Olzhas Hanafin
14.3K subscribers
315 photos
224 videos
72 files
254 links
📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Download Telegram
اللهم لا تقبض روحي إلا وأنا مؤمن بك

Я Аллаһым! Менің жанымды тек мүмін болған халімде ал.
Forwarded from ✑ Қара сөзбен (Жансанов Медет)
Соңғы кездері «қалағанымды сатып аламын» деп мақтанатындар пайда болды. Табысына, қабілетіне, біліміне сеніп айтатын болар.

Бұл қате сенім. Ауыр сөз. «Тапқан табысымның мөлшеріне қарай жұмсаймын» деп айтса бір жөн. Тіпті, мақтанып, жарнамалайтын нәрсе емес. Үндемей, шүкір еткен абзал.

Біз ақшаға да, алтынға да сатып ала алмайтын құнды нәрсе өте көп. Бізді бай етіп көрсететін сатып алып жүрген дүниеміз жай ғана тұтыну. Тұтынушымыз.

Денсаулықты сатып ала алмаймыз. Бір күні денсаулыққа түсетін сынақ келсе, ешқандай ақша адамды бақытты етпейді. Сабырлық та сатылмайды.
Forwarded from Orientalist's Notes
لن يفهمك إلا إثنان، أحدهم مرّ في حالتك، وآخر يحبك جداً

- نجيب محفوظ

Мысырлық қаламгер - Нәгиб (Нәжиб) Махфуз бүй дейді:

“Сені екі түрлі адам ғана түсіне алады: бірі, сенікіндей жолды жүріп өткен, екіншісі, сені қатты жақсы көретін.”

#даналық_ой
Бір жерің ауырып тұрса, ешнәрсе істеуге маза болмайды екен. Ауырмаңыздар.
Ең ашуыма тиетіндер: “бір қызды қатты ұнатып қалдым, ол маған қарамай жүр” деп қайғыратындар. Әсіресе ол адамның сап-сау екенін көрсем қаным басыма шығады.

Ей, мәжнүн! Алла саған қаншама нығмет берді, сен болсаң қызға бола қайғырып жүрсің🤦🏻‍♂️ Ондай адамдардың өмірде мақсаты жоқ деп ойлаймын. Себебі мақсаты болса, махаббат деп қайғырып жүрмес еді.
Бауыржан Әлиұлы ұстаздың өмірден өткеніне бүгін 2 жыл болыпты. Бауыржан ұстаздың өмірден өтуіндей, ешбір ұстаздың өмірден өтуі сонша ауыр тимеді маған. Алла ұстазды рахым етіп, кең жәннатына кіргізсін. Әмин🤲

https://t.me/bauirjanaliuli
Бәрі жақсы болған кезде жақсы ойлау оп-оңай. Алайда қиын сәттерде үміт үзбеу күресті талап етеді.
رَبِّ إِنِّى لِمَآ أَنزَلْتَ إِلَىَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ

«Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да мұқтажбын!».

«Қасас» сүресі, 24 аят.

©️ Мұса пайғамбардың дұғасы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кеше қызым бөлелерімен ойнап болғасын қасыма келіп, сүйіп, “әкетайым менің, саған көңіл бөлмей кеттім бе?” деп еркелетіп жатыр мені😅

Жаңа болса “жылағым кеп тұр” дейді. Неге десек, “әкетай ауырып жатыр” деп өкіріп жыласа бола ма?😭 Жұбатпадық, ішіндегісін шығарып алсын деп шамалы жылап алды.

Қыз деген бөлек қой💕
Саған не болды көңілің түсіп?
Жәннаттан мақрұм қалып, тозаққа кіретін болдың ба?
Еш уайымда! Бұл уақытша дүние ғана…

©️ Файсал Ғанзи
Адамдарға сондай заман келеді, онда ешкім аман қалмайды. Тек суға батып бара жатқан адам секілді дұға еткен адамнан басқа.

©️ Сахаба Хузайфа ибн Яман
Сіздің проблемаңыз ешкімге қызық емес. Әркім өз өмірін сүріп жүре береді. Оған ренжудің де қажеті жоқ.

Алайда қайғы-мұңыңызға ортақтасатын адам болса, ол да бір нығмет.
Мектеп бітіргелі дос болған, сол кездері маған ағалық кеңестерін айтып жүретін Нұрталап деген бауырым бар. Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында “Ұлытау” деген арнаның режиссері. 2009-2011 жылдар аралығында Сәтбаев қаласының жергілікті СТА деген арнада бірге жұмыс істегенбіз.

Не керек, қазіргі диагнозбен ауырып қалған кезімде, сол жылдары болған ұжымның көпшілігіне видео түсірткізіп, әрқайсының маған жолдаған қолдау сөздерін бір видеоға салып, маған жіберді. Әлбетте науқас адамға ондай нәрсе қатты әсер етеді. Қаншалықты риза болғанымды айта алмаймын енді. Әрі 10 жылдай көрмеген бұрынғы әріптестерімді де көріп қалдым.

Алла разы болсын саған бауырым🤲 Бұл жазбаны оқитыныңды білемін.

Бір-бірімізді іспен де, сөзбен де қолдап жүрейік. Қуанышты да, қайғылы да күндері бірге болайық.

#бауырмалдық
Алла Тағала бір жағынан сынақ берсе, басқа жағынан жеңілдікті де береді. Не болса да тағдырға көнеміз ғой. Иманның шарты. Онсыз адамға сынақты қабылдау қиынға соғады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
قيمة الإنسان ما يحسنه

Адамның қадірі қолынан келетін ісінде.

📚 Әл-ләмияту ибн әл-Уәрди

Демек бұл өмірде адамның қолынан ешнәрсе келмесе, қадірі болмайды.
“Мағыналары бір-біріне жақын қолданылатын екі термин бар:

“Итқан” және “Ихсан”.

Итқан дегеніміз – бір істі ең кемел түрде аса шеберлікпен жасау.

Ихсан – сол бір іске махабат қоя отыра шеберлікпен жасау.

Адам жасайтын ісін тек шеберлікпен емес, онымен қоса ихсанмен жасаса, жасампаздықтың шегіне жетері анық».

©️шейх Усәмә әл-Әзһәри (хафизаһулла)
Жақсымен дос болу жалғыздықтан қайырлы. Ал жалғыздық жаман достан қайырлы.

P/S: жақсы дос сенің ақыретіңді уайымдайтын, болмысы Алла Тағаланы саған еске салатын дос.
Forwarded from Beisenali Olzhas (Olzhas Beisenali)
Адам басынан өткен ауыр күндерді ұмытар, бірақ, сол күндері бірге болған жандарды әрдайым еске алып жүреді

Әдһам Шарқауи