UKIMET
21.2K subscribers
16.3K photos
2.87K videos
10.2K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Aitu https://i2.app.link/ZeD
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
Download Telegram
Forwarded from Minecology🇰🇿
🇰🇿 Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекендеу ареалына жіберілді

Қазақстан Республикасының Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2026 жылғы 31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға орын алды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді.

🐅 Жолбарысты табиғи мекеніне жіберу оны тарихи мекендеу ареалына қайтару және популяциясын қалпына келтіру бағдарламасын іске асырудағы алғашқы практикалық қадам болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев,

🇷🇺 Ресей Федерациясының Әділет министрі, «Амур жолбарысы» орталығының бақылау кеңесінің төрағасы Константин Анатольевич Чуйченко, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың, халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері және жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасына қатысып жүрген сарапшылар қатысты.

🌐 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

_____________

🇰🇿 В Казахстане впервые за более чем 70 лет выпустили тигра в его исторический ареал

В рамках исполнения поручений Главы государства К.Токаева 31 июля 2026 года на территории государственного природного резервата «Иле-Балхаш» состоялось историческое событие — впервые после исчезновения тигра на территории Казахстана более 70 лет назад в дикую природу была выпущена самка амурского тигра по имени Үміт.

🐅 Выпуск тигрицы стал первым практическим шагом в реализации программы по возвращению тигра в его исторический ареал и восстановлению его популяции.

В выпуске приняли участие Министр экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Ерлан Нуралиевич Нысанбаев,

🇷🇺 Министр юстиции Российской Федерации, Председатель Наблюдательного совета Центра «Амурский тигр» Константин Анатольевич Чуйченко, а также представители научного сообщества, международных природоохранных организаций и эксперты, участвующие в реализации программы реинтродукции тигра.

🌐 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru

@EcologyofQazaqstan
🟢АҢДАТПА

📍Сейсенбі, 4 тамыз күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі — отандық тауарларды қолдау және ілгерілету шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:

⚫️ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев;
⚫️ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу 3 тамыз, сағат 18:30-ға дейін жалғасады (электронды пошта: press.ukimet@mail.kz).

📢📢  Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.



🟢АНОНС

📍Во вторник, 4 августа, в 10:00 часов в Үкімет үйі состоится заседание Правительства.

Повестка заседания — меры по поддержке и продвижению отечественных товаров.

По итогам заседания состоится пресс-конференция.
Спикеры:

⚫️министр торговли и интеграции РК Арман Шаккалиев;
⚫️вице-министр сельского хозяйства РК Азат Султанов.

Аккредитация представителей СМИ продлится до 18:30 часов 3 августа (адрес электронной почты press.ukimet@mail.kz). 

📢📢  Заседание Правительства будет транслироваться в режиме онлайн на сайте PrimeMinister.kz, официальном YouTube-канале, в социальной сети Facebook, на Telegram-канале UKIMET.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢📢 Қазақстан Үкіметінің отырысы (04.08.2026)

📹 Күн тәртібіотандық тауарларды қолдау және ілгерілету шаралары.



📢📢 Заседание Правительства Казахстана (04.08.2026)

📹 Повестка заседаниямеры по поддержке и продвижению отечественных товаров.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream started
Үкіметте Президенттің отандық тауарды қолдау жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы қаралуда

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауарларды қолдау және ілгерілету мәселелері қаралып жатыр.

«Мемлекет басшысы отандық өндірістің өсуі үшін қолайлы жағдай жасау міндетін қойды. Ішкі нарықта қазақстандық өнімнің үлесін арттыру жергілікті өндірістің дамуына серпін беріп, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді әрі ел экономикасын нығайтуға ықпал етеді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қабылданып жатқан шаралар туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасайды.

Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша бүгінде ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесі 83%-ды құрайды. Бұл ретте жекелеген тауар санаттары бойынша импортты алмастыру үшін елеулі әлеует сақталып отыр.



Реализацию поручений Президента по поддержке отечественных товаров рассматривают в Правительстве

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассматриваются вопросы поддержки и продвижения отечественных товаров.

«Главой государства поставлена задача по созданию условий для роста отечественного производства. Увеличение доли казахстанской продукции на внутреннем рынке обеспечивает развитие местного производства, рост конкурентоспособности предприятий и в целом укрепление экономики»,

— отметил Олжас Бектенов.

О принимаемых мерах докладываются министры торговли и интеграции Арман Шаккалиев, промышленности и строительства – Ерсайын Нагаспаев, вице-министр сельского хозяйства Азат Султанов, а также акимы ряда областей.

По данным Министерства торговли и интеграции, сегодня доля отечественной продукции на внутреннем рынке составляет 83%. При этом по отдельным товарным категориям сохраняется значительный потенциал для импортозамещения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде ішкі тауар айналымының көлемі 36,2 трлн теңгеге жетті — Сауда және интеграция министрлігі

📌 ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында сауда саласының дамуы туралы баяндады.

Ол бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымының көлемі 15,3%-ға өсіп, 36,2 трлн теңгеге жеткенін хабарлады.

Негізгі өсім азық-түлік сегменті есебінен қамтамасыз етілді. Оның өсімі шамамен 30%-ды құрады.

Отандық агроөнеркәсіп өндірушілерінің сыртқы нарықтағы ұстанымдары да нығаюда. Қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша азық-түлік экспорты 34,4%-ға өсіп, $1,6 млрд-ты құрады.

«Сонымен қатар импортқа тәуелділік төмендеді. Оның үлесі 14,7%-ға дейін қысқарды. Бүгінде Қазақстан ең қажетті өнімдермен ішкі сұранысты қамтамасыз етеді»,

— деді Арман Шаққалиев.



Объем внутреннего товарооборота достиг 36,2 трлн теңге в РК - МТИ

📌 Министр торговли и интеграции РК Арман Шаккалиев на заседании Правительства доложил о развитии сферы торговли.

Он сообщил, что по итогам первого полугодия объем внутреннего товарооборота вырос на 15,3% и достиг 36,2 трлн теңге.

Основной вклад обеспечен продовольственным сегментом. Его рост составил почти 30%. Укрепляются позиции наших АПК производителей и на внешних рынках. За январь-май экспорт продовольствия вырос на 34,4% и достиг $1,6 млрд.

«Одновременно снижается зависимость внутреннего рынка от критического импорта. Его доля сократилась до 14,7%, что свидетельствует о расширении внутреннего спроса на отечественную продукцию»,

— подчеркнул Арман Шаккалиев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан негізгі өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр – Сауда және интеграция министрлігі

📌 ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол бүгінгі таңда Қазақстан көптеген базалық өнімдер бойынша ішкі сұранысты толық қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Күнбағыс майы, ұн, күріш, картоп, пияз, сәбіз, макарон өнімдері, сиыр және қой еті бойынша 100% қамтылған»,

— деді Арман Шаққалиев.



Казахстан полностью обеспечивает внутренний спрос по большинству базовых продуктов – МТИ

📌 Министр торговли и интеграции РК Арман Шаккалиев на заседании Правительства доложил о проводимой работе по обеспечению внутреннего рынка продуктами питания.

Он отметил, что на сегодня Казахстан полностью обеспечивает внутренний спрос по большинству базовых продуктов.

«Самообеспеченность свыше 100% по подсолнечному маслу, муке, рису, картофелю, луку, моркови, макаронным изделиям, говядине и баранине»,

— сказал Арман Шаккалиев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР-да шикізаттық емес тауарлардың экспорты 12%-ға артты

📌 Бес айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты 12%-ға өсіп, $10 млрд-тан асты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді

«Азық-түлікке жатпайтын секторға келсек, бес айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты 12%-ға өсіп, $10 млрд-тан асты. Ал импорт көлемі 4,4%-ға өсті»,

— деді Арман Шаққалиев.

Қазақстанның ішкі нарығы отандық өндірушілер үшін сұраныстың басты көзі болып қала беретіні атап өтілді.



Экспорт несырьевых товаров увеличился на 12% в РК


📌 За 5 месяцев текущего года экспорт несырьевых товаров увеличился до $10 млрд. Об этом на заседании Правительства сообщил министр торговли и интеграции РК Арман Шаккалиев.

«Что касается непродовольственного сектора, то за 5 месяцев экспорт несырьевых товаров увеличился на 12% и составил свыше $10 млрд. Импорт вырос на 4,4%»,

— уточнил Арман Шаккалиев.

Отмечено, что внутренний рынок Казахстана остается главным источником спроса для отечественных производителей.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдау күшейтілуде: тауарларды ілгерілетудің жаңа құралдары

📌 Қазақстанда сауда желілері мен электрондық алаңдарда отандық өнімнің қатысуын кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда. Ол үшін заманауи маркетингтік құралдар енгізілуде, қазақстандық өндірушілер үшін қосымша мүмкіндіктер жасалуда, сауда желілерімен өзара іс-қимыл ережелері жетілдірілуде және цифрлық инфрақұрылым дамуда. Үкімет отырысында қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндады.

Министрдің айтуынша, Ұлттық талдау орталығымен бірлесіп, отандық өнімді ілгерілету үшін тұтынушылық маркетингтің заманауи құралдары енгізілді.

«Отандық тауарлар сауда орындарының ең сұранысқа ие сөрелерінде орналастырылып, “Қазақстанда жасалған” белгісімен таңбаланады. Бұл отандық тауарларға сұранысты арттырады. Оған қоса жаңа өндірушілер үшін сөрелер мен “жасыл сөрелер” көзделген»,

— деді Арман Шаққалиев.

Осыған ұқсас талаптар Kaspi, Halyk Market, Clever, TEEZ және тағы басқа отандық электрондық сауда алаңдарында енгізілуде.

Бұдан бөлек, отандық өндірушілердің сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Заңмен сауда желілерінің отандық өндірушілермен жеткізу шарттарын жасасудан негізсіз бас тартуы тыйым салынды. Сауда желілерімен жыл сайын меморандумдар жасалады. Онда отандық өнімді ілгерілету жөніндегі нақты міндеттемелер қамтылған.

Ірі сауда нысандары мен базарлар үшін жалдау ақысын қалыптастырудың ашық ережелері белгіленді. Оны жылына бір рет ғана қайта қарауға болады. Жыл соңына дейін отандық өндірушілерді сауда желілерімен тікелей байланыстыратын QazTrade Retail цифрлық платформасын іске қосу жоспарланған.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Казахстане усиливают поддержку отечественных производителей: новые инструменты продвижения товаров

📌 В Казахстане продолжается работа по расширению присутствия отечественной продукции в торговых сетях и на электронных площадках. Для этого внедряются современные маркетинговые инструменты, создаются дополнительные возможности для казахстанских производителей, совершенствуются правила взаимодействия с торговыми сетями и развивается цифровая инфраструктура. О принимаемых мерах на заседании Правительства доложил министр торговли и интеграции РК Арман Шаккалиев.

По словам министра, совместно с Национальным аналитическим центром внедрены современные инструменты потребительского маркетинга для продвижения отечественной продукции.

«Для повышения узнаваемости отечественные товары размещаются в наиболее востребованных зонах торгового зала и обозначаются знаком «Сделано в Казахстане». Для новых производителей предусмотрены полки для стартапов и «зеленые прилавки»,

— сообщил Арман Шаккалиев.

Аналогичные требования по продвижению отечественной продукции внедряются и на казахстанских электронных торговых площадках, включая Kaspi, Halyk Market, Clever, TEEZ и другие.

Кроме того, обеспечен равный доступ отечественных производителей к торговой инфраструктуре. Законодательно запрещен необоснованный отказ торговых сетей в заключении договоров поставки с казахстанскими производителями. Практика разовых соглашений заменена ежегодными меморандумами с торговыми сетями, предусматривающими конкретные обязательства по продвижению отечественной продукции.

Также урегулированы вопросы арендных отношений. Для крупных торговых объектов и рынков установлены прозрачные правила формирования арендной платы, а ее пересмотр ограничен не чаще одного раза в год.

До конца текущего года планируется запуск цифровой платформы QazTrade Retail, которая обеспечит прямое взаимодействие отечественных производителей с торговыми сетями.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 16 трлн теңгені құрады

📌 Мемлекеттік және реттелетін сатып алулар шеңберінде отандық тауар өндірушілермен 82 млрд теңге сомасына 45 мыңнан астам шарт жасалды. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қоры 390 млрд теңгеден асатын 286 ұзақ мерзімді келісімдер мен офтейк-келісімшарттарға қол қойды. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық кәсіпорындар үшін басымдықа ие бола отырып сатып алуға 5323 тауар позициясы белгіленген, ал жер қойнауын пайдалану саласында 123 млрд теңгеге 425 кепілдендірілген сатып алу шарты ресімделген. Мемлекеттік қолдау шаралары Шымкенттегі трансформатор зауытының өндірістік қуатын 90%-ға, Семей қаласындағы кабельдік тоқ өткізгіш өнімдер кәсіпорнының өндірістік қуатын 72%-ға, Қарағандыдағы темір арқан зауытының өндірістік қуатын 71%-ға дейін көтеруге мүмкіндік берді.

«Жаңа өндірістерді дамыту мақсатында 2023 жылдан бері өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған 623 жоба іске қосылды. Осының нәтижесінде елімізде бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлері шығарыла бастады. Атап айтқанда, локомотивтердің тірек балкалары, автобустардың қаптама элементтері, жүк техникасына арналған бөлшектер, автокөлік орындықтары мен мультимедиялық жүйелер, тұрмыстық техника, тік жікті құбырлар, терезе профильдері, фиброцемент тақталары, ламинат, жылыту радиаторлары және өзге де жаңа өнім түрлері өндіріле бастады»,

— деді Ерсайын Нағаспаев.

Айта кетейік, бірінші жартыжылдықта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8% өсіммен 16 трлн теңгеге жетті. Шикізаттық емес тауарлардың экспорты 14,6%-ға артып, $12 млрд құрады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16 трлн теңге составил объем производства в обрабатывающей промышленности Казахстана

📌 В рамках государственных и регулируемых закупок заключено свыше 45 тыс. договоров с отечественными товаропроизводителями на сумму 82 млрд теңге. Дополнительно Фонд «Самрук-Казына» подписал 286 долгосрочных соглашений и офтейк-контрактов, превышающих 390 млрд теңге. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев.

По данным ведомства, приоритетный закуп для казахстанских предприятий обеспечен по 5323 товарным позициям, а в сфере недропользования оформлено 425 договоров гарантированного закупа на 123 млрд теңге. Меры господдержки позволили поднять производственные мощности завода трансформаторов в Шымкенте до 90%, предприятия кабельно-проводниковой продукции в Семее – до 72%, канатного завода в Караганде – до 71%.

«В рамках развития новых производств с 2023 года введено 623 проектов, направленных на глубокое обновление структуры экономики и увеличение объема обрабатывающей промышленности. Освоен выпуск новых видов продукции, ранее не производимых в Казахстане, включая опорные балки локомотивов, элементы обшивки автобусов, блоки цилиндров и балки ведущих мостов грузовой техники, сиденья, мультимедийные системы, бытовая техника, сварные прямошовные трубы, оконные профили, фиброцементные плиты, ламинат, радиаторы отопления»,

— доложил Ерсайын Нагаспаев.

Отметим, что за первое полугодие объем производства в обрабатывающей промышленности достиг 16 трлн теңге с ростом на 9,8%. Экспорт несырьевых товаров увеличился на 14,6%, составив $12 млрд.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ішкі нарықты қорғау үшін Қазақстан үшінші елдерден келетін құрылыс материалдарының импортын шектеді

📌 Қазақстанда үшінші елдерден келетін цемент, гипсокартон, табақ шыны, тастан жасалған бұйымдар мен құрғақ құрылыс қоспаларының импортына шектеулер енгізілді. Бұл шара ішкі нарықтағы бағаларға теріс әсерін тигізген жоқ әрі отандық өндірістің өсуін қамтамасыз етті. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін минералды тыңайтқыштардың экспортына лицензиялау талабы енгізілді, бұл оны фермерлерге белгіленген бағамен жеткізуге кепілдік берді. Металл сынықтары айналымы саласында қара металлургияны дамыту, болаттың жаңа маркаларын игеру, сондай-ақ автомобиль, машина жасау және құрылыс салалары үшін өнім өндірісін кеңейту үшін реттеу тетіктерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

«Министрлік өндірісті толық жүктеу және отандық өнім үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі іске қосылды. Ірі компаниялар отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді сатып алу тетіктерін кеңейтіп, ел ішінде өндірілетін өнім үлесін арттыру және шағын, орта бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда»,

— деді ведомство басшысы.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Ішкі нарықты қорғау үшін Қазақстан үшінші елдерден келетін құрылыс материалдарының импортын шектеді 📌 Қазақстанда үшінші елдерден келетін цемент, гипсокартон, табақ шыны, тастан жасалған бұйымдар мен құрғақ құрылыс қоспаларының импортына шектеулер енгізілді.…
Для защиты внутреннего рынка Казахстан ограничил импорт строительных материалов из третьих стран

📌 В Казахстане введены ограничения на импорт цемента, гипсокартона, листового стекла, изделий из камня и сухих строительных смесей из третьих стран. Мера обеспечила рост отечественного производства без негативного влияния на цены на внутреннем рынке. Об этом на заседании Правительства сообщил министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев.

Для обеспечения внутреннего рынка также введено лицензирование экспорта минеральных удобрений, что гарантировало аграриям поставки по фиксированным ценам. В сфере оборота металлолома продолжается совершенствование регулирования для развития черной металлургии, освоения новых марок стали и расширения производства продукции для автомобилестроения, машиностроения и строительной отрасли.

«Министерством проводится системная работа по загрузке производственных мощностей и формированию гарантированного рынка сбыта. В этих целях запущен Реестр казахстанских товаропроизводителей. Крупными компаниями ведется работа по утверждению долгосрочных программ увеличения доли внутристрановой ценности, предусматривающие заключение договоров гарантированного закупа с отечественными производителями и развитие пояса МСБ»,

— доложил глава ведомства.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылы тағы 19 сүт-тауар фермасын іске қосу жоспарлануда – Ауыл шаруашылығы министрлігі

📌 ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан жоғары екенін атап өтті.

Сонымен қатар құс еті, балық, қант, ірімшік пен сүзбе, шұжық өнімдері және алма бойынша қамтамасыз ету деңгейін 80%-ға жеткізу мақсатында отандық өндірісті ұлғайту және импортты алмастыру жөнінде нысаналы жұмыстар жүргізілуде.

«Мәселен сүт саласының шикізат базасын нығайту мақсатында тауарлық-сүт фермаларын салуға жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жалпы жылдық қуаттылығы 500 мың тоннадан асатын 95 сүт-тауар фермасы қаржыландырылды, оның ішінде 71 ферма пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін жылдық қуаттылығы шамамен 100 мың тоннаны құрайтын тағы 19 ферманы іске қосу жоспарланып отыр»,

— деді Азат Сұлтанов.



В 2026 году планируется запустить еще 19 молочно-товарных ферм – МСХ РК

📌 Вице-министр сельского хозяйства РК Азат Султанов на заседании Правительства доложил о проводимой работе по обеспечению внутреннего рынка продовольствием.

Он отметил, что по большинству базовых продуктов уровень обеспеченности составляет от 80% и выше.

Кроме того, ведется адресная работа по доведению уровня обеспеченности свыше 80% по мясу птицы, рыбе, сахару, сырам и творогу, колбасным изделиям и яблокам за счет увеличения собственного производства и замещения импорта.

«К примеру, для укрепления сырьевой базы молочной отрасли реализуется программа льготного кредитования строительства молочно-товарных ферм. Профинансировано 95 ферм общей мощностью свыше 500 тыс. тонн молока в год, из которых 71 уже введено в эксплуатацию. До конца текущего года планируется запустить еще 19 ферм мощностью порядка 100 тыс. тонн»,

— добавил Азат Султанов

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (1 hour)
Қазақстанда азық-түлік өндірісінің ұлғаюы байқалады – Ауыл шаруашылығы министрлігі

📌 Тамақ өнеркәсібі тұрақты оң серпін көрсетуде. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.

Ол өсім негізгі азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері бойынша байқалатынын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 4 трлн теңгеге жетіп, 8,4%-ға артты.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сала жоғары өсу қарқынын сақтап, өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға ұлғайды.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі де тұрақты оң динамика көрсетіп, 1,6 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың деңгейінен 46%-ға жоғары. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында АӨК-тің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 926 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға артты»,

— деді Азат Сұлтанов.



В Казахстане наблюдается увеличение объема производства продуктов питания – МСХ

📌 Пищевая промышленность демонстрирует устойчивую положительную динамику. Об этом на заседании Правительства сообщил вице-министр сельского хозяйства РК Азат Султанов.

Он отметил, что рост наблюдается по всем основным продуктам питания. По итогам 2025 года объем производства продуктов питания достиг 4 трлн тенге, увеличившись на 8,4%.

В первом полугодии 2026 года отрасль сохранила высокий темп роста – объем производства увеличился на 14,7% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

«Объем инвестиций в основной капитал АПК также демонстрирует стабильную положительную динамику достигнув 1,6 трлн теңге, что на 46% выше уровня предыдущего года. За первое полугодие 2026 года объем инвестиций в основной капитал АПК составил 926 млрд тенге, что на 55% выше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года»,

— добавил Азат Султанов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АӨК өнімінің экспорты $7 млрд-қа жетті — Ауыл шаруашылығы министрлігі

📌 ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында қазақстандық өнім экспортының географиясын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол өндіріс пен қайта өңдеу көлемінің өсуі экспортты кезең-кезеңімен ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 37%-ға өсіп, $7 млрд-қа жетті. Оның жартысынан астамын қайта өңделген өнім құрайды.

Астық экспорты да едәуір ұлғайды. 2024/2025 маркетингтік жылы астық пен ұнның астық баламасындағы экспорты рекордтық 15,3 млн тоннаға жетті.

«Экспортты ынталандыру шараларының арқасында қазақстандық өнім Марокко, Алжир, БАӘ, Вьетнам және бірқатар еуропа елдерінің нарықтарына шықты, сондай-ақ Әзірбайжан, Грузия және Түркияға жеткізілімдер қалпына келтірілді. Май өнеркәсібі тұрақты дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша күнбағыс майының экспорты 41%-ға, ал тазартылған майдың экспорты 2,1 есе өсті»,

— деп толықтырды Азат Сұлтанов.



Экспорт продукции АПК достиг $7 млрд – МСХ

📌 Вице-министр сельского хозяйства РК Азат Султанов на заседании Правительства доложил о проводимой работе по расширения географии экспорта казахстанской продукции.

Он отметил, что рост производства и переработки позволяет последовательно наращивать экспорт. По итогам 2025 г. экспорт продукции АПК увеличился на 37% и достиг $7 млрд, более половины приходится на переработанную продукцию.

Значительно расширился экспорт зерна. В 2024/2025 маркетинговом году поставки зерна и муки в зерновом эквиваленте достигли рекордных 15,3 млн тонн.

«Благодаря мерам по стимулированию экспорта казахстанская продукция вышла на рынки Марокко, Алжира, ОАЭ, Вьетнама и ряда европейских стран, а также были восстановлены поставки в Азербайджан, Грузию и Турцию. Устойчиво развивается масложировая отрасль. По итогам 2025 года экспорт подсолнечного масла вырос на 41%, а рафинированного – в 2,1 раза»,

— добавил Азат Султанов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында 642 млн теңгеге кәсіпкерлердің 136 бастамасы қаржыландырылды

📌 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында отандық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаларды ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2023 жылдан бері «Бір ауыл – бір өнім» жобасын жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Жоба аясында 238 кәсіпкер іріктелген. Жалпы сомасы 642 млн теңгеге 136 жоба қаржыландырылған.

«Нәтижесінде 116 кәсіпкер өз өндірістеріне заманауи жабдықтар орнатып, 564 жаңа жұмыс орнын құра алды. Жобаны жүзеге асыру жергілікті бизнесті дамытуға және өңірлерде тұрақты кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етті»,

— деп атап өтті Қанат Шарлапаев.



В рамках проекта «Одно село – один продукт» профинансировано 136 инициатив предпринимателей на 642 млн теңге

📌 Председатель президиума Национальной палаты предпринимателей РК «Атамекен» Канат Шарлапаев доложил о проводимой работе по организации проектов, направленных на развитие отечественного предпринимательства.

Он отметил, что национальной палатой предпринимателей с 2023 года реализуется проект «Одно село – один продукт». В рамках проекта были отобраны 238 предпринимателей. Финансирование получили 136 проектов на общую сумму 642 млн теңге.

«В результате 116 предпринимателей смогли оснастить свои производства современным оборудованием, и создать 564 новых рабочих мест. Реализация проекта способствовала развитию местного бизнеса и формированию устойчивой предпринимательской среды в регионах»,

— добавил Канат Шарлапаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның сауда желілерінде ең көп сатылатын 20 тауардың 14-і елімізде өндірілген — Қазақстанның Сауда желілері одағы

📌 Қазақстандық тауарлар ірі сауда желілерінің негізгі санаттарындағы сөрелердің 81%-ын алады. Сүт өнімдерінде бұл үлес 87%-ға, ал азық-түлікте 79%-ға жетеді. Мұндай деректерді Үкімет отырысында Қазақстанның Сауда желілері одағының басқарма төрағасының орынбасары Эльбеги Абдиев келтірді.

Одақтың мәліметінше, желілерде ең көп сатылатын 20 тауардың 14-і елімізде шығарылады. Жергілікті өндірушілердің сауда алаңдарына қол жеткізуін жеңілдету үшін ритейл иелері кіру процедурасын бес қадамға дейін стандарттаған, оның ішінде 5-10 дүкенге тауарын қоюға мүмкіндік беретін «сынақ сөресі» де бар.

«Меншікті сауда маркалары бойынша ассортименттердің 50%-дан астамы Қазақстанда өндіріледі. Кәсіпорын үшін бұл – ұзақ мерзімді кепілдендірілген тапсырыс, болжамды қуат жүктемесі, брендке инвестиция салмай-ақ сөреге шығу және өнімін ілгерілету мүмкіндігі, біз бұл шығындардың барлығын өзімізге аламыз. Көптеген шағын өндіріс иелері үшін бұл ұлттық нарыққа шығудың жалғыз әрі нақты жолы»,

— деді Эльбеги Абдиев.

Одақ басшысының орынбасары ӘКК-мен айналым схемасы бойынша бірлескен жұмыс сатып алушыларға 2025 жылы 1,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік бергенін айтты. Сонымен қатар, желілерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 21 позициясы бойынша асыра баға қоюға мораторий енгізілді, ал меншікті сауда маркалары бойынша жалпы тауар айналымы 10%-дан асты.

Премьер-министр дүкен сөрелерінде отандық өнімдердің ұсынылуын кеңейту ұлттық өндірушілерді қолдаудың және экономикалық патриотизмді қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Осыған байланысты Олжас Бектенов қазақстандық тауарларды ішкі нарықта одан әрі ілгерілету үшін мемлекеттік органдардың, бизнестің және «Атамекен» ҰКП-ның бірлескен жұмысын жандандыруды тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM