Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу арқылы әлеуметтік тұрғын үй мен инфрақұрылымды қаржыландыру тетігінің іске асырылғанына 10 жыл толуына орай көпжылдық жемісті ынтымақтастығы үшін KASE өкілдері "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-тың алғыс хаттарымен марапатталды.
Осы он жыл ішінде бұл тетік арқылы 2,9 трлн теңге тартылып, 144 мыңнан астам қазақстандық отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар инфрақұрылымдық және дағдарысқа қарсы жобалар іске асырылып, коммуналдық инфрақұрылым нысандары жаңғыртылды.
KASE қызметінің жоғары бағалануы - капитал нарығын дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың тиімді тетіктерін қалыптастыру жолындағы бірлескен жұмыстың нәтижесі.

В рамках 10-летия реализации механизма финансирования социального жилья и инфраструктуры через выкуп государственных ценных бумаг местных исполнительных органов представители KASE были отмечены благодарственными письмами АО "Казахстанская Жилищная Компания" за многолетнее плодотворное сотрудничество.
За десять лет благодаря этому механизму было привлечено 2,9 трлн тенге, что позволило обеспечить жильем более 144 тысяч казахстанских семей, реализовать инфраструктурные и антикризисные проекты, а также модернизировать объекты коммунальной инфраструктуры.
Высокая оценка KASE - это результат совместной работы по развитию рынка капитала и созданию эффективных механизмов финансирования государственных программ.

Қазақстан қор биржасы (KASE) "Capital Leasing Group" ЖШС-ның қатысуымен Эмитент күнін өткізді.
📌 Кездесу барысында компания өкілдері 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет нәтижесін, негізгі қаржылық көрсеткіштерді, лизинг бизнесінің дамуын, компанияның облигациялық шығарылымдарын және алдағы өсу перспективаларын таныстырды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша "Capital Leasing Group" ЖШС-ның лизинг портфелі 24 млрд теңге, активтері 26 млрд теңге, ал таза пайдасы 1,3 млрд теңге болды. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша лизинг портфелінің көлемі 33 млрд теңгеге, ал активтері 34 млрд теңгеге дейін өсті.
Кездесуде компанияның облигациялық бағдарламасын іске асыру нәтижесі де ұсынылды. Бүгінгі таңда 13 облигация шығарылымы орналастырылғаны, оның төртеуі толық өтелгені және инвесторларға барлық купондық төлем белгіленген мерзімде толық төленгені айтылды.
Іс-шара соңында компания өкілдері бизнесті дамыту, тәуекелді басқару, лизинг портфелінің сапасы және капитал нарығы арқылы қаржыландыру тарту жөніндегі алдағы жоспарларға қатысты қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.