Olzhas Hanafin
11.1K subscribers
313 photos
224 videos
70 files
253 links
📚Дін, ілім, пайдалы мағлұмат
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулығыңды сауатсыз дәрігерге тапсыра алмайсың, бірақ дініңді, ақыретіңді қалайша өз маманы емеске тапсырасың?!

Дініңді кімнен алып жүргеніңе мән бер!

©️
Нұрбақыт Айдосұлы
Юнус ибн Ғубайд көп намаз оқып, әрі көп ораза да ұстамаушы еді. Алайда Уаллаһи! Ол Алланың хаққысын орындауға келген кезде, оған әрқашан дайын болатын.

©️ Сәләм ибн Мутиғ немесе басқасы.

📚 Мунжидуль Хатыб
Имам Ахмадтан “таңды қалай аттырдың?” деп сұрадым. Сонда Имам Ахмад: “Раббысы одан парыздарды орындауын, Пайғамбары сүннетті, екі періште ниетті дұрыстауды, нәпсісі бос қалауларды, Ібліс азғындықты талап етіп тұрғанда және өлім періштесі оның ажалын, ал отбасысы одан нәпақа күтіп отырғанда таңымды қалай аттырдым деп ойлайсың?”, – деп жауап қатты.

©️ Марузиден риуаят етілді.

📚 Мунжидуль Хатыб
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
‏قال الفضيل بن عياض -رحمه الله- :

" مَن رَأى مِن أخٍ لَهُ مُنْكَرًا، فَضَحِكَ
فِي وجْهِهِ؛ فَقَدْ خانَهُ " !

📚المجالسة وجواهر العلم ٥/١١٥

“Кім бауырының шариғатқа қайшы амалын көріп тұрып, жүзіне күліп қараса оған қиянат қылғаны”, – дейді Фудайл ибн Ғияд

📚 әл-Мужаласа уә жауаһируль ғилм
Ибн Аббастан жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ айтты:

“Кім қажылық парызын орындауды қаласа, онда ол адам асықсын”.

📚 Мусанниф ибн Аби Шайба

Ханафи мазһабында қажылыққа баруға шамасы жеткен адам бірден сол жылы қажылықты орындауы міндет.

P/S: умра емес, қажылық айтылып жатыр. Умраның үкімі сүннет.
Түнде 10 сағат ұйықтап, күндіз 10 сағат әлеуметтік желілерде уақыт өткізіп: “Неге менің-ақ осы жолым болмайды?” деген сөзді айтуға хақың жоқ.
Үмметті нағыз құрдымға апаратын нәрсе сынақ күндерде күнә жасауды тоқтатпау.

©️ Сахаба Нұғман ибн Башир

📚 Шейх Мухаммад Аууамының حفظه الله инстаграм парақшасы.

Түрлі мұсылман елдерінде болып жатқан қиыншылықтарды көріп, мұсылмандардың күнәні (ең кемі үлкен күнәларды тәрк ету) тастамаулары, нағыз құрдым деген сөз.
Биыл отбасыммен умраға барғым келген, алайда Алланың жазғаны басқаша болды. Қажылық парызын өтеуге қатты қызығып жүргенмін. Енді ол қажылық парызын орындауға денсаулығым қашан жарайтынын бір Алла біледі. Сондықтан мүмкіншілік бар ма, қажылықты өтеп алыңыз.

Ал қажылыққа қаражат жетпесе, онда қажылықтан кейін ең болмағанда умраға барып үлгеріңіз. Мен барып үлгергеніме шүкір етемін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Адамдар Алла елшісін ﷺ танымай қалғаны соншалық, Алла елшісінің ﷺ ата-анасының, балаларының есімдерін арнайы жарыстарда сұрайды. Құдды бір ол өте қиын мәселе ұқсап.

©️ Шейх Адһам Асими حفظه الله.
Әйтеуір осы білгеніміз бен өміріміз қабірдегі үш сұраққа жауап беруге септігін тигізсе, болды нағыз жетістікке жеттік қой.

Кімнің қабірдегі сұрағы жеңіл өтсе, ары қарай ақырет күні де жеңіл өтеді. Әрбір адамның қияметі ол өлім. Алла баршамызды мұсылман күйде жанымызды алсын. Әмин🤲
Алла Тағала Пайғамбарымыздың ﷺ туған көкесі әрі жәрдемшісі болған Абу Талибке нәсіп етпеген иманды саған берді. Шүкір ет!

©️ Семья в Исламе
Сахабалар Ислам дінін толықтай ұстану үшін барлық мал-мүлкін тастауға, түгел қиыншылықтарға шыдауға дайын болды. Себебі олар Исламды хақ дін деп білді. Және хаққа өзі қалағандай емес, хақ бұйырғандай бағынды.

Ал қазіргі кейбір адамдар нәпсісіне жағатын тырнақшадағы хаққа, нәпсісіне жағатын тырнақшадағы Исламға ғана ергісі келеді. Өзінің үйреніп қалған өмір сүру салтына Исламның бұйрығы қайшы келсе болды, “негізі былай деп, типа Ислам психологияны тықпаштап, түрлі нәрсемен сол өмір салтын ақтап, ары қарай сол хараммен өмір сүргісі келе береді”.

Алла Тағала Құранда: فَٱسْتَقِمْ كَمَآ أُمِرْتَ

(Уа, Мұхаммед!) Ендеше, өзіңе бұйырылған-дай тура бол (қандай мәселеде болмасын өзіңе қалай әрекет ет деп бұйырылса, дәл солай әрекет ет).
(«Һуд» сүресі 11:112)
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
Сахабалардың ғұламасы Абдулла ибн Масғуд айтады (Алла разы болсын):

“Қиямет күні Алла Тағала адам баласының ойына да кіріп шықпаған көлемде өте көп кешірім жасайды…” 😭

📚 Ибн Мубарак. Зуһд
Ей жүрек! Сабыр ет, тағдырға сеніммен тапсыр уайымыңды,

Бәлкім, ғайыпта біз білмейтін қуаныштар бар.
اللهم لا تقبض روحي إلا وأنا مؤمن بك

Я Аллаһым! Менің жанымды тек мүмін болған халімде ал.
Forwarded from ✑ Қара сөзбен (Жансанов Медет)
Соңғы кездері «қалағанымды сатып аламын» деп мақтанатындар пайда болды. Табысына, қабілетіне, біліміне сеніп айтатын болар.

Бұл қате сенім. Ауыр сөз. «Тапқан табысымның мөлшеріне қарай жұмсаймын» деп айтса бір жөн. Тіпті, мақтанып, жарнамалайтын нәрсе емес. Үндемей, шүкір еткен абзал.

Біз ақшаға да, алтынға да сатып ала алмайтын құнды нәрсе өте көп. Бізді бай етіп көрсететін сатып алып жүрген дүниеміз жай ғана тұтыну. Тұтынушымыз.

Денсаулықты сатып ала алмаймыз. Бір күні денсаулыққа түсетін сынақ келсе, ешқандай ақша адамды бақытты етпейді. Сабырлық та сатылмайды.