Politico.kz ‒ Қазақстандағы жаңалықтар
76 subscribers
358 photos
256 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
🇰🇿Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Тимур Сүлейменов
:
Ұлттық банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытынды есебі мен 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспарын баяндады;

Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесінің ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру және инфляция деңгейін ортамерзімді мақсатқа сәйкес 5 пайызға жеткізу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді;

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FwCpK
💰Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі күтілуде

Бұл туралы вице-премьер-министр Қанат Бозымбаев үкімет брифингінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, тарифтер "ақылға қонымды" шектерде көтеріледі. Сонымен қатар, үкімет әлеуметтік әлсіз топтарды қорғау бойынша шараларды қолға алмақ.

"Әр өңірде шекті деңгей әртүрлі. Егер коммуналдық қызметтердің үлесі отбасылық табыстың 5%-дан 10%-ына дейін жетсе, біз жергілікті бюджет есебінен субсидия қарастырамыз," – деді Қанат Бозымбаев.


Вице-министр ұлттық экономика министрлігінің өкілі Арман Қасенов тарифтердің өсуі минималды деңгейде болатынын растады. Алайда, нақты пайыздарды атаудан бас тартты.

"Бұл болжам емес, талдау нәтижесі. Біз тарифтердің өсу деңгейін нақты білеміз және оның минималды болатынына сендіреміз," – деді ол.


Үкімет инфляцияны ескере отырып, тарифтердің көтерілуіне шектеу қоятынын айтты. Егер инфляция деңгейі белгілі бір межеден асып кетсе, тарифтердің өсуі тоқтатылады.

https://clck.ru/3FwGhB
🇰🇿🇺🇸АҚШ-та жүрген қазақстандықтарға елшілік маңызды үндеу жасады

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Америка билігінің миграциялық саясатты күшейтуіне назар аударды.

Елшілік таратқан мәліметке сәйкес, қабылданып жатқан шаралар АҚШ аумағына заңсыз келген шетел азаматтары мен мигранттарға қатысты.

«Қабылданған мәжбүрлеу шараларының қатарында қамауға алу, елден шығару және АҚШ-қа қайта кіруді шектеу секілді санкциялар қарастырылған. Сондай-ақ, әлеуметтік жәрдемақылар, жұмысқа рұқсат беретін құжаттар және басқа да жеңілдіктер алынып тасталады», – делінген хабарламада.


Сонымен қатар, АҚШ билігі елде заңды түрде болуға негіздері жоқ шетел азаматтарына елден ерікті түрде шығу мүмкіндігін ұсынатынын атап өтті.

https://clck.ru/3Fyo4s
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚖️Оралда мектеп оқушыларынан ақша бопсалаған қыздар ұсталды

Оралдық екі тұрғынға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Полиция мәліметі бойынша, күдіктілер өткен жылдың қазан айында колледж студентінен 40 мың теңгені мәжбүрлі түрде шотынан аудартып алған. Сондай-ақ, олар мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен ақша бопсалап, заттарын ұрлаған.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FyowV
🥀Қазақстанда 2024 жылы өндірісте 202 адам қаза тапты

Елдегі өндірістік жарақат деңгейі жыл ішінде 4,5%-ға төмендеді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы жұмыс орындарында 1408 адам жарақат алған.

Ең жоғарғы жарақаттану деңгейі еліміздің өнеркәсіптік аймақтарында сақталуда.

Өндірістік жарақат алушылардың басым бөлігі тау-кен металлургия саласына – 18,3%, ал құрылыс саласына – 10,1% тиесілі.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: 

Жұмыс өндірісінің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы – 35,5%;
 Зардап шегушінің өз кінәсінен болған салғырттығы – 31%;
 Жол қозғалысы ережелерін бұзу – 8,2%;
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу – 7,6%.

https://clck.ru/3FypSF
🇧🇾Лукашенко Беларусь президенті болып қайта сайланды

Кеше өткен сайлауда Александр Лукашенко алдын ала мәліметтер бойынша 86,82% дауыс жинап, 7-ші рет Беларусь президенті болды.

Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенконың мәліметінше, Лукашенко бұл жолы да айқын басымдықпен жеңіске жеткен.

Саяси мансаптағы ұзақ жолы:
Александр Лукашенко алғаш рет 1994 жылы президенттік сайлауда жеңіске жетті. Кейін ол 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары қайта сайланды. Осылайша, Лукашенко елді 30 жылға жуық үздіксіз басқарып келеді. Қазіргі уақытта ол 70 жаста.

https://clck.ru/3Fyr57
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚛Алматыда ауыр жүк көлік қарсы жолаққа шығып, аударылды

26 қаңтарда Алматы қаласындағы Райымбек даңғылында жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам зардап шекті. Полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, екі көлікпен соқтығысқан. Соққының салдарынан фургон аударылып қалған. Апат Райымбек даңғылы мен Саин көшесінің қиылысына жақын жерде болған.

«Үш зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді», – деп хабарлады полиция өкілдері.


https://clck.ru/3FyseV
🧑‍⚕️Қазақстандағы медициналық қызмет сапасына қанағаттанбағандардың саны артып келеді

Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Үкімет сағатында мәлімдеді.

Дания Еспаеваның айтуынша соңғы үш жылда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы 2,8 есе артқанымен, халықтың медициналық қызмет сапасына қанағаттану деңгейі 47%-ға дейін төмендеген. Консультативтік-диагностикалық, компьютерлік және магнитті-резонансты томография қызметтерінің саны 7 есеге өскен. Алайда, бұл көрсеткіштер ауруларды ерте анықтауға оң әсер етпеген. Кей жағдайларда мұндай қызметтер негізсіз тағайындалады. Медициналық ұйымдардың пациентке бағдарланған жұмыстан "табысқа бағдарланған" жұмыс принципіне көшкені байқалады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешу үшін Үкіметке денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды теңестіру, базалық мемлекеттік медициналық көмек пакетін қалыптастыру және бірыңғай медициналық ақпараттық жүйені құру туралы тапсырма берген.

https://clck.ru/3FytpM
⚖️Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутатын жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, Құдайбергенге публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Сот үкімі бойынша

Құдайберген Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде Арман Жұмагелдиевпен (Дикий Арман) бірге адамдарды жинап, оларды Жұмагелдиевтің төңірегіне бірігуге және билікке біртұтас талаптар қоюға шақырған.
Істің мән-жайы

Сотталушылар қатарында барлығы 45 адам бар, олар Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталуда.
24 адам жәбірленуші деп танылған.
Сот отырыстары мемлекеттік құпиялар мен зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабық түрде өтті.
Бүгін, 27 қаңтар күні, Алматы қаласындағы №72 тергеу изоляторынан баспасөз өкілдері үшін сот үкімін жария ету рәсімі өтті.

https://clck.ru/3FyyHj
⚖️Руслан Ысқақов қаңтар оқиғасы бойынша 15 жыл 6 айға сотталды

Сот ҰҚК-нің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Искаковты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп танып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айрылды.

Сот үкімі бойынша

Тергеу мәліметінше, Руслан Искаков ұзақ уақыт бойы Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) қылмыстық тобын жасырып келген.
2022 жылғы 5 қаңтарда ол Алматыдағы алаңға адамдарды жинап, жіберуге бұйрық берген.
Істің мән-жайы

Сотталушылар қатарында барлығы 45 адам бар, олар Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталуда.
24 адам жәбірленуші деп танылған.
Сот отырыстары мемлекеттік құпиялар мен зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабық түрде өтті.
Бүгін, 27 қаңтар күні, Алматы қаласындағы №72 тергеу изоляторынан баспасөз өкілдері үшін сот үкімін жария ету рәсімі өтті.

https://clck.ru/3FyyQS
⚖️Дикий Арман 20 жылға сотталды

Қылмыстық авторитет Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман) 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу, атыс қаруын ұрлау, сондай-ақ 24 адамды заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша айыпты деп танылды.

Іс бойынша негізгі мәліметтер:

Сотталушылар қатарында барлығы 44 адам, олардың арасында Алматы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген және ҰҚК-нің бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Искаков бар.
24 адам жәбірленуші деп танылды.
Сот отырыстары мемлекеттік құпияларды қорғау және жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жабық түрде өтті.
Сот үкімі бүгін, 27 қаңтар күні, Алматы қаласындағы №72 тергеу изоляторынан баспасөз өкілдеріне арналған трансляцияда жарияланды.

https://clck.ru/3FyyYZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤳Павлодарда жасөспірімге қол жұмсаған және оны бейнеге түсірген ата-анасы жауапқа тартылды

Жасөспірім қыздың басқа балаларды ұрып-соғып, бұл әрекетін видеоға түсірген оқиғасы Павлодар қаласын дүр сілкіндірді.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаны құқық қорғау органдары тексеріп, барлық қатысушылардың жеке басын анықтады. Бұл факті бойынша "Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Құқықбұзушылыққа қатысы бар жасөспірім ата-анасының қамқорлығына тапсырылды. Сонымен қатар, оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірім профилактикалық есепке қойылды," – деп мәлімдеді полиция өкілдері.


Сонымен қатар, жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. Бұл оқиға балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру қажеттілігін тағы бір рет дәлелдейді.

https://clck.ru/3Fz5f9
🏙Қаңтар оқиғаларына қатысты жаңа деректер жарияланды

Қаңтар оқиғаларындағы басты ұйымдастырушылардың бірі болған Дикий Арман ретінде танымал Арман Жұмагелдиев, ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері Руслан Ысқақов және экс-депутат Қайрат Құдайберген туралы жаңа мәліметтер белгілі болды.

2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты өткен сот барысында тың деректер жарияланды. Сот анықтамасына сәйкес, 2016 жылы Руслан Ысқақов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаменті бастығының орынбасары болған кезінде Арман Жұмагелдиевпен байланыс орнатып, оның қылмыстық әрекеттеріне қолдау көрсеткен.

"ҰҚК-нің қорғауында болған Жұмагелдиев қылмыстық ұйым құруды қолға алып, Қазақстан мен шетелдерде өз ықпалын кеңейтуді мақсат етті. Оның бұйрығымен ұйым мүшелері бірнеше қылмыстық әрекеттер жасады," – делінген сот мәлімдемесінде.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3Fz8vY
🇰🇿🇧🇾Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
⚽️Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.

"Сонымен қатар, құрамадан барлық жаттықтырушылар штабы кетеді. Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламовичке және оның штабына атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына табыс тілейді. Футбол құрамасының жаңа бас бапкерінің кандидатурасы қарастырылып жатыр", – делінген хабарламада.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын 2024 жылдың маусымында басқарған болатын. Оның жетекшілігімен команда ҰЕФА Ұлттар лигасы аясында алты матч өткізіп, бір ғана ұпай жинады. Норвегия құрамасымен өткен матч тең есеппен аяқталған еді.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FzJD7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥Париждегі ХІХ ғасырлық көне ғимарат өртенді

Париждің ХІХ ғасырда салынған тарихи ратуша ғимаратында 27 қаңтар күні ірі өрт болды.

RTL Today дерегі бойынша, түнгі сағат 3:20 шамасында өрт шыққан. Оқиға орнына 153 өрт сөндіруші жіберіліп, өрт таңғы 6-ға дейін сөндірілді. Дегенмен ратушаның қоңырау мұнарасы құлау қаупінде тұр.

Ратуша ғимараты XIX ғасырда салынған және бірнеше архитектуралық стильдерді – Ренессанс, Людовик XIII және Людовик XIV дәуірлерін біріктірген ерекше мұра болып саналады. Қазіргі таңда өрт салдарынан келтірілген шығын мөлшері және оның себептері анықталуда.
🩸Қызылордада жаңа босанған әйелге қан құйып, ВИЧ жұқтырған

Қызылордада жаңа босанған әйелге қан құйғаннан кейін АИТВ(ВИЧ) инфекциясы анықталды.

Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният растады. Ол бұл жағдайды министрлік өз бақылауына алғанын айтты.

"Қазіргі уақытта тиісті тексеру жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады", – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Қызылорда облысының полиция департаменті медициналық қызметкерлердің өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Аталған бап бойынша 30 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Егер зардап шеккен адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, жаза екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды.

Ресми емес деректер бойынша, перинаталды орталықта әйелге 12 донордан қан құйылған. Бір айдан кейін оның ағзасында АИТВ анықталған.

https://clck.ru/3FzL6A
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🩴Атырауда балалар үйінің жүргізушісі балаға қол жұмсады

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Шаңырақ» балалар үйінің аумағында түсірілген видео тарады.

Кадрларда жалаңаш белді ер адамның 15 жастағы балаға тәпішкемен бірнеше рет шапалақ бергені байқалады.

Айжан Сәрсенбаева, Атырау облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, бұл оқиға 2024 жылдың шілде айында болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бала жүргізушіні мазақтап, артынан ұрып жіберген. Жүргізуші жауап ретінде ескерту жасап, артынша тәпішкемен бірнеше рет шапалақтаған.

«Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тек қазір ғана таралды, себебі жүргізуші мен электрик арасында жанжал туындаған. Электрик жүргізушіге ашуланып, бақылау камерасындағы жазбаны жариялап жіберген», – деді Сәрсенбаева.


Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
🇰🇿🇧🇾Назарбаев пен Лукашенко жақын арада кездезпек

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жақын уақытта кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Беларусь Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел көшбасшылары арасында жылы достық әңгіме өрбіген.

«Беларусь Президенті мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті арасында өте жылы және достық сипаттағы әңгіме болды. Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы шын жүректен сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бұл қуанышқа Беларусь халқын да ортақтасып құттықтауын жеткізді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әңгіме барысында екі тарап та жақын арада кездесуге дайын екендерін білдірді.

26 қаңтарда Беларусьте президенттік сайлау өтті. Ресми мәліметтерге сәйкес, Александр Лукашенко сайлаушылардың 87,6% дауысын жинаған.

https://clck.ru/3G2HXV
🇵🇸Палестиндіктер қираған үйлеріне қайтып жатыр

Израиль жол тосқауылдарды ашқаннан кейін Газаның солтүстігіне палестиндіктер жаппай қайтып жатыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, соғыс басталғалы бері 650 мың палестиндік өз үйлерін тастап, Газаның орталық және оңтүстік бөліктеріне көшкен. Бітімгершілік туралы келісім аясында халық өз үйлеріне оралуға мүмкіндік алды. Тек блокпосттар ашылған алғашқы екі сағат ішінде 200 мың адам қайтып үлгерген.

Келісім Израиль мен ХАМАС арасындағы 15 айға созылған қақтығыстан кейін жасалды. ХАМАС 19 қаңтарда Израильдік үш тұтқынды босатты, ал Израиль 90 палестиналық тұтқынды босатумен жауап берді. Соңғы деректерге сәйкес, 25 қаңтарда тағы төрт израильдік тұтқын босатылып, Израиль 200 палестиналықты еркіне жіберді.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G2KgC