Olzhas Hanafin
13.2K subscribers
313 photos
224 videos
70 files
254 links
📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Download Telegram
Жақсымен дос болу жалғыздықтан қайырлы. Ал жалғыздық жаман достан қайырлы.

P/S: жақсы дос сенің ақыретіңді уайымдайтын, болмысы Алла Тағаланы саған еске салатын дос.
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
Адам басынан өткен ауыр күндерді ұмытар, бірақ, сол күндері бірге болған жандарды әрдайым еске алып жүреді

Әдһам Шарқауи
لَا تَدْرِى لَعَلَّ ٱللَّهَ يُحْدِثُ بَعْدَ ذَٰلِكَ أَمْرًا

(Қайдан білесің,) бәлкім, Алла бұдан кейін мүлдем басқа жағдай туғызар.

«Талақ» сүресі، 1 аят.
Аллаға бағынғысы келмей, такаппарлықпен өзінің күнәсін ақтайтын адам мен әлсіздігін мойындап, күнә жасап қоятын адамның арасы жер мен көктей.

Екіншісі бір күні тәубесіне келеді иншаа Алла.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Басқаның бақытын құнсыздандырма.

Біреу таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ одан кейін отбасына, бала-шағасына оралып, мауқын басып, бақытты сәттерін кешеді. Ол да – бақытты.

Біреу таңнан кешке дейін адамдарды емдеп, олардың алғысын алады. Олардың қуанғанын көреді. Ол да – өз еңбегімен бақытты.

Оларға келіп: “Осы да өмір ме? Кәсіппен айналысып миллион тап…” деп оның бақытын құнсыздандырма.

Адам бақытты болу үшін міндетті түрде миллиондаған доллар тауып, үлкен бизнесмен болу қажет деген сөз жоқ.

Өзіңнің пайымыңдағы бақыт ұғымын басқаларға да тықпалап әуре болма.

Әркім өз өміріне сай бақытты.
Жүрегіңде ақыреттің орнын білгің келсе, оған қаншалықты уақыт бөліп жатқаныңа қара.

©️ Ясир Хузайми
Құранда Алла елшілерінің жеткізулерін мубин деп сипаттайды. Яғни анық, ашық, түсінікті сөз. Құранның да, Алла елшісінің сөздері де анық, ашық, түсінікті. Ислам дінінің үлкен ерекшеліктерінің бірі діннің барлық негізгі мәселелері анық баяндалған.

Ал енді қазір кейбіреулер дағуатты түсініксіз тілде жеткізгісі келеді. Және өкініштісі жұрт сол түсініксіз сөзді бір керемет сөздей қабылдап, оларды үңіліп тыңдайды. Түсінбесе өзінен көреді.

Естеріңізде болсын, дағуаттың жолы ешқашан ондай болмаған. Дағуат, яғни Исламға, ақиқатқа, жақсылыққа шақыру анық, ашық, түсінікті тілде баяндалады.

Жазбасам болмады….
Біз қазір сондай заманда өмір сүріп жатырмыз, психологияға ұмтылып емес, Алланың дініне азу тістермен жармасып, Алладан кәпір болып кетуден күнде пана сұрайтын жағдайдамыз.

Хадисте ақыретке жақын адамдар: “таңды мұсылман болып, кешті кәпір болып батырады” делінген. Алла баршамызды сақтасын. Дінге берік болумен ғана бұл заманның түрлі фитнасынан аман қалуға болады. Ол фитнадан ешкім амандықта емес.

Фитна дегеніміз бүлік. Қазір Исламға қатысты айтылып жатқан түрлі жалған күмәндар, теріс ойлар, барлығы бүлік, мұсылмандардың иманын тексеретін үлкен сынақ. Сол сынақтан өту үшін тек Ислам дінін жақсы ұстануға тырысып, оны көбірек тануға әрекет жасау керек. Және жалған психологтар арқылы емес, шынайы Ислам ғалымдары арқылы тану керек. Сол кезде бір үміт болады иншаа Алла.
Ақида оқыңыздар. Фиқһтың құлшылық бабын барынша білуге тырысыңыздар. Ақидадан Ерсін ұстаздың ютубта сабақтары бар. Аз-аздан болса да не дұрыс, не бұрыс екенін ажыратып бастайсыздар. Сосын әрине баршамыз амалға мұқтажбыз. Алла Тағала мен сіздің араңызда жасырын бір амалыңыз болсын Алла Тағала ғана білетін. Ол да сізді құтқарып қалар. Себебі жасырын амалда нәпсінің үлесі жоқ. Бейшара ешкімге айта алмай жүргеннен шырылдап кетеді. Ықылас та сондай жасырын амалдар арқылы пайда болады.

P/S: “Менде керемет бір жасырын амалдар бар екен деп қалмаңыздар. Алла Тағала кімнің тақуа екенін жақсырақ білуші”.
Forwarded from Orientalist's Notes
Израиль бұл соғыста түбегейлі жеңілді, ең әуелі ақпараттық-идеологиялық қақтығыста, осыны ұмытпағайсыздар.

2023-тің 7-қазан айынан бері әлем Израильдің шынайы бейнесін көрді, кезінде Израильді қолдайтын топтардың өзі залымдарға қарсы позицияға өтті, 1-2 емес, онмыңдаған жан Ислам дінін қабылдады, жүзмыңдаған адам Ислам туралы іздене бастады.

“Нендей күш бұл, қайдан кеп жатқан табандылық? Баласы өліп жатқан адам қалайша ‘Thank You, God!’ деп айтады?”

Осыған дейін бүкіл әлем Холокост себепті еврейлерді “жертва” көретін, ғасыр трагедиясын басынан өткергендер ретінде солардың алдында борыштар сезінетін…

Әлем еврейлердің алдында кінәлі секілді кейіпте-тін… Енді еврейлер қолындағы ең үлкен “madur” (жертва) қаруынан айырылды.

7-қазаннан бері әлем ояна бастағандай…

#Палестина_аяқта_соңына_дейін
Аллаға жақын болуға 4 нәрсе кедергі болады:

1. Шайтан
2. Нәпсі
3. Дүние
4. Адамдар

1. Шайтанның азғыруынан Алладан шынайы ықыласпен пана сұрау арқылы және қарсы шығу арқылы құтыламыз.

2. Нәпсіні ақылға бағындыру арқылы тоқтатамыз. Яғни нәпсінің әр қалауын орындай бермейміз.

3. Дүниеге деген ашкөздіктен (зуһдпен)тәрк етумен емделеміз. Ол шамасы келетін адамға қатысты. Дүниесі онсыз да жоқ, оны тәрк еттім дегені зуһдқа жатпайды.

4. Адамдармен араласуды азайту арқылы емделеміз. Бұл әрине егер оған адамдармен араласу күнәға баруына себеп болса ғана. Ал жалпы адамдармен араласып, оларға сабыр етіп өмір сүру, оңашаланып өмір сүруден қайырлы. (Бұл үлкен тақырып және әр адам жағдайына қарай жеке қаралады)

📚 Тафсир ибн Жузай.

Қосымша түсініктеме Шейх Мужирдің حفظه الله сол кітаптан өткен сабағынан алынды.
من تكلم فيما لا يعلم اتهم فيما يعلم

Кім білмейтін мәселеде сөз сөйлесе, білетін мәселеде надандықпен айыпталады.

©️ Шейх Адхамның подкастынан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алланың сүйікті құлы болуына ең тез апаратын жол әрдайым Алла Тағаланың алдында өзің күнәхар сезініп, кешірімін үміт етіп, жағдайың қанша жерден күшті болса да мұқтаж екеніңді сезініп, құлдық сипатты Оған үнемі көрсетіп жүру.

©️ Шейх Рамадан әл-Бути (Алла рахым етсін) сабағынан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Адам баласы бұл өмірде мына 8 нәрсемен сөзсіз жолығады:

1. Қуаныш пен қайғы
2. Қосылу мен қоштасу
3. Жеңілдік пен қиыншылық
4. Ауру мен амандық

📚 Араб әдебиеті