Politico.kz ‒ Қазақстандағы жаңалықтар
73 subscribers
357 photos
250 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
👨‍🌾Ауыл шаруашылығы өндірушілерін ҚҚС-тан босату азық-түлік бағасына қалай әсер етеді?

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қосылған құн салығынан (ҚҚС) толықтай босатылады. Алайда бұл азық-түлік бағасының арзандауына алып келе ме? Бұл сұраққа ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді.
Министрдің айтуынша, өнімнің өзіндік құны тек салыққа ғана емес, өндіріс технологиясына, логистикаға және сақтау шығындарына да байланысты.

"ҚҚС-тан босату туралы мәселе әлі де талқыланып жатыр. Бірақ фермерлер жанар-жағармайды, тұқымды, тыңайтқыштарды ҚҚС-пен бірге сатып алады. Сондықтан салықтан толық босату өнім бағасына қаншалықты әсер ететінін айту қиын. Баға тұрақты деңгейде қалуы мүмкін", – деді Сапаров.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GJyY6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇦🇺🇸Украина әскери көмек үшін АҚШ-қа $500 млрд құрайтын сирек металдарын беруге келісті

Украина АҚШ-тан алған әскери көмекті өтеу мақсатында $500 миллиард құрайтын сирек кездесетін металдарын Вашингтонға беруге келісті.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина бұл келісімге қақтығыстың нәтижесіне қарамастан қол қойған.

"Олардың жері өте құнды – сирек кездесетін металдар, мұнай, газ және басқа да ресурстарға толы. Біз Украинаға жүздеген миллиард доллар бөлдік, және мен бұл ақшаның қайтарылуын қамтамасыз еткім келеді", – деді Трамп.


Ол сондай-ақ, Вашингтонның Украинадағы табиғи ресурстарға қол жеткізуі соғыстың аяқталуына тәуелді емес екенін атап өтті.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GK2Bw
⚖️"Антикор маған өлім үкімін шығарды": Алматының бұрынғы бас сәулетшісі сотта соңғы сөзін айтты

Алматы қаласының бұрынғы бас сәулетшісі Алмасхан Ахмеджанов сот отырысында соңғы сөзін айтып, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Ахмеджанов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен сотқа тартылуда. Прокуратура оны заңсыз құрылысқа рұқсат берді және мемлекетке 500 млн теңге шығын келтірді деп айыптауда.

"Антикоррупциялық қызмет пен прокуратура заң мен тәртіпті басқаша түсінеді екен. Бұл менің соңғы сөзім болуы мүмкін. Олар маған өлім үкімін шығарды. Өйткені менің денсаулығым мұны көтере алмайды", – деді Ахмеджанов.


Ол екі жыл бойы моральдық және физикалық қысым көргенін мәлімдеді.

"Олар мені екі жыл бойы азаптады. Денсаулығым нашар болса да, үйқамаққа жіберуден бас тартты. Бұл – өміріме тікелей қауіп төндіру", – деп мәлімдеді ол.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GK6H2
🇺🇸АҚШ компанияларына пара алуға рұқсат берді

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық компаниялардың шетелдік шенеуніктерге пара беруіне қойылған шектеулерді алып тастауға бағытталған жарлыққа қол қойды. Бұл шешім Қазақстанда "Казахгейт-2" ісінің басталуына әкелуі мүмкін.
Трамптың жаңа жарлығы АҚШ әділет министрлігіне Foreign Corrupt Practices Act (FCPA) – "Шетелдегі сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы заң" нормаларын қайта қарауды міндеттейді. Бұл заң 1977 жылдан бері америкалық компаниялардың пара беру арқылы шетелде бизнес жүргізуіне тыйым салатын негізгі құжат болды.

Трамптың мәлімдемесі:

"АҚШ ұлттық қауіпсіздігі біздің компаниялардың әлемдік нарықтағы стратегиялық артықшылықтарына тәуелді. Сондықтан FCPA-ны артық және бәсекеге қабілеттілікті төмендететін құрал ретінде қарастырамыз", – делінген Ақ үй таратқан мәлімдемеде.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GK9eK
🇰🇿Қазақстан сыбайлас жемқорлық индексінде позициясын жақсартты

Қазақстан 2024 жылы Transparency International ұйымының "Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде" (Corruption Perceptions Index – CPI) көрсеткішін жақсартқан Орталық Азиядағы жалғыз ел болды. Бұл туралы Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі (Антикор) мәлімдеді.
Жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан 40 балл жинап, 180 елдің ішінде 88-орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш соңғы 10 жылдағы ең жоғары нәтиже, өйткені 2014 жылы Қазақстан бар болғаны 29 балл жинаған болатын.

Қазақстанның қазіргі рейтингі аймақтық және жаһандық деңгеймен қалай салыстырылады?

Әлем бойынша орташа балл – 43
Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша орташа балл – 35
Қазақстанның көрші елдермен салыстырудағы көрсеткіші:

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GKGQk