Politico.kz ‒ Қазақстандағы жаңалықтар
72 subscribers
357 photos
249 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
👨‍🌾Ауыл шаруашылығы өндірушілерін ҚҚС-тан босату азық-түлік бағасына қалай әсер етеді?

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қосылған құн салығынан (ҚҚС) толықтай босатылады. Алайда бұл азық-түлік бағасының арзандауына алып келе ме? Бұл сұраққа ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жауап берді.
Министрдің айтуынша, өнімнің өзіндік құны тек салыққа ғана емес, өндіріс технологиясына, логистикаға және сақтау шығындарына да байланысты.

"ҚҚС-тан босату туралы мәселе әлі де талқыланып жатыр. Бірақ фермерлер жанар-жағармайды, тұқымды, тыңайтқыштарды ҚҚС-пен бірге сатып алады. Сондықтан салықтан толық босату өнім бағасына қаншалықты әсер ететінін айту қиын. Баға тұрақты деңгейде қалуы мүмкін", – деді Сапаров.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GJyY6