Біз қазір сондай заманда өмір сүріп жатырмыз, психологияға ұмтылып емес, Алланың дініне азу тістермен жармасып, Алладан кәпір болып кетуден күнде пана сұрайтын жағдайдамыз.
Хадисте ақыретке жақын адамдар: “таңды мұсылман болып, кешті кәпір болып батырады” делінген. Алла баршамызды сақтасын. Дінге берік болумен ғана бұл заманның түрлі фитнасынан аман қалуға болады. Ол фитнадан ешкім амандықта емес.
Фитна дегеніміз бүлік. Қазір Исламға қатысты айтылып жатқан түрлі жалған күмәндар, теріс ойлар, барлығы бүлік, мұсылмандардың иманын тексеретін үлкен сынақ. Сол сынақтан өту үшін тек Ислам дінін жақсы ұстануға тырысып, оны көбірек тануға әрекет жасау керек. Және жалған психологтар арқылы емес, шынайы Ислам ғалымдары арқылы тану керек. Сол кезде бір үміт болады иншаа Алла.

Ақида оқыңыздар. Фиқһтың құлшылық бабын барынша білуге тырысыңыздар. Ақидадан Ерсін ұстаздың ютубта сабақтары бар. Аз-аздан болса да не дұрыс, не бұрыс екенін ажыратып бастайсыздар. Сосын әрине баршамыз амалға мұқтажбыз. Алла Тағала мен сіздің араңызда жасырын бір амалыңыз болсын Алла Тағала ғана білетін. Ол да сізді құтқарып қалар. Себебі жасырын амалда нәпсінің үлесі жоқ. Бейшара ешкімге айта алмай жүргеннен шырылдап кетеді. Ықылас та сондай жасырын амалдар арқылы пайда болады.
P/S: “Менде керемет бір жасырын амалдар бар екен деп қалмаңыздар. Алла Тағала кімнің тақуа екенін жақсырақ білуші”.

Forwarded from Orientalist's Notes
Израиль бұл соғыста түбегейлі жеңілді, ең әуелі ақпараттық-идеологиялық қақтығыста, осыны ұмытпағайсыздар.
2023-тің 7-қазан айынан бері әлем Израильдің шынайы бейнесін көрді, кезінде Израильді қолдайтын топтардың өзі залымдарға қарсы позицияға өтті, 1-2 емес, онмыңдаған жан Ислам дінін қабылдады, жүзмыңдаған адам Ислам туралы іздене бастады.
“Нендей күш бұл, қайдан кеп жатқан табандылық? Баласы өліп жатқан адам қалайша ‘Thank You, God!’ деп айтады?”
Осыған дейін бүкіл әлем Холокост себепті еврейлерді “жертва” көретін, ғасыр трагедиясын басынан өткергендер ретінде солардың алдында борыштар сезінетін…
Әлем еврейлердің алдында кінәлі секілді кейіпте-тін… Енді еврейлер қолындағы ең үлкен “madur” (жертва) қаруынан айырылды.
7-қазаннан бері әлем ояна бастағандай…
#Палестина_аяқта_соңына_дейін

Аллаға жақын болуға 4 нәрсе кедергі болады:
1. Шайтан
2. Нәпсі
3. Дүние
4. Адамдар
1. Шайтанның азғыруынан Алладан шынайы ықыласпен пана сұрау арқылы және қарсы шығу арқылы құтыламыз.
2. Нәпсіні ақылға бағындыру арқылы тоқтатамыз. Яғни нәпсінің әр қалауын орындай бермейміз.
3. Дүниеге деген ашкөздіктен (зуһдпен)тәрк етумен емделеміз. Ол шамасы келетін адамға қатысты. Дүниесі онсыз да жоқ, оны тәрк еттім дегені зуһдқа жатпайды.
4. Адамдармен араласуды азайту арқылы емделеміз. Бұл әрине егер оған адамдармен араласу күнәға баруына себеп болса ғана. Ал жалпы адамдармен араласып, оларға сабыр етіп өмір сүру, оңашаланып өмір сүруден қайырлы. (Бұл үлкен тақырып және әр адам жағдайына қарай жеке қаралады)
📚 Тафсир ибн Жузай.
Қосымша түсініктеме Шейх Мужирдің حفظه الله сол кітаптан өткен сабағынан алынды.

من تكلم فيما لا يعلم اتهم فيما يعلم
Кім білмейтін мәселеде сөз сөйлесе, білетін мәселеде надандықпен айыпталады.
©️ Шейх Адхамның подкастынан.

Алланың сүйікті құлы болуына ең тез апаратын жол әрдайым Алла Тағаланың алдында өзің күнәхар сезініп, кешірімін үміт етіп, жағдайың қанша жерден күшті болса да мұқтаж екеніңді сезініп, құлдық сипатты Оған үнемі көрсетіп жүру.
©️ Шейх Рамадан әл-Бути (Алла рахым етсін) сабағынан.

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Адам баласы бұл өмірде мына 8 нәрсемен сөзсіз жолығады:
1. Қуаныш пен қайғы
2. Қосылу мен қоштасу
3. Жеңілдік пен қиыншылық
4. Ауру мен амандық
📚 Араб әдебиеті
1. Қуаныш пен қайғы
2. Қосылу мен қоштасу
3. Жеңілдік пен қиыншылық
4. Ауру мен амандық
📚 Араб әдебиеті
Forwarded from Nurbol Rakhmatilla
Жүректің саулығы екі тараптан қарастырылады:
1. Жүрек ауруларынан таза болуы.
Мысалы: тәкаппарлық, көреалмаушылық және т.б.
2. Жүректегі иманның дұрыс болуы.
Мысалы: Алла Тағаланың сипаттарын білу, пайғамбарлардың сипаттарын тану және т.б.
Егер осы екеуі дұрыс болса, сіз Алламен сау жүрекпен жолығасыз.

Forwarded from Sakenkyzy
Қәзіргі уақытта “исламға саналы түрде келу” деген ұғым тарады. Яғни исламға саналы түрде келмеген екенмін( Алладан қорқып келіппін) деп исламнан бастартпаса да, ішіндегі парыздарынан бетбұрып жатқан кісілер көбейіп жатыр. Бұл уайымдататын дүние.
⠀
Исламға, намазға саналы түрде келу деген не? Дінге тек махаббатпен келу шарт емес қой. Намазға Алладан қорқып келу ол қалыпты. Себебі Құдайдан қорқып келген сахабалар, ғалымдар көп болған. Мысалы Пайғамбарымыз ﷺ дүниені жақсы көретін адамдарға көптеп олжа бөліп беру арқылы жүректерін исламға тартқан.
Мысалы Абу Суфьян р.а сахаба исламды Мекке фатх етілгеннен кейін ғана қабылдайды. Бір сахаба Пайғамбарымызға ﷺ келіп былай дейді: Иә, Алланың елшісі, Абу Суфьян дінді қабылдауға жақын қалды. Ол абыройды, шарапатты жақсы көреді. Соған арнайы бір сөз айтып жібересіз бе дейді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: “кімде-кім үйінің есігін жауып алса амандықта, кім харамның ауласына кірсе амандықта, кім Абу Суфьянның үйінде болса амандықта” деп атын ерекшелеп айтады. Оны естіген Абу Суфян р.а риза болып, исламды бірден қабылдайды. Бұл жерде адамның исламға келуі маңызды. Құдайдан қорқып келе ме, басына сынақ түсіп келе ме, дүниеге қызығып келе ме ол әр адамның жағдайына қарай болады. Бастысы адамның жүрегін бері қаратып алу. Ары қарай ілім алуына, ортасына ниетіне қарай ол адам дінді шынайы ниетпен ұстана бастауы мүмкін. Мысалы Абу Суфьян исламды бастапқыда абыройын көтеретін сөзді естіп барып қабылдағанымен кейінірек “мешіттің көгершіні” деген атқа ие болған.
⠀
Ал Хамза р.а ислам дінін алғаш қабылбағанда “саналы” түрде қабылдамайды. Әбу Жәһилдің Пайғамбарымызды ﷺ жаман сөздер айтып қорлағанын естіп, Хамза р.а туысқандық сезімі оянып, ашумен барып Әбу Жәһлді қолындағы садағымен ұрып: неге менің бауырымды қорлайсыңдар, мен де оның дініндемін, нестейсіңдер ал” деп ашумен айтып жібереді.
⠀
Кейін үйіне оралып жаңағы айтқан сөзін ойланады. Дөңбекшіп ұйықтай алмайды. Исламды қалай қабыл етті? Бауырына жасалған зұлымдыққа шыдамай, ашуланып, Әбу Жәһилді қан жоса қылды. Ата дәстүрлерін соншалықты қастерлеп, киелі тұтқан сенімдерін бірден тастауы мүмкін бе? Өзі мүлдем білмейтін жаңа бір дінге өтуі дұрыс па? Соларды ойлап санасы сан-саққа кеткен Хамза дұға тілеп, Жаратушыға жалбарынады, жүрегіндегі күмәннан арылуын сұрайды. Дұғасы қабыл болып, иманы беки түседі.
⠀
Дәл солай әу баста адам намазға, орамалға дұрыс ниетпен келмеуі мүмкін. Бірақ ары қарай исламды үйреніп, ілім алғаннан соң Алланың хидаятымен бәрін түсіне бастайды. Егер намазға, орамалға саналы түрде келмегенімізді түсінсек, ары қарай одан бастартуды білдірмейді ғой. Неге ары қарай саналы түрде жасауға тырыспасқа.
⠀
Мысалға киім кір болып қалса лақтыра салмаймыз, жуып қайта киеміз. Сол секілді біздің де иманымыз, ниетіміз тазартып тұруға мұқтаж. Сол үшін асығып қажет емес. Ойланыңыз, түскен күмәндарыңызды “білім иелерінен” сұрап көріңіз…

هذا التأخير الذي أحزنك وراءه فرحة عمرك
Біліп қой! Сен қалаған нәрсе кешігіп, көңіліңді түсірсе, оның артында өміріңнің қуанышы бар.
©️ @454e инста парақша.

Forwarded from Akhmedov Yerbol
Түс жору үшін шариғат заңдарын білуің керек. Түс жорушы адам Құран Хадисті, фиқһ ілімін жақсы білуі керек. Ал бұларды білмейтін адам түс жори алмайды. Ілімсіз түс жору, ілімсіз пәтуа берумен тең.
Шейх Әдһам(хафизахулла)
Шейх Әдһам(хафизахулла)
Forwarded from Абылай Кенжалы
Шейх Әдһәм айтпақшы түс жору да – пәтуә берудің бір түрі. Оны тек лайықтылар, сол ілімді терең оқығандар ғана жори алады.
Кімде-кім білімсіз түрде түс жорыса, білімсіз күйде пәтуа берген адамның күнәсін арқалайды.
Кейбір түс жорушылар Ибн Сириннің кітабынан оқып-ақ жори береді. Ибн Сириннің түс жору кітабы өзі өлгеннен кейін бірнеше ғасырдан кейін барып жазылған.
Мысалға кімде-кім түсінде бір үйден екінші үйге ұшып бара жатқанын көрсе, сол адамның мына дүниеден екінші дүниеге ұшып бара жатқанын, жақында өлетінін айтып адамдарды қорқытатын түс жорушылар да бар.
Ғалымдар сол секілді түстерді мүлде олай жорымағанын біліңіз. Ғалымдар сол түсті көрген адам, бір халден екінші халге ауысатынын айтып жорыған.
Мысалға ұзақ уақыт кедей болған адамның аяқ асты байитынын. Ұзақ уақыт қиналып, ауырып жүрген адамның емделетінін т.с.с. айтып жорыған.
Тіпті шейх айтпақшы кейбір адамдар мына дүниедегі көзі анық жеткен нәрсеге амал етудің орнына, өзі ұйқыдағы ғапыл кезіндегі түске ғана амал етеді.
Он жылдап ілім алмай, түсінде біреу келіп ілім ал десе, соған иланып қана ілім алып кететіндер бар.
Сол себептен түс жоруға яки түсті иләһи немесе шайтани деп кесімді түрде айтуға асықпаңыз.
Кей ғалымдар иләһи түстер басынан бастап, соңына дейін анық көрініп әрі бірнеше уақыт жалғасатынын айтқан.
Ал түсіңде керемет бір іліми мәжілісте отырып, шейх келейін деп жатқан кезде оянып кетсең, түсің үзіліп-кесіліп қалған қияли бір ой ғана.
Қорытындылай келе түс деген нәрсеге шамадан тыс маңыздылық бермеңіз.
Бір түске бола бүкіл уақытыңызды уайымда өткізіп, қайғығa батып кетпеңіз.
Істі Аллаға тапсырып, тек жақсылыққа жорыңыз.

Біліп қой! Нәпсіге беріліп күнә жасап қойсаң, оның төленетін ақысы жүрегіңнің сол күнәға дейінгі тазалығы.
©️ Ахмад Сайид
©️ Ахмад Сайид
Дінді қолда шоқ ұстаумен тең болатын заман келеді делінген ғой хадисте. Біреуге ол оңай көріну мүмкін, бірақ қаншама мұсылмандар бар шынымен қиналып жүрген.
Біреуінде жақсы орта жоқ, басқасы нәпсіне қатты беріліп кеткен және т.б. Инстаграмда түрлі жалған нәрселерді айтатын видеолар тағы бар. Қысқасы кімді тыңдарын, не оқитынын білмей жүргендер бар.
Қарапайым бір жолы бар, бірақ оған да сабырлық керек. Мешіттегі ұстаздардың сабағына қатысып, сол сабаққа қатысатын ортамен араласып кету.
Алла баршамызға һидаят берсін.

Кімде-кім шариғаттағы тыйымдарды естігісі, оқығысы келмесе, ол адам шариғат бойынша өмір сүргісі келмейді.
Ислам діні тек сүйіншілеуден тұрмайды. Алла Тағала тек жәннатты уәде еткен жоқ.
Менің азабым қатты деп, өзіне қарсы шыққандарды тозақпен қорқытты. Осыны да ұмытпауымыз керек.

Алла Тағаланың рахымы мен кешірімі сенің жасаған кез келген күнәңнан үлкен. Ендеше үмітіңді үзбе, тәубеге асық. Шынайы тәубені Алла Тағала әрқашан қабыл етеді.
Күндіз жақсы амал жасай алмай қалсаң, оның орнын басатын сенде түн бар екенін ұмытпа. Сол жасай алмаған жақсылығыңды түнде жаса.
Жақсылықтың сауабы еселенетін маусымдар бірінен соң бірі келеді. Бір маусымда жақсылықты еге алмасаң, алдағы маусымда мүмкіндік бар.
Осы айдың емтиханынан құласаң, келесі айдың емтиханын жақсы тапсыра аласың.
Ендеше әр маусымның орнын басатын маусым бар. Бастысы ажал келмесе болды. Бірақ та ажал қашан келетінін білесің бе?
#зулхижжа
©️Шейх Али Тантауи(Алла рахым етсін)
📚 Суарун уә хауатыр, “жаңа жыл” атты мақала.