Olzhas Hanafin
14.3K subscribers
315 photos
224 videos
72 files
254 links
📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Download Telegram
Емі жоқ ауру – ақымақтық.

©️ Ибн әл-Жаузи رحمه الله
Olzhas Hanafin
Емі жоқ ауру – ақымақтық. ©️ Ибн әл-Жаузи رحمه الله
Ол егер табиғатынан болса онда емі жоқ десе болады.

Алайда егер оқымағаннан, көпті көрмегеннен болса онда оның емі бар, яғни оқу, білу, тәжірибе жинау арқылы сол бір ақымақтығын кетіре алады дейді ибн әл-Жаузи رحمه الله.
Алла Тағаланың хақысына, ақыретке қатысты бәріміз ақымақпыз негізі.

يَٰٓأَيُّهَا ٱلْإِنسَٰنُ مَا غَرَّكَ بِرَبِّكَ ٱلْكَرِيمِ

Уа, адам баласы! Сені Кәрим (асқан жомарт, шексіз шарапат иесі) Раббың жайлы азғырып, алдаған не еді?!
(«Инфитар» сүресі 82:6)

Осы аятқа қатысты Шейх Махмуд Дахла حفظه الله айтады:

“Алла Тағала құдды бір өзі жауабын беріп тұрғандай. Себебі өзінің Кәрим сипатын айту арқылы сөгіп жатыр. Яғни Алла Тағала әр адамды күнәсі үшін бірден жазалайтын болғанда ешкім күнә жасамас еді. Сондықтан бізді алдап тұрған нәрсе ол Алла Тағаланың мейірімі, рахымы”.
“Дұшпаны жоқтың, ұстанымы жоқ”

©️ Ясир Хузейми
Шынайы дос сенің көңіліңді түсірген нәрсе оның да көңілін түсіреді. Сені қуатқан нәрсе оны да қуантады.

©️ Ибн Хазм
Араларыңызда Евро-2024 ставка қойып жүргендер жоқ шығар деп үміттенемін.

1 теңге тіксең де харам болады!
Forwarded from Orientalist's Notes
Шамдық ұстазым - шейх Холид Харса (حفظه الله), күндердің-күні бір тойға барған екен. Алайда ол тойда ішімдік бар, түрлі әншілер жүрген көрінеді.

Шейх өзінің әдемі сүннет киімін киіп, әтірленіп, тап-таза боп барады.

Тойға бара салып ортаға шығып, әншіден микрофонды сұраған. Айналадағылар күледі дейді, микрофонды қайтесіз деп…

2-3 минут қана бере тұрсаң, айтар тілегім бар дейді. Содан микрофонды қолына алады да, былай деп айтады:

— Ассаляму’алейкум уа рахматуллаһ! Мен сіздерді Алла разылығы үшін жақсы көремін және Қиямет күнгі азабынан қорқамын. Ұлық Алладан менің және сіздердің хәлдеріңізді туралыққа салсын деп өтінемін, менің және сіздердің күнәларыңызды кешірсін деп тілеймін. Ей, Алланың пенделері, шынында Алла, сендерді Өзіне шақыруда. Ей, Алланың пенделері, тәубе етіңдер. Ей, Алланың пенделері, шынында мешіт сендерді күтуде. Ассаляму’алейкум уа рахматуллаһ!

Сөйтеді де шейх шығып кетеді. Артынан 4-5 адамның бірге шыққанын да аңғарады. Тап сол адамдар артынан еріп мешітке келген және сол адамдар мешіттің тұрақты жамағатына айналған екен.

#ғалымдар_өсиеті
Әрқашан Раббыңа сен. Рабыңның әрбір ісі хикмет екенін ұмытпа. Иа, кейде Алла Тағала кейбір шамалы қаттылау сынақпен сынауы мүмкін, алайда Раббыңды ол үшін ешқашан сөгуші болма!

Біліп қой! Бұл сынақ сен үшін дауа. Кейін сол сынақтың жемісін көре бастайсың. Бұл нәрседен біз ғибрат алуымыз керек.

Адам баласы әлсіз жаратылған. Сынақтың басында неге олай болды деп сабырсыздық танытуы мүмкін. Бірақ сенің Аллаға деген сенімің күшті болса, ол секілді сөзді ешқашан айтпайсың.

Алланың жіберген әрбір сынағы тек сіздің жақсылығыңыз үшін ғана.

Тек біз одан ғибрат аламыз ба, жоқ па мәселе осыда.

©️ Шейх Рамадан әл-Бути رحمه الله.

P/S: Курсивпен жазылған сөздер өзімдікі.
Forwarded from Arsen Izbanov
ИСЛАМСКАЯ ПСИХОЛОГИЯ, ГЛУБИНЫ СОЗНАНИЯ, ПСИХОСОМАТИКА

https://youtu.be/g8f6t5-iz8U?si=_rStyHmufmIYg7f0
Алланың қалауымен көптен күткен «Ризық кілттері және мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы» кітабымыз жарық көрді.

Бұл еңбекте мұсылманның дүниемен қарым-қатынасы, ризық кілттері, исламдағы байлық пен кедейлік және басқа да тақырыптар жан-жақты қамтылған. Бұл еңбекті оқу арқылы тәуекел, ниет, шүкір, тәубе секілді көптеген жүрек ілімдерін де тереңірек түсінуге болады. Аталмыш кітап дініміздің нәзік мәселелерін оқып-білуге ықыласты барша оқырманға арналған.

Бағасы – 4500 тг.

Реквизит:
Каспи: 4400 4302 8616 8023
Халық: 4405 6398 6463 6939

Чекті осы сілтемеге жіберіңіз:

https://wa.me/message/ZNVV5E7ZSGX4C1
Жалғанды теріп, оның жалғандығын дәлелдей бергенше ақиқатты жәйған абзал.

©️ Шейх Мужир әл-Хатыб
1446 жаңа хижри жыл құтты болсын. Алла Тағала осы жылды береке мен қуанышқа толтырып, түрлі пәле-жаладан сақтасын.

1 қаңтарда жаңа өмір бастаймын деп, әлі бастамағандар өзіміздің күнтізбеміз бойынша жаңа өмірді бастасаңыз болады.

🌙 Мухаррам айының 1 күні. 1446 жыл.

Менің хижри бойынша туған күнім 11 мухаррам, 1411 жыл. Бейсенбі күні.

P/S: шариғатта балиғат жас хижри жыл санағымен есептеледі.
Қазіргі заманда екі үлкен садақаны атаса болады:

1. Шариғат оқып жатқан шәкіртті оқуын бітіргенше қамтамасыз ету.

2. Зинадан сақтанғысы келетін баланы үйлендіру
— Мына заманның әулиесі кім?

— Алладан толық дене-мүшесімен қорыққан жастар.

©️ Шейх Мухаммад Уайл әл-Ханбали
Forwarded from Orientalist's Notes
Қаншалықты көп қайырымды істер жасасақ, соншалықты берекеміз артады. Көзге көрінбейтін, қолмен ұстап сезе алмайтын валюта.

Ұстазымыз - шейх Мұхаммед Холид Харса (حفظه الله) айтады:

“Ең жақсы садақа - білім жолындағы адамға берілгені”.

Неліктен?

Себебі білім алған адам ертең елге шарапатын төгеді, қызметін жасайды, әр оқыған білімінің сауабына үлескер боп қалуға мүмкіндік бар.

Мен өзім жеке танитын, шын мойындайтын, ертең елге үлкен ғалым болып оралатын аға-бауырымызға Түркиядан елге қайту үшін (отбасы-бала-шағамен) 1 млн.-ға жуық қаржы қажет болып тұр.

Шынында ұшақ билеттері қымбат, себебі науқан.

Елге қызмет деген - айтыс сақнасынан тұрып бүкілін даттап, тек кемшілікті тізіп айта беру емес. Осындай үлкенді-кішілі істерде де елге қызметіміз көрінеді.

Бей-жай қарамастан қолдан келгенше шын жүректен беруге тырысайық деген үндеу.

Kaspi номер:

+7 707 234 45 45 (Жандос С. деп шығады)
Olzhas Hanafin
Қаншалықты көп қайырымды істер жасасақ, соншалықты берекеміз артады. Көзге көрінбейтін, қолмен ұстап сезе алмайтын валюта. Ұстазымыз - шейх Мұхаммед Холид Харса (حفظه الله) айтады: “Ең жақсы садақа - білім жолындағы адамға берілгені”. Неліктен? Себебі…
Мал-дүние садақадан кемімейді(керісінше оны арттырып, малға береке кіреді).

📚 Хадисті имам Муслим жеткізді.

Ендеше ақшаңыз артып, берекелі болсын десеңіз садақа беріңіз.
Forwarded from Orientalist's Notes
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Oljeken jaily estelik x Abylai Kenzhaly x 2024.pdf
2.1 MB
Жаназаға барар жолда жазылған шұғыл естелігім❤️🫂