POLITICO.KZ
71 subscribers
355 photos
234 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отаншылдық ұғымына тоқталып, оның әсіреұлтшылдықтан айырмашылығын түсіндірді.

«Ұлттық құрылтай отырысында мен отаншылдық ұғымы туралы пікірімді айттым. Отаншылдық, бұл жай ұран емес, отаншылдық дегеніміз – қасиетті сезім, мұның әсіреұлтшылдыққа еш қатысы жоқ. Қазақстанда біз отаншылдық ұғымына жауапкершілік және жасампаздық тұрғысынан қарауымыз керек, яғни отаншыл азамат ең алдымен жауапкершілігі жоғары және жасампаз азамат болуға тиіс. Отанға деген сүйіспеншілік – саяси ұпай жинау немесе қызметтік мансап жасау емес, бұл – Отаныңа жақсылық жасау, еліңе пайда әкелу деген сөз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Кеңес барысында Бас прокурор Берік Асылов, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеев және Ішкі істер министрі Ержан Сәденов сөз сөйледі.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында борсықтарды өлтірген жол жөндеушілерге қатысты іс қозғалды
😱1🤨1😐1👀1😨1
🇰🇿🇮🇱«Қазақстан жер аударылған еврейлерге мекен болды»: Тоқаев Израиль президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Израиль президентіне Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады.

«Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады», – делінген жеделхатта.
🤝21👍1🔥1🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Нәтиже болмаса, қоштасамыз»: Бектенов «Kazakh Tourism» басшысына ескерту жасады

Бүгін Үкіметте компанияның төрағасы Талғат Ғазизов туризмді дамыту бойынша есеп берді.

Баяндамадан кейін премьер-министр оған ескерту жасады.

Толығырақ видеода.
👍1🔥1👏1😁1💯1🤪1
Танымал тамада ажырасып жатқан әйелін соққыға жықты.

Оқиға 25 қаңтар күні Қаскелең қаласында болды. Ер адам ажырасу процесінде жүрген жұбайының үйіне кірген. Ашуға булыққан күйеуі алдымен үйдің терезелерін шағып, кейін ауладағы автокөлікті қиратып, көрінгенді соққыға жыққан.

Жергілікті тұрғындар күдіктіні түрік тойларын жүргізетін тамада ретінде таниды.
🤯1😱1🤬1🤡1😐1👀1😨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Чемпиондар арасындағы жанжал: министр Сәпиевтің төңірегіндегі жағдайға пікір білдірді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, тексерістің нәтижесін күтіп отыр.

Толығырақ видеода.
👍1👏1😐1👀1😨1😎1
Тоқаев Светлана Жақыпованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатты
1👍1👏1😐1👀1🙈1🫡1
⚡️Жамбыл облысында тағы бір сарбаз ажал құшты

27 қаңтарда Жамбыл облысында қару ұстау кезінде жарақат алған мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмды.

Бас прокуратураның мәліметінше, бұл факті бойынша ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Тергеу барысын бас прокурор жеке бақылауына алды.
🤯1😢1💔1😐1😭1👀1😨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎾Australian Open–2026: Рыбакина әлемнің 2-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға өтті

Ол ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті жеңді.

Кездесу 7:5, 6:1 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.

▪️Ол жартылай финалда АҚШ өкілімен кездеседі. Джессика Пегула (WTA №6) мен Аманда Анисимова (WTA №4) арасындағы матчтың жеңімпазымен финал жолдамасына таласады.
👍1🔥1👏1😍1😘1😎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада элиталық тұрғын үй кешенінің подъезін мұз басты

Желіде «Водно-Зеленый бульвар» тұрғын үй кешенінде түсірілген видео тарады.

Кадрлардан баспалдақтар, подъезд қабырғалары мен кіреберісінде мұз қатып қалғанын көруге болады.
🤔1🤯1😱1😐1👀1😨1
Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады

Татьяна Белоусова – Алматыдағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі.

Ол Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енді.

«Бұл жоғары баға – сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды», – делінген Тоқаевтың құттықтауында.
1👍1🔥1👏1😇1🤗1
Астанада жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Жол апаты 28 қаңтада кешке Сарайшық көшесіндегі көпірде болған.

Сарайшық көшесінде Toyota жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан.
🤯1😱1😢1👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қонаевта көпқабатты үйдегі пәтерде газ жарылып, 2 адам зардап шекті

Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде газ-ауа қоспасы жарылған.

Жарылыс болған пәтер табиғи газ жүйесіне қосылмаған. Басқа пәтерлер қосылған.

Ауруханаға түскен 2 азаматтың жағдайы қалыпты, орташа жағдайда, дәрігерлердің бақылауында.
🤔1🤯1😱1🙏1👀1😨1
Айбек Смадияров Тоқаевтың көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы болды

Бұған дейін бұл қызметті Руслан Желдібай атқарған еді.

Смадияров бұған дейін президент әкімшілігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
👍1🔥1👏1😍1🤗1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте тағы да кісі өлімі: күдіктіні ұстау кезінде полицейлер қару қолданды

Қалалық полицияның мәліметінше, ер адам жеке бас араздығы негізінде әйелге пышақ жарақатын салған.

Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Куәгерлер оқиға туралы полицияға хабар берген. Күдікті жедел ұсталғанымен, қарсылық көрсеткен. Салдарынан полицейлер табельдік қару қолданған.

Қазір күдікті ауруханада, қамауда отыр.
😱1🤬1😐1👀1😨1
«Нұрайға қысым көрсетіп, видеоға түсірген»: Марқұмның ағасы желіде тараған видеоларға қатысты пікір білдірді
🤔1😱1😐1👀1
OrdaMed компаниясының басшысы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланды

Бұл туралы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында шықты.

Іздестіру ісі 28 қаңтарда Астанада тіркелген.

Іздестіруді бастама еткен – ҰҚК.

Ал іздеу жұмыстарын ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.
😱1🙏1👀1