✨ Иә, тіпті азап шегіп жүрсек те, шаттана аламыз. Себебі азаптың бізге шыдамды болуды үйренуге көмектесетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді.
💫Үмітіміздің бастауы — Құдай қандай жағдайда да бәріңді қуаныш пен тыныштыққа кенелте көрсін! Өздерің Оған сене отырып, Киелі Рухтың құдіретімен үміттерің молая түссін!
💫Исаның өліп, қайта тірілгендігіне кәміл сенеміз ғой. Сондықтан Оған сеніп бұ дүниеден кеткендердің Исамен бірге болулары үшін Құдайдың оларды қайта тірілтетініне де сенейік.
💫Мәсіхтің құрбан болып, қаны төгілуімен төлеміміз өтеліп, біздер жамандықтың құлдығынан азат етіліп, күнәларымыз кешірілді. Осылайша Құдай Өзінің шексіз зор рақымын8терең даналығымен және түсінігімен бізге молынан жаудырды.