше, отын бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін үкімет барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов те халықты жанар-жағармай материалдарының бағасы кенеттен қымбаттамайды деп сендірген болатын.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру үшін үкімет әкімшілік шараларды күшейтпек.

https://clck.ru/3G2mCG
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев елімізді мазаққа айналдырғандарды сынға алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында кейбір азаматтардың еліміздің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерін қатаң сынға алды

"Қалай болғанда да, заңды тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдаған шаралар өз еліне затбелгі қоюға себеп болмауы керек. Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден керемет жетістіктер мен табыстарды тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатыр. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін-өзі қоғам белсендісі санайтын жастар, тіпті депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлде түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе", - дейді Тоқаев.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3LDH
🔥Әуежайда жолаушылар ұшағы өртенді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы әуежайда жолаушылар ұшағы өртенді. Бұл туралы Yonhap агенттігі мәлімдеді.

Өрт ұшақтың құйрық бөлігінде ұшу алдында шыққан. Бортта 169 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған. Барлығы шұғыл эвакуацияланып, зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар мен фотосуреттерден ұшақтың отқа оранғаны, қалың түтін көтерілгені байқалады. Өртті сөндіру үшін бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталуда. Әуежай қызметкерлері мен авиация билігі тергеу жүргізіп жатыр.

https://clck.ru/3G3c5M
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇦Украина газ транзитін жандандырмаса, Словакия қолдауды тоқтатпақ

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Украинаға көмек көрсету мәселесінде қатаң шарт қойды. Ол Киев газ транзитін қалпына келтірмесе, Украинаға бағытталған барлық көмекті тоқтататынын мәлімдеді.

Фицоның пікірінше, Киевке қысым жасау – Украина билігі түсінетін жалғыз әдіс.

"Зеленский тек қатаң талаптар арқылы ғана келіссөз жүргізуге дайын. Егер Украина газ тасымалын қайта бастамаса, біз жауап ретінде көмекті толықтай тоқтатамыз", – деді Словакия премьері.

Қазіргі уақытта Украина арқылы Еуропаға тасымалданатын ресейлік газ көлемі азайған. Бұл жағдай Словакияның энергетикалық тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Фицо Украина билігін келіссөздер жүргізуге шақырды.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3d93
"Медеу" мұз айдыны 3 жылға жаңарту жұмыстарына жабылады

Алматыдағы әйгілі "Медеу" мұз айдыны 2025-2027 жылдары толық реконструкциядан өтеді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов сенаторлардың сұрауына берген жауабында мәлімдеді.

Жаңғырту жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Үш жылға жоспарланған қайта құру барысында мұз аренасының техникалық сипаттамалары жақсартылады. Бектеновтың айтуынша, бұл жаңарту "Медеуді" Халықаралық конькишілер одағының (ISU) талаптарына сай етіп, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3fPC
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚖️Жаңаөзенде ер адам танысын интим фото-видеомен бопсалаған

Жаңаөзенде полиция арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен 21 жастағы ер адамды ұстады. Ол танысын интим фото және видеоматериалдар арқылы бопсалап, 600 мың теңге талап еткен.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жәбірленушіні жеке материалдарын жариялаймын деп қорқытып, ақша беруге мәжбүрлеген. Оны ұстау барысында 300 мың теңге айғақ зат ретінде тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

https://clck.ru/3G3mCK
🇰🇿Депутат "Штрафстан" сөзі үшін түсініктеме берді

Депутат Азат Перуашев бұған дейін айтқан "Штрафстан" сөзіне қатысты түсініктеме беріп, оны сәтсіз таңдалған термин деп мойындады.

Перуашев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің беделіне қатысты ескертуімен толық келіскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ел ішіндегі мәселелерді талқылау бір бөлек, ал оларды халықаралық деңгейде жағымсыз сипатта тарату – басқа мәселе.

"Біз өз елімізді құрметтеуіміз керек. Бізге шетелдік инвесторлар мен туристер келуі үшін елдің беделін сақтау маңызды. Олар "жаман" елге келмейді, керісінше өзін құрметтейтін және мақтан тұтатын елдерге барады," – деді депутат.


Сондай-ақ, ол өз сөзінде жауапкершілік шараларының құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес болуы керектігін айтқысы келгенін түсіндірді.

"Не істейік, сәтсіз термин қолданып қойдым. Ондай нәрсе болады," – деп түйіндеді Перуашев.


https://clck.ru/3G3kLM
🇷🇺Кремль ардагерлердің беделін көтеруге тырысуда

Ресей билігі соғыс ардагерлерін қоғамға ықпалды тұлға ретінде енгізу саясатын белсенді жүргізуде. Кремль оларды жоғары лауазымдарға тағайындап, бизнесте қолдау көрсетіп, несиелерін кешіріп, қоғамда ардагерлерге құрметті орынды қамтамасыз етуге тырысуда, деп хабарлайдыThe New York Times.

Көптеген ардагерлер мектептерде дәріс оқып, әскери дайындық сабақтарын өткізуде. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Ресей мектептерінде 8-сыныптан бастап қару ұстау және әскери дайындық курсы міндетті пәнге айналған.

Кремль сонымен қатар ардагерлерді мемлекеттік басқаруға тартуға арналған «Время героев» бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама соғыстан оралғандарды жаңа элита ретінде қалыптастыруға бағытталған. Ол басқарушылық және көшбасшылық курстардан өтіп, әкімшілік қызметтерде тағылымдамадан өту мүмкіндігін береді. Алғашқы 83 орынға 44 мың адам өтініш берген.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G3nSR
🇰🇿Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

https://clck.ru/3G3pXL