KPD, MHI & KBI
174 subscribers
4.99K photos
605 videos
66 files
730 links
Download Telegram
Forwarded from Burgylau
«AMAL QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫНДА БҰРҒЫЛАУ КОМАНДАСЫ 1 ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Қараша айының 8-де «Kausar» мейрамханасы мен «Амал 2020» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Kausar» мейрамханасында «Amal quiz» интеллектуалды сайысы өтті.

Сайыстың басты мақсаты интеллектуалды ортаны қалыптастыру, жастар арасында ораторлық мәдениетті қалыптастыру және қатысушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Интеллектуалды ойынға Жаңаөзен қаласы бойынша 11 команда қатысты. «Гимназия», «Жас Алаш», «Сапалы Қазақтар», «Бұрғылау», «Адреналин», «Ганга», «Ортақ», «Трубремцентр», «Қадам», «Ол Фуд», «Көмек Жаңаөзен» командаларынан келген 70 – ке жуық қатысушы бақ сынады.

- Тұрақты түрде өткізілуге бағыт алған «Amal quiz» интеллектуалды сайысы Жаңаөзен қаласы бойынша 2 мәрте ұйымдастырылып тұр. Бұл сайыс Жаңаөзен қаласын «Интеллектуалды қала» ретінде жаңа бағытпен өркендетуге септігін тигізеді. Қаламыздағы тұрғындар арасында зияткерлерді қалыптастыру, бос уақытты тиімді пайдаланып біліктілікті арттыруға септігі мол, - деді Бұрғылау құрама командасының қатарында болған әріптесіміз Раушан Аманқосқызы.

Бұрғылау командасы қатысқан ойында компания намысын Жұмаева Раушан, Қаржаубайұлы Ибрахим, Өскінбаев Жәнібек, Тәжіғұлов Сахи, Дүйсенов Ғалым және Ожакаев Ғайнет қорғады. Ойынның іріктеу кезеңінде өзара мықтыны анықтаған командалар, тартысқа толы ойынның көркін қыздырды. Біліктілікті шыңдаған шараны «Амал 2020» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бауыржан Бердібайұлы жүргізді.

Тартысқа толы интеллектуалды ойынның нәтижесі бойынша І орынға «Бұрғылау» командасы қол жеткізіп сайыстың жеңімпазы атанса, ІІ орынды «Адреналин» құрамасы иеленді. Ал 3 орын «Сапалы Қазақтар» командасына бұйырды. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Forwarded from ТрубРемЦентр
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев атынан, "ТрубРемЦентр" ЖШС, ПАРЫЗ 2023 конкурсынан Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі санатындағы "ҮЗДІК ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ" номинациясы бойынша алтын жүлдегер атағына ие болды.
Маңғыстау облысы бойынша "KazPetroDrilling” АҚ вице-президенті қызметі лауазымына Ербол Әбдіәшімұлы Айтуов тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайырбек Сағынбайұлы өзіне жүктелген қызметті абыроймен атқарып, зейнеткерлік демалысына шықты.
Forwarded from Burgylau
KPD, MHI & KBI
Photo
⚽️ ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫНЫҢ АШЫЛУ ҚҰРМЕТІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Желтоқсан айының 9 күні Бұрғылау мекемесінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік мерекесіне және Бұрғылау ЖШС спорт алаңшасының ашылу құрметіне орай "Футболдан" мұнайшы мекемелер арасындағы турнир өтті.

Көптен күткен футбол алаңшасының ашылу рәсіміне "KazPetroDrilling” АҚ вице президенті Қайырбек Елеусінов, "Бұрғылау" ЖШС бас директордың қаржы жөніндегі орынбасары Бақытжан Қожанепесов, Жалпы сұрақтар жөніндегі атқарушы директор Аманқос Қарамұрзаев қатысып, тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында игілікке жарасқан футбол алаңшасының ашылуымен құттықтады. Салтанатты лента қию рәсімінен кейін мұнайшы мекемелерден құралған құрама командалар арасында футболдан жарыс жалғасын тапты.

Футбол жарысы жас ерекшеліктеріне орай жастар және ардагерлер командалары бойынша екіге бөлінді. Жастар жарсына Өзенмұнайсервис, ӨзенМұнайГаз, ТРЦ, Бұрғылау командалары бақ сынасты. Ал, ардагерлер жарысында Ақтас, Қызылсай, ӨзенМұнайГаз, Бұрғылау командалары өз ара мықтыны анықтады.

Жастар арасындағы жарыс бойынша жеңіс тұғырынан көрінген ӨзенМұнайСервис командасы бас жүлдені жеңіп алса, күміс жүлдені ӨзенМұнайГаз командасы иеленді. Ал, Бұрғылау қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар ардагерлер арасындағы жарыс қортындысы бойынша Ақтас командасы бірінші орын, ӨзенМұнайГаз командасы екінші орын, Бұрғылау командасы үшінші орын жүлделі орындарға ие болды.

Ұйымдастырушылар барлық женімпаздарды дипломдармен, кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, үздік ойыншы, үзік шабуылшы, үздік қақпашы, үздік сұр мерген және үздік ардагер ойыншы номинациялары табысталды.
Forwarded from Burgylau
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️"БҰРҒЫЛАУ БАСПАНА" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ БІР КҮНДЕ ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА ТАБЫСТАДЫ.

КЕЗЕКТІ 14-ШІ БАСПАНА КӨП ЖЫЛДАР БОЙЫ ПӘТЕР ЖАЛДАП ЖҮРГЕН ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ТОҒЫЗ БАЛАНЫҢ АНАСЫНА БҰЙЫРДЫ.