KASE Академиясы Silkroad Angels ұйымымен бірлесіп, жасанды интеллектке инвестиция салу және AI-дың бизнесте практикалық қолданылуына арналған воркшоп ұйымдастырды.
Қатысушылар жасанды интеллектің компанияны құруға, өнімдерді дамытуға және венчурлық инвестиция жасауға қатысты көзқарасты қалай өзгертіп жатқанын талқылады. Өз тәжірибесін және индустрияның дамуы жөніндегі көзқарасын Silkroad Angels тең негізін қалаушы Абай Абсамет пен nFactorial School негізін қалаушы және басшысы Арман Сүлейменов бөлісті.
Спикерлердің айтуынша, AI әлемдік экономикада құн қалыптастырудың негізгі драйверлерінің біріне айналуда, ал AI инфрақұрылымы мен оған қатысты технологияларға жасалатын инвестиция көлемі 2026 жылы 700 млрд АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.
"Егер 5 жыл бұрын технологиялық өнім жасау үшін ондаған инженер, миллиондаған доллар инвестиция және 3-5 жыл қажет болса, бүгінде 5-10 адамнан тұратын командалар өнімді әлдеқайда жылдам әрі аз шығынмен жасай алады. Жасанды интеллект стартаптарды дамыту шығынын он еседен астам қысқартып отыр", - деді Абай Абсамет.
Венчурлық нарықтың AI ықпалымен трансформациялануына да ерекше назар аударылды. Ұсынылған деректерге сәйкес, 2025 жылы пайда болған "жалғыз мүйіз" компаниялардың шамамен 68%-ы AI-native болып табылады. Мысал ретінде Higgsfield кейсі қарастырылып, шағын командалардың жасанды интеллектің мүмкіндіктері арқылы жаһандық деңгейдегі өнімдер жасай алатыны көрсетілді.
Арман Сүлейменов AI құралдарын қолданудың практикалық кейстерімен бөлісіп, жасанды интеллектің бүгіннің өзінде компанияларға процестер тиімділігін арттыруға, өнім әзірлеуді жеделдетуге және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектесіп жатқанын атап өтті.
"Бүгінде жасанды интеллект рекрутингтен бастап өтінімдерді өңдеу, деректерді талдау, сатылым және контент-маркетингке дейінгі ағымдағы көптеген функцияны орындай алады. Көптеген процесті енді автоматтандыруға немесе айтарлықтай жеделдетуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлі middle management ең үлкен трансформацияға ұшырайтын аймаққа айналуда", - деді Арман Сүлейменов.