KPD, MHI & KBI
174 subscribers
4.97K photos
600 videos
66 files
730 links
Download Telegram
Forwarded from Burgylau
АҚМОЛДАЕВ ШАЛҚАР ДУБАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ПАУЭРЛИФТИНГ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖЕҢІП АЛДЫ

Тамыз айының 18 мен 23 аралығында Дубай (БАӘ) қаласында жастар арасындағы пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 81 мемлекеттен 500-ге спортшы қатысты. Әр мемлекеттің намысын абыроймен қорғап, туын көкте желбірету үшін бар мүмкіндіктерін бәйгеге тігіп келген кілең таудың тасындай іріктелген мықтылардың басын қосқан әлем чемпионатына әріптесіміз Ақмолдаев Орынбасардың ұлы Ақмолдаев Шалқар 80 кг салмақта бағын сынап елімізге қола жүлде сыйлады.

Чемпионның әкесі Ақмолдаев Орынбасар Бұрғылау мекемесінде ОИТҚ бастығы қызметін атқарады. Жиырма жылдан астам қызметінде Бұрғылау мекемесінде бұрғышы көмекшісінен бастап орталық-инженерлік техникалық қызметінің бастығына дейін көтерілген үздік қызметші, әрі отбасында ардақты әке. Осындай үлкен қуанышты бөлісуге құттықтаған жылы лебізімізді қабыл алған Ақмолдаев Орынбасар ұжымдастарына ризашылығын білдіріп, Шалқардың жетістіктерімен бөлісті. - Бала үшін өмір сүріп, солардың болашығы мен келешегіне алаңдамайтын ата-ана жоқ шығар. Менде ерекше болып дүниеге келген Шалқар ұлымды қоғам ортасына бейімдеу үшін бар мүмкіндігімді жұмсап келемін. Алғашқы спортқа берген кезінде чемпион болуы үшін емес, денсаулығын шынықтыру мақсатында берген едім. Кейін жақсы нәтижиелерге қол жеткізе бастаған сәттерде үмітіміз асқақтай берді десекте болады. Бірінші Рақмет Өтесінов атындағы спорт кешенінде жаттығуларын бастаған ұлым Шалқар қалалық жарыстардан бастап, үлкен жарыстар арасында жүлделі орындарды иеленді. Оның ішінде Қазақстан ресбупликасы чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы атанды. Артынан жетістіктеріне орай Ақтау қаласындағы «Маңғыстау- Арена» спорт кешеніне ауысты. Қазір сол жерде Арсылан Сүйіншалиев жаттықтырушысының дайындауымен жаттығуда. Бұл Шалқардың әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі, алда әлі талай толайғай жеңістердің дәмін татады деген үмітіміз бар, - деді бала жетістігінің қуанышына бөленген Ақмолдаев Орынбасар.

- Аллаға шүкір көптен күткен Дубай қаласындағы жастар арасындағы әлем чемпионатында 80 кг салмақта, 115 кг көтеріп 3 орынға ие болдым. Бұл мен үшін үлкен жарыстарымның бірі болды. Жарыс алдында салмақ жағынан қиындықтар туындады. Бірақ, оған қарамастан жеңіске жету ұмтылысым алға жетеледі. Біріншіден ата – анама үлкен алғыс білдіремін, менің ең бірінші қолдаушыларым. Осыған орай Арсылан Сүйіншалиев бапкеріме алғысым шексіз. Менің осындай жетістікке жетуіме үлкен үлесін қосты. Үнемі жаттығуда менің техникама өте қатты көңіл бөліп, орын алуыма үлкен жұмыс атқарды. Сонымен қатар осы спортқа келуіме себепші болған Сейдов Құралбек бапкерімеде алғысымды білдіремін. Спорттың ең басты тәртіптерін сақтап, жаттығуды үздіксіз жасау үшін тәрбилеген бапкерлерімнің үлестері көп. Алда талай асулар мен белестер бар, солардың жеңіс тұғырына көтерілуге талпынған табандылығымды серік етіп жетемін бұйырса, - деді болашағына үлкен сенім артақан чемпион Шалқар Орынбасарұлы.

Жеңістің дәмін тату үшін үздіксіз жаттығу мен талмас табандылықты қажет ететіндігін жақсы түсінетін чемпионымыз Шалқар қазіргі уақытта оқуына да, жаттығуларына да уақытылы үлгеріп жүр. Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша білім алып жүрген Шалқар Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы колледжының 3 курс студенті. Мақсаттарын айқын, болашағын жарқын етуге талпынған чемпионымызға толағай табыстармен, жетістіктерге толы жеңістер тілейміз!
Forwarded from Burgylau
🥊ҚЫЗЫЛЖАРДА ӨТКЕН «РИНГ ПАТШАСЫ-2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИРІНДЕ БҰРҒЫЛАУДЫҢ БОКСШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларынан шыңдалған нағыз былғары қолғап шеберлерінің басын қосатын бұл турнирді алты жыл қатарынан өткізіп келеді. Бұл мыңдаған аудиторияны жинайтын, бокс жанкүйерлері арасында ерекше құрметке ие болған бірегей жоба.

Дәстүрлі түрде жалғасын тапқан алтыншы рет өткізіліп жатқан халықаралық ашық турнирге Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау, Жаңаөзен, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар және Тараз қалаларынан бөлек, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген былғары қолғап шеберлері де қатысты. Дүбірлі додаға жоғары дайындықтарымен келген елуге жуық қатысушы алты салмақ дәрежесі бойынша 4 күн бойы рингте «Ринг патшасы 2023» белдігі үшін сайысқа түсті. Әдеттегідей, финалдық жекпе-жектер жарқын және әсерлі өтті. Бір ерекшелігі мұндай жарыс тек қана Қызылжар (Петропавл) өңірінде өтіп тұрады екен.

Әбден тіс қаққан  мықты ардагер боксшылардың басын қосқан дүбірлі додадаға Бұрғылау мекемесінің қызметкерлері Искаков Бақытжан 81 келі салмақта, Марат Өтегенов 81 келі салмақта және Ақтуриев Талғат 91+ келі салмақта бақтарын сынаған болатын. Үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен Марат финалда әріптесі Бақытжанмен шаршы алаңға шығып ұпай санымен жеңіс тұғырын бағындырды. Бұл жарыста Марат өзінің осал еместігін тағыда дәлелдеп, екінші мәрте "Ринг Патшасы-2023" халықаралық турнирі белдігін иеленді. Ал, осы салмақта финалға дейін қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп келген Бақытжан күміс жүлдеге ие болды. Жарыстың аса ауыр 91+ келі салмағында бағын сынаған Талғаттың қарсыластары өте мықтылар болды биыл. Дегенмен де Талғат үшінші орынды алып тұрған жерінен төрешілер тарапынан әділетсіздік орын алып, қарсыласы Қызылжарлық боксшының пайдасына шешілді.

Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орын иегерлеріне «Ринг патшасы — 2023» турнирінің белбеулері мен 150 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Ал күмісті еншілегендерге 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың ақшалай сыйлықтар табысталды.

Бүгін жеңімпаздарымыз жаттықтырушыларымен бірге Бұрғылау мекемесінің бас директоры Қанат Ермекұлымен кездесіп, ризашылықтарын білдіріп шықты. Кездесу барысында дүбірлі додада топ жарған әріптестеріміз  Марат пен Бақытжан жаттықтырушылары Қайрат Ержановпен бірге «Erzhanov-Boxing-Club» бокс мектебі атынан жарысқа қатысуға қолдау білдіріп, демеушілік жасаған Бұрғылау мекемесіне алғыстарын жаудырып, «Erzhanov-Boxing-Club» атынан алғыс хат және естелік ретінде кубок табыстады.