3.88K subscribers
2.21K photos
95 videos
5 files
3.55K links
•Официальный Telegram-канал Казахстанской фондовой биржи.
•Telegram-бот ➡️ @KASEInfobot
Download Telegram
KASE-нің кешкі шолуы 🌙

ҚОР НАРЫҒЫ 📈
Сәрсенбі күні KASE индексінің мәні 0,35%-ға өсіп, 7 739,87 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 3 554. Мәмілелердің ең үлкен көлемі де «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларына тиесілі болды – 188,4 млн теңге. Жеті эмитенттің акциялары өсім көрсетті – «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,41%), «Эйр Астана» АҚ (+1,38%), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+0,85%), «Кселл» АҚ (+0,68%), «Ұлттық компания „ҚазМұнайГаз“» АҚ (+0,53%), Kaspi.kz АҚ (+0,29%) және «Ұлттық атом компаниясы „Қазатомөнеркәсіп“» АҚ (+0,03%).

АҚША НАРЫҒЫ 💰
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 12 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 16,36% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге теңгені қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 17 б.п.-қа төмендеп, жылдық 12,65% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 718,347 млрд теңгені құрады.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ 💱
Сәрсенбі күні сағат 17:00-де сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 479,23 теңгені құрады. Ұлттық валюта 0,75 теңгеге нығайды. Сауда-саттық көлемі 367,575 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 1 100 мәміле жасалды. Минималды баға – 476,80 теңге, максималды – 480,50 теңге, соңғы мәміленің бағасы – 478,50 теңге.
Лондон ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек фьючерстерінің құны сәрсенбі күні Алматы уақытымен сағат 18:00-де 1,60%-ға төмендеп, барреліне 71,79 АҚШ долларын құрады.
Вечерний обзор KASE 🌙

ФОНДОВЫЙ РЫНОК 📈
Значение Индекса KASE в среду выросло на 0,35% до 7 739,87 пунктов. Наибольшее количество сделок среди акций представительского списка было совершено с акциями АО "Народный Банк Казахстана" – 3 554. Наибольший объём сделок пришёлся на акции АО "Народный Банк Казахстана" – 188,4 млн тенге. Рост продемонстрировали акции семи эмитентов – АО "КазТрансОйл" (+1,41%), АО "Эйр Астана" (+1,38%), АО "Народный Банк Казахстана" (+0,85%), АО "Кселл" (+0,68%), АО "Национальная компания "КазМунайГаз" (+0,53%), АО Kaspi.kz (+0,29%) и АО "Национальная атомная компания "Казатомпром" (+0,03%).

ДЕНЕЖНЫЙ РЫНОК 💰
Доходность операций репо с государственными ценными бумагами (ГЦБ) сроком на один день (TONIA) выросла на 12 б.п. и по итогам торгового дня составила 16,36% годовых. Ставка заимствования тенге под залог долларов США сроком на один день (SWAP-1D (USD)) снизилась на 17 б.п. и составила 12,65% годовых. Совокупный объём торгов однодневными инструментами денежного рынка составил 718,347 млрд тенге.

ВАЛЮТНЫЙ РЫНОК 💱
На 17:00 средневзвешенный курс доллара США к тенге со сроком расчётов "завтра" по итогам торгов в среду составил 479,23 тенге. Нацвалюта укрепилась на 0,75 тенге. Объём торгов составил 367,575 млн долларов США. Было заключено 1 100 сделок. Минимальная цена составила 476,80 тенге за доллар США, максимальная – 480,50 тенге, цена последней сделки – 478,50 тенге.
Стоимость сентябрьских фьючерсов на нефть Brent на лондонской бирже ICE Futures к 18.00 времени Алматы в среду снизилась на 1,60% и составила 71,79 за баррель.
Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында өткен Қазақстанның капитал нарығын дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Oliver Wyman компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Сондай-ақ іс-шараға Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, банктердің өкілдері, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, халықаралық консультанттар мен сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанның капитал нарығын дамытудың негізгі бағыттары, оның ішінде инвестициялық тартымдылығын арттыру, экономиканы қаржыландырудың нарықтық тетіктерін кеңейту, реттеуді жетілдіру жөніндегі бастамалар, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және жаңа қаржы құралдарын енгізу мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел мемлекет, нарық қатысушылары және халықаралық консультанттардың капитал нарығын дамытуды көздейтін жүйелі шешімдерді әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмысының екінші кезеңі болды. 2026 жылғы мамырда өткен алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша 17 негізгі тақырыптық бағытқа біріктірілген 80-нен астам ұсыныс жүйелендірілді.

ҚНРДА консультанттармен бірлесіп нарыққа кешенді талдау жасап, 15-тен астам елдің халықаралық тәжірибесін зерделеді. Сондай-ақ қор нарықтарын дамыту, зейнетақы жүйелері, қаржылық реттеу, цифрлық активтер және туынды қаржы құралдары салаларындағы шетелдік сарапшылар тартылды. Нәтижесінде капитал нарығын дамытудың 8 басым бағыты бойынша топтастырылған 36 бастамадан тұратын ұсыныстар жиынтығы қалыптастырылды.
Председатель Правления Казахстанской фондовой биржи (KASE) Адиль Мухамеджанов принял участие в круглом столе по обсуждению ключевых инициатив развития рынка капитала Казахстана в рамках поручений Президента РК, организованном Агентством Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка (АРРФР) совместно с компанией Oliver Wyman.

Среди участников мероприятия были также представители Национального Банка Казахстана, Ассоциации финансистов Казахстана, банков, профессиональные участники рынка ценных бумаг, международные консультанты и эксперты.

На встрече обсудили основные направления развития рынка капитала Казахстана, в том числе повышение его инвестиционной привлекательности, расширение рыночных механизмов финансирования экономики, инициативы по совершенствованию регулирования, развитие рыночной инфраструктуры и внедрение новых финансовых инструментов.

Круглый стол стал вторым этапом совместной работы государства, участников рынка и международных консультантов по выработке системных решений для развития рынка капитала. По итогам первого заседания, который прошел в мае 2026 года, систематизировано более 80 предложений, объединенных в 17 ключевых тематических направлений.

АРРФР совместно с консультантами провело комплексный анализ рынка и изучило международный опыт более чем 15 стран, а также привлекло зарубежных экспертов в области развития фондовых рынков, пенсионных систем, регулирования, цифровых активов и производных финансовых инструментов. В результате, сформирован пакет, включающий 36 инициатив, распределенных по 8 флагманским направлениям развития рынка капитала.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу арқылы әлеуметтік тұрғын үй мен инфрақұрылымды қаржыландыру тетігінің іске асырылғанына 10 жыл толуына орай көпжылдық жемісті ынтымақтастығы үшін KASE өкілдері "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-тың алғыс хаттарымен марапатталды.

Осы он жыл ішінде бұл тетік арқылы 2,9 трлн теңге тартылып, 144 мыңнан астам қазақстандық отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар инфрақұрылымдық және дағдарысқа қарсы жобалар іске асырылып, коммуналдық инфрақұрылым нысандары жаңғыртылды.

KASE қызметінің жоғары бағалануы - капитал нарығын дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың тиімді тетіктерін қалыптастыру жолындағы бірлескен жұмыстың нәтижесі.