⚠️Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" мәліметінше, 3 ақпанда ел аумағында қар, тұман, көктайғақ және күшті жел күтіледі.
Астанада аздаған қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Ақмола облысында түнде қар мен жаңбыр жауады, өңірдің батысында, оңтүстігінде және шығысында боран, тұман, көктайғақ күтіледі.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G9HGM

👊Атырауда тағы бір депутат отбасылық зорлық-зомбылықпен айыпталуда
Атыраудағы кезекті жанжалдың басты кейіпкері облыстық мәслихаттың депутаты Айбар Ерекешов болды
Оның бұрынғы әйелі Нұржамал Тажғалиева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазып, күйеуінен қорғауды сұрады. Әйелдің айтуынша, ол 12 жыл бойы Ерекешовпен бірге тұрған, төрт баласы бар. Осы жылдар ішінде ол күйеуінің тарапынан жүйелі түрде соққыға жығылып, қорлық көргенін мәлімдеді.
Нұржамал жариялаған хатта 2018 және 2023 жылдары күйеуінің күш қолданған сәттерін растайтын суреттер бар.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G9J2Z

«2018 жылы сәбиімді емізіп отырғанымда басымды телефонымен жарып жіберді. 2023 жылы үстіме отырып, ұзақ уақыт қозғала алмай қалдым», – деп жазады ол.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G9J2Z
🇺🇿Өзбекстанда ҚҚС 2028 жылға дейін өзгеріссіз қалады: ҚҚС – 12%, табыс салығы – 15%
Өзбекстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) мен табыс салығының мөлшерлемелері 2028 жылға дейін өзгермейді.
Бұл туралы тиісті жарлыққа Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды.
Салық мөлшерлемелерін тұрақтандыру бизнеске қолдау көрсету, әділ бәсекелестік жағдайларын қамтамасыз ету және көлеңкелі экономиканың үлесін азайту мақсатында енгізілді. Қазіргі таңда Өзбекстандағы табыс салығының базалық мөлшерлемесі – 15%, ал резиденттер дивидендтерден 5% салық төлейді. Шетелдік азаматтар мен компаниялар үшін бұл салық мөлшерлемесі жоғарырақ.
ҚҚС мөлшерлемесі Өзбекстанда 12% деңгейінде белгіленген. Кейбір коммуналдық қызметтер мен экспорттық операциялар үшін нөлдік мөлшерлеме қолданылады.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G9Kpb

🔱Қазақстандық спецназ Дубайдағы жарыста үздік үштікке енді
Дубайда өтіп жатқан UAE SWAT Challenge жарысында Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің (СГО) «Сардар А» командасы екінші кезеңнің жеңімпазы атанды.
Спецназ сарбаздары тапсырманы 00:53:39 уақытында сәтті орындады. Екі күндік жарыс нәтижесінде «Сардар А» жалпы есепте үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, жарыста ең үздік нәтижені бұған дейін ҚР ІІМ-нің «Сұңқар» командасы көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта «Сұңқар» жалпы есепте екінші орында тұр.
UAE SWAT Challenge турнирі биыл 5 ақпанға дейін жалғасады. Бұл халықаралық додаға 80-нен астам елден 106 команда қатысуда. Қазақстан атынан 12 арнайы жасақ қатысып жатыр.
https://clck.ru/3G9M8K

💦Астана, Қарағанды және Павлодарды сумен қамтитын канал жаңартылады
Сәтбаев атындағы каналдың кешенді жаңғырту жұмыстары 2028 жылға дейін аяқталады.
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы төрт жыл ішінде каналдағы 19 сорғы қондырғысы мен электр жабдықтарын жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сәтбаев каналы Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астананы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл каналдың суын өндірістік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы субъектілері де пайдаланады. Каналдың жалпы ұзындығы – 458 шақырым.
Министрліктің мәліметінше халық санының артуы мен өнеркәсіптік нысандардың көбеюіне байланысты суға деген сұраныс өсіп келеді.
https://clck.ru/3G9NdY

"Жол картасына сәйкес, 2028 жылға дейін 19 сорғы қондырғысы мен электр жабдықтарын жаңартамыз. Бұл шаралар су жеткізу сапасын арттырып, каналдың ұзақ мерзімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді", – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
https://clck.ru/3G9NdY
💥Украина дрондары Қазақстанмен шекаралас аймақтарға шабуыл жасады
3 ақпан күні таңертең Украина Қарулы күштері Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Волгоград және Астрахань облыстарындағы мұнай-газ нысандарына дронмен шабуыл жасады.
Astra басылымының мәліметінше, Волгоградта «Лукойл» компаниясына тиесілі мұнай өңдеу зауытына, ал Астрахань облысында «Газпромның» газ өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасаған. Бұл екі аймақ Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысымен шектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей Украинаға жаппай зымыран соққысын жасап, соның салдарынан 14 адам қаза тапқан болатын.
Сондай-ақ, өткен жылдың соңында украин дрондары Қазақстан мұнайын Ресей арқылы тасымалдайтын құбырға шабуыл жасаған еді.
https://clck.ru/3G9QXV

«Екі жағдайда да шабуыл нысандары мұнай-газ өнеркәсібінің объектілері болды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей Украинаға жаппай зымыран соққысын жасап, соның салдарынан 14 адам қаза тапқан болатын.
Сондай-ақ, өткен жылдың соңында украин дрондары Қазақстан мұнайын Ресей арқылы тасымалдайтын құбырға шабуыл жасаған еді.
https://clck.ru/3G9QXV
🇷🇺Путин Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу рәсіміндегі Ресейдің қатыспауын сынға алды
Ресей президенті Владимир Путин КСРО-ның фашистік концлагерьлерді, соның ішінде Освенцимді азат етудегі рөлін елемеуді ұятты жағдай деп атады.
Reuters:Путиннің айтуынша, Кеңес Одағының Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Освенцим мен басқа да лагерьлерді азат етуі тарихтағы маңызды оқиға болып табылады. Дегенмен, Польшада өткен лагерьдің 80 жылдығына арналған шараларға Ресей шақырылмаған. Бұл шешім Ресей мен Украина арасындағы қазіргі геосаяси жағдайға байланысты қабылданған.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G9RiW

«Бұл, әрине, оғаш әрі ұятты жағдай. Ресей саясатымен немесе президентімен келіспеу – бір басқа мәселе. Бірақ тарихи әділеттілікті сақтау керек еді. Кеңес сарбаздарының отбасыларын шақыруға болар еді», – деді Путин ресейлік мемлекеттік арнаға берген сұхбатында.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G9RiW
🩻Қазақстанда медициналық деректерді сақтау мерзімі 10-15 жылды құрауы мүмкін
Қазақстанда медициналық деректерді сақтау мерзімі бекітіледі.
Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа жобада медициналық қызметкерлер диагностикалық жабдықтар арқылы алған деректерді сақтау мерзімі көрсетілген.
Жобаға сәйкес, ересектердің (15 жастан жоғары) медициналық деректері 10 жыл, ал балалардың (0-15 жас аралығы) деректері 15 жыл бойы сақталады. Бұл мәліметтерге аудиожазбалар, биомагниттік бейнелер, компьютерлік томография, рентген, ЭКГ, эндоскопия нәтижелері, ультрадыбыстық зерттеулер, МРТ және басқа да медициналық суреттер кіреді.
Барлық медициналық деректер бірегей сәйкестендіру нөмірлерінің көмегімен сақталады. Белгіленген мерзім өткеннен кейін жеке медициналық ақпараттар жойылады.
Жоба «Ашық НҚА» порталында 2025 жылғы 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
https://clck.ru/3G9Vv8

💥Мәскеуде элиталық тұрғын үйінде жарылыс болды
Мәскеудегі "Алые паруса" тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, бір адам қаза тауып, кемінде бес адам жарақат алды.
Жарылыс тұрғын үй кешенінің бір ғимаратында болған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарылғыш құрылғы немесе граната төбенің астына қойылған болуы мүмкін. Telegram-каналдарда жарияланған ақпаратқа сәйкес, жарылыс бірнеше адам, оның ішінде әйел, холл арқылы өтіп бара жатқанда болған.
Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері келіп, тергеу амалдарын жүргізуде. Террорлық әрекет нұсқасы қарастырылып жатыр. Куәгерлер полицияға гранатаның жарылғанын хабарлаған.
"Алые паруса" – Мәскеудің элиталық тұрғын үй кешені, Щукино ауданында орналасқан. Бұл кешен қатаң күзетпен қорғалған. Пәтер бағалары 31 миллионнан 250 миллион рубльге дейін жетеді. Бұл кешенде танымал ресейлік жұлдыздар, оның ішінде Екатерина Одинцова мен Алла Довлатова тұрады.
https://clck.ru/3G9X9M
📹Baza

🚕Қазақстанда 4 237 шетелдік заңсыз такси жүргізушісі анықталды
Қазақстанда 4 237 шетелдік азаматтың такси жүргізушісі ретінде заңсыз жұмыс істегені анықталды.
Наурызбай ауданының прокуратурасы Алматы қаласында 400-ден астам таксопарк бар екенін және олардың бірқатарында шетелдік азаматтар заңсыз еңбек еткенін мәлімдеді.
Миграциялық қызмет комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарастырып, таксопарктер мен заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерге қатысты шаралар қабылдауда.
Нәтижелер:
Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар – 346 адам
Қабылдау-тарату орнына орналастырылғандар – 112 адам
Қазақстаннан депортацияланғандар – 156 адам
Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 29 таксопарк қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
https://clck.ru/3G9YwW

🇺🇸АҚШ халықаралық көмекті қысқартып, жаңа саясатқа көшті
АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) ауқымды өзгерістердің ортасында қалды.
Дональд Трамп әкімшілігі халықаралық көмекті қаржыландыруды 90 күнге тоқтатып, агенттік қызметі мен шығындарын кең көлемде тексеруді бастады.
АҚШ президенті гуманитарлық бағдарламаларға ғана шектеулі түрде рұқсат берді. Сонымен қатар, агенттік басшылығында кадрлық ауыс-түйістер болатынын мәлімдеп, оның қызметін қазіргі сыртқы саясатпен үйлеспейді деп бағалады.
Бүгінде 60 қызметкер жұмыстан босатылды. Ақ үй олардың қаржыландыруды тоқтату туралы жарлықты айналып өтуге тырысқанын алға тартты.
USAID-пен қатар Мемлекеттік департамент те шетелдік көмекті қайта қарамайынша, жаңа қаржыландыру ала алмайды. 2023 жылы бұл ведомстволарға $64,69 млрд бөлінген болатын.
Толық ақпарат👉https://clck.ru/3G9bq6

💥Мәскеуде болған жарылыс ДНР басшысын көздеді деген күдік бар
Мәскеудегі "Алые паруса" тұрғын үй кешенінде жарылыс болып, бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл қастандық әрекеті ДНР бокс федерациясының басшысы және "Арбат" батальонының негізін қалаушы Армен Саркисянға бағытталған.
46 жастағы Саркисян ауыр жарақат алып, реанимацияға жеткізілді. Сондай-ақ оның қорғаушысы Олег Касперович те ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Касперович "Миротворец" базасында тіркелген және оған бұған дейін де қауіп төнгені белгілі.
Жарылыс қуаты шамамен 300-400 грамм тротил эквивалентінде болған. Оқиға кезінде холлда болған бірнеше адам жарақат алған. Қазіргі таңда оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр.
https://clck.ru/3G9f2Z