🚆Жолаушылар пойыздарда тегін интернетке қосыла алады
Астана – Алматы бағыты бойынша жүретін пойыздарға интернет қосылады. Бұл пилоттық жоба ретінде 25 қаңтардан бастап іске қосылады.
Жолаушылар WhatsApp, YouTube және басқа видеохостингтерге бүкіл жол бойы кіре алады. Алайда торрент және файлдар ағынын жүктеу сайттарына кіру шектеледі.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FvfCP

"Заманауи спутниктік технологияларды қолдану арқылы интернет байланысын орнату жоспарланған. Бұл жолаушыларға сапар барысында желіге қосылуға мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FvfCP
⚽️«Қайраттың» 16 жасар жас жұлдызы «Челсиге» өтті
Казахстандық жас талант, 16 жастағы орталық шабуылшы Дастан Сатпаев Англияның әйгілі «Челси» клубымен келісімшартқа отырды.
Италияның танымал спорт журналисі Фабрицио Романоның мәліметінше
Трансфер құны: 4 миллион еуро.
Келісімшарт: 5 жылға жасалды, 1 жылға ұзарту опциясымен.
Аренда: Дастан 18 жасқа толғанша «Қайрат» клубында аренда негізінде ойнайды.
Сатпаевтың жетістіктері назар аударарлық: ол 2024 жылы QJ Лигасында 12 матчта 19 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.
https://clck.ru/3FvfpD

❤2
🇺🇸🇷🇺Трамптың санкция қатерлерінде жаңалық жоқ, бірақ Ресей диалогқа дайын
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялар мен тарифтерді көтеру туралы ескертуіне жауап беріп, мұндай әдістердің Трамп үшін жаңа емес екенін айтты.
Сонымен қатар, Песков Ресейдің теңқұқықты және өзара құрметке негізделген диалогқа әрқашан дайын екенін атап өтті.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FvgpJ

«Біз бұл жерде ерекше жаңалық көріп тұрған жоқпыз. Трамп өз президенттігінің алғашқы мерзімінде санкциялық әдістерді жиі қолданды, бұл оған ұнаған сияқты. Біз оның барлық мәлімдемесін мұқият қадағалап отырмыз және барлық нюанстарды тіркеп жатырмыз», — деді Песков.
Сонымен қатар, Песков Ресейдің теңқұқықты және өзара құрметке негізделген диалогқа әрқашан дайын екенін атап өтті.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FvgpJ
🏗Атыраудағы құрылыс нысанында екі жұмысшы бесінші қабаттан құлады
Оқиға 20 қаңтар күні болған, бірақ бұл туралы ақпарат енді ғана белгілі болды. Полиция департаментінің мәліметінше, 43 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Ал оның 33 жастағы әріптесі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
https://clck.ru/3FvhXU

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.
https://clck.ru/3FvhXU
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚨Астана мен Қосшыда экстремисттік топ ұсталды
22 қаңтар күні Астана мен Қосшы қалаларында экстремизмге қатысты күдікті төрт қазақстандық ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар терроризмді насихаттау, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мен оған қатысу, сондай-ақ жақтастар тартумен айналысқан деген күдікке ілінген.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 256, 259 және 405-баптары бойынша жүргізілуде. Бұл баптар экстремистік топ құру, террористік қызметті ұйымдастыру және экстремистік ұйымдардың қызметіне қатысу әрекеттерін қамтиды.
Күдіктілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Тінту барысында олардың үйлерінен діни мазмұндағы материалдар мен басқа да айғақ заттар табылды», – делінген ҰҚК мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 256, 259 және 405-баптары бойынша жүргізілуде. Бұл баптар экстремистік топ құру, террористік қызметті ұйымдастыру және экстремистік ұйымдардың қызметіне қатысу әрекеттерін қамтиды.
Күдіктілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
🌯Ақтөбе тұрғыны кафеден 1 080 000 теңге өндіріп алды
Ақтөбелік тұрғын қала орталығындағы кафенің иесін сотқа беріп, 1 080 000 теңге өтемақы алуға қол жеткізді.
Тұрғынның айтуынша, ол ұлымен бірге кафеға барып, жасымық сорпасы мен дөнерге тапсырыс берген. Алайда, дөнердің ішінен ұзындығы 2 сантиметрлік темір сынығы шығып, оның тісіне зақым келтірген.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3Fvm4d

«Клиент директорды шақыруды сұрағанымен, қызметкерлер бұл өтінішті орындамаған. Кафенің әкімшісі болған жағдай үшін тек пирожный ұсынумен шектелген. Мұндай қарым-қатынас клиенттің ашуына тиген», – деп жазылған сот материалдарында.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3Fvm4d
⚖️Павлодарда футбол жаттықтырушысы педофилия үшін өмір бойына сотталды
Сотталушы жәбірленуші отбасына 3 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттелді.
Еске салсақ, жаттықтырушы өткен жылдың күзінде Павлодарда ұсталған. Тергеу барысында оның 2013 жылы туған қызды спорт жаттығуы орнына қонақүйге апарып, сол жерде қылмыс жасағаны анықталды.
Сот үкімін естігенде сотталушы көз жасына ерік берді.

🖥Қазақстанда мемлекеттік қызмет сайттары ашылмай тұр
Бүгін, 24 қаңтарда eGov.kz, pki.gov.kz және eLicense.kz сайттары жұмыс істемей тұр.
Сайтының тексеру нәтижесінде бұл дерек расталды.
Министрліктің алдын ала ақпараты бойынша: техникалық ақау бар екенін растады, бірақ нақты себебі кейінірек хабарланатын болады.
https://clck.ru/3FvqTY

"2025 жылғы 23 қаңтар сағат 21:00 – ден бастап 2025 жылғы 27 қаңтарды қоса алғанда, ТДО АЖ-ға техникалық жұмыстар жоспарланған", - делінген хабарламада.
https://clck.ru/3FvqTY
✈️Ақтау маңындағы ұшақ апатын тергеудің қорытындысы жақын арада жарияланады
25 желтоқсанда Ақтау маңында орын алған AZAL ұшағының апатына қатысты қара жәшіктер зерттеліп, Қазақстанға қайтарылды.
Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, борттық өздігінен жазатын құрылғыдағы деректер сақталып, расшифрланған.
Сонымен қатар, қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына 5 миллион теңгеден өтемақы төленетіні хабарланды.
Тергеудің алдын ала нәтижелері келесі аптада жарияланады.
https://clck.ru/3FvsMs

"Қара жәшіктер Генпрокуратура басшылығындағы тергеу тобына берілді. Қазір барлық сарапшылар олармен жұмыс істеп жатыр. Деректердің көшірмесі Әзірбайжан мен Ресей тарапында да бар, әсіресе аудиожазбаларға қатысты," — деді Бозымбаев.
Сонымен қатар, қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына 5 миллион теңгеден өтемақы төленетіні хабарланды.
Тергеудің алдын ала нәтижелері келесі аптада жарияланады.
https://clck.ru/3FvsMs
🛫Telegram-да жарияланған AZAL ұшағы жазбалары шынайы емес деп танылды
Актау маңындағы әуе апатына байланысты желіде жарияланған AZAL ұшағы ұшқыштарының жазбаша расшифровкасы шынайы емес деп танылды.
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FvwyH

"Қара жәшіктердегі жазбаларды расшифровка жасауға Қазақстан, Ресей, Әзербайжан және Бразилия сарапшылары бірдей қатысқан. Мен Telegram-дағы Baza жариялаған мәліметтерді тыңдадым. Бұл жердегі жазбалар жермен байланысқа көбірек ұқсайды. Экипаждың, пилоттардың нақты диалогы әлдеқайда ауқымды. Сондықтан, біздің топтан ешқандай ақпарат тарамағанына сенімдімін," – деді Бозымбаев.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FvwyH
🛜Қазақстанда интернет ақауы байқалуда: әлеуметтік желілер мен сервистер істен шықты
Соңғы уақытта интернет жұмысы тұрақсыз болды, әлеуметтік желілер мен мемлекеттік қызметтерде кідірістер орын алуда.
Кейбір пайдаланушылар Instagram, TikTok, Facebook сияқты әлеуметтік желілердің баяу жұмыс істеп жатқанын, сондай-ақ тамақ жеткізу сервистерінің істен шыққанын мәлімдеді. Кейде мобильді интернет мүлдем жоғалып кетеді.
Мемлекеттік қызметтерге қатысты да қиындықтар туындады. Атап айтқанда, электрондық үкіметтің eGov.kz, pki.gov.kz, eLicense.kz сияқты сайттары уақытша жұмыс істемей тұр.
АО "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы мемлекеттік органдардың серверлік инфрақұрылымындағы техникалық ақауларды мойындады. Бұл ақау мемлекеттік қызметтердің қолжетімсіз болуына себеп болды.
Ресейде де бірнеше байланыс операторларында ғаламдық ақау байқалуда.
https://clck.ru/3Fw2D4

🔥Таразда ер адам мектеп маңында өзін-өзі өртемек болды
Таразда жергілікті тұрғын оқу орнының жанында өзін-өзі өлтірмек болды.
Ер адам өз киімін бензинмен жуып, от қоймақ болды. Алайда құтқарушылар уақытында жетіп, оның өмірін сақтап қалды.
Зардап шеккен азамат жеңіл күйік жарақатын алды, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Өзін-өзі өртеуге не түрткі болғаны және оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.
https://clck.ru/3Fw87q

"Жамбыл облысының 112 қызметіне Тараз қаласындағы орта мектеп маңында суицид әрекеті туралы хабар түсті. Құтқарушылар жедел жетіп, қолда бар құралдардың көмегімен өзін-өзі өртеуді болдырмады," – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Зардап шеккен азамат жеңіл күйік жарақатын алды, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Өзін-өзі өртеуге не түрткі болғаны және оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.
https://clck.ru/3Fw87q
❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸Трамптың айтуынша, Украина Ресейге жауап қайтармауы тиіс еді
Украина өзінің аумағына Ресей басып кіргенде қарсы тұрудың орнына келіссөздер жүргізуі керек еді деп мәлімдеді АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп.
Трамптың бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Украина Ресейдің әрекетіне қалай жауап беруі керек еді деген сұраққа жауап беруден бас тартты.
https://clck.ru/3FwApz

"Зеленский әлдеқайда үлкен, әлдеқайда мықты құрылыммен күреске шықты... Ол мұны жасамауы керек еді, өйткені біз мәміле жасай алатын едік", – деді Трамп.
Трамптың бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Украина Ресейдің әрекетіне қалай жауап беруі керек еді деген сұраққа жауап беруден бас тартты.
https://clck.ru/3FwApz
🇰🇿Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
Тимур Сүлейменов:
Ұлттық банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытынды есебі мен 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспарын баяндады;
Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесінің ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру және инфляция деңгейін ортамерзімді мақсатқа сәйкес 5 пайызға жеткізу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді;
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FwCpK

💰Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі күтілуде
Бұл туралы вице-премьер-министр Қанат Бозымбаев үкімет брифингінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, тарифтер "ақылға қонымды" шектерде көтеріледі. Сонымен қатар, үкімет әлеуметтік әлсіз топтарды қорғау бойынша шараларды қолға алмақ.
Вице-министр ұлттық экономика министрлігінің өкілі Арман Қасенов тарифтердің өсуі минималды деңгейде болатынын растады. Алайда, нақты пайыздарды атаудан бас тартты.
Үкімет инфляцияны ескере отырып, тарифтердің көтерілуіне шектеу қоятынын айтты. Егер инфляция деңгейі белгілі бір межеден асып кетсе, тарифтердің өсуі тоқтатылады.
https://clck.ru/3FwGhB

"Әр өңірде шекті деңгей әртүрлі. Егер коммуналдық қызметтердің үлесі отбасылық табыстың 5%-дан 10%-ына дейін жетсе, біз жергілікті бюджет есебінен субсидия қарастырамыз," – деді Қанат Бозымбаев.
Вице-министр ұлттық экономика министрлігінің өкілі Арман Қасенов тарифтердің өсуі минималды деңгейде болатынын растады. Алайда, нақты пайыздарды атаудан бас тартты.
"Бұл болжам емес, талдау нәтижесі. Біз тарифтердің өсу деңгейін нақты білеміз және оның минималды болатынына сендіреміз," – деді ол.
Үкімет инфляцияны ескере отырып, тарифтердің көтерілуіне шектеу қоятынын айтты. Егер инфляция деңгейі белгілі бір межеден асып кетсе, тарифтердің өсуі тоқтатылады.
https://clck.ru/3FwGhB
🇰🇿🇺🇸АҚШ-та жүрген қазақстандықтарға елшілік маңызды үндеу жасады
Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Америка билігінің миграциялық саясатты күшейтуіне назар аударды.
Елшілік таратқан мәліметке сәйкес, қабылданып жатқан шаралар АҚШ аумағына заңсыз келген шетел азаматтары мен мигранттарға қатысты.
Сонымен қатар, АҚШ билігі елде заңды түрде болуға негіздері жоқ шетел азаматтарына елден ерікті түрде шығу мүмкіндігін ұсынатынын атап өтті.
https://clck.ru/3Fyo4s

«Қабылданған мәжбүрлеу шараларының қатарында қамауға алу, елден шығару және АҚШ-қа қайта кіруді шектеу секілді санкциялар қарастырылған. Сондай-ақ, әлеуметтік жәрдемақылар, жұмысқа рұқсат беретін құжаттар және басқа да жеңілдіктер алынып тасталады», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, АҚШ билігі елде заңды түрде болуға негіздері жоқ шетел азаматтарына елден ерікті түрде шығу мүмкіндігін ұсынатынын атап өтті.
https://clck.ru/3Fyo4s
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚖️Оралда мектеп оқушыларынан ақша бопсалаған қыздар ұсталды
Оралдық екі тұрғынға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Полиция мәліметі бойынша, күдіктілер өткен жылдың қазан айында колледж студентінен 40 мың теңгені мәжбүрлі түрде шотынан аудартып алған. Сондай-ақ, олар мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен ақша бопсалап, заттарын ұрлаған.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3FyowV

🥀Қазақстанда 2024 жылы өндірісте 202 адам қаза тапты
Елдегі өндірістік жарақат деңгейі жыл ішінде 4,5%-ға төмендеді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы жұмыс орындарында 1408 адам жарақат алған.
Ең жоғарғы жарақаттану деңгейі еліміздің өнеркәсіптік аймақтарында сақталуда.
Өндірістік жарақат алушылардың басым бөлігі тау-кен металлургия саласына – 18,3%, ал құрылыс саласына – 10,1% тиесілі.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:
Жұмыс өндірісінің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы – 35,5%;
Зардап шегушінің өз кінәсінен болған салғырттығы – 31%;
Жол қозғалысы ережелерін бұзу – 8,2%;
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу – 7,6%.
https://clck.ru/3FypSF

🇧🇾Лукашенко Беларусь президенті болып қайта сайланды
Кеше өткен сайлауда Александр Лукашенко алдын ала мәліметтер бойынша 86,82% дауыс жинап, 7-ші рет Беларусь президенті болды.
Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенконың мәліметінше, Лукашенко бұл жолы да айқын басымдықпен жеңіске жеткен.
Саяси мансаптағы ұзақ жолы:
Александр Лукашенко алғаш рет 1994 жылы президенттік сайлауда жеңіске жетті. Кейін ол 2001, 2006, 2010, 2015 және 2020 жылдары қайта сайланды. Осылайша, Лукашенко елді 30 жылға жуық үздіксіз басқарып келеді. Қазіргі уақытта ол 70 жаста.
https://clck.ru/3Fyr57