Балабақшада балаларды ұрған тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды
👤Мешітке барған Назарбаев нені меңзеді?
1/2 - бөлім.
НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕШІТКЕ КЕЛУІ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКЕТІРЕСТІҢ КӨРІНІСІ БОЛУЫ МҮМКІН
21 маусымда экс-президент Н. Назарбаев Астанадағы Орталық мешітке барды. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түсті. Себебі әлеуметтік желіде мешітте жиналғандардың Назарбаевты жылы қабылдаған видеосы кең тарады.
Соңғы бір айда Н. Назарбаев туралы екі ірі жаңалық шықты. Бұған дейін, 29 мамырда ол Мәскеуде Ресей президенті В. Путинмен кездескен еді. Бұл жаңалықтар кездейсоқтық па, әлде саяси астары бар ма?
👀Тоқаев идеологиялық алшақтауды, ал Назарбаев текетірес жолын таңдады
Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев арасында идеологиялық қарама-қайшылық белгілері көріне бастады.
Тоқаев 2022 жылдан бері ескі биліктен идеологиялық алшақтай бастады. 2022 жылғы Конституциялық реформа, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау, жаңа парламенттің қалыптасуы, Елбасы институтының жойылуы, 1 желтоқсан мерекесінің саяси мәнін өзгерту, Республика күнін қайтару секілді бастамалар алшақтаудың белгілері болып саналады.
Бірақ бұл қадамдар экс-президентпен тікелей күрес емес, оның мұрасын институционалды тұрғыда өзгерту әрекеті. Себебі Тоқаев 2023 жылы 24 қазанда Республика күніне орай өткен шарада Назарбаевтың тарихи рөлін ұмытпауға шақырды. Оның сөзінен ымыраға келуге бірінші болып қадам жасағанын байқаймыз.
Алайда 2024 жылы 3 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатта президент: «Кеттің бе – қайы-рыл-ма!», - деп тағы бір месседж жіберді. Себебі Назарбаев идеологиялық текетірес жолын таңдады.
2023 жылы 1 желтоқсанда экс-президенттің «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты мемуарлық туындысы жарыққа шықты. 12 желтоқсанда «Astana club» форумында Назарбаев соңғы 30 жылда сыртқы саясаттағы жетістіктері мемуарда жазылғанын айтқан.
Форумда айтылған сөздердің саяси астары бар. Себебі Тоқаев биыл «Ana tili» газетіне берген сұхбатта, 2021 жылғы қарашада өткен Astana Club жиынында Назарбаевтың 92 жастағы Махатхир Мохамадты мысалға келтіріп, Ақордаға қайтып келуі мүмкін екенін мәлімдеуі билік дағдарысына әкеп соқтырған оқиға деп атады.

2/2 - бөлім.
НАЗАРБАЕВ ТЕКЕТІРЕСТІ ЖАЛҒАСТЫРА МА?
Астанадағы Орталық мешіт діни құрылыс ғана емес, экс-президент билігінің символы. Себебі Назарбаев 2019 жылы 18 наурызда биліктен кетпес бұрын мешіттің негізін қалады.
Сондықтан оның мешітке келуінің саяси астары бар. Біздің ойымызша Мәскеуге сапары мен мешітке баруы Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбаты мен 19 наурыздағы Мәжіліс спикері Қошановтың Назарбаев құрған режимді сынаған сөздеріне жауабы болды.
Алайда ол идеологиялық текетіресті жалғастыра ма деген сұраққа нақты жауап беру қиын. Себебі Назарбаевтың іс-әрекеттерінен екіұшты ой қалыптасады. 29 мамырда В. Путинмен кездескеннен кейін қоғамда Назарбаевқа қарсы сын артып еді. Бұған экс-президенттің кеңесшісі, әрі баспасөз хатшысы А. Үкібай былай деп жауап берді: «Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға шақырту алған болатын. Алайда объективті себептерге байланысты ресми мерекелік күндерде қатыса алмады және Мәскеуге кейінірек, жеке тәртіпте барды».
В. Путин Жеңіс күнін атап өтетін шараға екеуін де қатар шақыруы түрлі сұрақ тудырады. А. Үкібайдың айтқан «объективті себептер» дегені осы болар. Яғни, Назарбаев 9 мамырда Мәскеуге бармай, Тоқаевқа саяси жол берді. Алайда мұның өзге де себебі болуы мүмкін. Ол Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы тараған ақпарат. А. Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда «Orda» С. Назарбаеваның қайтыс болғаны жайлы ақпараттың рас екенін бірнеше рет хабарлаған. Ал «Elmedia» экс-президенттің 21 маусымда мешітке баруын С. Назарбаеваның қырқымен байланыстырды. Осы орайда мынадай заңдылықты байқаймыз. Назарбаевтың әр белсенділігі отбасындағы қайғылы оқиғамен тұспа-тұс келеді. 2023 жылы қарашада Б. Назарбаев қайтыс болған, ал биыл жоққа шығарылса да С. Назарбаева туралы ақпарат тарады.
Қалай десек те, Назарбаевтың Әділетті Қазақстанмен идеологиялық текетіресі жалғаса ма, жоқ па алдағы уақыттағы іс-әрекеттерінен байқауға болады. Егер 6 шілде, 1 желтоқсан секілді өз атымен байланысты күндерде ақпараттық кеңістікте бой көрсетсе, текетірес әлі жүріп жатыр деген сөз.

🇮🇱🇮🇷Израиль–Иран қақтығысы қазақстандықтарға қалай әсер етті?
1/2 - бөлім.
Кез келген егеменді мемлекеттің сыртқы саясатына ұлттық мүдде мен қоғамдық пікір ықпал етеді. Әсіресе әлемде қақтығыстар өршіген кезеңде бұл екі фактордың өзара байланысы ерекше байқалады. Мысалы, Қазақстанның сыртқы саясатына Ресей–Украина, Израиль–ХАМАС (Палестина) және жақында аяқталған Израиль–Иран арасындағы қарулы жанжал әсер етті.
Бұл қақтығыстардың Қазақстанға ықпалы әркелкі болды. Оған географиялық алшақтық, тарихи-мәдени сабақтастық деңгейі және діни факторлар түрткі болды.
🇰🇿Қазақстандықтар Израиль–Иран қақтығысына бейтарап көзқарас танытты
2025 жылы 13 маусымда Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс басталды. Прокси соғыс сипатына ие болған бұл жанжал ұзаққа созылған жоқ. 24 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп екі ел арасындағы қақтығыстың тоқтағанын жариялады. Осылайша, 12 күнге созылған соғыс аяқталды. Бұл жанжалда Израиль–АҚШ тандемі Ираннан басым түсті.
Қақтығыстың басталуына Иранның ядролық бағдарламасы себеп болды. Ең алдымен, Израиль ядролық нысандарға соққы берді. Кейін, 22 маусымда АҚШ соғысқа араласып, Иранның үш стратегиялық нысанын жойды.
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан бейтарап ұстанымда қалды. 13 маусымда ҚР Сыртқы істер министрлігі қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес, саяси-дипломатиялық жолмен жедел шешуді қолдайтынын мәлімдеді.
Ал 22 маусымда АҚШ-тың әскери араласуына қатысты Астана тарапынан кеңірек мәлімдеме жасалды. СІМ Қазақстанның Каспий маңы елдерінің бірі екенін және Иранмен көпсалалы ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Бұл мәлімдемеде АҚШ-тың әскери қимылдары қақтығысты ушықтырып, Қазақстанның ұлттық мүддесіне теріс әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылық білдірілді. Қазақстанның ресми ұстанымы бойынша, бұл жанжалға қатысушы тараптар ядролық қаруды таратпау қағидатын ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс.
Аталған мәселеде қазақстандықтардың пікірі ұлттық мүддемен үйлесім тапты. Бұл әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістіктегі талқылаулардан аңғарылды. Қоғамдық пікір де ресми саясат сияқты бейтарап сипатта болды.
Алайда қазақтілді және орыстілді аудиторияда пікірталас ерекшелігі байқалды. Қазақтілді сегментте Ирандағы қазақ диаспорасын елге көшіру жөнінде ұсыныстар айтылды. Дегенмен бұл бастама жаппай қоғамдық пікірге айналған жоқ. Ал орыстілді ортада сарапшылар негізінен экономикалық аспектілерді талқылады. Саясаттанушылар мен экономистер соғыс салдарынан мұнай бағасының көтерілуі Қазақстан үшін белгілі бір деңгейде пайдалы болуы мүмкін екенін атап өтті.
Қазақстан халқының Израиль–Иран қақтығысына бейтарап қарауы тарихи-мәдени және діни алшақтықпен түсіндіріледі. Иран негізінен шииттік ел, ал Қазақстанда сунниттік бағыт кең тараған. Географиялық тұрғыда бұл қақтығыстың бізге ықпалы болмады, себебі екі елдің арасын Каспий теңізі бөліп жатыр.

👀Соғыс жалғасқанда Қазақстанға ықпалы қандай болар еді?
Иран көптеген жылдар бойы Батыс елдерінің санкциялары жағдайында өмір сүріп келеді. Бұл санкциялардың басым көпшілігін АҚШ енгізген. Олар Иранның мұнай-газ, қаржы, авиация, технология және басқа да салаларына шектеу қояды. Сонымен қатар, «екінші деңгейлі» санкциялар арқылы Иранмен жұмыс істейтін үшінші елдерге де қысым көрсетіледі.
Бұл шектеулердің Қазақстан үшін тиімді әрі тиімсіз тұстары бар. Иранмен толыққанды сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыс орната алмау – айқын кемшілік. Екінші жағынан, егер Иранға салынған санкциялар алынса, ол Қазақстан секілді мұнай экспорттайтын елге бәсекелеске айналады. Бұл жағынан алғанда, Иранға қарсы санкциялар Қазақстан үшін пайдалы, себебі мұнай бағасының өсуі бюджетке қосымша табыс әкеледі.
Алайда прокси соғыс ауқымды қақтығысқа ұласса, оның жағымсыз салдары да болар еді. Ирандағы гуманитарлық дағдарыстың ушығуы – босқындар легінің пайда болуына алып келуі ықтимал.
🇵🇸Палестиналықтарға жанашырлық танытылды
ХАМАС (Палестина) мәселесінде діни фактор қазақстандықтардың реакциясына айтарлықтай ықпал етті. Бұл түрлі қорларға қаржы жинау бастамаларынан анық көрінді. Мысалы, қылмыстық іс қозғалған «Biz Birgemiz» қоры да Палестинаға гуманитарлық көмек жинаумен айналысқан.
Діни себептерден бөлек, 2023 жылдан бастап әлеуметтік желілерде Израильдің әрекеттерін жағымсыз етіп көрсететін ақпарат ағыны жиілей түсті. Сонымен қатар, БҰҰ, ЕО сияқты халықаралық ұйымдар Израильдің шабуылдарын айыптады. Мұндай жаһандық реакциялар Қазақстанда палестиналықтарға деген жағымды қоғамдық пікір қалыптастырды.
🇷🇺🇺🇦Ресей–Украина қақтығысы қазақстандықтар үшін жақын әрі маңызды болды
Аталған үш жағдайдың ішінде ұлттық мүдде мен қоғамдық санаға ең елеулі әсер еткені Ресей мен Украина арасындағы соғыс.
Бұл қақтығыс бойынша ақпараттық кеңістіктегі пікір мен күнделікті тұрмыста айтылатын көзқарас арасында айырмашылық бар болуы мүмкін. Оффлайн пікірді дәл анықтау қиын, өйткені оған қатысты кешенді зерттеу жүргізілмеген. Дегенмен, Ресейдің әрекетін қолдайтындар да болуы ықтимал. Ал онлайн кеңістіктегі қоғамдық пікір Украинаны жақтайтыны анық байқалады. 2022 жылдан бері төмендегідей белгілер қалыптасты:
«Бойкот мәдениеті». 2022 жылдан бастап қоғамда Ресейдің сыртқы саясатын қолдайтын эстрада жұлдыздарының еліміздегі концерттеріне әлеуметтік желі арқылы бойкот жариялау үрдісі байқалды.
Украинаға гуманитарлық көмек. 2023 жылдың қаңтарында қазақстандықтар Украинада «Мызғымас киіз үй» (юрта несокрушимости) орнатты.
«Бессмертный полк» акциясына және Жеңіс күніне көзқарас өзгерді.
Осылайша, бұл қақтығысты қазақстандықтар жүрекпен қабылдады. Бұған тарихи-мәдени байланыс, географиялық жақындық пен болашаққа деген қауіп факторлары себеп болды.

Илон Масктың Neuralink компаниясы клиникалық сынақтардың нәтижелерін таныстырды!
Жандос Оразбайұлы Назарбаев Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында өзбекстандық шекара қызметкерінің соққысына ұшырады. Оқиға жайлы Жандос өзі айтып, видеоны әлеуметтік желіге жүктеді.
Алматы облысындағы балалар үйінен Қонаев қаласына балаларды осылай көшіруде
Бейне: Аружан Саин
Бейне: Аружан Саин
Қарағандыда төрт қабатты ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM

Камчаткада 8,5 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды