Болашақтан Үмітті Әйелдер
60 subscribers
192 photos
42 videos
13 links
Әйелдерге үміт беруге арналған бағдарлама.
Download Telegram
💬Сенімі берік біздер күмәнданғандардың Таурат заңына сәйкес іс-әрекеттеріне төзіп, оларға көмектесуге тиіспіз. Тек өзімізге ұнайтынды ғана емес, маңайымыздағы бауырластарға ұнайтынды да істеп, олардың игілігіне әрі рухани өсуіне себепші болуымыз керек.

✍️ Римдіктер 15:1-2

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Осы табандылық пен жігердің бастауы — Құдай. Ол сендерді Мәсіх Исаның үлгісіне сай өзара татулыққа жеткізе көрсін. Осылай ынтымақпен өмір сүріп, Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі — Құдайды бірігіп мадақтай аласыңдар.

✍️Римдіктер 15:5-6

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Ал мына қылықтарды енді тастаңдар:ашу-ыза, кек сақтау, қаралау, бейпіл ауыздық;

✍️Қолостықтар 3:8

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
Исраилді билер басқарып тұрған заманда елді аштық жайлады. Сонда бір ер адам отбасын ертіп, Исраилден көшіп, Моаб елінде уақытша тұра тұрмақ болды. Сол адамның аты Елімәлік еді. Ал әйелінің есімі кім?
Anonymous Quiz
0%
Рабиға
10%
Ханна
80%
Нағима
10%
Рут
💬Бір-біріңе өтірік те айтпаңдар! Себебі сендер ескі күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетін тастап, жаңа ізгі болмысқа ие болдыңдар.

✍️Қолостықтар 3:9

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Ал енді, Құдай сендерді сүйіп, өз халқым деп таңдап алғандықтан, ұдайы жанашыр, мейірімді, кішіпейіл, ілтипатты, сабырлы болып, осы қасиеттерге бөленіңдер!

✍️Қолостықтар 3:12

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Өзара төзімді болыңдар. Егер біреуге реніш сақтап, тағатын кінәларың болса, кешірімді болыңдар: сендерді Иеміз Мәсіх қалай кешірсе, сендер де солай етіңдер!

✍️Қолостықтар 3:13

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Барлық қасиеттердің бастысы ретінде сүйіспеншілікке бөленіңдер, ол бәріңді толықтай біріктіреді.

✍️Қолостықтар 3:14

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
Қай әйел өзінің мейірімділігімен және емшілік қасиетімен танылған?
Anonymous Quiz
0%
Рут
11%
Елізабет
0%
Мәриям
89%
Табита
💬Иеміз Мәсіх сыйлаған тыныштық сендерге билігін жүргізсін! Ол сендерді біртұтас рухани дененің құрамдас мүшелері ретінде татулықта тұруға шақырды.Сонымен қатар ризашылықтарыңды білдіріңдер!

✍️Қолостықтар 3:15

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар!l Иемізбен байланыстағы сендердің осылай істегендерің жөн.

✍️Қолостықтар 3:18

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Қандай жұмыс болса да, оны адам баласы үшін ғана емес, Иеміз үшін істеп жүргендей жан-тәндеріңмен атқарыңдар! Себебі осының ақысы ретінде сендер Иемізден Оның уәде еткен игіліктерін қабылдайтындарыңды білесіңдер. Қызмет ететін Қожайындарың — Мәсіхтің Өзі ғой

✍️Қолостықтарға 3:23-24

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
1
💬Жүрер жолын адам жүрегінде жоспарлар,
Ал оның қадамдарын Жаратқан Ие бағыттар.

✍️Нақыл Сөздер 16:9

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім», сенімімді сақтап қалдым.

✍️Тімотеге 2-хат 4:7

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
“Айтқаныма илан: көктегі Әкеге не осы таудың басында, не Иерусалимде сиынбайтын замандарыңj келе жатыр”. Иса Мәсіх бұл сөздерді кімге айтқан еді?
Anonymous Quiz
88%
Самариялық әйелге
13%
Мағдалалық Мәриямға
0%
Жоханнаға
0%
Сузаннаға