3.88K subscribers
2.22K photos
95 videos
5 files
3.56K links
•Официальный Telegram-канал Казахстанской фондовой биржи.
•Telegram-бот ➡️ @KASEInfobot
Download Telegram
Қазақстан қор биржасы (KASE) Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтымен (CAIER) бірлесіп, 29 маусымда сағат 10:00-де жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселелеріне арналған практикалық кездесуге шақырады.

Іс-шара барысында жасыл облигацияларды шығаруға дайындықтың толық процесі жан-жақты талқыланады. Сарапшылар бизнес өкілдерін қызықтыратын ең өзекті сұрақтарға жауап береді:

✔️ Облигация шығаруға дайындалу үшін эмитентке қандай ішкі құжаттар қажет?
✔️ Second Party Opinion (SPO) нені қамтиды және неге тәуелсіз сыртқы бағалау инвесторлар үшін аса маңызды?
✔️ Шығарылымға дайындық нақты қанша уақыт алады?
✔️ Қаржы құралын қалай құрылымдап, нарық талаптарына қалай дайындалуға болады?

Кездесу барысында ICMA халықаралық қағидаттарына сәйкес сыртқы бағалаудың рөліне, сондай-ақ ICMA External Reviewers тізімінің ресми қатысушысы ретінде CAIER ұйымының жаңа мүмкіндіктеріне және KASE эмитенттеріне арналған арнайы бастамаға ерекше назар аударылады.

🎤 Спикерлер:
Әсел Тасмағамбетова, CAIER негізін қалаушы;
Әсем Сырлыбай, CAIER ESG жобаларын дамыту жөніндегі жетекшісі;
Вадим Цуриков, “Shoqan SDG” Тұрақты даму орталығының директоры;
Әсел Төлеген, Teniz Capital Investment Banking компаниясының Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.

🗓️ 2026 жылғы 29 маусым, сағат 10:00
📍 Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, Almaty Towers БО (Солтүстік мұнара), 1-қабат, Press Room.

💡 Іс-шара жасыл, әлеуметтік, тұрақты немесе өтпелі облигация шығаруды жоспарлап отырған компанияларға, сондай-ақ қаржы және ESG бағыттарының өкілдеріне пайдалы болады.

📌 Тіркелу үшін осы сілтемеге өтіңіз.
Казахстанская фондовая биржа (KASE) совместно с Центрально-Азиатским институтом экологических исследований (CAIER) приглашает 29 июня в 10:00 на практическую встречу, посвященную подготовке к выпуску зеленых облигаций.

В рамках мероприятия состоится разбор всего процесса подготовки к выпуску зеленых облигаций. Эксперты ответят на самые частые вопросы бизнеса:
✔️ Какие внутренние документы нужны эмитенту для подготовки выпуска?
✔️ Что включает в себя Second Party Opinion (SPO) и почему внешняя оценка критически важна для инвесторов?
✔️ Сколько реального времени занимает подготовка к выпуску?
✔️ Как структурировать финансовый инструмент и подготовиться к требованиям рынка?

Отдельное внимание будет уделено роли внешней оценки по международным принципам ICMA и новым возможностям CAIER как официального участника списка ICMA External Reviewers и о специальной инициативе для эмитентов KASE.

🎤 Спикерами выступят:
Асель Тасмагамбетова, основатель CAIER;
Асем Сырлыбай, руководитель по развитию ESG-проектов CAIER;
Вадим Цуриков, директор Центра устойчивого развития "Shoqan SDG";
Асель Толеген, директор департамента корпоративных финансов Teniz Capital Investment Banking;
Алдияр Камалханов, Vice President of Client Relations Office.

🎙️ Модератор:
Абылай Сыздыков, директор Академии KASE.


🗓️ 29 июня 2026 года в 10:00
📍 г. Алматы, ул Байзакова, 280, БЦ Almaty Towers (Северная башня), 1 этаж, Press Room.

💡 Мероприятие будет полезно компаниям, которые рассматривают выпуск зеленых, социальных, устойчивых или переходных облигаций, а также представителям финансовых и ESG-направлений.

📌 Регистрация по данной ссылке.
Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) KASE Global секторында жетекші цифрлық активтерге негізделген биржалық инвестициялық қорлармен (ETF) сауда-саттық ресми түрде басталды.

Бұл қаржы құралдарына рұқсат Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, "реттеушілік құмсалғыш" аясында жүзеге асырылды (бастамашы - "ИК Standard" АҚ). Бұл - Қазақстан Республикасының құқықтық алаңы шеңберінде білікті инвесторларға криптоиндустрияға инвестиция салудың реттелетін тетігін ұсынатын тарихи қадам.

Биржа алаңында SOLZ_KZ (Volatility Shares компаниясының Solana ETF қоры) қолжетімді болды. Бұл қор токенге тікелей иелік етпей-ақ, фьючерстер мен ақшалай баламалар арқылы Solana бағасының динамикасын қайталайды. Қорды басқару үшін алынатын комиссия жылдық 0,95%-ды құрайды. Сонымен қатар бұл ETF-пен сауда жасау тек KASE-нің уәкілетті брокерлері арқылы білікті инвесторларға ғана қолжетімді екенін атап өткен жөн.

Осы қорлармен сауда-саттықты іске қосу 2025 жылғы желтоқсанда қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында қол жеткізілген келісімдердің заңды жалғасы болып табылады және биржа алаңында озық блокчейн-шешімдерді енгізуге, сондай-ақ активтерді одан әрі токендеуге бағытталған.

Қазақстанның бүкіл қаржы нарығы үшін мұндай қадамдар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Реттеушілік құмсалғыш режимінің сәтті іске қосылуы шетелдік қорлардың интеграциясын жеделдетіп қана қоймай, отандық эмитенттер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашты.

Болашақта қазақстандық компаниялар, соның ішінде Solana инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, өздерінің крипто-ETF өнімдерін іске қоса алады.
Сегодня на Казахстанской фондовой бирже (KASE) в секторе KASE Global официально стартовали торги биржевыми фондами (ETF) на базе ведущих цифровых активов.
Допуск реализован в рамках «регуляторной песочницы» совместно с Агентство Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка (инициатор – АО "ИК Standard"). Это исторический шаг, который дает квалифицированным инвесторам регулируемый механизм для вложений в криптоиндустрию в рамках правового поля РК.

Доступным инструментом на площадке стал SOLZ_KZ (Solana ETF от Volatility Shares). Данный фонд воспроизводит цену Solana через фьючерсы и денежные эквиваленты без прямого владения токеном, а комиссия за управление составляет 0,95% годовых. При этом важно отметить, что торговля данным ETF открыта только для квалифицированных инвесторов через авторизованных брокеров KASE.

Запуск логично продолжает договоренности, достигнутые в рамках меморандума о взаимопонимании, подписанного в декабре 2025 года, и направленного на внедрение передовых блокчейн-решений на площадке биржи и дальнейшую токенизацию активов.
Для всего финансового рынка Казахстана такие шаги открывают новые перспективы. Успешный запуск режима песочницы не только ускорил интеграцию зарубежных фондов, но и открыл двери для эмитентов из нашей страны. В будущем, отечественные компании смогут запускать собственные крипто-ETF, в том числе, активно используя инфраструктуру Solana.
Қазақстан қор биржасы (KASE) үшін тарихи күн тағы бір маңызды жаңалықпен толықты - бағалы қағаздардың ресми тізіміне Bitcoin негізіндегі биржалық инвестициялық қор (ETF) енгізілді. Басқа цифрлық активтер сияқты, бұл құралдың листингі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен "реттеушілік құмсалғыш" режимі аясында жүзеге асырылды. Бұл барлық мәміленің заңды әрі айқын болуын қамтамасыз етеді.

Криптовалюталық бағыттағы негізгі құрал ретінде IBIT_KZ тикерімен саудаланатын iShares Bitcoin Trust ETF қоры ұсынылды. Әлемдік инвестициялық алпауыт BlackRock басқаратын бұл құрал биткоиннің споттық бағасына тікелей инвестициялық қолжетімділік береді. Қорды KASE алаңына енгізудің бастамашысы - "Фридом Финанс" АҚ.

Қордың маңызды артықшылықтарының бірі - басқару комиссиясының төмендігі, ол жылына 0,25% құрайды. Сонымен қатар сауда-саттықтың орташа шығыны небәрі 0,02% деңгейінде.

IBIT_KZ құралымен сауда жасау тек білікті инвесторлар үшін қолжетімді. Мәмілелер уәкілетті брокерлер арқылы жасалады. Қазіргі таңда бұл тізімге KASE-нің 13 мүшесі кіріп отыр.

Аталған қордың іске қосылуы инвесторларға цифрлық активтермен жұмыс істеуге арналған түсінікті әрі реттелетін құрал ұсынады. Инвесторлар монеталар мен кілттерді өз бетінше сақтамай-ақ, биткоин бағасының өзгерісінен пайда алу мүмкіндігіне ие болады.
Исторический день для Казахстанской фондовой биржи (KASE) дополняется еще одной громкой премьерой - в официальный список ценных бумаг включен биржевой инвестиционный фонд на базе Bitcoin. Как и в случае с другими цифровыми активами, листинг прошел в особом режиме "регуляторной песочницы" при поддержке Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка, что гарантирует полную законность и прозрачность всех сделок.

Флагманом крипто-направления стал iShares Bitcoin Trust ETF под тикером IBIT_KZ. Инструмент, находящийся под управлением инвестиционного гиганта BlackRock, открывает прямую экспозицию к спотовой цене биткоина. Инициатором его допуска на KASE выступило АО "Фридом Финанс". Существенным преимуществом фонда является низкая комиссия управляющего, составляющая 0,25%, а также минимальные средние торговые издержки на уровне 0,02%.

Доступ к торговле инструментом IBIT_KZ открыт исключительно для квалифицированных инвесторов. Сделки осуществляются через авторизованных брокеров - на сегодняшний день в этот список входят 13 компаний-членов KASE.
Запуск этого фонда предоставляет инвесторам понятный и регулируемый инструмент для работы с цифровыми активами. Инвесторы получают доступ к динамике биткоина без необходимости самостоятельного хранения монет и ключей.
KASE Global секторындағы цифрлық құралдар желісі кеңейіп келеді - Қазақстан қор биржасында (KASE) Ethereum базасындағы споттық биржалық инвестициялық қормен (ETF) сауда-саттық ресми түрде басталды. Басқа криптоактивтер сияқты, бұл құрал да Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен және "ИК Standard" АҚ бастамасымен іске асырылып жатқан "реттеушілік құмсалғыш" аясында айналымға жіберілді. Бұл инвесторларға сенімді әрі айқын құқықтық негізде инвестициялауға мүмкіндік береді.

Биржа алаңында қолжетімді болған жаңа құрал - ETHA_KZ тикерімен саудаланатын iShares Ethereum Trust ETF қоры. Қорды әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі - BlackRock басқарады.

Қордың басты ерекшелігі - Ethereum-ның нарықтық құнын тікелей қадағалауы. Споттық құрылым инвесторларға нарықтық капитализациясы бойынша әлемдегі екінші ірі криптовалютаға классикалық инвестициялық қолжетімділік береді. Қордың тағы бір артықшылығы - басқару комиссиясының төмендігі, ол жылына небәрі 0,25% құрайды.

Маңызды жайт: бұл ETF-пен сауда жасау тек білікті инвесторларға ғана қолжетімді. Барлық операция KASE мүшелері болып табылатын уәкілетті брокерлер арқылы жүзеге асырылады.

BlackRock секілді халықаралық инвестициялық алпауыттың мұндай институционалдық өнімінің Қазақстанның капитал нарығында пайда болуы - дәстүрлі қаржы жүйесі мен Web3 индустриясының интеграциясындағы заңды әрі маңызды қадам.

"Реттеушілік құмсалғыш" режимінің табысты жұмыс істеуі қазақстандық инвесторларға үйреншікті әрі қорғалған биржалық инфрақұрылым шеңберінде өз инвестициялық портфельдерін қауіпсіз әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Линейка цифровых инструментов в секторе KASE Global продолжает расширяться – на Казахстанской фондовой бирже (KASE) официально стартовали торги спотовым биржевым фондом на базе Ethereum. Как и другие криптоактивы, данный инструмент допущен к обращению в рамках "регуляторной песочницы" при поддержке Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка, а также по инициативе АО "ИК Standard", что обеспечивает инвесторам надежную и прозрачную правовую базу.

Новым доступным инструментом на площадке стал iShares Ethereum Trust ETF под тикером ETHA_KZ. Фонд находится под управлением крупнейшей в мире инвестиционной компании BlackRock. Его главная особенность заключается в том, что он напрямую отслеживает рыночную стоимость Ethereum. Спотовая структура предоставляет участникам торгов классическую экспозицию на вторую по капитализации криптовалюту в мире. Дополнительным преимуществом выступает низкая комиссия за управление фондом, которая составляет всего 0,25% годовых.

Напоминаем важный нюанс – торговля данным ETF открыта исключительно для квалифицированных инвесторов. Все операции осуществляются через авторизованных брокеров, являющихся членами KASE.
Появление на отечественном рынке капитала такого крупного институционального продукта от BlackRock – это закономерный шаг в интеграции традиционных финансов и индустрии Web3. Успешная работа режима песочницы позволяет казахстанским инвесторам безопасно диверсифицировать свои портфели, оставаясь в рамках привычной и защищенной биржевой инфраструктуры.
KASE-нің кешкі шолуы 🌙

ҚОР НАРЫҒЫ 📈
Сейсенбі күні KASE индексінің мәні 0,36%-ға төмендеп, 7 684,74 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 3 627. Мәмілелердің ең үлкен көлемі «Ұлттық компания „ҚазМұнайГаз“» АҚ акцияларына тиесілі болды – 662,2 млн теңге. Үш эмитенттің акциялары өсім көрсетті – Kaspi.kz АҚ (+0,51%), «Ұлттық компания „ҚазМұнайГаз“» АҚ (+0,16%) және «KEGOC» АҚ (+0,07%).

АҚША НАРЫҒЫ 💰
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 2 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 16,69% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге теңгені қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 19 б.п.-қа төмендеп, жылдық 12,72% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 700,001 млрд теңгені құрады.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ 💱
Сейсенбі күні сағат 17:00-де сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 486,16 теңгені құрады. Ұлттық валюта 0,83 теңгеге нығайды. Сауда-саттық көлемі 266,613 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 858 мәміле жасалды. Минималды баға – 485,31 теңге, максималды – 487,00 теңге, соңғы мәміленің бағасы – 486,25 теңге.
Лондон ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны сейсенбі күні Алматы уақытымен сағат 18:00-де 0,74%-ға төмендеп, барреліне 77,32 АҚШ долларын құрады.
Вечерний обзор KASE 🌙

ФОНДОВЫЙ РЫНОК 📈
Значение Индекса KASE во вторник снизилось на 0,36% до 7 684,74 пунктов. Наибольшее количество сделок среди акций представительского списка было совершено с акциями АО "Народный Банк Казахстана" – 3 627. Наибольший объём сделок пришёлся на акции АО "Национальная компания "КазМунайГаз" – 662,2 млн тенге. Рост продемонстрировали акции трех эмитентов – АО Kaspi.kz (+0,51%), АО "Национальная компания "КазМунайГаз" (+0,16%) и АО "KEGOC" (+0,07%).

ДЕНЕЖНЫЙ РЫНОК 💰
Доходность операций репо с государственными ценными бумагами (ГЦБ) сроком на один день (TONIA) выросла на 2 б.п. и по итогам торгового дня составила 16,69% годовых. Ставка заимствования тенге под залог долларов США сроком на один день (SWAP-1D (USD)) снизилась на 19 б.п. и составила 12,72% годовых. Совокупный объём торгов однодневными инструментами денежного рынка составил 700,001 млрд тенге.

ВАЛЮТНЫЙ РЫНОК 💱
На 17:00 средневзвешенный курс доллара США к тенге со сроком расчётов "завтра" по итогам торгов во вторник составил 486,16 тенге. Нацвалюта укрепилась на 0,83 тенге. Объём торгов составил 266,613 млн долларов США. Было заключено 858 сделок. Минимальная цена составила 485,31 тенге за доллар США, максимальная – 487,00 тенге, цена последней сделки – 486,25 тенге.
Стоимость августовских фьючерсов на нефть Brent на лондонской бирже ICE Futures к 18.00 времени Алматы во вторник снизилась на 0,74% и составила 77,32 за баррель.
Утренний обзор KASE ☀️

📊 Фондовый рынок

Американские фондовые индексы завершили торги во вторник снижением на фоне распродажи акций крупнейших производителей микрочипов: индекс S&P 500 снизился на 1,4%, а Nasdaq 100 потерял 3,3%. Южнокорейская компания SK Hynix решила сократить производство передовых чипов для искусственного интеллекта в пользу увеличения выпуска стандартной памяти DRAM. Данная новость была воспринята рынком как сигнал возможного замедления спроса на вычислительные мощности. Акции Nvidia снизились на 4,2%, Broadcom — на 3,1%, Qualcomm — на 8%, AMD — на 5,8%, Micron — на 13,2%, а Sandisk — на 11,2%. Бумаги Tesla потеряли 5,8%, а Oracle снизились на 5,8%. В то же время акции SpaceX выросли на 1%, несмотря на то что компания разместила облигации всего через неделю после IPO, что усилило опасения инвесторов относительно масштабных капитальных затрат. Доходности казначейских облигаций США оставались высокими, несмотря на снижение цен на энергоносители. Рост акций компаний здравоохранения и сектора потребительских товаров первой необходимости помог индексу Dow Jones завершить торговый день практически без изменений.

Европейские фондовые индексы во вторник резко снизились на фоне распродажи бумаг технологического сектора, которая вынудила инвесторов сокращать рисковые позиции. Индекс STOXX 50 потерял 1,2%, опустившись до 6 235 пунктов, а STOXX 600 снизился на 0,5% до 636 пунктов. Акции ASML упали на 5,5%, а Infineon потеряли 5,8%. Промышленные компании, связанные со строительством дата-центров, также оказались под давлением: акции Siemens снизились на 2,5%, а Schneider Electric — на 4%. В то же время фармацевтический сектор продемонстрировал положительную динамику. Акции Sanofi выросли на 1,5% после того, как Европейский союз одобрил препарат Cenrifki.

Японский индекс Nikkei 225 в среду снизился на 1,7%, опустившись ниже отметки 68 700 пунктов, продолжив падение предыдущей сессии на фоне распродажи технологических акций на Уолл-стрит и растущих опасений относительно масштабных расходов на искусственный интеллект со стороны крупнейших технологических компаний. Протокол июньского заседания Банка Японии показал, что большинство членов регулятора поддерживают дальнейшее повышение процентных ставок, так как базовая инфляция постепенно приближается к целевому уровню в 2%. Среди японских компаний наибольшее снижение показали акции Fujikura (-2,7%), Tokyo Electron (-2,2%), Furukawa Electric (-1,7%), Disco Corp (-2,2%) и Sumitomo Electric (-1,6%).

Китайский индекс Shanghai Composite в среду снизился на 0,3% до 4 096 пунктов, а индекс Shenzhen Component потерял 0,4%, опустившись до 15 792 пунктов. Наибольшее снижение показали бумаги Zijin Mining Group (-1,2%), Foxconn Industrial Internet (-1,5%) и NAURA Technology (-2,7%).

Индекс Московской биржи вырос на 0,76% до уровня 2 335,94 во вторник.

🛢️ Товарные рынки

Котировки на нефть марки Brent по итогам утренних торгов в среду составили $76,31 за баррель, WTI - $72,45 за баррель.

💱 Валютные рынки

Индекс доллара DXY торгуется на утренних торгах в среду на уровне 101,50 пунктов.
Эмитент "Capital Leasing Group" ЖШС-мен кездесуге шақырамыз!

🗓️ 01 шілдеде сағат 14:30-да сіздерді қазақстандық лизинг компаниясы "Capital Leasing Group" ЖШС-мен өтетін Эмитент күніне шақырамыз.

Кездесу барысында компания 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы қызметінің нәтижесін, негізгі қаржылық көрсеткіштерін, лизинг бизнесінің дамуы, компанияның облигациялық шығарылымдары және одан әрі өсу перспективалары туралы ақпаратты ұсынады.

🎤 Спикерлер:
Мирас Серікбай, Capital Leasing Group инвестициялық менеджері;
Мақсат Спанқұлов, Capital Leasing Group директоры.

🎙️ Модератор:
Айнагүл Искакова, KASE Басқарма төрағасының орынбасары.

📍 Форматы – гибридті.

Онлайн: Zoom.
Офлайн: Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, Almaty Towers БО (Солтүстік мұнара), 1-қабат, Press Room.

🔗 Тіркелу үшін осы сілтеме бойынша өтіңіз.

⚡️ Қатысушылар компания қызметінің қорытындысы туралы ақпаратты тікелей компания өкілдерінен алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.