Корей тілі / 한국어 / Корейский / Kulpynay_korea
9.59K subscribers
225 photos
80 videos
16 files
92 links
Кулпынаймен бірге корей тілін оңай әрі тез үйрену
Қазақ тілі мен корей тілінің грамматмкасы бір біріне қатты ұқсайтындықтан корей тілін тез үйрене аласыз
한국어를 같이 공부합시다
▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼
https://www.youtube.com/channel/UCt9CIXUMXb9wGfS6K56P3Kg
Download Telegram
КУРСҚА ТЕГІН ҚАТЫСҚЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?😍

"Құлпынай апай, конкурс өткізсеңіз" деп өте жиі жазасыздар. Сіздердің өтініштеріңізбен бүгін қызықты конкурс жариялаймын. Осы аптада басталатын курстың 1-деңгейіне
2 тегін жолдама ойнатамын🥁

Бірден 2 адам!😊Мүмкіндікті жіберіп алмай қатысасыздар деген үміттемін. Әсіресе, курсқа жазылуға сәті түспей жүрген жандардың жолы болса екен деп тілеймін.

📍Шарты оп-оңай:

1️⃣Осы постқа міндетті түрде басыңыз. Парақшама жазылған болуыңыз керекТексеремін

2️⃣Пікірге 5 досыңызды (фейк, бизнес-аккаунт) белгілеп, астына "Мен неге Құлпынайдың кәріс тілі курсын таңдадым?" деген сұраққа толық ойыңызды жазыңыз.

3️⃣Кімнің пікірі көп лайк жинаса, сол жеңімпаз атанады. Жеңімпазды анықтайтын оқырманның өздері. Өзіңіз де осы постқа репост жасап, жеңіп алу үшін адал еңбекпен тырысасыз деп ойлаймын

4️⃣Бір қатысушыдан - бір пікір, 5 дос қана саналады (бірнеше рет пікір қалдырып, қайта - қайта достарыңызды белгілеп жүрмеңіз)

⚠️Басылған лайкты қарап, тексеріп шығамын. Егер накрутка жасалса, автоматты түрде жолдаманы келесі қатысушыға сыйлаймын. Солай 2 жеңімпазды сіз-біз боп анықтаймыз.

Менің тарапымнан конкурс барынша әділ өтуіне жағдай жасаймын. Ол жағынан алаң болмаңыздар. Шынайы пікіріңізді жазып, жеңіп алуға ниетіңіз күшті болсын

Ең бастысы, шарттарды толық орындап, мұқият болыңыздар.

⚠️Конкурс қорытындысы наурыздың 1-і күні Көктем мерекесіне орай шығады. 1 апта уақытыңыз бар. Курс 02.03 күні басталады!

Дәл қазір "Құлпынаймен кәріс тілін қазақша үйрен" курсына тегін қатысу - өз қолыңызда. Сәттілік! Ең шынайы пікірлер көп дауыс жинап, жеңіп шықсын! Тұрақты оқырмандарым, достарым, шәкірттерім, өздеріңіз анықтап беріңіздер🙏👍

Кеттік⤵️⤵️⤵️

#кәрістілітегінкурс#құлпынайменкорейтілінтегінүйрен#тегінкәрістілі#кәрістіліонлайн#корейтілінқазақшаүйрену#корейтілісабағы#корейскийязык#한국어카자흐어#кәрістілітегінсабақ#корейтілінүйрену#корейтілінтегінүйрену#
https://www.instagram.com/p/CLoqn7FHU-g/?igshid=t90knhbpct7c
КӘРІС ТІЛІНІҢ КӨКТЕМГІ ЛЕГІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ🌷 ⠀⠀
⠀⠀
Әне-міне деп қыстың соңы таяп, көктемге жеттік. Алда не күтіп тұрғанын білмеймін. Бірақ онлайн - өмір оп-оңай жалғаса береді. Заманға сай мобильденуіміз қажет ⠀⠀
⠀⠀
Ковидтің кесірінен деп қырық сылтау іздегенше, амалын тауып, әрекет еткен дұрыс. "Кәріс тілін қалай тез, оңай үйренсем болады?" деп көптен ойланып жүрсіз. Неше түрлі жарнамалар алдыңыздан шығады. Біреу 3 айда, біреу 1 айда үйретем деп "уәде" береді. Сенбейсіз. Өте дұрыс👍Корей тілін ең аз дегенде 6 айда толық үйреніп шығасыз. Курс жасағанымда осыны ойладым. Сіздерге ыңғайлы болу үшін, уақытын барынша қысқартқым келді. Бірақ әр деңгейдің тақырыбын жазғанда 6 айдан кем уақытта курс жасау мүмкін емес3-4 айлық курстар бар. Ол жерде тілді толық меңгеріп шықпайсыз. Қайта ақша жұмсап, тереңдетілген курсқа жазыласыз. Екі жұмыс. Ал университетте 4 жыл уақытыңыз кетеді))) ⠀⠀
⠀⠀
Кореяға жұмысқа/оқуға кеп, тіл үйренсеңіз, мен сияқты күнде оффлайн сабаққа қатысасыз. Себепсіз қалуға болмайды. Кореяда шетел азаматынан корейше білуді талап етеді. Онсыз өмір сүруіңіз қиын. Сондықтан алдын - ала жоспарлап, онлайн курстан үйреніп барған тиімді. Екінші сұрағыңызға жауап берейін: ⠀⠀
⠀⠀
📍Корей тілі курсын неге менен оқуыңыз қажет? ⠀⠀
Корей тілінен кәсіби аудармашы, шет тілі маманымын. Кореяда тұрамын⠀⠀
1 жылда 700-ден аса оқушыға корей тілін онлайн үйретім⠀⠀
Курс бағасы нарықтағы бағадан төмен⠀⠀
1 деңгейді 30 күнде видеосабақ, тікелей эфирмен үйретемін⠀⠀
Артық сөзсіз, сылдыр-сусыз қажет тақырыптарды түсіндіремін⠀⠀
Корей тілінің барлық ережесін, жазылуын, оқылуын, айтылуын меңгеріп шығасыз (6 айда)⠀⠀
Әр тапсырманы мұқият тексеремін⠀⠀
Ешкімнің сұрағы жауапсыз қалмайды⠀⠀
Курс соңында сертификат беріледі⠀ ⠀

📍Курстың ерекшелігі жас, жыныс, мақсат таңдамайды. Аудармашылық, жұмысқа тұру, оқуға түсу, өмір сүру, тіл үйрету - қандай жоспарыңыз бар? Орын саны шектеулі.Тіркеліп үлгеріңіз!⠀
⠀⠀
📍Старт 02.03.21

Сабақ уақыты: сейсенбі 17:00, сенбі 14:00 (Нұр-сұлтан уақытымен)⠀⠀
⠀⠀
27.02 -не дейін 10,000 теңге ⠀⠀
28.02- нен  бастап 12,000 теңге ⠀⠀
⠀⠀
⤵️Курсқа жазылу үшін дайрекке не пікірге жазыңыз. Өзім тіркеймін ⠀⠀
⠀⠀
Көктемді корейше қарсы алуға дайынсыз ба?)
#корейтілі
https://www.instagram.com/p/CLt0cwcBtU9/?igshid=1uru2nzxgdwnt
Бүгінгі демалыста грамматика үйреніңіздер👍
Сәлем достар қалайсыздар? Демалыста жаттығу жасап көріңіздер❤️
Жаттығуды орындаймыз
КОРЕЙ ТІЛІН ҚАЛАЙ ТЕЗ ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ?

Осы тақырыппен 1045 пост жазып, видео түсірсем де сұрайсыздар. Мен де айтудан жалықпаймын) Бірақ бұл жолы су жаңа лайфхактармен бөлісемін⤵️

Постқа лайк басып, сақтап алыңыздарМега-пайдалы ақпараттар айтамын, әсіресе "мамам курсқа ақша бермейді" дейтін оқушыларға:)

1️⃣Таңдайтын мамандығын басқа болсын, тіпті үйде қашықтан сабақ оқысаңыз да, онлайн тіл үйреніңіз. Адамның желаниесі мен мақсаты болса болды. Жас, жыныс, арақашықтық, материал, тіпті кейде ақша маңызды емес! Ізденбейсіздер ғой))) Әйтпесе, playmarket пен app store-да тіл үйрететін приложенилер өтееее көп! Drops, HiNative... зерттеп көріңіздер. Соңғысы тіпті ыңғайлы. Өзіңіз сияқты әр түрлі тіл қолданушылары кез-келген сұрағыңызға жауап береді. Мысалы, "корейше кітап қалай аударылады?" деп сұрақ қоясыз. Форумның бір түрі.

2️⃣Телефон тілін корей тіліне алмастырыңыз. Ол үшін аздап түсінік болу керек. Әрі қарай оңай болады, көзіңіз үйренеді, есте сақталады.

3️⃣Дорама, видео, әндерін түпнұсқада көріңіз. Астында субтитр шығып отырса, тіпті жақсы👍Диалогтарды субтитрмен ілесіп, жиі қарасаңыз, тез-тез аударып оқитын жағдайға жетесіз! Субтитрден қашпаңыз)

4️⃣Ұнаған әндерді наушникпен жиі тыңдап, қосыла орындау әрі қағазға түсіру📝Тіл үйренуге арнап блокнот/дәптер бастасаңыз, барлығы соның ішінде болсын. Қайталап көз жүгіртуге ыңғайлы.

5️⃣"Помидор" техникасы. Шынымды айтсам, неге помидор деп атағанын білмеймін😄"25 минут" деп те айтады. Бір шаруаға кіріскенде 25 минут басқа шаруаға, әлеуметтік желіге алаңдамайсыз. Телефондағы таймерді қосып, бас алмай жұмыс істейсіз. Әр 25 минуттан кейін 5 минуттық үзіліс бар. Төрт рет қайталанған соң, өзіңізге 1 сағат толыққанды демалыс бересіз. Уақыт үнемдеп әрі қаншама жұмыс атқарғыңыз келсе, дәл қазір бастаңыз🤗
"Помидордан" басқа Plantie, корей тіліндегі 열품타 деген приложениелер бар. Еще мотивация береді🔥

Тағы бір маңызды пунктті ұмытып барам. Үлгі алатын, қызығатын, үйренеріңіз көп наставнигіңізді белгілеп алыңыз. Былайша айтқанда, рухани ұстаз керек.

Ал курстың жаңа легі сенбі күні басталады. Қатысатындар дайындалыңыздар🤗

Пост бойынша сізге пункттердің қайсысы таныс?
https://www.instagram.com/p/CMhRwQJn2Yx/?igshid=14x0e6b5077jr
Қазақтың жаңа жылы - 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін. Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін,көңілдің кеңитін кезеңі - Наурыз мейрамы құтты болсын!❤️❤️❤️
Көктемде тыңдауға жақсы әндер👍
Қосымша түстер тізімі
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбастарыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!❤️❤️❤️
Сәлем қалайсыздар достар! күнделікті өмірде ең көп қолданылатын грамматика
Жазда тыңдауға жақсы кәріс әндері