3.83K subscribers
2.12K photos
87 videos
5 files
3.52K links
•Официальный Telegram-канал Казахстанской фондовой биржи.
•Telegram-бот ➡️ @KASEInfobot
Download Telegram
Эмитент - "KEGOC" АҚ-пен кездесуге шақырамыз!

🗓️ 25 маусымда сағат 10:30-да Қазақстанның электр желілерін басқарушы компания - "KEGOC" АҚ-тың қатысуымен өтетін Эмитент күнiне шақырамыз!

🚀 KEGOC Қазақстанның энергетикалық жүйесінің сенімділігін, қолжетімді болуын және озық дамуын қамтамасыз етеді.

Кездесу аясында компания 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің нәтижесін таныстырады.

📍 Формат - гибридті.

Онлайн: Zoom.
Офлайн: Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, Almaty Towers БО (Солтүстік мұнара), 1-қабат, Press Room.

🔗 Тіркелу үшін осы сілтемеге өтіңіз.

⚡️ Қатысушылар компания қызметінің нәтижесі туралы ақпаратты тікелей компания өкілдерінен алып, өз сұрақтарын қоя алады.
Ждем вас на встрече с эмитентом - АО "KEGOC"!

🗓️ 25 июня в 10:30 приглашаем вас на День эмитента с АО "KEGOC" - казахстанской компанией по управлению электрическими сетями.

🚀 KEGOC обеспечивает надежность, доступность и опережающее развитие энергосистемы Казахстана.

В рамках встречи компания представит итоги деятельности за 2025 год и первый квартал 2026 года.

📍 Формат - гибридный.

Онлайн: Zoom.
Офлайн: г. Алматы, ул. Байзакова, 280, БЦ Almaty Towers (Северная башня), 1 этаж, Press Room.

🔗 Для регистрации переходите по данной ссылке.

⚡️ Участники смогут из первых уст узнать об итогах деятельности компании и задать свои вопросы.
KASE-нің кешкі шолуы 🌅

ҚОР НАРЫҒЫ 📈
Бейсенбі күні KASE индексінің мәні 0,24%-ға өсіп, 7 663,23 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 2 507. Мәмілелердің ең үлкен көлемі «Ұлттық компания „ҚазМұнайГаз“» АҚ акцияларына тиесілі болды – 448,2 млн теңге. Бес эмитенттің акциялары өсім көрсетті – Kaspi.kz АҚ (+1,07%), «Ұлттық компания „ҚазМұнайГаз“» АҚ (+1,04%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,35%), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+0,26%) және «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,11%).

АҚША НАРЫҒЫ 💰
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 27 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 17,11% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге теңгені қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 10 б.п.-қа төмендеп, жылдық 12,98% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 856,756 млрд теңгені құрады.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ 💱
Бейсенбі күні сағат 17:00-де сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 487,89 теңгені құрады. Ұлттық валюта 0,67 теңгеге нығайды. Сауда-саттық көлемі 310,435 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 1 020 мәміле жасалды. Минималды баға – 486,90 теңге, максималды – 489,90 теңге, соңғы мәміленің бағасы – 488,10 теңге.
Лондон ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны бейсенбі күні Алматы уақытымен сағат 18:00-де 0,56%-ға өсіп, барреліне 93,62 АҚШ долларын құрады.
Вечерний обзор KASE 🌅

ФОНДОВЫЙ РЫНОК 📈
Значение Индекса KASE в четверг выросло на 0,24% до 7 663,23 пунктов. Наибольшее количество сделок среди акций представительского списка было совершено с акциями АО "Народный Банк Казахстана" – 2 507. Наибольший объём сделок пришёлся на акции АО "Национальная компания "КазМунайГаз" – 448,2 млн тенге. Рост продемонстрировали акции пяти эмитентов – АО Kaspi.kz (+1,07%), АО "Национальная компания "КазМунайГаз" (+1,04%), АО "КазТрансОйл" (+0,35%), АО "Народный Банк Казахстана" (+0,26%) и АО "Банк ЦентрКредит" (+0,11%).

ДЕНЕЖНЫЙ РЫНОК 💰
Доходность операций репо с государственными ценными бумагами (ГЦБ) сроком на один день (TONIA) выросла на 27 б.п. и по итогам торгового дня составила 17,11% годовых. Ставка заимствования тенге под залог долларов США сроком на один день (SWAP-1D (USD)) снизилась на 10 б.п. и составила 12,98% годовых. Совокупный объём торгов однодневными инструментами денежного рынка составил 856,756 млрд тенге.

ВАЛЮТНЫЙ РЫНОК 💱
На 17:00 средневзвешенный курс доллара США к тенге со сроком расчётов "завтра" по итогам торгов в четверг составил 487,89 тенге. Нацвалюта укрепилась на 0,67 тенге. Объём торгов составил 310,435 млн долларов США. Было заключено 1 020 сделок. Минимальная цена составила 486,90 тенге за доллар США, максимальная – 489,90 тенге, цена последней сделки – 488,10 тенге.
Стоимость августовских фьючерсов на нефть Brent на лондонской бирже ICE Futures к 18.00 времени Алматы в четверг выросла на 0,56% и составила 93,62 за баррель.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
KASE Қазақстанның реттелетін цифрлық нарық инфрақұрылымының құрамдас бөлігіне айналатын цифрлық қаржы активтерін шығару және олардың айналысын ұйымдастыру платформасын таныстырды.

Презентация Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовтің қатысуымен өтті.

**

KASE представила платформу по эмиссии и организации оборота цифровых финансовых активов, которая станет частью формирующейся регулируемой инфраструктуры цифрового рынка Казахстана.

Презентация прошла с участием Председателя Национального Банка Республики Казахстан (НБРК) Тимура Сулейменова.
KASE Қазақстанның реттелетін цифрлық нарық инфрақұрылымының құрамдас бөлігіне айналатын цифрлық қаржы активтерін шығару және олардың айналысын ұйымдастыру платформасын таныстырды.

Презентация Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовтің қатысуымен өтті.

KASE платформасы - цифрлық қаржы активтерін реттелетін ортада шығару, есепке алу, айналысқа енгізу және олар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған цифрлық инфрақұрылым. Шешім бастапқы орналастырудан бастап қайталама айналыс пен инвесторлар алдындағы міндеттемелерді орындауға дейінгі активтің өмірлік циклінің барлық кезеңін қамтиды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі KASE-ні екі бағыт: цифрлық қаржы активтері платформасының операторы және цифрлық активтермен сауда-саттық платформасының операторы бойынша цифрлық платформалар операторларының тізіліміне енгізген болатын. Бұл Биржаның Қазақстандағы цифрлық активтер нарығының жаңа сегментін дамытудағы рөлін айқындай түседі.

"KASE ұзақ жылдар бойы айқындылықты, сенімділікті және жоғары жұмыс стандарттарын қамтамасыз ете отырып, отандық капитал нарығының негізгі институты болып келеді. Сондықтан ұлттық қор биржасының жаңа нарықтың алғашқы қатысушыларының біріне айналуы заңды құбылыс", - деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Кездесу барысында сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноталарын дербес қаржы құралы ретінде токендеу тұжырымдамасы таныстырылды. Модель екінші деңгейдегі банктер арасында цифрлық ноталарды шығарып, оларды KASE платформасында айналысқа енгізуді және есеп айырысуды бірыңғай цифрлық инфрақұрылым арқылы жүргізуді көздейді.

"Бұл операциялардың айқындылығын арттыруға, есеп айырысуды жеделдетуге және инвесторлар үшін мемлекеттік қаржы құралдарының қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Күтілетін нәтиже – құралды цифрлық форматта шығару, реттелетін цифрлық орта арқылы қолжетімділікті кеңейту, есеп айырысу мерзімін T+0 деңгейіне дейін қысқарту және операцияларды тәулік бойы, аптасына жеті күн жүргізу мүмкіндігі", - деді KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Биржаның цифрлық активтер платформасын әзірлеу аяқталып, реттеушілік іске қосылуға дайындалып жатыр. Алғашқы кезеңде базалық құралдар қолжетімді болады, кейін бұл инфрақұрылым қаржы өнімдерінің ауқымын кеңейтіп, нарықтың жаңа сегменттерін дамытуға мүмкіндік береді.