Politico.kz ‒ Қазақстандағы жаңалықтар
72 subscribers
357 photos
243 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
🇪🇺🇷🇺Еуропа Ресей газына қайта оралуы мүмкін бе?

Еуропадағы энергетикалық жағдай қайта шиеленісе түсті. Қатты суық пен Азиядағы жоғары сұраныс нәтижесінде табиғи газ бағасы 10 ақпанда 58 еуроға жетіп, соңғы екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды The Economist.

12 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша келіссөздердің жақын арада басталатынын мәлімдеді. Бұл жаңалық қаржы нарығына әсер етіп, газ бағасының төмендеуіне себеп болды.

Сарапшылардың пікірінше, Ресейден газ жеткізілімін қайта бастау Еуропаның әлсіреген экономикасына оң әсер етуі мүмкін. Goldman Sachs экономистері бұл қадам Еуропа экономикасын 0,5%-ға арттырып, өндірістік секторды жандандыруы мүмкін екенін айтады.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GRvxN
🇰🇿Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады
https://clck.ru/3GRxpK
🛢Каспий құбыр консорциумының (КТК) «Кропоткинская» мұнай айдау станциясы 17 ақпанда дрон шабуылына ұшырады

КТК мәліметінше, шабуыл кезінде жеті дрон қолданылған, олардың әрқайсысы жарылғыш заттар мен металл сынықтарымен жабдықталған. Дрондар уақыт аралығымен шабуыл жасап, нысан жұмысына кедергі келтірумен қатар, қызметкерлер арасында зардап шеккендер болуын көздеген.

Алайда станция қызметкчерлері жедел әрекет етіп, мұнай төгілуінің алдын алды. Қазіргі уақытта «Кропоткинская» станциясы уақытша жұмысын тоқтатып, ал Тенгиз – Новороссийск құбыры төмендетілген режимде жұмыс істеуде.

"Жарылғыш заттардан басқа металл зақымдайтын элементтермен толтырылған жеті ұшқышсыз ұшақ террористік шабуыл жасады. Шабуыл объектінің жұмысын бұзып қана қоймай, станцияның жедел қызметкерлері арасында құрбан болу үшін уақыт аралығымен жүргізілді", — деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GS23B
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚸Алматы қаласындағы балабақшада орын алған шуға қатысты мекеме иесі мәлімдеме жасады

Балабақша иесі Амина Юсупбаева бұл жағдайды "қызметіміздің тарихындағы ең ауыр оқиғалардың бірі" деп атады. Ол мекемені жолдасымен бірге 10 жыл бұрын ашқанын және оның "өмірлік ісі" екенін жеткізді.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GS5p6
🕯Ұлытау облысында шахтада газ жарылып, кеншілер көз жұмды

Ұлытау облысында орналасқан "Қазақмыс" компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болып, жеті кенші көз жұмды.
Төтенше жағдай Жомарт руднигінде орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтада табиғи газ жарылып, нәтижесінде жеті кенші үйінді астында қалған.

"Оқиға салдарынан жеті жұмысшының өмірі қиылды. Қазіргі таңда олардың денесі жер бетіне шығарылып, полиция қызметкерлеріне сот-медициналық сараптама жүргізу үшін тапсырылды", – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.


Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.

Апат орнына Ұлытау және Қарағанды облыстарының ТЖД құтқарушылары, кинологиялық топтар, медицина қызметкерлері, МЧС психологтары және авариялық-құтқару бөлімшелері жұмылдырылған. Құтқару жұмыстарына 21 маман және 7 техника тартылған.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GSzHG
АҚШ-тың Delta Air Lines компаниясына тиесілі Bombardier жолаушылар ұшағы Торонто әуежайында қону кезінде аударылып түсті. Әуе кемесінде 80 жолаушы болған, олардың ішінде үш адам – бір бала мен екі ересек – ауыр жарақат алды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер төтенше жағдайға әрекет етті, алайда өрт шықпаған. Қазіргі таңда апаттың нақты себептері тексеріліп жатыр.

https://clck.ru/3GSzop
🇰🇿Қазақстанда "Әкімдер мектебі" іске қосылды

Қазақстанда ауыл, аудан және қала әкімдерінің біліктілігін арттыруға арналған "Әкімдер мектебі" өз жұмысын бастады.
Бағдарлама Академия государственного управления базасында жүзеге асырылады. Оқыту үдерісі елдің барлық облыстарындағы және республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдарда ұйымдастырылады.

"Әкімдер мектебінің" мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандардың кәсіби деңгейін арттыру. Бағдарлама 240 академиялық сағатты қамтитын 17 модульден тұрады. Әкімдер экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттеу, цифрландыру, коммуналдық мүлікті басқару, тәуекелдерді бағалау, кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту салалары бойынша білім алады.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GT2LA
🇺🇦🇺🇸Зеленскийдің дипломатиялық жалғыздығы: Украина басшысы Трамптың күтпеген соққысына тап болды

Украина президенті Владимир Зеленский халықаралық дипломатияда өз елінің мүддесін қорғауда қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Le Monde.

Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамптың күтпеген дипломатиялық қадамына тап болды. Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Украинасыз келіссөздер бастауы Киев үшін ауыр соққы болды.

"Бұл, жұмсартып айтқанда, өте жағымсыз жағдай", – деді Зеленский телефон келіссөздері жайлы пікір білдіре отырып. Алайда NBC арнасына берген сұхбатында ол бұл жағдайдың Украина үшін өмірлік маңызы бар екенін мойындап, "АҚШ-тың қолдауынсыз Украина ұзаққа бармайды", – деді.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GT2zZ
Қазақстандық блогерлердің ресми табысы мен нақты кірісі арасындағы айырмашылық 53,3 млрд теңгеге жетті. Мемлекеттік кірістер комитеті 594 блогердің салық декларациясындағы сәйкессіздіктерді анықтады. 13-14 ақпанда блогерлерге табыс туралы мәліметті қайта тапсыру немесе түсініктеме беру туралы хабарламалар жіберілді. Салықты 30 күн ішінде төлеу міндеттелді. Қаржы министрлігі блогерлердің онлайн-жарнама, ақпараттық өнімдерді сату, курстар өткізу және гивтерден табыс табу сияқты әрекеттері үшін салық төлеуге тиіс екенін еске салды.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GT4QL
Украинадағы соғыста нақты қанша адамның қаза тапқаны туралы пікірталас жалғасуда, деп хабарлайды The Times. АҚШ президенті Дональд Трамп 1 млн ресейлік пен 700 мың украиналық қаза тапты деп мәлімдеді, алайда бұл ресми деректерге сәйкес келмейді. Украина билігі 43 000 әскери қаза тапты десе, тәуелсіз зерттеулер бұл санды 400 000-ға дейін бағалайды. Ресей тарапы соңғы дерегін 2022 жылы жариялап, 6 000 сарбаз қаза болды деп хабарлады, алайда тәуелсіз ұйымдар 138 500-200 000 адам жоғалтқанын алға тартады. БҰҰ есебі бойынша 12 500 бейбіт тұрғын қаза тапқан, бірақ бұл дерек толық емес. Мариупольдегі құрбандар саны 25 000 мен 75 000 аралығында болуы мүмкін. Ресейдің өз есебі бойынша 400 бейбіт тұрғыны қаза болған, бірақ бұл деректер 18 ай бойы жаңартылмаған.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GT5xA
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚨Қазақстанда діни радикалдар тобы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (КНБ) прокуратура және полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, ел аумағында діни экстремизмді насихаттаумен айналысқан күдіктілерді ұстады.

Ресми мәліметке сәйкес, Алматы, Шымкент және Түркістан облысында 4 азамат ұсталған. Олардың терроризм идеологиясын таратуға қатысы бар деген күдікпен тергеу амалдары жүргізілуде.

Тінту барысында радикалдық мазмұндағы материалдар мен экстремистік әдебиеттер тәркіленді.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы (Терроризмді насихаттау немесе террористік акті жасауға жария түрде шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҰҚК күдіктілердің радикалды ұйымдармен байланысын тексеріп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

https://clck.ru/3GT7Gd
Украина АҚШ пен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздерге өз өкілін жіберуді ұсынды, деп хабарлайды Bloomberg. Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Игорь Жовква бұл шешімнің жедел қабылдануы қажет екенін атап өтті. Париждегі кездесуден кейін Киев келіссөздерден шет қалмау үшін өзінің жоғары деңгейдегі өкілін жіберуге мүдделі. Зеленский бұл ұсынысты қолдап, Еуропаның келіссөздерде болуы қажет екенін мәлімдеді. Франция президенті Эммануэль Макрон еуропалық көшбасшылармен шұғыл кездесулер өткізуде. Еуропа елдері келіссөздерден тыс қалмау үшін ортақ ұстанымын анықтауға тырысуда.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GTAuG
🥀"Жомарт" руднигінде орын алған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды

17 ақпан 2025 жылы Жаңаарқа ауданындағы "Жомарт" руднигінде тау жыныстарының опырылып құлауынан 7 кенші мерт болды.

Қайтыс болғандар:

Қайрат Ақшалов, 1975 ж. – машинист сорғы қондырғылары
Ардақ Жақыбаев, 1998 ж. – жерасты учаскесінің тау-кен шебері
Бақытбек Жұмаділлаев, 1975 ж. – жерасты тау-кен жұмысшысы
Орынбек Кенжебеков, 1991 ж. – тиеп-жеткізу машинасының машинисі
Ғалымжан Молдабеков, 1978 ж. – шпур бұрғылаушының көмекшісі
Олжас Нұрулдаев, 1979 ж. – жерасты учаскесінің энергетигі
Константин Рожков, 1992 ж. – жерасты тау-кен жабдықтарын құрастырушы электрослесарь
Апат орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталып, арнайы комиссия құрылды.

Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз.

https://clck.ru/3GTCNh
CNN сарапшылары Украинаның АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздерден шеттетілуін Мәскеудің стратегиялық жеңісі деп бағалады. Нью-Хейвен университетінің Мэтью Шмидт пікірінше, Киевтің бұл процестен тыс қалуы оның мүдделерінің ескерілмеуіне әкелуі мүмкін. Бұрынғы ЕҚЫҰ өкілі Майкл Бочюркив Украина АҚШ-қа толықтай тәуелді екенін атап өтті. Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі Киевтен стратегиялық минералдар бойынша талап қоюы мүмкін, бұл елдің экономикасына ауыр салмақ түсіреді. Сарапшылар егер Украина келіссөздерге қатыспаса, Ресей өз шарттарын орындатуы ықтимал екенін ескертеді.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GTG5o
🇷🇺🇺🇸Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздері басталды

Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздер басталды.
Келіссөздер Сауд Арабиясының астанасында, корольдік отбасына тиесілі Аль-Басатин кешеніндегі Дирия сарайында өтіп жатыр. Бұл – Ресей мен АҚШ арасындағы арнайы әскери операция басталғалы бері алғашқы жоғары деңгейдегі ресми кездесу.

Келіссөздерге Ресей жағынан Сергей Лавров (Сыртқы істер министрі) мен Юрий Ушаков (Президент көмекшісі), ал АҚШ тарапынан Марко Рубио (Госхатшы), Майк Уолц (Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі) және Стив Уиткофф (Таяу Шығыс бойынша арнайы өкіл) қатысуда.

https://clck.ru/3GTJAn