3.85K subscribers
2.2K photos
95 videos
5 files
3.55K links
•Официальный Telegram-канал Казахстанской фондовой биржи.
•Telegram-бот ➡️ @KASEInfobot
Download Telegram
KASE ESG Knowledge Hub - ESG сараптамасын қалыптастыруға және тұрақты даму саласындағы үздік тәжірибе алмасуға арналған платформаны дамытуды жалғастыруда.

Sustainability Solutions компаниясымен бірлесіп "Зиянынан пайдасы көп. Компаниялардың ОДМ-ны іске асыру барысын бағалау жөніндегі кейстері" атты жаңа талдамалық материал дайындалды.

Жарияланым бизнестің БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізуге қосқан үлесін бағалаудың және нақты экологиялық әрі әлеуметтік әсерін өлшеудің практикалық тәсілдеріне арналған. Материалда компанияның өлшенетін нәтижені бағалауға көшуін көрсететін Unilever компаниясының кейсі, сондай-ақ ҚазМұнайГаздың ОДМ-ды стратегиясы мен басқару жүйесіне енгізу тәжірибесі қарастырылған.

🌎 Іске асырылып жатқан бастамалардың нәтижесін, олардың қоғамға, экономикаға және қоршаған ортаға ықпалын бағалаудың практикалық тәсілдеріне, сондай-ақ орнықты дамуды бағалаудың өз жүйесін қалыптастыру кезінде компанияларға пайдалы болуы мүмкін негізгі қорытындыға ерекше назар аударылған.

📌 Толығырақ ақпаратты осы сілтеме арқылы оқи аласыздар.
KASE продолжает развитие ESG Knowledge Hub - платформы для формирования ESG-экспертизы и обмена лучшими практиками в области устойчивого развития.

Совместно с Sustainability Solutions подготовлен новый аналитический материал - "Больше пользы, чем вреда. Кейсы компаний по оценке прогресса реализации ЦУР".

Публикация посвящена практическим подходам к оценке вклада бизнеса в достижение Целей устойчивого развития ООН (ЦУР) и измерению реального экологического и социального воздействия. В материале рассматриваются кейс Unilever, демонстрирующий переход компании к оценке измеримого эффекта, и опыт КазМунайГаза по интеграции ЦУР в стратегию и систему управления.

🌎 Особое внимание уделено практическим подходам к оценке результатов реализуемых инициатив и их влияния на общество, экономику и окружающую среду, а также ключевым выводам, которые могут быть полезны компаниям при построении собственной системы оценки устойчивого развития.

📌 Подробнее - читайте по данной ссылке.
Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржа мүшелеріне арналған колокация қызметінің іске қосылғанын хабарлайды. Қызмет KASE Директорлар кеңесі бекіткен Колокация қызметін көрсету ережелеріне сәйкес 2026 жылғы 01 тамыздан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі.

📌 Колокация қатысушының серверлік жабдығын KASE-нің деректерді өңдеу орталығында, Биржаның сауда-клиринг инфрақұрылымына тікелей жақын жерде орналастыруға мүмкіндік береді. Мұндай шешім дерек беру кезіндегі кідірісті барынша азайтуға, байланыстың тұрақтылығын арттыруға және сауда-саттық жүйелеріне барынша жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қатысушылардың өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Биржа қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымды, оның ішінде деректерді өңдеу орталығында телекоммуникациялық тіректі орналастыруды алдын ала дайындады.
2026 жылғы 01 тамызға дейін мүдделі қатысушылар:
✔️ өз жабдығын орналастыра алады;
✔️ байланыс арналарын қосып, күйге келтіре алады;
✔️ KASE-нің сауда-клиринг жүйелерімен өзара іс-қимылын кешенді сынақтан өткізе алады;
✔️ өз инфрақұрылымының қызметті өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге дайындығына көз жеткізе алады.

Мұндай тәсіл барлық техникалық іс-шараны алдын ала аяқтауға және қызмет ресми іске қосылғаннан кейін оны бірден пайдалануды бастауға мүмкіндік береді.

Қызмет KASE мүшелеріне және "KASE клиринг орталығы" АҚ-қа ұсынылады.

Қосылу талаптары, жабдықты орналастыруды ұйымдастыру, тестілеу және кейіннен өнеркәсіптік пайдалануға енгізу мәселелері бойынша Client Relations Office бөліміне customers@kase.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.

🔗 Колокация қызметін көрсету ережелерінің толық мәтінімен осы сілтеме бойынша таныса аласыздар.
Казахстанская фондовая биржа (KASE) сообщает о запуске услуги колокации для членов Биржи. Услуга вводится в промышленную эксплуатацию с 01 августа 2026 года в соответствии с Правилами предоставления услуги колокации, утвержденными Советом директоров KASE.

📌 Колокация предоставляет возможность размещения серверного оборудования участника в центре обработки данных KASE, в непосредственной близости к торгово-клиринговой инфраструктуре Биржи. Такое решение позволяет минимизировать задержки передачи данных, повысить стабильность соединения и обеспечить максимально быстрый доступ к торговым системам.

В целях обеспечения готовности участников к промышленному запуску Биржей уже подготовлена необходимая инфраструктура для оказания услуги, включая размещение телекоммуникационной стойки в центре обработки данных.
До 01 августа 2026 года заинтересованные участники могут:
✔️ разместить собственное оборудование;
✔️ выполнить подключение и настройку каналов связи;
✔️ провести комплексное тестирование взаимодействия с торгово-клиринговыми системами KASE;
✔️ убедиться в готовности своей инфраструктуры к началу промышленной эксплуатации услуги.

Такой подход позволит завершить все технические мероприятия заблаговременно и начать использование услуги сразу после ее официального запуска.

Услуга предоставляется членам KASE и АО "Клиринговый центр KASE".

По вопросам получения условий подключения, организации размещения оборудования, проведения тестирования и последующего ввода в промышленную эксплуатацию просим обращаться в Client Relations Office по адресу customers@kase.kz.

🔗 Полный текст Правил предоставления услуги колокации читайте по данной ссылке.
📽️ Meet the KASE Team жобасының жаңа шығарылымында - Web Design & Development командасы.

💻 Дәл осы команда KASE-нің негізгі корпоративтік веб-ресурстары - KASE мен КАСС сайттарын дамытады.

Әрбір жаңа бөлімнің, жаңартылған интерфейстің және ыңғайлы пайдаланушы сценарийінің артында дизайнды, әзірлеуді және заманауи технологияларды ұштастыратын мамандардың еңбегі тұр. Сондай-ақ команда фронтенд-әзірлеу мәдениетін енгізіп, қалыптастырады, масштабталатын, сапалы және үйлесімді цифрлық шешімдер үшін негіз жасайды.

📌 Шығарылымды көріп, KASE-нің веб-бағытын дамытып жүрген адамдармен танысыңыздар.

**

📽️ В новом выпуске Meet the KASE Team - команда Web Design & Development.

💻 Именно эта команда развивает ключевые корпоративные веб-ресурсы KASE - сайты KASE и КАСС.

За каждым новым разделом, обновленным интерфейсом и удобным пользовательским сценарием стоит работа специалистов, которые объединяют дизайн, разработку и современные технологии. Команда также внедряет и формирует культуру фронтенд-разработки, создавая основу для масштабируемых, качественных и согласованных цифровых решений.

📌 Смотрите выпуск и познакомьтесь с людьми, которые развивают веб-направление KASE.
Қазақстан қор биржасының (KASE) және KASE клиринг орталығының (KACC) делегациялары Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп Жапонияның Саппоро қаласында өткен ASEAN+3 облигациялар нарығының 46-форумына (ABMF) қатысты.

Іс-шара өңірлік борыштық нарықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін ASEAN+3 елдерінің орталық банктерінің, реттеушілерінің, қор биржаларының өкілдерін және нарықтың кәсіби қатысушыларын біріктірді.

📌 Форум аясында Қазақстанның облигациялар нарығының қазіргі жай-күйі мен оны дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды. KASE-нің қатысуымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ҚНРДА, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі (KCSD) бірлесіп Азия даму банкінің қолдауымен дайындаған Қазақстан Республикасының облигациялар нарығы жөніндегі алғашқы кешенді анықтамалық – Bond Market Guide for Kazakhstan құжатына ерекше назар аударылды. Құжат ASEAN+3 Bond Market Guide сериясына енгізіліп, халықаралық инвесторлар мен нарықтың кәсіби қатысушылары үшін негізгі анықтамалық басылым болып табылады.

Форумға қатысушылар тәжірибе алмасып, XBRL стандартын енгізуді, трансшекаралық есеп айырысу инфрақұрылымын (Cross-Border Settlement Infrastructure), сондай-ақ тұрақты қаржыландыру (ESG) саласындағы бастамаларды қоса алғанда, қаржы нарықтарының цифрлық инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.

KASE мен KACC-тың Форум жұмысына қатысуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның капитал нарығын өңірлік қаржы нарықтарымен интеграциялауды дамытуға ықпал етеді. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы ASEAN+3 Bond Market Forum (ABMF) форумында бақылаушы мәртебесіне ие.

🤝🏼 Іс-шара Азия даму банкінің (ADB), Киото университетінің және Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

ABMF форумы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына (ASEAN) мүше 10 мемлекетті, сондай-ақ Қытай, Жапония және Корея Республикасы елдерін біріктіреді.
Делегации Казахстанской фондовой биржи (KASE) и Клирингового центра KASE (KACC) совместно с Агентством Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка (АРРФР) приняли участие в 46-м Форуме по рынку облигаций ASEAN+3 (ABMF), который прошел в городе Саппоро (Япония).

Мероприятие объединило представителей центральных банков, регуляторов, фондовых бирж и профессиональных участников рынка стран ASEAN+3 для обсуждения актуальных вопросов развития регионального долгового рынка.

📌 В рамках форума было представлено текущее состояние и ключевые направления развития рынка облигаций Казахстана. Отдельное внимание было уделено Bond Market Guide for Kazakhstan - первому комплексному руководству по рынку облигаций Республики Казахстан, подготовленному при участии KASE совместно с Национальным Банком Республики Казахстан, АРРФР, Министерством финансов Республики Казахстан, Международным финансовым центром "Астана" (МФЦА) и Центральным депозитарием ценных бумаг (KCSD) под эгидой Азиатского банка развития. Документ вошел в серию ASEAN+3 Bond Market Guide и является ключевым справочным изданием для международных инвесторов и профессиональных участников рынка.

Участники форума обменялись опытом и обсудили развитие цифровой инфраструктуры финансовых рынков, включая внедрение стандарта XBRL, трансграничной расчетной инфраструктуры (Cross-Border Settlement Infrastructure), а также инициативы в области устойчивого финансирования (ESG).

Участие KASE и KACC в работе Форума способствует укреплению международного сотрудничества и развитию интеграции казахстанского рынка капитала с региональными финансовыми рынками. Напомним, с мая 2025 года Республика Казахстан имеет статус наблюдателя при Форуме ASEAN+3 Bond Market Forum (ABMF).

🤝🏼 Мероприятие организовано при поддержке Азиатского банка развития (ADB), Киотского университета и Центра изучения Юго-Восточной Азии.
Форум ABMF объединяет 10 государств - членов Ассоциации государств Юго-Восточной Азии (ASEAN), а также Китай, Японию и Республику Корея.
KASE академиясы KIMEP University студенттеріне "Қазақстан қор биржасының тетіктері мен ерекшеліктері" тақырыбында білім беру дәрісін өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның қор нарығы жұмысының негізгі аспектілерімен және KASE-нің оны дамытудағы рөлімен танысты. Кездесу барысында Биржа қызметінің негізгі бағыттары, нарықты реттеу мәселелері, KASE-де сауда-саттық жасалатын қаржы құралдары, сондай-ақ ұйымдастырылған және биржадан тыс нарықтардың ерекшеліктері қарастырылды.

📌 Бастапқы және қайталама нарықтарға, инвестициялаудың негізгі қағидаттарына және қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер кең таралған алаяқтық схемаларын, жаңадан бастаған инвесторлар үшін тәуекелдерді және қаржы құралдарымен жұмыс істеу кезінде киберқауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын талқылады.

📚 Іс-шара студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және Қазақстанның қор нарығы инфрақұрылымы туралы практикалық түсінігін қалыптастыруға бағытталды.
Академия KASE провела образовательную лекцию для студентов KIMEP University на тему "Механизмы и особенности Казахстанской фондовой биржи".

В рамках мероприятия участники ознакомились с ключевыми аспектами функционирования фондового рынка Казахстана и ролью KASE в его развитии. В ходе встречи были рассмотрены основные направления деятельности биржи, вопросы регулирования рынка, финансовые инструменты, торгуемые на KASE, а также особенности организованного и внебиржевого рынков.

📌 Отдельное внимание было уделено первичному и вторичному рынкам, базовым принципам инвестирования и вопросам финансовой безопасности. Студенты обсудили распространенные мошеннические схемы, риски для начинающих инвесторов и важность соблюдения правил кибербезопасности при работе с финансовыми инструментами.

📚 Мероприятие было направлено на повышение финансовой грамотности студентов и формирование практического понимания инфраструктуры казахстанского фондового рынка.