3.77K subscribers
1.11K photos
38 videos
5 files
3.33K links
•Официальный Telegram-канал Казахстанской фондовой биржи.
•Telegram-бот ➡️ @KASEInfobot
Download Telegram
2026 жылғы 23 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE) әлемдегі жетекші технологиялық компаниялар — Alibaba Group Holding Ltd және Baidu, Inc. компанияларының америкалық депозитарлық қолхаттарымен (ADR) сауда-саттық ашылады.

KASE Global алаңында инвесторлар үшін BABAd (Alibaba ADR) және BIDUd (Baidu ADR) бағалы қағаздары қолжетімді болады, олардың бағасы АҚШ долларымен белгіленеді. Бұл құралдар бойынша маркет-мейкер болып "Standard" инвестициялық компаниясы" АҚ тағайындалды, оған KASE-де ресми түрде маркет-мейкер мәртебесі берілген.

"Alibaba мен Baidu америкалық депозитарлық қолхаттарының KASE-де пайда болуы жай ғана құралдар желісін кеңейту емес, бұл – инвесторлар үшін азиялық нарықтардың технологиялық өсімімен үйреншікті инфрақұрылымда, айқын баға белгілеу арқылы тікелей жұмыс істеу мүмкіндігі", — деп атап өтті KASE Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Ысқақова.

Осылайша, KASE жаһандық нарықтардың қолжетімділігін арттыруды жалғастырып, инвесторлар үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер көкжиегін ашады.
С 23 января 2026 года на Казахстанской фондовой бирже (KASE) открываются торги американскими депозитарными расписками (ADR) ведущих мировых технологических компаний – Alibaba Group Holding Ltd и Baidu, Inc.

На площадке KASE Global инвесторам будут доступны бумаги BABAd (ADR Alibaba) и BIDUd (ADR Baidu) с котированием в долларах США. Назначенным маркет-мейкером по данным инструментам выступает АО "Инвестиционная компания Standard", которой официально присвоен статус маркет-мейкера на KASE.

"Появление ADR Alibaba и Baidu на KASE — это не просто дополнение линейки инструментов. Это возможность для инвесторов работать с технологическим ростом азиатских рынков напрямую, в привычной инфраструктуре и с прозрачным ценообразованием", — отметила Айнагуль Искакова, заместитель Председателя Правления KASE.

Таким образом KASE продолжает расширять доступ к глобальным рынкам и открывает новые инвестиционные возможности!
ҚОР НАРЫҒЫ 📊
KASE Индексінің мәні жұма күні 0,23%-ға өсіп, 7 384,69 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 2 682. Мәмілелердің ең үлкен көлемі де «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларына тиесілі болды – 152,0 млн теңге. Бес эмитенттің акциялары өсім көрсетті – Kaspi.kz АҚ (+1,04%), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+0,71%), «Ұлттық компания „ҚазМұнайГаз“» АҚ (+0,40%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,38%) және «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,34%).

АҚША НАРЫҒЫ 💵
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 5 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 17,59% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге теңгені қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 91 б.п.-қа өсіп, жылдық 13,00% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 998,603 млрд теңгені құрады.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ 💲
Жұма күні сағат 17:00-де сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 503,19 теңгені құрады. Ұлттық валюта 2,52 теңгеге нығайды. Сауда-саттық көлемі 329,166 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 933 мәміле жасалды. Минималды баға – 502,35 теңге, максималды баға – 504,90 теңге, соңғы мәміленің бағасы – 503,50 теңге.

Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайының наурыз фьючерстерінің құны жұма күні Алматы уақытымен сағат 18:00-де 1,84%-ға өсіп, барреліне 65,24 АҚШ долларын құрады.
Вечерний обзор KASE 🌆

ФОНДОВЫЙ РЫНОК 📈
Значение Индекса KASE в пятницу выросло на 0,23% до 7 384,69 пунктов. Наибольшее количество сделок среди акций представительского списка было совершено с акциями АО "Народный Банк Казахстана" – 2 682. Наибольший объём сделок пришёлся на акции АО "Народный Банк Казахстана" – 152,0 млн тенге. Рост продемонстрировали акции пяти эмитентов – АО Kaspi.kz (+1,04%), АО "Народный Банк Казахстана" (+0,71%), АО "Национальная компания "КазМунайГаз" (+0,40%), АО "Казахтелеком" (+0,38%) и АО "Банк ЦентрКредит" (+0,34%).

ДЕНЕЖНЫЙ РЫНОК 💰
Доходность операций репо с государственными ценными бумагами (ГЦБ) сроком на один день (TONIA) выросла на 5 б.п. и по итогам торгового дня составила 17,59% годовых. Ставка заимствования тенге под залог долларов США сроком на один день (SWAP-1D (USD)) выросла на 91 б.п. и составила 13,00% годовых. Совокупный объём торгов однодневными инструментами денежного рынка составил 998,603 млрд тенге.

ВАЛЮТНЫЙ РЫНОК 💱
На 17:00 средневзвешенный курс доллара США к тенге со сроком расчётов "завтра" по итогам торгов в пятницу составил 503,19 тенге. Нацвалюта укрепилась на 2,52 тенге. Объём торгов составил 329,166 млн долларов США. Были заключены 933 сделки. Минимальная цена составила 502,35 тенге за доллар США, максимальная – 504,90 тенге, цена последней сделки – 503,50 тенге.

Стоимость мартовских фьючерсов на нефть Brent на лондонской бирже ICE Futures к 18.00 времени Алматы в пятницу выросла на 1,84% и составила 65,24 за баррель.
Осы аптада KASE Academy командасы әлемдегі жетекші биржалық алаңдардың бірі — London Stock Exchange Group (LSEG) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Талқылау негізінен биржалардың нарыққа қатысушылардың әртүрлі санатымен, соның ішінде студенттермен және жеке инвесторлармен өзара іс-қимылды жолға қоюдағы практикалық тәсілдер жайлы болды. Оларды инвестициялық қызметке тарту, нарыққа деген сенімді қалыптастыру, сондай-ақ нық шешіммен келіп, ұзақ мерзім белсенді болатын қатысушыларды даярлаудағы білімнің рөлі мәселелері қарастырылды.

London Stock Exchange Group сарапшылары білім беру бастамалары арқылы нарықты дамыту тәжірибесін бөлісіп, LSEG Academy аясында қолданылатын практикаларды таныстырды. Атап айтқанда, академияны құру қағидаттары, оқу бағдарламаларының форматтары және олардың қаржылық сауаттылық пен инвестициялық мәдениетті дамытуға қосатын үлесі айтылды.

Өз кезегінде KASE Academy командасы университеттермен ынтымақтастықты, енді бастаған инвесторларға арналған базалық бағдарламаларды, сондай-ақ нарық қатысушыларына арналған мамандандырылған кәсіби бағыттарды қамтитын білім беру экожүйесінің өзіндік моделін ұсынды.

Жеке блокта кейінгі ықтимал ынтымақтастық бағыттары, соның ішінде сараптамамен және әдіснамалық әзірлемелермен алмасу, сондай-ақ бірлескен білім беру жобаларын іске қосу мәселелері талқыланды.

Мұндай кездесулер халықаралық тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар қаржы нарықтары мен білім беру бастамалары арасындағы тұрақты байланысты қалыптастыруға ықпал етеді.
На этой неделе команда KASE Academy провела рабочую встречу с представителями London Stock Exchange Group (LSEG), одной из ведущих в мире биржевых площадок.

В центре обсуждения находились практические подходы к работе бирж по выстраиванию взаимодействия с различными категориями участников рынка, включая студентов и частных инвесторов. Рассматривались вопросы их вовлечения в инвестиционную деятельность, формирования доверия к рынку, роли образования в подготовке долгосрочно активных и осознанных участников.

Эксперты London Stock Exchange Group рассказали о своем опыте по развитию рынка через образовательные инициативы и поделились практиками, применяемыми в рамках LSEG Academy. В частности, были озвучены принципы построения академии, форматы обучающих программ и их вклад в развитие финансовой грамотности и инвестиционной культуры.

Команда KASE Academy представила собственную модель образовательной экосистемы, охватывающую как сотрудничество с университетами и базовые программы для начинающих инвесторов, так и специализированные профессиональные направления для участников рынка.

Отдельным блоком обсуждались потенциальные направления дальнейшего взаимодействия, включая обмен экспертизой и методологическими наработками, а также запуск совместных образовательных проектов.

Подобные встречи способствуют не только обмену международным опытом, но и формированию устойчивых связей между финансовыми рынками и образовательными инициативами.