Politico.kz ‒ Қазақстандағы жаңалықтар
71 subscribers
357 photos
252 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
🎪Шымкентте "Қиял әлемі" паркін сүруге шешім қабылданды

Шымкентте сот шешімімен "Қиял әлемі" аттракциондар паркін сүруге бұйрық берілді.
2011 жылы коммерциялық фирма мегаполистің орталығынан жер телімін жалға алып, балалар орталығын ашуы тиіс болған. Алайда оның орнына аттракциондар паркі салынды. Соңғы жылдары бұл парк бірнеше рет даулы оқиғалармен ел назарына іліккен болатын.

2021 жылдың мамыр айының соңында 17 жастағы қызметкер аттракционнан құлап, қаза тапты. 2023 жылдың маусымында парктің бір аттракционын өртеп жіберген оқиға тіркелді. Сондай-ақ бір келуші аттракционда жүргенде жүрек талмасынан көз жұмды.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GBrWo
💳Қазақстандықтар несиеге тәуелді болуда: ҚҚС өсуі жағдайды ушықтыруы мүмкін

Қазақстанда тұтынушылық несиелер көлемі қарқынды өсуде. 2024 жылы 6,8 миллион қазақстандық жалпы сомасы 10,6 трлн теңгеге кепілсіз несие алған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.

Ұлттық банк тұтынушылық несиелеу қарқыны екі есеге баяулайды деп күткен болатын, алайда жағдай керісінше өрбіді. Бұл несие алу шарттарының қатаңдатылуына қарамастан орын алып отыр.

Кәсіпкерлік несиелеу де айтарлықтай өсті. Шағын бизнестің несие алуы 15%-ға, ал орта бизнестің несие көлемі 26%-ға артты. Сарапшылардың пікірінше, бұл азаматтардың нақты табыстарының төмендеуімен тікелей байланысты.

Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов НДС өсімі несиеге деген сұранысты одан әрі арттырады деп санайды.

«Баға орташа деңгейде өседі. Несие мөлшері де артады. Қарыз жүктемесі күшейеді», – деді сарапшы.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GBsQx
✈️AZAL ұшағына "Панцирь-С" зымыраны тигені анықталды

Azerbaijan Airlines компаниясының 25 желтоқсанда Ақтау маңында құлаған жолаушы ұшағына ресейлік "Панцирь-С" әуе қорғаныс жүйесінің зымыраны тигені анықталды, Reuters агенттігі.
Әзербайжанның жоғары лауазымды шенеунігі ұшақтан алынған бөгде заттардың "Панцирь-С" зымыранының бөлшектері екенін айтты. Дегенмен, Қазақстанның көлік министрлігі жариялаған 53 беттік алдын ала есепте зымыран туралы нақты ақпарат жоқ.

Қазақстанның көлік министрлігі жүргізген тергеу нәтижесінде ұшақтың фюзеляжынан бөгде заттар табылғаны расталды. Әзербайжан көлік министрлігі де ұшақтың ұшуға жарамды болғанын, алайда "сырттан тиген заттар" зақым келтіргенін мәлімдеді.

"Фюзеляжға қадалған бөгде заттар алынды. Олардың не екенін нақтылау үшін қосымша сараптама жүргізіледі", – деді министрлік өкілі.


Embraer ERJ 190-100 ұшағының апатынан 38 адам қаза тапты, оның алтауы Қазақстан, 25-і Әзербайжан, жетеуі Ресей азаматтары. Тағы 29 адам жарақат алды.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GBtHk
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🃏Қазақстанда сталкинг үшін жаза енгізу жоспарланып отыр

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, "сталкинг" түсінігін Қылмыстық кодекске енгізу көзделуде.

"Сталкинг" арнайы бап ретінде қылмыстық теріс қылық санатына енгізіледі. Заң жобасы алдағы аптада немесе келесі аптада Мәжілісте екінші оқылымға шығарылады. Бұл құқық бұзушылық үшін айыппұл түріндегі жаза ұсынылуда", – деді депутат Абзал Құспан.


Депутаттан сталкингті неге қатаң жаза ретінде қарастырмайтынын сұрағанда, ол жаңа нормаларды енгізу кезінде абай болу қажеттігін айтты.

"Бұл – адамдардың тағдыры. Осындай маңызды шешімдерді асығыстықпен қабылдауға болмайды. Әуелі түрлі тәжірибелерді зерттеп, талдау жүргізу керек. Кейінгі уақытта жазаны күшейту мәселесін қарастыруға болады", – деп қосты депутат.


https://clck.ru/3GBuSx
📹zakon.kz
🇷🇺Путинді соттауға арналған трибунал құрылмақ

Еуропалық Одақ (ЕС) Ресейдің Украинадағы агрессиясы үшін Владимир Путин мен Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларын соттауға арналған арнайы трибунал құру негізін қалады, деп хабарлайды The Guardian агенттігі.
ЕС мәлімдемесінде бұл трибунал Ресейдің әскери және саяси басшылығын халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартуға бағытталған маңызды қадам екені айтылған.

"Путин басқа елге шабуыл жасау арқылы агрессия қылмысын жасады. Бұл соғыссыз адам өлімі, инфрақұрылымға шабуылдар мен зорлық-зомбылықтар болмас еді", – деді ЕС-тің сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кайя Каллас.


Трибунал құру идеясы алғаш рет Украина тарапынан ұсынылған. Алайда, заңгерлер бірнеше жыл бойы тиісті сот алаңын іздеумен айналысты.

Путин мен басқа да ресейлік шенеуніктер өз қызметінде жүргенде сотқа тартылмайды деген компромисс шешім қабылданды.

https://clck.ru/3GBydJ
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан шекара маңында өнеркәсіптік кооперация орталығын ашады

Мәжіліс екі ел үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялады. Орталық өнеркәсіптік кооперацияны, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған кешен ретінде жұмыс істейді.

"Орталықтың міндеті – мемлекетаралық кооперациялық байланыстарды дамытуға қолайлы жағдай жасау, шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарды халықаралық құн тізбегіне интеграциялау, сондай-ақ орталық аумағында құрылған кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру", – деп мәлімдеді Мәжіліс өкілдері.


Орталық екі бөліктен тұрады: қазақстандық және өзбекстандық. Әрқайсысы 500 шаршы метр аумақты алып, өз мемлекетінің юрисдикциясында болады.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GBzGw
🌿Болат Назарбаевтың 142 гектарлық жер телімі қайтадан аукционға қойылды

Алматы облысында Болат Назарбаевқа тиесілі болған 142 гектарлық жер учаскесі қайтадан аукционға қойылды.

2024 жылдың желтоқсанында бұл жерді алғашқы рет аукционға шығарғанымен, ешкім сатып алуға ниет білдірмеген. Осыған байланысты «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жерді қайта сату туралы шешім қабылдады.

Аукцион 2025 жылдың 5 ақпанында өтеді. Сауданың бастапқы бағасы 127,8 миллион теңге деп белгіленді.

Жер учаскесі Алматы облысының Шамалған ауылында, «Үшқоңыр» резиденциясының маңында орналасқан.

https://clck.ru/3GC2VQ
🥔Дүкендердегі картоптың сапасы неге нашарлағаны белгілі болды

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, картоптың нарықтағы сапасы мен бағасы әртүрлі. Бұл жағдайға биылғы жылдың қыркүйегінде жиналған өнімнің сапасының төмендеуі себеп болған.

«Картоптың қыркүйек айындағы өнімі, әрине, уақыт өте келе сапасын жоғалтады. Сондықтан сөрелерде ескі өнім қалуы мүмкін», — деді Төребаев.


Оның сөзінше, билік картоп экспортын шектеп, ішкі нарықты қамтамасыз етуге күш салуда.

https://clck.ru/3GC6LS
🇰🇿Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Кездесу барысында Ержан Сәденов елдегі криминогендік жағдай мен ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайған. Әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты ауыр қылмыс түрлерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады.

Министр тергеудің заманауи әдістерін енгізу арқылы қылмыстың ашылу деңгейі жақсарғанын атап өтті. Сонымен қатар, 2024 жылы іздеуде жүрген 1949 қылмыскер ұсталған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде 264 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Есірткі қылмысына қарсы күресте 22 тоннаға жуық есірткі тәркіленіп, 64 зертхана жойылған. Сондай-ақ интернет-алаяқтардың 65 миллион қоңырауы бұғатталып, 48 SIM-box анықталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында ІІМ-ге бірқатар нақты тапсырма берді.

https://clck.ru/3GC6rS
🇺🇸🇨🇳🇰🇿АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы Қазақстанға әсер ете ме?

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының Қазақстан нарығына ықпалы қандай болатыны туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пікір білдірді.
Министрлік әртүрлі сценарийлерді қарастырып жатыр, оның ішінде сауда қақтығысының күшею ықтималдығы да бар. Алайда Қытай тауарларының Қазақстан нарығын басып кетуі екіталай.

«Қытай тауарларының Қазақстанға ағылуы АҚШ нарығының жабылуымен байланысты емес. Себебі Америкадағы сұраныс Қазақстаннан әлдеқайда өзгеше. АҚШ-та көптеген кәсіпорындар тек сол нарыққа жұмыс істейді, ал Қазақстандағы сатып алу қабілеті төмендеу», — деді Қайрат Төребаев.


Оның айтуынша, жаңа тауарларды импорттау белгілі бір бюрократиялық кедергілермен байланысты.

«Біріншіден, белгілі бір тосқауылдар бар. Екіншіден, мұндай тауарларға Қазақстанда сұраныс бола ма? Бұл да үлкен сұрақ», — деп толықтырды вице-министр.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GC8CR
📹ORDA
🇺🇦🇷🇺🇺🇸Зеленский: Украина келіссөздерге дайын, бірақ АҚШ пен Еуропа қатысуы керек

Украина президенті Владимир Зеленский Украина Ресеймен үш жылға жуық созылған қақтығысты аяқтау үшін келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, келіссөздерге Украинамен бірге АҚШ пен Еуропа елдері де қатысуы тиіс.

«Егер адамдар біз дипломатиялық жолға көшуіміз керек деп есептесе, мен де Украина дипломатиялық жолды таңдауға дайын деп санаймын. Бұл келіссөздерде АҚШ, Еуропа, Украина және Ресей болуы керек», — деді Зеленский британдық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында.


Ол Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей кездесуді Украинаның бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы жалғыз тиімді нұсқа деп есептейтінін айтты.

Кремль әзірге төртжақты келіссөздер өткізуге дайын емес екенін мәлімдеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Зеленскийді «легитимді емес» көшбасшы деп атады.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GCAe9
✈️Әлемдік жаңалықтар Ақтау апаты туралы тергеу қорытындыларын жариялады

DW мәліметінше, ұшақ Грозный қаласына жақындағанда екі рет қатты соққы болған. Соққыдан кейін автопилот ажыратылып, гидравликалық жүйелерде қысым төмендеген. Экипаж диспетчерлерге құстармен соқтығысу және борттағы оттегі баллонының жарылысы туралы хабарлаған.

Командир әуежайға төтенше қону жасамақ болып, Ақтауға бағыт алған. Алайда қонған кезде ұшақ жерге соғылып, ішінара өртенген.

Reuters агенттігі Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөзге сүйене отырып, ұшаққа ресейлік «Панцирь-С» әуе қорғаныс жүйесінің зымыраны тигенін хабарлайды. Тергеу барысында ұшақтан табылған зымыран бөлшектері халықаралық сараптамадан өткен.

Алдын ала есепте ұшақтың артқы бөлігі мен қанаттарында тікбұрышты пішінді зақымданулар анықталғаны айтылған. Бұл «сыртқы факторлардың әсерінен болған» деген болжамды растайды.

https://clck.ru/3GCJ6A
🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Кездесу барысында Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар мен 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары баяндалды. Сонымен қатар, Нұрлан Әбдіров ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарлары туралы есеп берді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды. Президент сайлау процестерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

https://clck.ru/3GCJ4u
🇺🇸🇺🇦АҚШ Украина бойынша бейбіт жоспарды келесі аптада жариялайды

АҚШ келесі аптада Германияда өтетін Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт жоспарын ұсынбақ, деп хабарлайды Bloomberg.

Агенттіктің мәліметінше, бұл жоспарды АҚШ президентінің Украина мен Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлог таныстырады. Жоспардың егжей-тегжейі әзірге белгісіз, бірақ "күш арқылы бейбітшілік" қағидасына негізделген болуы мүмкін.

"Мүмкін болатын шарттардың қатарында қақтығысты уақытша тоқтату, Ресей басып алған аумақтардың мәртебесін анықтауды кейінге қалдыру және Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру бар", – делінген материалда.


Сондай-ақ, Келлог осы айда Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Трамп бұған дейін Украинадағы соғысты 24 сағат ішінде тоқтата алатынын мәлімдеген болатын. Ол 2025 жылдың қаңтарынан бастап Украинадағы қақтығысты шешуге кірісетінін айтқан.

https://clck.ru/3GD5zu