Болашақтан Үмітті Әйелдер
60 subscribers
196 photos
42 videos
13 links
Әйелдерге үміт беруге арналған бағдарлама.
Download Telegram
🗣Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар,
Еңселерін тым ауыр жүк басқандар,
Менің қасыма келіңдер, бәрің,
Жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!

⏺️Матай 11:28

💬@bolashaqtan_umitti_aielder
1
📢 Сонымен саған мынаны бұйырамын: қайратты да батыл бол! Еш нәрседен абыржып, қорқушы болма! Қайда барсаң да, Құдайың Жаратқан Ие сенімен бірге жүріп жар болады.

Ешуа 1:9

🔔@bolashaqtan_umitti_aielder
1
💬 Иеміз сүйген қымбатты бауырластар, сендер үшін Құдайға үнемі алғыс айтуға міндеттіміз.Себебі Ол сендерді Киелі Рухының арқасында Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүріп, әрі шындыққа сеніп құтқарылуларың үшін әуел бастан таңдап алған еді.

✍️ 2-Салониқалықтар 2:13

@bolashaqtan_umitti_aielder
💬 Я, Құдайым, Саған сенім артамын.
Қалдыра көрме мені масқараға,
Әрі жол берме жаудың табасына.
Саған сүйенген ешкім қалмайды ұятқа,
Ал бекер сатып кеткендер болады масқара.

✍️Забур Жырлары 24:2-3

@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Уа, Ием, ақ жолыңды көрсете гөр,
Еркіңе сәйкес жүруге үйрете гөр,
Шындығыңа сай бағыттап, нұсқай гөр.
Себебі Құтқарушы Құдайымсың Сен,
Күні бойы Саған үміт артамын мен.

✍️Забур Жырлары 24:4-5

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Сонымен, Мәсіх өлімнен қайта тірілгенде сендер Онымен бірге рухани тірілдіңдер. Сондықтан көккеa лайықты қасиеттерді иемденуге ұмтылыңдар! Өйткені Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр.

✍️ Қолосалықтар 3:1

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬 Себебі яһуди не басқа ұлттың адамы, құл немесе ерікті болайық, бәріміз бір Киелі Рух арқылы біртұтас рухани денеге енгізілдік. Барлығымыз да сол бір Киелі Рухқа кенелдік.

✍️ 1-Қорынттықтар 12:13

💌@bolashaqtan_umitti_aielder
💬Сонымен сендер бірігіп Мәсіхтің рухани денесі, ал жеке дара оның бір мүшесісіңдер.

✍️1-Қорынттықтар 12:27

💌 @bolashaqtan_umitti_aielder
Дәуіт пайғамбардың әжесінің есімі кім болған?
Anonymous Quiz
25%
Нағима
75%
Рут
0%
Барсабия
0%
Сара
💬 Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар.

✍️ Римдіктер 12:2

💌@bolashaqtan_umitti_aielder