POLITICO.KZ
71 subscribers
355 photos
234 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
Украина президенті Владимир Зеленский Түркия және Нидерланд өкілдерімен кездесіп, қорғаныс саласындағы серіктестік, F-16 ұшақтары мен дрондар өндірісі мәселелерін талқылады. Зеленский түрік компанияларының Украинадағы әскери өндіріс жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастырды. Ол Сауд Арабиясында өткен Украина-АҚШ келіссөздерінің бейбітшілікке жол ашатынына үміт білдірді.
Түркияның Стамбул мен Анкара қалаларында халық мэр Экрем Имамоглудың қамауға алынуына наразылық білдіріп жатыр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ генералы Кит Келлогг Трамп пен Зеленский арасындағы Ақ үйдегі жабық кездесу барысында шиеленісті сәттер болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Зеленский Трампқа "дәріс оқығандай" сөйлеген, ал Трамп украин делегациясын тоқтатып, Ақ үйден шығуды бұйырған. Бұл жағдай кейінгі Трамп-Путин және Зеленский-Путин келіссөздеріне әсер еткен.
Стамбул мэрі Экрем Имамоғлы Түркия халқын Сарачхане алаңына жаппай митингке шығуға шақырды. Ол азаматтарды өз құқықтары мен ел болашағы үшін күресуге үндеді. Бұған дейін Имамоғлы «жемқорлыққа қатысы бар» деген күдікпен ұсталып, уақытша қызметінен шеттетілген еді. Түркияның бірнеше ірі қаласында наразылықтар жалғасып, 300-ден астам адам ұсталды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Песков Зеленскийдің Кремль өртеніп жатқан суреттің алдында түскен суретіне пікір білдірді

📹РИА НОВОСТИ
Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь Президенті ретінде қызметіне кірісті. Минск қаласында өткен салтанатты инаугурацияда ол ант беріп, ресми куәлік алды. 26 қаңтарда өткен сайлауда Лукашенко 86,82% дауыс жинаған.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Эр-Риядта өткен АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерде Қара теңіздегі қауіпсіз теңіз жолдарын қалпына келтіру мәселесі негізгі тақырып болды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу нақты кепілдіктерді талап етіп отырғанын, Киевке сенім жоқ екенін айтты.
Жаңа Уренгой әуежайында Ан-12 жүк ұшағы шассидегі ақауға байланысты апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Экипаж мүшелері аман қалған. Бұл — соңғы екі күн ішінде дәл осы ұшақта қайталанып отырған екінші техникалық ақау. Оқиға бойынша тергеу басталды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кремль АҚШ-пен қарым-қатынасты қалпына келтіру және Украина мәселесі бойынша жұмысты жалғастыруда. Песков телефон әңгімесі, сирек металдар жобалары және қабірлерді қорлау туралы мәлімдеді.
Нью-Йоркте Гудзон өзеніне құлаған тікұшақ апатынан Siemens компаниясының Испаниядағы бөлімшесінің басшысы Агустин Эскобар мен оның отбасы қаза тапты. Оқиға ондаған куәгердің көз алдында болды. Құтқарушылар бірден көмек көрсеткенімен, аман қалғандар болмады. Әуе көлігі туристік фирмаға тиесілі болған. Қазіргі уақытта апаттың себебі тергелуде.
1
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров CBS News телеарнасына берген сұхбатында Дональд Трампты украин дағдарысының түпкі себептерін түсінетін әлемдегі жалғыз лидер деп атады. Лавров Мәскеудің Украина бойынша келісімге дайын екенін, бірақ әлі де нақтылануы тиіс мәселелер бар екенін жеткізді. Сонымен қатар, Путин мен Трамптың арнайы өкілі Уиткофф арасындағы жоспарланған кездесу туралы пікір білдірді.