KAZ Minerals_official
2.68K subscribers
1.17K photos
132 videos
63 files
989 links
✔️ KAZ Minerals Тобының ресми ақпараттық арнасы: компаниядағы адамдар мен оқиғалар туралы
✔️ Официальный информационный канал Группы KAZ Minerals: о событиях и людях компании

www.kazminerals.info
www.kazminerals.com
Editor@kazminerals.com
Download Telegram
KAZ Minerals - бұл тек заманауи, озық технологиялы тау-кен өңдеу компаниясы ғана емес. Ол жауапты әлеуметтік серіктес. KAZ Minerals қазақстандықтардың өмірінің маңызды салаларын қолдау және дамыту үшін елеулі қаражат бөледі. Медицина - осындай басым бағыттардың бірі. Біздің YouTube-арнамызда "KAZ Minerals-тың әлеуметтік жауапкершілігі" топтамасының "ҮЙГЕ ЖАҚЫН ЕМХАНА" жаңа фильмі шықты. KAZ Minerals Өскеменнің 65 мың тұрғынына қызмет көрсететін №1 емхана мен оның филиалдарын жөндеп, жарақтандырды.

https://www.youtube.com/watch?v=D7u0tOfdSV0

#kazminerals #kazmineralskaz #казминералс
MMA - бұл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізетін басты цех. MMA-де біз алып техниканы және аз тонналы көліктерді жөндейміз. Мұнда біз бұрғылау станоктарына, бульдозерлерге, тиегіштерге, жүк көліктеріне, грейдерлерге техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

https://www.youtube.com/watch?v=atGmdVqEptU

#kazminerals #kazmineralskaz #Бозшаколь
Кәсіпорынның барлық оқиғаларынан хабардар болғысы келетін жаңа қызметкерлерге арналған маңызды ақпарат. Бұл бейнеге 6 жыл болса да, ондағы байланыс арнасы әлі де өзекті:

https://www.youtube.com/watch?v=H4VUuWSB77s

#kazminerals #яработаювказминералс #kazmineralskaz
Викторинамызды сағынған боларсыздар?!
Ол ертең өтеді. Әзірге оның шарттарын еске салып өтейік. Енді викторина екі айда бір рет өткізіледі. Біз компаниямыз, оның тарихы, жетістіктері мен құндылықтары туралы қызықты сұрақтар дайындадық. Әдетте, біздің сұрақтарымыз телеграмм-арнамыздағы жазбалар мен www.kazminerals.info сайтындағы мақалаларды үнемі оқитындар үшін оңай.
Қосымша ақпарат алу үшін біздің телеграмм-арнамыздағы жаңалықтарды күтіңіздер. Қалған ережелер өзгеріссіз қалды.
Бұл жолы викторина қазақ тілінде өтеді.
Сәттілік тілейміз! Ертең сағат 12:00-де кездескенше.

***

А мы знаем, что вы соскучились по нашей викторине!
И она пройдет уже завтра. А пока напоминаем условия. Теперь викторина проводится раз в два месяца. Мы подготовили интересные вопросы о нашей компании, её истории, достижениях и ценностях. Как правило, наши вопросы оказываются простыми для тех, кто регулярно читает посты в нашем телеграм-канале и статьи на www.kazminerals.info.
Следите за обновлениями в нашем телеграмм-канале для получения дополнительной информации. В остальном правила остаются прежними.
В этот раз язык проведения викторины - казахский.
Успехов в подготовке! До встречи завтра в 12:00

#kazminerals #kazmineralskaz #викторина
Қайырлы күн, достар.
Викторина мына сілтемеде: https://quizizz.com/pro/join?gc=992460
Қосылыңыздар!
Тіркелу үшін 10 минут бар.
Естеріңізге сала кетейік, телефон нөмірін немесе e-mail көрсетпеген қатысушылар дисквалификацияға ұшырайды.
Сондай-ақ смартфонның ұялы интернетке қосылуына назар аударыңыз.
Бұл жолы викторина қазақ тілінде өтеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

#kazminerals #kazmineralskaz #викторина
Біз бүгінгі викторинаның жеңімпаздарын жариялауға дайынбыз. Олар: Бақтияр, Нұрдос және Әділжан. Олардың әрқайсысына тікелей хабарласамыз. Викторинаның шарттарына сәйкес жеңімпаздардың бірін тізімнен алып тастауға мәжбүр болдық - ол екі рет жүлделі орынға ие болған. Дегенмен біз оған және басқаларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз! Келесі викторинада кездескенше. Жаңалықтарымызды қалт өткізіп алмаңыздар.

***

Мы готовы огласить победителей нашей сегодняшней викторины. Ими стали Бахтияр, Нурдос и Адильжан. С каждым мы свяжемся напрямую. По условиям викторины, к сожалению, одного из лидеров мы вынуждены исключить из списка победителей - он уже дважды занимал призовые места. Но мы благодарим его и всех остальных за активное участие! До встречи на следующей викторине. Читайте наши новости.

#kazminerals #kazmineralskaz #викторина
Артемьев шахтасында жаңа ауа беретін оқпан іске қосылды. Ол терең кенқабаттарға таза ауа жеткізуге, сондай-ақ қызметкерлерді эвакуациялауға арналған. Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Жаңа оқпан кешеніне көтергіш машина ғимараты, копер, өрт сөндіру сорғы станциясы, өртке қарсы материалдар қоймасы, қысқы кезеңде ауаны жылытуға арналған кешен және басқа да техникалық құрылыстар кіреді.
Оқпанның негізгі тереңдігі - 742 метр, диаметрі - 7 метр. Ол лифт кабинасымен және баспалдақпен жабдықталған, сонымен қатар 11 және 15 кенқабаттарға екі шығатын жерлер бар. Оқпан "Артемьев кенішінің екінші кезегін салу" жобасының аясында салынған. Сондай-ақ жоба аясында 14 шақырымға жуық тау-кен қазбалары қазылып, бірқатар жерасты нысандары мен құрылыстары салынды.

#казминералс #kazminerals #востокцветмет #артемьевскийрудник #вко #kazmineralskaz
#kazminerals мыс өндіру туралы:

Флотация

Мыс өндіру - бұл кенді қазудан бастап металды тазартуға дейінгі бірнеше кезеңдерді қамтитын күрделі процестер. Қоршаған ортаға әсерді азайту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін бұл процестер айтарлықтай күш-жігерді қажет етеді. Мыс өзінің ерекше қасиеттеріне байланысты заманауи өнеркәсіпте және күнделікті өмірде маңызды рөл атқарады. Мұндай процестер өте көп және мыс өндірудің ерекшеліктерін кезең-кезеңімен талдау үшін біз әр кезеңді сипаттайтын шағын ақпарат циклын бастаймыз.
Бұған дейін біз мыс кендерінің түрлері, қазу әдістері, өндіріс туралы, нақтырақ айтқанда, ұсақтау туралы айта бастадық. Ұсақтаудан кейінгі кезең - флотация.
* Ұсақталған кен пульпа жасау үшін сумен және реагенттермен араластырылады.
* Пульпа флотациялық машиналарда өңделеді, онда мыс бос жыныстардан бөлінеді. Мыс концентратында шамамен 30% мыс бар.

#kazminerals #яработаювказминералс #kazmineralskaz #добычамеди #медь
Ақтоғай, Бозшакөл, «Шығыстүстімет» ЖШС-ның және «KAZ Minerals Management» ЖШС-ның 2024 жылғы 6 тамыздағы жай-күйі бойынша бос орындар тізімі жаңартылды.

Ашық бос орын байқауына қатысу үшін егжей-тегжейлі түйіндемені, құжаттардың (жеке куәлік, диплом, сертификаттар, жүргізуші куәлігі және т.б.) көшірмелері мен түпнұсқаларын, сонымен қатар байланыс деректерін port@kazminerals.com поштасына жіберу қажет.

https://kazminerals.info/kk/vakansii/-/asset_publisher/gWS3aZBqUx6O_SEGMENTS_EXPERIENCE_3007834/content/id/5686918

#kazminerals #KAZMinerals #kazmineralskaz #босжұмысорындары
Былтыр KAZ Minerals қызметкерлердің әл-ауқаты бағдарламасын іске асыруға кірісті. Денсаулықты сақтау үшін қандай әдеттерді қалыптастыру керек және жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау керек? Осы және басқа сұрақтарға Топтың медициналық қызметінің бастығы Ахсан Али жауап берді.

https://kazminerals.info/kk/well-being/-/asset_publisher/FwxTcmXsu8RP_SEGMENTS_EXPERIENCE_4593636/content/id/5694168

#kazminerals #яработаювказминералс #KAZMinerals #kazmineralskaz #әлауқат
Жаңартылатын көздеріндегі мыс
Жаңартылатын қуат көздерінде мысты пайдалану жел турбиналары мен күн панельдерінің тиімділігі мен сенімділігін жақсартуға көмектеседі.
Күн панельдері
1. Өткізгіш қабаттар: күн панельдерінде мыс күн батареялары шығаратын электр тогын жинайтын өткізгіш қабат ретінде қолданылады. Бұл күн энергиясын электр энергиясына тиімді түрлендіруді қамтамасыз етеді.
2. Инверторлар: мыс компоненттері күн панельдері шығаратын тұрақты тоқты (DC) тұрмыстық және өндірістік электр желілерде қолданылатын айнымалы тоққа (AC) түрлендіретін инверторларда қолданылады.
3. Сымдар мен қосылыстар: мыс барлық бөлшектердің сенімді және берік байланысын қамтамасыз ететін сымдар мен байланыстырушы элементтерде қолданылады.

#kazminerals #kazmineralskaz #добычамеди #медь
2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда вейптерге тыйым салу туралы заң күшіне енді. Бұл шаралар Қылмыстық кодекске қоғамдық денсаулықты қорғауға бағытталған түзетулер аясында енгізілді. Қазақстандықтар арасында танымал вейптерге тыйым салынды, ал оларды әкелу және сату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Бозшакөлдік әріптестеріміз жаман әдетті қалай жеңгендерін жасырын түрде айтып берді.

https://kazminerals.info/kk/well-being/-/asset_publisher/FwxTcmXsu8RP_SEGMENTS_EXPERIENCE_4593636/content/id/5706278

#kazminerals #яработаювказминералс #kazmineralskaz
KAZ Minerals марапаттарға ие болды

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай KAZ Minerals компаниялары марапаттарға ие болды. "Шығыстүстімет" ЖШС ШҚО "Үздік салық төлеуші "Жер қойнауын пайдаланушы" болып танылды. Айта кететін жәйт 2023 жылы Шығыстүстімет өңірдің "Сыртқы экономикалық қызметінің үздік қатысушысы" атанған еді.
"Мен және "Шығыстүстімет" ЖШС салық тобының мамандары үшін бұл марапат компания үшін мақтаныш сезімін тудырады. Біз адал және ашық жұмыс істейміз, салық төлемдерін уақтылы аударамыз, салық міндеттемелерінде берешегіміз жоқ", - деп атап өтті "Шығыстүстімет" ЖШС бас бухгалтерінің салық жөніндегі орынбасары Лариса Уралова.
Сонымен қатар KAZ Minerals Aktogay Абай облысының экономикасына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз.

#kazminerals #казминералс #kazmineralskaz
"Шығыстүстімет" ЖШС қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды. Әріптестерімізге лайықты марапаттарын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев табыс етті.
Жанат Бектеміров, АӨК технологиялық көлік цехінің электрослесары "Құрмет" орденімен марапатталды.
Арыхан Әліп, Ертіс шахтасының электровоз машинисі және Юрий Скориков, Николаев байыту фабрикасының слесарь-жөндеушісі- ІІІ дәрежелі" Еңбек Даңқы" ордені.
Роман Хан, "Шығыстүстімет" ЖШС өндірістік бөлімінің бас маманы, Игорь Шушаков, "Шығыстүстімет" ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бастығы және Владимир Фомин, техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің бастығы "Ерен еңбегі үшін" медальдарын иеленді.

#kazminerals #казминералс #Востокцветмет #kazmineralskaz