Olzhas Hanafin
14.3K subscribers
315 photos
224 videos
72 files
254 links
📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Download Telegram
Olzhas Hanafin
IMG_1803.MOV
Жұма мубарак болсын. Құран жайлы керемет нашид.
Абу Убайда ибн әл-Джаррах (р.а) (2-бөлім)
ұстаз Олжас Ханафин
Сахаба Абу Убайда ибн әл Джаррах (Алла оған разы болсын) 2 - бөлім •
👤Дәріс өтуші: Олжас Ханафин ( Исламтанушы , Нұр Мүбарак университетінің түлегі)
@olzhas_hanafin

Парақшаларымызға тіркеліңіздер!
@muroqabah @yunus__kz @mirasbekuly
Olzhas Hanafin
Video
Біз ішімізден ылғида бірнәрсе істейміз, бастаймыз, ғибадаттарға көңіл бөлеміз, тақуалыққа ұмтыламыз дейміз...
Бірақ кейінге қалдыра береміз!
Неге?
Біз өзімізге әртүрлі себеп айтамыз..
Бірақ, шындығына келгенде
Біріншіден, белгілі бір жүйелі жоспар болмағасын!
Екіншіден, нақты бір құрал болмағасын!!!
Ендеше мына күйбең тірлікте әйел адамдарға ғибадат пен дүниелік істерді ұштастыра білетін, таптырмас жүйелі жоспарлы күнделікті назарларыңызға ұсынамыз!
Бұл күнделіктің қандай артықшылықтары бар?
🖊Заманауи етіп жасау арқылы, қазіргі өмірімізге икемделген!
🔥Әрбір күнге Пайғамбарымыздың с. У. М хадистері
🔥Әрбір күнге дұғалар
🔥Әрбір күнге араб тілінен бір сөз үйрену
🔥Әрбір күнге қанатты сөздер жазылған!

Сонымен қатар намаз оқитын уақыттарыңыз ұмытпас үшін, әрі қосымша намаздарды да еске алып тұру үшін белгілеу орындары қалдырылған!
Күнделікті істейтін жоспарыңызды жазуға. Яғни, азаннан кешке дейінгі үй жұмыс тірліктеріңізді тізіп қойсаңыз, көп істің басын қайыруға көмекші болары сөзсіз!
Әрине, күнделікті зікір, салауат айтуды әдетке айналдыру үшін, оларға да көңіл бөлдік!
☝🏻Жалпы әлем ғұламаларының зерттеулері бойынша, естігенін бірден қағазға түсірген адам ғана ол ақпаратты ұзағырақ есте қалдырады екен! Сол мақсатта әрбір естіген білген, үйренгендеріңізді жазып тұруғада болады!
Жаңа идея туындаса ұмытып кетпей қағазға түсіруіңіз үшінде арнайы орын дайындадық!
Уақытыңыздың бос өтпеуіне септігін тигізетініне сеніміміз мол, өйткені мұнда тіпті күніне оқыған кітаптарыңызды жазып қоятында орын бар!
Ал, осындай 60күнге арналған құнды құралға алдын-ала бар болғаны 690тг жеңілдік бағамен тапсырыс бере аласыз!
22.11.20 баршаға сатылымға шығады (пдф форматта) ол кезде бағасы 1090тг болады!

Достар үлгеріп қалыңыздар бұндай пайдалы да құнды дүниені арзан бағада алып қалуға!
Өміріңізге көп өзгеріс әкеледі деп сенеміз!

"Уақыт қылыш егер оны кеспесең, ол сені шабады" Али р.а

Күнделікті алу үшін: wa.me/77752454903

Немесе: https://www.instagram.com/96tizi немесе https://www.instagram.com/aiy.kz instagramm парақшаларынан ала аласыздар!
Olzhas Hanafin
рамазан_күнделігі_2020.pdf
Рамазан айында тегін таратылған күнделіктің авторы да видеода сөйлеп жатқан кісі.
Olzhas Hanafin
Рамазан айында тегін таратылған күнделіктің авторы да видеода сөйлеп жатқан кісі.
Жаңа күнделік арнайы қыздар үшін ғана және бұл күнделіктен өзгеше.
Forwarded from ✑ Қара сөзбен (Жансанов Медет)
БЕСТСЕЛЛЕР ДЕГЕН НЕ?

Әдетте тиражы көп, саудасы жүрген кітаптарды бестселлер деп мақтап жатады. Бірақ кітаптың бестселлер болуы маңызды емес. Әрине, кітаптағы идеяны көпшілікке жеткізу жолында маркетингті білетіндер түрлі әдістерді кеңінен қолданады.

Бестселлердің нақты өлшемі жоқ. Көптің көңілінен шықса, кең танылса болғаны. Жазған еңбегіңіз ақталмай жатса, кітабыңыздың сатылымы аз болса, уайымға салынып, көңіл күйіңізді түсірмеңіз. Себебі сіз кітапты танымал болу үшін, табыс табу үшін жазбадыңыз ғой. О бастағы ниетіңізге берік болуыңыз қажет.

Белгілі бір кітап көп сатылса, жақсы-жақсы сын-пікірлер айтылса, керемет деп баға беруге асықпаңыз. Ең алдымен өзіңіз оқып көріңіз. Автордың пікірімен келісуге, идеясын қабылдауға міндетті емессіз. Кітап керемет жазылған екен деп те автордың шеңберінен шыға алмай қалып жүрмеңіз. Оның амал жасап, өзін өзгерткен жүйесін қабылдап, сол бойынша өмір сүру де сіздің жолыңыз емес. Кітапты тек пайдалы дүниеге қол жеткізу үшін ғана оқыңыз.

Адал оқырман болуға тырысыңыз. Тек фанат болмаңыз. Белгілі бір автордың фанаты болсаңыз, басқа ондаған-жүздеген одан да мықты авторлардың оқырманы болу мүмкіндігінен мақұрым қалуыңыз мүмкін.
Адам әлсіз болып жаратылды. Әлсіздігімен Аллаға мұқтаж болып, бақытты болады. Дәл солай адамға күш-қуат берілді, сол күш-қуатқа мастанып, Аллаға деген мұқтаждығын сезінбей, бақытсыз болады. Шейх Ротиб ән-Нәблуси
САХАБА АБДУЛЛА ИБН МАСҒҰД(Р.А) ЖӘНЕ ОНЫҢ МҰҒЖИЗАСЫ (1-БӨЛІМ)
ұстаз Олжас Ханафин
Сахаба Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын) және мұғжиза мәселесі (1- бөлім) •
👤Дәріс өтуші: Олжас Ханафин ( Исламтанушы , Нұр Мүбарак университетінің түлегі)
@olzhas_hanafin

Парақшаларымызға тіркеліңіздер!
@muroqabah @yunus__kz @mirasbekuly
قال الإمام مالك:

السنة سفينة نوح، من ركبها نجا ومن تخلَّف عنها غَرِق

تاريخ مدينة السلام ٨/٣٠٩

Сүннет - Нұхтың кемесі секілді. Кім оған мінсе жеңіске жетті, ал кім бас тартса құрдымға ұшырады. Имам Мәлік
Абу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбар ﷺ айтты: "Аллаға дұға етіңдер де, қабыл болатынына нық сеніңдер. Және біліңдер, расында Алла ғапыл болған жүректің дұғасын қабыл етпейді" Хадисті имам Термизи әл-Хаким жеткізді.

Бұдан түсінетіміз дұға қабыл болады деген сеніммен тілеу керек және сұрағанда шынайы жүрекпен, беріліп сұрау керек.
Olzhas Hanafin
https://youtu.be/oJ3Nw-69EdY
Нәзік жанға насихат атты марафонымыздың бір сабағын қабыл алыңыздар.