ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл/ Уполномоченный по правам человека в РК
490 subscribers
1.32K photos
258 videos
8 files
1.22K links
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл /
Уполномоченный по правам человека РК

https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman?lang=ru
Download Telegram
​​«Шарапат» орталығы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы қызмет көрсетудің толық кешенін ұсынады.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қатысушыларды Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің қызметімен және азаптаулардың алдын алудың ұлттық алдын алу тетігі жұмысымен таныстырды.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманың ратификациялануына және Әлеуметтік кодекстің қабылдануына байланысты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу барысында мүгедектігі бар тұлғалар жеке көмекші, жеке такси, медициналық көмек көрсету және мүгедектер тобын құру мәселелерін көтеріп, түрлі мамандықтар бойынша білім алып, жұмысқа орналасу туралы ниеттерін білдірді. Барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.

Жалпы алғанда, 2023 жылы Уәкіл кеңсесі мүгедектігі бар тұлғалардың 120 өтінішін қарады, 40% жағдайда өтініш берушілердің өтініштері қанағаттандырылды. Олардың басым бөлігі мүгедектік тобын және еңбекке қабілеттілігін жоғалтуды белгілеу, әлеуметтік қорғау және жәрдемақы алу және т.б. мәселелерге қатысты.

🔹🔹🔹

В Центре «Шарапат» предоставляется полный комплекс услуг по качественному уходу за людьми преклонного возраста и людьми с инвалидностью.

Сотрудники Национального центра по правам человека ознакомили присутствующих с деятельностью института Уполномоченного по правам человека, Национального превентивного механизма по предупреждению пыток.

Подробно остановились на изменениях в законодательстве в сфере социальной защиты в связи с ратификацией Факультативного протокола к Конвенции о правах инвалидов и принятием Социального кодекса.

В ходе встречи лица с инвалидностью подняли вопросы предоставления индивидуального помощника, инватакси, медицинского обеспечения и установления группы инвалидности, а также выразили пожелания в обучении различными специальностям и трудоустройстве. По всем вопросам даны соответствующие разъяснения.

В целом, в 2023 году офисом Омбудсмена рассмотрены 120 обращений лиц с инвалидностью, в 40% случаев просьбы заявителей были удовлетворены. Это вопросы установления группы инвалидности, утраты степени трудоспособности, социальной защиты и получения пособий и другие.
Омбудсмен Артур Ластаев: Адам саудасына қарсы заң Қазақстанның адам құқықтарын қорғауға деген ұмтылысын көрсетеді

27 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Адам саудасына қарсы күрес туралы» Заңды ілеспе түзетулерімен екі оқылымда мақұлдады. Заңның негізгі мақсаты – адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасының алдын алу және жолын кесу жөніндегі заңнаманы жетілдіру.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев бұл оқиғаны құптап, заңның маңыздылығы мен прогрессивтілігін атап өтті.

Толық ақпарат:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/802477?lang=kk

——-

Омбудсмен Артур Ластаев: Закон о противодействии торговле людьми демонстрирует приверженность Казахстана защите прав человека 

27 июня Сенат Парламента РК в двух чтениях одобрил Закон «О противодействии торговле людьми» с сопутствующими поправками. Основная цель закона – совершенствование законодательства по предупреждению и пресечению торговли людьми, в том числе и несовершеннолетними.

Уполномоченный по правам человека в РК Артур Ластаев поприветствовал данное событие и подчеркнул значимость и прогрессивность закона.

Подробнее:
https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/802477?lang=ru

📱 https://t.me/OmbudspersonKazakhstan

Facebook | Instagram | YouTube
​​Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қалпына келтірді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі No6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернатында болды.

Аталған мекемеде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, Уәкілдің өңірдегі өкілі тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс хаттар жолдады.

Нәтижесінде мектеп-интернаттың басшысы және 6 қызметкері ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, Қызылорда қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы да мекемеге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасап, айыппұл салды.

Қазіргі таңда анықталған кемшіліктер толығымен жойылды.

🔹🔹🔹

Представитель Омбудсмена по Кызылординскойобласти восстановил права детей с инвалидностью

Представитель Уполномоченного по правам человека по Кызылординской области посетил областную Специальную (коррекционную) школу-интернат для детей с нарушением слуха №6.

В ходе посещения был выявлен ряд нарушений, в связи с чем представитель Омбудсмена направил рекомендации в соответствующие государственные органы. В результате руководитель и 6 сотрудников школы-интерната получили дисциплинарное взыскание в виде предупреждения.

Кроме того, управлением санитарно-эпидемиологического контроля города Кызылордасоставлен протокол об административномправонарушении и наложен штраф.

В настоящее время выявленные недостатки полностью устранены.
​​Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу тетігі институтының құрылғанына - 11 жыл

2013 жылғы 2 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалардың алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

ҰАТ миссиясы азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуды көздейді. Заңды қызметті жүзеге асыру кезінде ҰАТ қатысушысы тәуелсіз тұлға болып саналады. Оның жұмысына ешкімнің араласуға құқығы жоқ.

Ұлттық алдын алу тетігінің қызметі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің және ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының өзара іс-қимылын білдіретін «Омбудсмен+» қағидатына негізделген.

Бүгінгі күні ҰАТ-тың 146 мүшесі бар, олар құқық қорғаушылар, дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған.

Қазақстанда Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің жұмыс істеу кезеңінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, ҰАТ мандат берген мекемелердің саны – 2013 жылдан бері 597-ден 3764-ке дейін жетіп, 6 есеге өсті, олар 5 мыңнан астам рет жабық мекемелерге барды.

Тек 2023 жылы ҰАТ қатысушылары мекемелерге 461 рет барып, нәтижесінде 3 мыңнан астам ұсынымдар енгізді.

Өңірлердегі ҰАТ қатысушыларына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері көмектеседі. Олар тек 2023 жылы 606 мекеме мен ұйымға барған.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде былтыр 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылғанын атап өткенжөн. Қазақстан азаптауды болдырмау және ҰАТ мандатын кеңейту бойынша қабылдап жатқан шараларды Азаптауларға қарсы комитет 2023 жылы жоғары бағалады.

🔹🔹🔹

Институту Национального превентивного механизма против пыток исполнилось 11 лет

2 июля 2013 года Главой государства был подписан Закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам создания национального превентивного механизма, направленного на предупреждение пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания».

В задачи НПМ входит предупреждение пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания. При осуществлении законной деятельности участник НПМ является независимым лицом. Никто не вправе вмешиваться в его работу.

Деятельность национального превентивного механизма построена по принципу «Омбудсмен+», что означает взаимодействие Уполномоченного по правам человека, Координационного совета при Уполномоченном и участников национального превентивного механизма.

На сегодняшний день в состав НПМ входит 146 участников, в числе которых правозащитники, врачи, педагоги, социальные работники и представители неправительственных организаций.

За время существования в Казахстане Национального превентивного механизма против пыток была проделана огромная работа. Так, количество подмандатных НПМ учреждений выросло в 6 раз – с 597 до 3 764, с 2013 года осуществлено более 5 тысяч превентивных посещений. К слову, только в 2023 году участники НПМ осуществили 461 превентивное посещение и по итогам вынесли более 3 тысяч рекомендаций.

В регионах участникам НПМ оказывают содействие представители Уполномоченного по правам человека, которыми только в 2023 году посещено 606 учреждений и организаций.

Отдельно необходимо подчеркнуть, что в результате совместной работы, в 2023 году к ответственности было привлечено 275 должностных лиц. Меры, предпринятые Казахстаном, по предотвращению пыток и расширению мандата НПМ высоко оценены Комитетом против пыток в 2023 году.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі ҰАТ қатысушыларына арналған семинар ұйымдастырды

2-3 шілде күндері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің бастамасымен Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары үшін «ҰАТ қатысушыларына жабық мекемелердің мониторингі және есеп беру бойынша ұсыныстар» тақырыбында онлайн семинар өтуде.

Семинар барысында қатысушыларға түрме, уақытша ұстау изоляторлары, психиатриялық ауруханалар сияқты және т.б. жабық мекемелерге мониторинг жүргізу бойынша озық тәжірибелер және практикалық ұсыныстар таныстырылады. Мониторинг нәтижесі бойынша есептерді құрастыру процесіне ерекше назар аударылады.

Толық ақпарат:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/803268?lang=kk

——-

Офис Уполномоченного по правам человека организовал семинар для участников НПМ

2-3 июля по инициативе офиса Уполномоченного по правам человека проходит онлайн-семинар для участников Национального превентивного механизма против пыток на тему «Мониторинг закрытых учреждений участниками НПМ и рекомендации по составлению отчетности».

В ходе семинара участники ознакамливаются с передовыми методиками и практическими рекомендациями по мониторингу закрытых учреждений, таких как тюрьмы, изоляторы временного содержания, психиатрические больницы и другие. Особое внимание уделено процессу составления отчетов по результатам мониторинга.

Подробнее:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/803268?lang=ru

📱 https://t.me/OmbudspersonKazakhstan

Facebook | Instagram | YouTube
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл/ Уполномоченный по правам человека в РК
Video
🔹26-27 маусымда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше әлеуметтік мекемені аралады. Олардың қатарында Айыртау ауданының қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, «Айыртау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және Жастар үйі бар.

🔷Бару кезінде Уәкіл кеңсесінің өкілдері балалардың тұрмыстық жағдайымен, оның ішінде жатын бөлмелерінің, медициналық кабинеттердің, асханалардың және басқа да үй-жайлардың жай-күйіне ерекше көңіл бөлді.

🔹Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері аталған мекемелерде тұратын мүмкіндігі шектеулі науқастармен және балалармен жеке әңгімелесті.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерімен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Уәкіл кеңсесінің өкілдері тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар берді.

🔹🔹🔹

🔹26-27 июня представители офиса Уполномоченного по правам человека в РК посетили несколько социальных учреждений Северо-Казахстанской области. Среди них - Центр поддержки детей, находящихся в трудной жизненной ситуации Айыртауского района, Айыртауский центр социального обслуживания и Дом юношества.

🔷В ходе посещения представители офиса Уполномоченного ознакомились с условиями проживания детей, в том числе особое внимание было уделено состоянию спальных комнат, медицинских кабинетов, столовых и других помещений.

🔹Представители офиса УПЧ также лично побеседовали с пациентами с инвалидностью и детьми, проживающими в данных учреждениях.

Кроме того, проведена разъяснительная работа с сотрудниками учреждений, направленная на соблюдение прав и законных интересов граждан с инвалидностью и детей. Также представителями офиса Омбудсмена были даны соответствующие рекомендации по улучшению их условий проживания.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Болат Бейісов Ұлттық құқық қорғау институтының заң жобаларын әзірлеуге және бастамаларды дайындауға қатысуы туралы айтты.

🔹🔹🔹

Представитель офиса Уполномоченного по правам человека в РК Булат Беисов рассказал об участии национального правозащитного института в разработке законопроектов и подготовке инициатив.
​​Бүгін - «Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының жабық мекемелерге мониторингі және есеп беру бойынша ұсыныстар» атты онлайн-семинардың екінші күні.

Семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің адам құқықтары саласындағы ұлттық тетіктің тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылды.

Қатысушылар түзеу мекемелеріне профилактикалық бару, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі құқық бұзу фактілерін құжаттау және қамауда ұстау жағдайларын жақсарту әрі сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстары бар хаттамалар жасау ерекшеліктерін зерделеп, мониторинг кезіндегі ҰАТ қатысушылары қауіпсіздігінің психологиялық аспектілерін қарастырды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰДБ арасындағы серіктестік адам құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен күш-жігермен ұштасады және азаматтық қоғам өкілдері қатысушы болатын Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігімен қоса, адам құқықтары саласындағы ұлттық тетіктерді институционалдық тұрғыдан нығайтуға ықпал етеді.

🔹🔹🔹

Сегодня проходит второй день онлайн-семинара «Мониторинг закрытых учреждений участниками Национального превентивного механизма (НПМ) и рекомендации по составлению отчетности».

Семинар организован в рамках совместного проекта Программы развития ООН в Казахстане (ПРООН) и офиса Уполномоченного по правам человека в РК по усилению эффективности национальных правозащитных механизмов.

Участники рассмотрели особенности превентивных посещений учреждений КУИС, документирования фактов нарушений прав лиц, содержащихся в учреждениях пенитенциарной системы и составления отчетов с рекомендациями по улучшению условий содержания и обеспечения прав осужденных лиц, а также психологические аспекты вопросы безопасности участников НПМ во время монитринговых посещений.

Партнерство Уполномоченного по правам человека и ПРООН сопровождается совместными усилиями в сфере защиты прав человека и способствует институциональному усилению национальных правозащитных механизмов, включая Национальный превентивный механизм против пыток, участниками которого выступают представители гражданского общества.

#undpkazakhstan
#undp
​​Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі әскери қызметкерге тұрғын үй төлемін алуға көмектесті

Әскери қызметшінің әйелі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкіліне тұрғын үй сатып алу үшін ақшалай өтемақы алуға жәрдемдесу туралы өтінішпен хабарласты.

Арызданушының күйеуі қызмет еткен әскери бөлім Шымкент гарнизоны Әскери сотының 30 миллион теңгеден астам ақшалай өтемақы мен сот шығындарын төлеу туралы шешімін орындаудан бас тартқан.

Өз кезегінде Уәкілдің өңірдегі өкілі осы мәселені шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және Жамбыл облысы Әділет департаментіне өтініштер жолдады.

Нәтижесінде, әскери қызметшінің отбасына тиесілі өтемақы сомасы мен сот шығындары толық төленіп, заң бұзушылыққа кінәлі тұлғаға сөгіс жарияланды.

Әскери қызметшілердің Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, олар тұрғын үй төлемдерін алуға, ипотекалық несиені пайдалана отырып, тұрғын үй-жайға меншік құқығын алуға, тұрғын үйді жалға алуға, кейіннен сатып алуға, бұрын алынған несиені өтеуге, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және т.б. құқылы.

🔹🔹🔹

Представитель УПЧ по Жамбылской области помог военнослужащему получить жилищную выплату

К представителю Уполномоченного по правам человека по Жамбылской области обратилась супруга военнослужащего с просьбой об оказании содействия в получении денежной компенсации на приобретение жилья.

Войсковая часть, в которой походит службу супруг заявительницы, отказывалась от исполнения решения Военного суда Шымкентского гарнизона об уплате денежной компенсации свыше 30 млн тенге и судебных издержек.

В свою очередь, представитель Омбудсмена с целью решения вопроса, направила ходатайства в Министерство обороны РК и Департамент юстиции Жамбылской области

В результате, сумма компенсации и судебные издержки, причитающиеся семье военнослужащего, были выплачены в полном объеме, а ответственное лицо, допустившее нарушение при выплате, получило выговор.

Отметим, что военнослужащие, согласно Правилам обеспечения служебным жилищем военнослужащих, имеют право на получение жилищных выплат, которые могут использовать на приобретение в собственность жилого помещения с использованием ипотечного кредита, аренду жилья, в том числе с последующим выкупом, погашение ранее полученного займа, улучшение жилищных условий и т.д.
​​Ақмола облысында 1690 теңге қарызы үшін зейнеткердің үйінің электр жарығын өшіріп кеткен

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліне жергілікті қария электр қуатын қосуға көмек көрсетуді сұрап жүгінді.

Арызданушының айтуынша, ол жалғыз тұрады, еңбек ардагері, сондай-ақ 2 топтағы мүгедек.

Маусым айының соңында үйіне оралған ол электр желісі қызметкерлерінің пәтеріндегі электр жарығын өшіріп жатқанын көреді. Зейнеткердің жарықты өшірмеу туралы өтініші еленбеген.

Уәкіл өкілі аймақтағы энергетикалық желі мекемесі басшысымен жеке телефон арқылы сөйлесіп, арызданушының 1690 теңге қарызы бар екенін анықтады.

Барлық мән-жай белгілі болған соң, зейнеткер өңірдегі өкілмен бірге, су электр станциясына келіп, қарызын төлеген. Қазіргі уақытта өтініш берушіге электр жарығы айыппұлсыз қосылды.

🔹🔹🔹

В Акмолинской области пенсионеру отключили электричество за долг в 1690 тенге

К представителю Уполномоченного по правам человека по Акмолинской области обратился пожилой мужчина с просьбой оказать помощь в подключении электричества. По словам заявителя, он проживает один и является ветераном труда, а также инвалидом 2 группы.

В конце июня, вернувшись домой, он застал сотрудников местной энергосети, которые отключали электроэнергию в его квартире. Просьба пенсионера не отключать свет была проигнорирована.

Представитель Омбудсмена в личном телефонном разговоре с руководителем энергосети выяснил, что у заявителя имеется задолженность в размере 1 690 тенге.

После выяснения всех обстоятельств, пенсионер в сопровождении представителя приехал в ГЭС и оплатил задолженность. В настоящее время электричество обратившемуся подключено без штрафных санкций.
​​Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді ұлттық мерекеміз – Астана күнімен құттықтаймын! Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанды және оның қарқынды дамуының символы – елордамыз Астананы ұлықтап, еліміз үшін маңызды күнді атап өтеміз.

Астана – еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, әлемнің барлық аймағынан келген адамдар үшін үлкен мүмкіндіктер қаласы. Мұнда әркім өз орнын тауып, армандарына қол жеткізуде.

Елордамыз әлдеқашан халықаралық аренада ерекше сәулетімен, заманауи келбетімен көз тартатын танымал әрі сұлу қалаға айналды. Зәулім ғимараттар, заманауи саябақтар мен мәдени орындар бас қаланы әдемі етіп қана қоймай, өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы қалаға айналдыруда.

Сонымен қатар, Астана жиі саяси келіссөздер мен ірі оқиғалар алаңына айналды. Күні кеше ғана өткен Астана экономикалық форумы, Еуразиялық медиа форум, халықаралық цифрлық технологиялар форумы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті – соның бір парасы ғана. Бұл іс-шаралар қаламыздың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға септігін тигізеді.

Барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын салтанаты шалқыған бас қаламыздың мерекесімен құттықтаймын! Келбеті күн санап келіскен, қазақтығымызды әлемге паш ететін өркениетті ордамыз тек құлпырып, көркейе берсін!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Артур Ластаев

🔹🔹🔹

Дорогие казахстанцы!

Поздравляю вас с государственным праздником – Днём столицы! Сегодня мы отмечаем важный для нашей страны день, чествуя Астану – символ независимого Казахстана и его стремительного развития.

Астана – это город возможностей, притягивающий к себе не только людей со всех уголков нашей страны, но и со всего мира. Здесь каждый может найти своё место и реализовать свои мечты.

Наша столица давно стала узнаваемым на международной арене городом, привлекающим внимание своей уникальной архитектурой и современностью. Величественные здания, современные парки и культурные объекты делают Астану не только красивой, но и комфортной для жизни и работы.

Кроме того, Астана часто становится площадкой для политических переговоров и проведения крупных мероприятий. Астанинский экономический форум, Евразийский медиафорум, Международный форум цифровых технологий и прошедший буквально на днях саммит Шанхайской организации сотрудничества – лишь некоторые из них. Эти события не только подчеркивают значимость нашего города, но и способствуют развитию международного сотрудничества и обмену опытом.

Поздравляю всех жителей и гостей столицы с этим замечательным праздником! Желаю нашему городу дальнейшего процветания и благополучия. Пусть Астана продолжает вдохновлять и радовать нас своей красотой!

С уважением,
Уполномоченный по правам человека в РК
Артур Ластаев
Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі әлеуметтік орталықта мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді сақтау фактілерін анықтады

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі облыстық No1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болды.

Әлеуметтік қызмет көрсету сапасын тексеру барысында Омбудсмен өкілі жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттың сақталу орнын анықтады.

Бару қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс жіберілді.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының қаулысымен орталықтың лауазымды тұлғасына айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта айыппұл толығымен төленген.
 
🔹🔹🔹

Представитель Омбудсмена по Кызылординской области выявил факты хранения просроченных лекарств в социальном центре

Представитель Уполномоченного по правам человека по Кызылординской области посетил областной Центр оказания специальных социальных услуг №1.

В ходе ознакомления с качеством оказания социальных услуг, представителем Омбудсмена выявлен факт хранения лекарственного средства с истекшим сроком годности.

По итогам посещения была направлена рекомендация в соотвествующие государственные органы.

В результате, постановлением руководителя департамента Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения РК по Кызылординской области должностному лицу центра наложен штраф.

На данный момент штраф полностью оплачен.
Омбудсменнің Ақтөбе облысы бойынша өкілі спортшы балалардың құқығын қалпына келтірді
 
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Есет батыр атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде болды.
 
Бару кезінде ол бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, сондықтан Уәкіл өкілі тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдады. Сонымен қатар, аталған білім ошағында тұрып жатқан және оқитын балалардың құқықтарының сақталуына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Нәтижесінде мекеме басшысы мен 4 қызметкері қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
 
Қазіргі таңда анықталған кемшіліктер толығымен жойылды.
 
🔹🔹🔹

Представитель Омбудсмена по Актюбинской области восстановил права детей-спортсменов
 
Представитель Уполномоченного по правам человека по Актюбинской области посетил областную Специализированную школу-интернат-колледж олимпийского резерва имени Есет батыра.
 
В ходе посещения был выявлен ряд нарушений, в связи с чем представитель Омбудсмена направил рекомендации в соответствующие государственные органы. Кроме того, была проведена разъяснительная работа касательно соблюдения прав детей, проживающих и обучающихся в данном учебном заведении.
 
В результате руководитель и 4 сотрудника учреждения получили дисциплинарное взыскание в виде строгого выговора.
 
В настоящее время выявленные недостатки полностью устранены.
Омбудсменнің Ақмола облысы бойынша өкілі еңбек құқықтарын қалпына келтіруге көмектесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліне Ерейментау қаласының тұрғыны хабарласты.

Әйел өзі жұмыс істейтін ұйым басшысы екі айдан бері бүкіл жұмыс күшіне жалақы бермегенін айтты.

Уәкілдің өңірдегі өкілі кәсіпкерге заңнама талаптарын сақтау қажеттігі туралы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерге жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша міндеттемелер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкер сол күні  қызметкерлерге бір миллион теңгеден астам жалақы төледі.
Ұйым қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтірілді.
 
 🔹🔹🔹

Представитель Омбудсмена по Акмолинской области оказал содействие в восстановлении трудовых прав

К представителю Уполномоченного по правам человека по Акмолинской области обратилась жительница города Ерейментау.

Женщина рассказала, что руководитель организации, в которой она работает, уже в течении двух месяцев не выплачивает заработную плату всему трудовому коллективу.

Представитель Омбудсмена провел разъяснительную работу с предпринимателем о необходимости соблюдения законодательства и обязательств по погашению задолженности по заработной плате сотрудникам согласно Трудовому кодексу РК.

В результате принятых мер задолженность по заработной плате в сумме более одного миллиона тенге была погашена в тот же день.

Права работников организации восстановлены.
Омбудсменнің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі мүгедектігі бар әйелді қарттар үйіне орналастыруға көмектесті

Ағымдағы жылдың маусым айында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіліне Орал қаласының 2 топ мүгедегі - 71 жастағы тұрғын хабарласқан.

Қарт кісі Орал қаласында жалдамалы баспанада жалғыз өзі тұрады. Қазіргі уақытта денсаулығына байланысты өзіне күтім жасай алмайтындықтан, оны қарттар үйінің біріне орналастыруға көмек сұраған.

Уәкілдің өңірдегі өкілі құзырлы мемлекеттік органдарға хабарласып, құжаттарды Батыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және Орал қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жедел дайындауға көмек көрсетті.  

Нәтижесінде өтініш беруші «Бәйтерек» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына орналастырылды.

Арызданушы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіліне мәселені тез арада оң шешкені үшін алғысын білдірді.

🔹🔹🔹

Представитель Омбудсмена по ЗКО оказал содействие в размещении женщины с инвалидностью в Доме престарелых

В июне текущего года к представителю Уполномоченного по правам человека по Западно-Казахстанской области обратилась 71-летняя жительница Уральска, имеющая инвалидность 2 группы.

Пожилая женщина проживает в городе Уральск одна в съемном жилье. В настоящее время по состоянию здоровья не может ухаживать за собой, поэтому попросила оказать помощь в размещении её в один из Домов престарелых.

Представитель Омбудсмена, в свою очередь, обратился в компетентные государственные органы, оказал помощь в оперативном оформлении документов для подачи их в Управление координации занятости и социальных программ ЗКО и Отдел занятости и социальных программ города Уральска.

В итоге заявительницу разместили в Центре оказания специальных социальных услуг «Байтерек».

Обратившаяся поблагодарила представителя Уполномоченного по правам человека по Западно-Казахстанской области за оперативное положительное решение вопроса.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ата Заңымызда әрбір азаматтың орта біліммен қатар жоғары білім алуына конкурстық негізде кепілдік берілген.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Жанар Биғалиева Уәкілдің сотталғандарға оқшаулау жағдайында жоғары білім алу мүмкіндігін беру туралы бастамасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

🔹🔹🔹

Конституция РК гарантирует право каждого гражданина на получение среднего образования, а также высшего образования на конкурсной основе.

Представитель офиса Уполномоченного по правам человека в РК Жанар Бигалиева подробно рассказала об инициативе Омбудсмена по предоставлению возможности осужденным получать высшее образование в условиях изоляции.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сотталғандарға жоғары білім алу құқығын беру неге маңызды?

Бұл сұраққа Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Жанар Биғалиева жауап береді.

🔹🔹🔹

Почему важно предоставить заключенным право на получение высшего образования?

На этот вопрос отвечает представитель офиса Уполномоченного по правам человека в РК Жанар Бигалиева.
​​Омбудсменнің СҚО бойынша өкілі муковисцидозбен ауыратын баланы арнайы тамақпен қамтамасыз етуге көмек көрсетті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілінің атына облыс тұрғынынан «кистозный фиброз» (муковисцидоз) диагнозы қойылған баласын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және мамандандырылған тамақтандыруға көмек көрсету мәселесі бойынша өтініш түсті.

Уәкілдің өңірдегі өкілі өтінішті қарап, Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына тиісті сауал жолдады, сондай-ақ басқарма басшылығымен, қызметкерлерімен, медицина және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысымен телефон арқылы сөйлесті.

Нәтижесінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мамандандырылған дәрілік зат – құрғақ тағамдық қоспаны ағымдағы жылдың соңына дейін, келесі жылға азық-түліктің 3 айлық қорымен қоса сатып алуға өтінім берді.

Сондай-ақ басқарма «СК-Фармация» ЖШС-не жергілікті бюджет есебінен қажетті дәрі-дәрмек сатып алуды растау туралы өтініш жолдады.

🔹🔹🔹

Представитель Омбудсмена по СКО оказал содействие в предоставлении спецпитания ребенку с муковисцидозом

К представителю Уполномоченного по правам человека по Северо-Казахстанской области поступило обращение от жительницы региона по вопросу лекарственного обеспечения и специализированного питания ее ребенка, имеющего диагноз «кистозный фиброз» (муковисцидоз).

В рамках рассмотрения обращения, представителем Омбудсмена направлен соответствующий запрос в Управление здравоохранения СКО, а также проведены телефонные переговоры с руководством, работниками управления, руководителем Департамента медицинского и фармацевтического контроля.

В результате областным Управлением здравоохранения подана заявка на закуп специализированного лечебного продукта – сухой питательной смеси с расчетом до конца текущего года и 3-х месячного запаса питания на следующий год.

Также управлением направлено ходатайство в адрес ТОО «СК-Фармация» касательно подтверждения закупа необходимого лекарственного средства за счет средств местного бюджета
​​Уәкілдің ШҚО бойынша өкілі «Тыныс алу жолдарының химиялық күйігі» диагнозын аурулар тізіміне қайта қосу туралы бастама көтерді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі уәкілетті органдар және жұртшылықпен бірге аймақтағы зиянды қалдықтардың әсерінен туындайтын «Тыныс алу жолдарының химиялық күйігі» диагнозын аурулар тізіміне қайтару мәселесіне бастамашы болды.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы жұмыс тобы ауру классификаторында «Химиялық заттардың әсерінен жоғары тыныс алу жолдарының зақымдануы» ретінде көрсетілген клиникалық емдеу хаттамасын әзірледі.

Бұл осы өңірдегі зиянды қалдықтардың ауру тудыру деңгейіне сапалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

🔹🔹🔹

Представитель Омбудсмена по ВКО инициировал возвращение в реестр заболеваний диагноза «химический ожог дыхательных путей»

Представителем Уполномоченного по правам человека по Восточно-Казахстанской области совместно с уполномоченными органами и общественностью инициирован вопрос возвращения в реестр заболеваний диагноза «химический ожог дыхательных путей», вызванный воздействием вредных выбросов в регионе.

В настоящее время рабочей группой при Министерстве здравоохранения РК разработан клинический протокол лечения, который отражен в классификаторе болезней как «Поражение верхних дыхательных путей, вызванное воздействием химических веществ».

В дальнейшем это позволит провести качественный анализ уровня заболеваемости в регионе в связи с вредными выбросами.
​​Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі ҚР ІІМ ҚАЖК №6 мекемесіне барған кезде сотталған азамат жеке қабылдау туралы өтінішімен жүгінген.

Кездесу барысында сотталушы 2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап «Модуль-Плюс» ЖШС-де жұмыс істегенін, қызметтік міндеттерін тиісті орындамау туралы ешқандай ескерту алмағанын айтты.

Алайда, ағымдағы жылдың 13 мамырында оған таныс емес мәліметтер негізінде еңбек шартын бұзу туралы хабарлама келген. Бұл ретте, еңбек шартын бұзу туралы хабарлама алдын ала ұсынылмаған, бұл шарт талаптарында көзделген.

Өкіл Ақмола облысы бойынша Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына сотталған адамды жұмыстан босатудың негізділігін тексеру туралы өтінішпен хат жолдады.

Тексеру нәтижесінде ЖШС еңбек заңнамасын бұзу фактісін расталды. Нәтижесінде сотталған азамат жұмыс орнына қайта оралып, мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыты үшін жалақысы төленді. Жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

🔹🔹🔹

Представитель УПЧ по Акмолинской области оказал содействие в восстановлении нарушенных прав осужденного.

В ходе посещения учреждения №6 КУИС МВД РК к представителю Уполномоченного по правам человека по Акмолинской области обратился осужденный с просьбой о личном приёме.

В ходе встречи осужденный сообщил, что с 27 декабря 2023 года он работал в ТОО «Модуль-плюс» и не имел замечаний по исполнению своих обязанностей. Однако 13 мая текущего года ему было выдано уведомление о расторжении трудового договора по докладным, с которыми он не был ознакомлен. При этом, не было заранее предоставлено уведомление о расторжении трудового договора чего требуют условия договора.

Представителем было направлено письмо в Управление по инспекции труда Акмолинской области с запросом на проверку обоснованности увольнения осужденного.

В результате проверки инспекция подтвердила нарушение трудового законодательства со стороны ТОО. В результате чего осужденный был восстановлен на работе, ему была произведена выплата за время вынужденного прогула, а работодатель привлечён к административной ответственности.