Kommentator_Maulen
22.1K subscribers
7.1K photos
897 videos
2 files
1.86K links
@fonbet_kz амбассадоры

Ермұхамед Мәуленнің жеке каналы
Жарнама бойынша: +77786243499
Download Telegram
Ақша көп, жартысын шешіп алдым, енді не істеймін? Әрине, “Салерна” гол салады деп Тәуекел Мүслім қыламын!
- Мен қазір бір айналып келемін оған дейін Унионға гол салдыртып қойшы, дейтін братандарың бар ма? 🤏
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Салерна да, Унион да салмапты. Мақұл ал. Бар күшті “Брайтонға” салып көрейік.
“Ньюкасл” ойыншылар құрамы осылай екен!
Екеуі де гол салады деген бәсті кім шығарады мына құрамнан?
Зинедин Зидан "Манчестер Юнайтед" бас бапкері атануы мүмкін

👨🏻‍💼 Эрик тен Хагтың орнын Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсман мен "Челси" бапкері Грэм Поттер басуы да мүмкін. Әйтеуір тен Хагтың орнын басар дәл қазір қызыл сойқандарға бапкер керек. Ол жақында "Манчестер Юнайтедтегі" бапкерлік қызметін аяқтайды.
Ресми: Андрей Карпович – "Елімай" футбол клубының бас бапкері

👨🏻‍💼 Андрей Карпович "Ақтөбедегі" қызметінен кетіп енді "Елімайды" жаттықтыратын болды. Ол "Ақтөбемен" чемпионаттың күмісі мен қоласын жеңген еді. Енді, бірінші лигадан келген "Елімайды" алға сүйрейтін болады.
Кейн кешегі "Боруссия Дортмундпен" болған матчта үш бірдей гол соғып бундеслигада рекорд орнатып тастады

"Бавария" "Боруссиямен" Бундеслиганың 10-тур аясында кездесу өткізіп, онда ағылшын футболшысы 9, 72, 93-минуттарда көзге түсті. Кейн "Бавария" сапында 14 матч өткізіп гол+пас системасы бойынша 24 ұпай жинады. Оның қоржынында 17 гол, 7 ассист бар. Ол бұл көрсеткішімен бұрынғы "Штутгарт" ойыншысы Сер Герассиді басып озды.
РПЛ өнер көрсететін отандастарымыздың командалары ішкі біріншіліктегі ойындарын өткізді

🇷🇺 РПЛ, 14-тур

«Ахмат» 1:2 «Факел»
⚽️ Голдар: Дарко Тодорович 45+3’, Евгений Марков 59’, Вячеслав Якимов 90+3’

«Балтика» 0:2 «Зенит» 
⚽️ Голдар: Иван Сергеев 63’, Маттео Кассьера 77’

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Марат Быстров пен Нұралы Әліп өз командаларының кездесулеріне қатыспады.
🇰🇿 Келер маусымда Қазақстанның намысын еурокубокте қорғайтын командалар белгілі болды

1-орын. Ордабасы - Чемпиондар Лигасының 1 іріктеу кезеңінен бастайды 💙
Қазақстан Кубогы. Тобыл - Еуропа Лигасының 1 іріктеу кезеңінен бастайды 🧡
2-орын. Астана - Конференция Лигасының 2 іріктеу кезеңінен бастайды 💚
3-орын. Ақтөбе - Конференция Лигасының 1 іріктеу кезеңінен бастайды 💚

ҚПЛ осы маусымы қорытындысы бойынша 4-орын алған “Қайрат” екінші жыл қатарынан еурокубоксіз қалуда.
ҚПЛ қайта оралған ұжымның бюджеті белгілі болды

💰 Ішкі біріншіліктің жаңа маусымында өнер көрсететін “Елімайдың” бюджеті 3 млрд теңгені құрайтын болды. Бұл қаражат команданы чемпион қылмаса да, еурокубок аумаққа жетелейтіні анық.

👔 Еске салайық, семейлік ұжымды ҚПЛ жаңа маусымына Андрей Карпович бастап шығатын болады.
🏆 Мына қызықты қараңыздар, Франция "Алтын доп" үшін таласта шабуылшы Килиан Мбаппеге дауыс бермеген

Кemifilani мәліметінше, Франция өкілі жүлде үшін таласта даусын Эрлинг Холандқа беріпті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from © BEK Sports
Жаңа жұлдызды бапкер ме?

🇩🇪«Байер» Хаби Алонсо бундеслиганың 15 турынан кейін көш бастап тұр.

❗️Тек «Бавариямен» (2:2) тең түсіп, ұпай жоғалтты. Қалғанның бәрін жеңді.

😱Команда 54 гол соғып тастаған

🏟️15 матч
14 жеңіс
⚽️ Доп айырмасы: 54-14
🇩🇪 Бундеслигада көш басшы
🏆 Еуропа лигасында өз тобында бірінші
📊 Бруно Фернандештің МЮ сапындағы статистикасы:

◉ 200 матч
◉ 67 гол
◉ 55 голдық пас

Кеше португалдық манкуниандықтардың “Фулхэмге” қарсы ойынында гол соғып, командасының жеңіске жетуіне тікелей сеп болды (0:1).
🎯 АПЛ бір ойынында 4 голдық пас берген футболшылар:

◎ Гарри Кейн «Саутгемптонға» қарсы (2020)
◎ Поль Погба «Лидсқа» қарсы (2021)
◉ Жереми Доку «Борнмутқа» қарсы (2023)
🇹🇷 Кешегі “Аталантаға” қарсы ойында 11-метрлік айып добынан мүлт кетпеген Хакан Чалхоноглу, Италия А Сериясында көп гол соққан түрік ойыншысы Шюкрю Гюлесинге жетіп алды (36 гол).

Шюкрю Гюлесин 1950 жылдарда “Палермо” мен “Лацио” командаларында доп тепті.
⚡️ Роналдо футбол тарихында “Алтын доп” жүлдесін жеңіп алған жас футболшы атағында қай уақытқа дейін қала бермек?

👶 Бразилиялықтың аталмыш жүлдені жеңіп алардағы жасы 21 жас және 3 айды құраған болатын.

Ендігі үміт Гюлер, Роке, Вирц, Беллингем, Педри, Мусиала сынды талантты футболшыларда!
Мбаппенің "Реалда" алатын жалақысы белгілі болды

💵 Киллиан келесі жазда "Реалға" ауысуы мүмкін. Ал оның алатын айлығы шамамен 35 миллион еуро болып қалады. Мадридтіктер 24 жасар шабуылшыға осынша ақы төлеуге дайын. Ал жалпы, Мбаппе "Псжда" жылына 60 миллион еуро шамасында айлық алады. "Реалда" Мбаппеге беретін жалақыға қаражат жоқ. Олар Алаба мен Тони Кросстың өзіне 11 миллионнан артық бермейді. "Псжда" жалақысы молырақ болатынына қарамастан, Мбаппенің келесі жазда командада қалатын ойы жоқ. Бұл маусымда ол 10 ойын өткізіп, 9 гол соқты.
Чичарито “Лос-Анджелес” командасынан кетті!

📊 35-жастағы мексикалық бұл ұжымға 2020 жылы келіп қосылған болатын. Содан бері ол 83 ойын өткізіп, 39 гол мен 7 голдық пас берген болатын.

Футболшы қазіргі сәтте еркін агент!

Хавьер Эрнандес өз мансабында “Манчестер Юнайтед”, “Реал”, “Севилья” және “Байер” секілді танымал командаларда өнер көрсетті.
Келесі жылы еурокубокте Қазақстан намысын қорғайтын командалар анықталды

🏆 Кеше Қазақстан кубогының финалы өтіп, онда "Тобыл" Шымкенттік ұжымнан басым түсті. Осылайша "Тобыл" келесі жылы Еуропа Лигасында ойнайтын болды. Ал "Ордабасы" болса чемпион ретінде Чемпиондар лигасына жолдау алды. Чемпионаттың күмісі мен қоласын иеленген "Астана" және "Ақтөбе" Конференция Лигасында өнер көрсетеді.