Politico.kz ‒ Қазақстандағы жаңалықтар
71 subscribers
357 photos
253 videos
335 links
POLITICO саяси-әлеуметтік порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Download Telegram
💊Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек тізімі қысқартылады

Қазақстанда тегін және жеңілдетілген бағамен берілетін дәрі-дәрмектер тізімін қайта қарау жоспарлануда.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа жоба аясында өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозологияға арналған дәрі-дәрмектерді тізімнен алып тастау көзделген. Бұл өзгерістер амбулаторлық деңгейде созылмалы ауруларға арналған дәрі-дәрмектерді қамтуды арттыруға бағытталған.

"Жоба бойынша амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуге әсер ететін және халықтың денсаулығына маңызды ықпал ететін созылмалы ауруларды қамту мақсат етілген", – делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.


Тізімнен алынуы мүмкін дәрі-дәрмектер арасында капсулалар, майлар, көзге арналған тамшылар, инъекцияға арналған ерітінділер мен таблеткалар бар.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылған. Талқылау 2025 жылғы 14 ақпанға дейін жалғасады.

https://clck.ru/3GAa4z
🛢Қазақстан артық өндірілген мұнай үшін өтемақы төлейді

Қазақстан 2024 жылғы артық өндірілген мұнай көлемін өтеуге міндеттеме алды.Бұл туралы Энергетика министрлігі ОПЕК+ ұйымының 58-ші Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің отырысынан кейін мәлімдеді.

"Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылғы артық өндірісті өтеу үшін қажетті шараларды қабылдайды. Теңіз кен орнын кеңейту жобасының іске қосылуына байланысты биыл мұнай өндіру көлемі артқанымен, Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемелерін сақтау маңыздылығын растайды және халықаралық құқық шеңберінде әріптестерімен келіссөздер жүргізеді", – делінген министрліктің мәлімдемесінде.


Келіссөздер барысында министрлер мұнай нарығының тұрақтылығы ОПЕК+ елдері қабылдаған қосымша ерікті шектеулердің арқасында қамтамасыз етілгенін атап өтті. Келесі отырыс 2025 жылғы 5 сәуірге жоспарланған.

https://clck.ru/3GAaTf
💳Қазақстанда ОПВР жойылуы мүмкін

Қазақстанда міндетті зейнетақы жарнасын (ОПВР) жою мәселесі талқылануда.
Қазіргі уақытта оның мөлшері 2,5% болса, 2028 жылға дейін 5%-ға дейін артуы тиіс. Алайда, бұл қаржылық жүктемені кім көтеретіні белгісіз.

Сарапшылар қазіргі зейнетақы жүйесінің тиімсіз екенін айтып, оны реформалау қажеттігін алға тартуда. Public Policy Research Center директоры Меруерт Махмұтованың айтуынша, зейнетақыны есептеу әдістемесін өзгерту керек.

"Қазір зейнетке шыққан адам орташа жалақысының небәрі 20%-ын алады. Бұл көрсеткіш дамыған елдерде 70%-ға дейін жетеді. Сондықтан зейнетақы жүйесін қайта қарау қажет", – деді Махмұтова.


Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GAcZ9
🛣Қазақстанда жол жабынындағы ақауларды автоматты түрде анықтау жүйесі енгізілді

Бұл туралы Үкімет отырысында «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК бас директоры Болатбек Айтбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, кәсіпорын сапаны бақылау саласында адами фактордың ықпалын азайту мақсатында цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп жатыр. Жасанды интеллект қағидаттарына негізделген жаңа жүйе әр 100 шақырым жолдағы диагностика деректерін өңдеу уақытын 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар кәсіпорын ведомстволық сараптама үшін бірыңғай электрондық портал әзірледі. Бұл портал бизнес-процестердің ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз етіп, құжаттарды қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді.

«Порталдың көмегімен қажетті құжаттар саны 15-тен 5-ке дейін қысқарды, рәсімдеу уақыты 3 айдан 15 күнге дейін азайды. Сонымен қатар сараптамалар саны 5 есеге артты», – деді Айтбаев.


https://clck.ru/3GAdCc
🇺🇦Киев АҚШ пен Ресейдің ортақ шешімінен қауіптеніп отыр

АҚШ пен Ресей Украинада президенттік сайлау өткізуге шақыруымен Киев алаңдаушылық білдірді.
Бұл мәселе АҚШ-тың Украина және Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлогтың мәлімдемесінен кейін өрбіді.

Келлог «демократиялық елдерде сайлау соғыс жағдайында да өткізіледі» деп атап өтті. Оның пікірін Кремль де қолдап, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Зеленскийдің өкілеттік мерзімі аяқталды» деп мәлімдеді.

Киев бұл ұсыныс елдің бірлігін бұзып, Ресейдің ықпалын күшейтеді деп алаңдайды. Украинаның бұрынғы министрі аноним түрде берген сұхбатында: «Вашингтон мен Мәскеудің ортақ ұстанымы Зеленскийді биліктен кетіруді көздейтінін көрсетеді», – деді.

Украина Конституциясына сәйкес, соғыс жағдайында сайлау өткізуге болмайды. Зеленский «Украина туралы Украинасыз келіссөздер жүргізу – бәрі үшін қауіпті» деп ескертті.

https://clck.ru/3GAe4d
🇰🇬Қырғыздар фамилиядағы «-ов» пен «-ев»-тен бас тартып жатыр

Қырғызстанда азаматтар кеңестік дәуірден қалған «-ов» және «-ев» жұрнақтарынан бас тартып, ұлттық дәстүрге оралуда.
Бұл бастамаға сәйкес заң жобасын депутаттар қолдады.

Жаңа заң жобасы бойынша фамилияларды жазуда баланың әкесінің атына байланысты «уулу» (ұлдар үшін) және «кызы» (қыздар үшін) сөздері қосылады. Сонымен қатар атасының атына «теги» сөзімен бірге ер балаларға «дын/тын», «дин/тин», «дүн/түн», ал қыз балаларға «дан/тан», «ден/тен», «дөн/төн» жұрнақтары жалғанады.

Қырғызстан билігі бұл өзгерістерді енгізу рәсімін жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілерді азайтуды көздеп отыр. Бұл қадам ұлттық мәдениетті нығайтуға бағытталған.

https://clck.ru/3GAgNx
🛣Қазақстанда ақылы жолдар екі есеге көбейеді

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бюджетке түсетін жүктемені азайту және жолдардың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мақсатында реконструкция мен жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жол жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде.

Бүгінде ел аумағында 3 200 шақырым ақылы жол бар. 2024 жылы бұл жолдардан 48 миллиард теңге табыс түскен. "Ағымдағы жылы қосымша 4 мың шақырым ақылы жол іске қосылады. Бұл учаскелерден түсетін кіріс 60 миллиард теңгені құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард теңгеге жетуі мүмкін," – деді министр.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GAhhm
🐱Хатико есімді мысық 7 жыл бойы қожайынының қабірін күзетуде

Дагестанда мысық 7 жылдан бері өз қожайынының қабірінен кетпей өмір сүріп келеді.
Бұл туралы жергілікті тұрғын Хадижаның айтуынша, ол алғаш рет бұл мысықты 2018 жылы ағасының қабіріне келген кезде көрген.

Сол кезде туыстары қабір басында жатқан мысықтың иесі бірнеше ай бұрын қайтыс болғанын айтып берген. Қожайыны қайтыс болғаннан кейін мысық оның қабірін тастамай, сол жерде тұрып қалған.

Хадижаның айтуынша, ол мысықты үйіне алып кеткен. Алайда мысық тамақтанып, ұйықтағаннан кейін қайтадан сыртқа шығуға сұранып, қожайынының қабіріне қайтып кеткен.

Содан бері мысық сол жерде өмір сүріп келеді. Жергілікті тұрғындар оны "Хатико" деп атап кеткен және үнемі тамақ әкеліп беріп тұрады.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GAkqD
📹Baza
🚔Қостанай облысында мәслихат төрағасы парамен айыпталуда

Қостанай облысы Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының төрағасы пара берді деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, аудан мәслихатының төрағасы 2 миллион теңге көлемінде пара берді деп айыпталуда.

"Ол облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлеріне пара беруді ұйымдастырғаны үшін айыпталуда. Пара арқылы аудиторлық тексеру кезінде анықталған заңбұзушылықтар бойынша шаралар қабылдамауды көздеген. Бұл бұзушылықтар оның мүддесіне сай аффилирленген компаниялардың мемлекеттік сатып алу шарттарын орындамауына байланысты", – делінген агенттіктің хабарламасында.

Аталған іс бойынша аудандық мәслихат төрағасы мен бір депутат сотқа берілді.

https://clck.ru/3GAnSj
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚛Қазақстанда ең арзан ақылы жолдар: Көлік министрі

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 3-4 жыл бұрын елдегі жолдардың жағдайы нашар болған, ірі жобалар 6-7 жыл бойы созылып келген.

"Біз орташа жөндеу жұмыстарын кең көлемде бастадық. Қазір 50 жылдан бері жөндеу көрмеген жолдар жөнделуде. Егер осы жағдай қайталанбауын қаласақ, жолдарды уақытылы және сапалы күтіп ұстау қажет. Бұл ретте қосымша бюджетке салмақ түсірмей, жолдардың өзін-өзі ақтау жүйесіне көшу маңызды", – деді Қарабаев.


Министр Қазақстанда жүк көліктері үшін транзиттік төлемдер алынатынын және автожолдардың жанында тұратын тұрғындар үшін жылдық абоненттік төлем қарастырылғанын еске салды.

"Жылдық абоненттік төлем 3,5 мың теңге. Қазақстандағы ақылы жолдар көрші елдермен салыстырғанда ең арзан. Кейбір елдерде жол ақысы бізден 7, тіпті 25 есе қымбат", – деп мәлімдеді министр.

https://clck.ru/3GAodB
📹zakon.kz
🏦Назарбаевтың банкі рекордтық пайда тапты

Ресейдегі Нұрсұлтан Назарбаев қоры бақылауындағы банк рекордтық пайдаға жетті.
"Азия-Тынық мұхиты банкі" (АТБ) 2024 жылғы қаржылық нәтижелерін жариялап, 11,3 млрд рубль (59,2 млрд теңге) таза пайда тапқанын көрсетті. Банк сайтында жарияланған Ресейдің Орталық банкінің мәліметіне сәйкес, банк пайызының кірісі 31,2 млрд рубльді (162,4 млрд теңге) құраған.

АТБ-ның бұл табысы рекордтық деңгейде болып, соңғы айда 15,54%-ға өскен. Соңғы үш жылда, яғни банк Назарбаев қорының бақылауына өткеннен бері, жалпы 19,88 млрд рубль (103 млрд теңгеден астам) пайда тапқан.

Айта кетейік, банк 2021 жылы Ресей Орталық банкі оны саудаға шығарғаннан кейін Назарбаев қорының бақылауына өткен. Сатып алушы ретінде "Pioneer Capital Invest" ЖШС әрекет еткен, бұл компания Назарбаев қоры мен экс-президентке қатысты басқа да құрылымдарға тиесілі.

https://clck.ru/3GAtYZ
🥀Астанада полицей жаттығудан кейін көз жұмды

Астанада полицей спорттық жаттығудан кейін қайтыс болды.
Egov.press Telegram-арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, полицей "Алатау" спорт кешенінде жаттығу жасап болған соң өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

Астана қалалық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, полицей ауыр күштік жаттығудан кейін есінен танып, жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, өкінішке қарай, ер адам қайтыс болған.

"Медициналық қорытындыға сәйкес, өлім себебі – миокард инфарктісі", – делінген полиция хабарламасында.


Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

https://clck.ru/3GAwcy
🚞Министр ескі пойыз вагондары мәселесіне жауап берді

азақстандықтар ескі және суық пойыз вагондарына қатысты шағымдарын білдірді. Бұл мәселеге қатысты министр Марат Қарабаев үкімет отырысындағы брифингте жауап берді.
Журналистер Астана–Қостанай бағыты бойынша қатынайтын пойыздардағы жағдайға назар аударды.

"Адамдарды мал сияқты тиелгендей қылып, суық вагондарда тасымалдайды. Жолаушылар ауырып қалып жатыр. Бұл вагондарды қашан жаңартасыздар?" – деген сұрақ қойылды министрге.


Министрдің айтуынша, вагондарды бірден жаңарту мүмкін емес. Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 672 жолаушылар вагоны бар, оның 943-і 28 жылдан астам уақыт бойы қолданыста.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GAyCr
⚡️Оралда халық ереуілге шықты

Орал қаласының іргесіндегі «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары жарық мәселесіне байланысты наразылық білдіріп, айналма жолды жапты.

3 ақпан күні кешкі сағат 19:00 шамасында өткен ереуілге себеп – ауданның жарығының өшірілуі. Тұрғындардың айтуынша, бұрынғы төраға Асылбек Қабесов электр энергиясына төленетін ақшаны тиісті компанияға аудармаған. Нәтижесінде ауданның «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясына» қарызы 71 млн теңгеге жеткен.

Бау-бақша серіктестігі ретінде есептелетін бұл ауданда 1 кВт/сағ электр энергиясының құны 32,60 теңге болса, Орал қаласы бойынша орташа тариф – 28,16 теңге.

«Қыстың күні жарық жоқ. Балалар үйде сабақ оқи алмайды. Біз ай сайын ақшамызды төлеудеміз, бірақ қарыздың бізге қатысы жоқ. Бұрынғы төрағаның қарызы үшін неге біз зардап шегуіміз керек?» – дейді тұрғын Азиза.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GB4ds
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қарым-қатынастары барлық бағытта достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан бастамашы болған «Бейбітшілік және сенім жылының» басталуымен құттықтап, бұл маңызды оқиғаның Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымының 30 жылдығымен тұспа-тұс келетінін ерекше атап өтті.

Президент Түрікменстанның бітімгершілік бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның бұл бастамаларды қолдауға және олардың табысты жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GB7YY
🇺🇸АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдік көмек көрсету бағдарламаларын 90 күнге тоқтатты

Трамптың айтуынша, бұл қадам АҚШ-тың мүдделеріне сәйкес келмейтін артық шығындарды қысқарту үшін қажет болған. Алайда сарапшылар бұл шешімнің демократияны қолдау үшін күресіп жүрген топтарға айтарлықтай әсер ететінін айтады.

АҚШ жыл сайын шетелдік көмекке миллиардтаған доллар бөледі. Бұл қаражаттың бір бөлігі авторитарлық елдерде демократияны дамытуға бағытталған жүздеген гранттарға жұмсалады. Трамптың шешімі нәтижесінде Венесуэлада сайлау бұрмалауларын анықтауға үйрететін ұйымдар, Куба мен Қытайдағы демократия белсенділері және Беларусь эмигранттары қаржылық қолдаудан қағылмақ.

"Бұл көмекті қысқарту диктаторларға қате белгі береді және бостандық үшін күресіп жүрген батыл адамдардың мүмкіндіктерін азайтады. Бұл бағдарламалар қайта қарастырылып қана қоймай, басым бағыттардың бірі болуы керек", – деді Нью-Йорктағы Адам құқықтары қорының негізін қалаушы Тор Халворссен.

Толық ақпарат👉https://clck.ru/3GBABg
🇺🇸Трамп Газа секторын бақылауға алуға дайын екенін мәлімдеді

АҚШ
президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесуінде Газа секторын соғыстан кейін бақылауға алуға дайын екенін мәлімдеді.
Трамптың айтуынша, палестиналықтарды Газадан басқа елдерге көшіру қарастырылуда.

"Палестиналықтар Египет пен Иорданиядан бөлек, тағы 5-6 елге көшірілуі мүмкін. Оларға ыңғайлы жағдай жасаймыз", — деді ол.

АҚШ басшысы Газаны "Таяу Шығыстың ривьерасына" айналдыруды жоспарлап отыр. Ол жерде жаңа ғимараттар салынып, жұмыс орындары ашылмақ. Алайда, Трамп Газаның болашақта кімнің бақылауында болатынын нақтыламады.

ХАМАС бұл ұсынысты қатаң сынға алып, Газадан палестиналықтарды күштеп көшіру Израильдің бақылауын орнату мақсатында жасалып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл геноцид пен зорлық-зомбылықты заңдастыру", — деп мәлімдеді ХАМАС өкілдері.

Нетаньяху Трамптың ұсынысын қолдап, Израильдің Газаның болашағына қатысты жоспарына сәйкес келетінін айтты.

https://clck.ru/3GBoEJ