Forwarded from BBB BBB
Маңғыстаудан ілесе келген МұнайФилдСервис, Каскор-Машзавод және ТрубРемЦентр мекелерінде үрдісді бұзбай өзіміздің ұлттық дәстүрімізге сай күтіп алдық.
Forwarded from Бекарыс
Биылғы спартакиада шымылдығын "Бұрғылау" және "ҚазМұнайГаз-Бұрғылау" командалары ашты. Волейбол спорты бойынша басталған жарыс қызықты өтіп жатыр.
Forwarded from Бекарыс
Көптен күткен Спартакиаданың ашылу салтанаты көрген жанның көңілін көтеретіндей әдемі болды. Еншілес компаниялардың командалары бейне бір Олимпиада ойындарына қатысып жатқандай әсер берді. Қызыл-жасылды киінген қыз-жігіттердің қатар-қатар сап түзеп, әнұранды орындағаны қандай жарасымды! Сол жарасымды одан әрі арттыра түскен Холдинг Президентінің құттықтау сөзі де жарысқа, жеңіске ұмтылған әріптестерімізді одан сайын қанаттандыра түсті.
Барлықтарыңызға тамаша нәтижелер мен жеңіс тілейміз, құрметті әріптестер! Тек қана алға!
Барлықтарыңызға тамаша нәтижелер мен жеңіс тілейміз, құрметті әріптестер! Тек қана алға!
Жыл сайынғы дәстүрімізге айналған холдингішілік спартакиада жарыстарындағы басты спорт түрлерінің бірі - жүк көтеру. Біздіңше айтқанда, қошқар көтеру. Ұлттық спорт түрі саналатын бұл бәсекенің де өзіндік тартымдылығы бар. Ең бастысы, ол - біздің Балуан Шолақ және Қажымұқан тәрізді батыр бабаларымыздан қалған дәстүр. Міне, сол дәстүрді лайықты жалғастырған Ахмадиев Орал тәрізді әріптестеріміз бүгін көпшіліктің құрметіне бөленді. Жүк көтеру байқауының нәтижесі бойынша ҚазМұнайГаз Бурение 1-орынды, МұнайФилдСервис 2-орынды, МұнайКөлік 3-орынды иеленді.
Еншілес компаниялар тобындағы ұжымаралық бірлік пен ынтымақты паш еткен спартакиадамыз да аяқталды. Екі күнге созылған ойындар барысы қорытындыланды. "KazPetroDrilling" АҚ Президенті Гайдар Нұртасұлы жарысқа қатысушыларды құттықтай келе, жеңімпаз командалар мен жекелеген номинациялар бойынша үздік өнер көрсеткен спортшыларға арнайы дипломдар және сыйлықтар табыстады.
Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға Бұрғылау командасы, екінші орынға Каскор-Машзавод командасы, ал үшінші орынға ЖигерМунайСервис командасы лайық деп танылды.
Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға Бұрғылау командасы, екінші орынға Каскор-Машзавод командасы, ал үшінші орынға ЖигерМунайСервис командасы лайық деп танылды.