ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
23.3K subscribers
3.82K photos
282 videos
5 files
1.45K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
▪️ Instagram блогын жүргізетін Ақтау тұрғыны қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің бейнежазбасын өз парақшасында жариялаған.

▪️ Кадрда іс бойынша жәбірленуші ретінде қаланың екі тұрғыны көрсетілген.

▪️ Азаматтар сотқа шағым түсіріп, өз суреттерін пайдалануға және таратуға келісім бермегендерін атап көрсеткен.

▪️ Олар бейнематериалды алып тастауды және моральдық зиянды өтеуді талап еткен.

▪️ Азаматтық кодекстің 145-бабына сәйкес, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтың суретін оның келісімінсіз пайдалануға тыйым салынады.

▪️ Ақтау қалалық №2 соты іс материалдарын қарап шыққаннан кейін жауапкердің оның қоғам қайраткері немесе штаттан тыс журналист екендігі туралы дәлелдерін ескермеді.

▪️ Сот жарияланған бейнежазбаның жарияланған адамдардың келісімі талап етілмейтін материалдар санатына кірмейтінін атап өтті.

▪️ Сонымен қатар, бейнежазбаның көпшілікке жариялануы, сондай-ақ оған қоса берілген теріс пікірлер талап қоюшыларға моральдық күйзеліс тудырғаны анықталды.

▪️ Зардап шегушілер бар бейнежазбаның жариялануын заңсыз деп тауып, сот блогерге бейнежазбаны Instagram парақшасынан алып тастауды және талап қоюшылардың әрқайсысына моральдық зиян үшін 200 000 теңгеден өтемақы төлеуді міндеттеді.

▪️ Сот шешімі заңды күшіне енді.

Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.

https://t.me/mngsudkz
👍43👏41
▪️ Житель Актау, ведущий блог в Instagram, опубликовал на своей странице видеозапись следственных действий по уголовному делу.

▪️ На кадрах были запечатлены двое жителей города, проходивших по делу в качестве потерпевших.

▪️ Граждане обратились в суд, указав, что не давали согласия на использование и распространение своего изображения.

▪️ Они потребовали удалить видеоматериал и взыскать компенсацию за причиненный моральный вред.

▪️ Согласно статье 145 ГК, использование изображения гражданина без его согласия не допускается, за исключением случаев, предусмотренных законом.

▪️ Суд № 2 г.Актау, рассмотрев материалы дела, не принял во внимание доводы ответчика о том, что он является общественным деятелем либо внештатным журналистом.

▪️ Суд отметил, что опубликованное видео не относится к категории материалов, для распространения которых согласие изображенных лиц не требуется.

▪️ Кроме того установлено, что размещение видеозаписи в открытом доступе, а также сопровождавшие ее негативные комментарии стали причиной моральных страданий истцов.

▪️ Признав публикацию видеоматериала с изображением потерпевших незаконной, суд обязал блогера удалить указанный видеоматериал со своей страницы в Instagram и выплатить каждому из истцов по 200 тысяч тенге в качестве компенсации морального вреда.

▪️ Решение суда вступило в законную силу.

При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник — Верховный Суд Республики Казахстан

https://t.me/mngsudkz
👍536👏5
👍38👏4🔥3
▪️ Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Алматы облысы Ескелді ауданының Қаратал ауылында газ құбыры мен газ тарату желілерін салу бойынша ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан.

▪️ Жобаның жалпы құны 768 млн теңгеден асты.

▪️ Тапсырыс берушінің бастамасымен жүргізілген құрылыс-техникалық зерттеу барысында іс жүзінде орындалған жұмыстардың көлемі жобалық-сметалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

▪️ Атап айтқанда, газ құбыры тіректерінің іргетасын орнату кезінде мердігер жоба бойынша көзделген көлемнен едәуір аз бетон пайдаланған.

▪️ Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мамандардың қорытындыларын зерттеп, сондай-ақ нысанды қосымша тексерумен көшпелі сот отырысын өткізді.

▪️ Сот мердігердің жобалық-сметалық құжаттамада көзделген көлемде жұмыстардың орындалғанын дәлелдей алмағанын, ал талапкер ұсынған дәлелдемелер міндеттемелердің бір бөлігінің орындалмағанын растайтынын анықтады.

▪️ Бірінші сатыдағы сот талап қоюды ішінара қанағаттандырды.

▪️ ЖШС-ден республикалық бюджет кірісіне 45,9 млн теңге және 1,4 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді.

▪️ Компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талаптықанағаттандырудан бас тартылды.

▪️ Себебі, мұндай талап қоюға негіз болған мән-жайлар шарт орындалғаннан кейін туындаған.

▪️ ЖШС сот шешіміне шағым келтірлі, алайда Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырды.

▪️ Сот актілері заңды күшіне енді.

Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.

https://t.me/jambyl_sottary
👍412❤‍🔥2👏2
▪️ Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства области Жетісу заключило с ТОО договор государственных закупок на строительство газопровода и газораспределительных сетей в селе Каратал Ескельдинского района Алматинской области.

▪️ Стоимость проекта превысила 768 млн тенге.

▪️ В ходе строительно-технического исследования, проведенного по инициативе заказчика, были выявлены несоответствия между фактически выполненными работами и проектно-сметной документацией.

▪️ В частности, при устройстве оснований опор газопровода подрядчик использовал значительно меньший объем бетона, чем предусматривал проект.

▪️ СМЭС исследовал заключения специалистов, а также провел выездное судебное заседание с дополнительным обследованием объекта.

▪️Суд пришел к выводу, что подрядчик не доказал выполнение работ в объеме, предусмотренном документацией, тогда как представленные истцом доказательства свидетельствовали о невыполнении части обязательств.

▪️ Суд первой инстанции частично удовлетворил иск.

▪️ С ТОО взысканы в доход республиканского бюджета 45,9 млн тенге и 1,4 млн тенге госпошлины.

▪️ В удовлетворении требования о признании компании недобросовестным участником государственных закупок отказано.

▪️ Основанием стало то, что обстоятельства для предъявления такого требования возникли уже после исполнения договора.

▪️ ТОО обжаловано решение, однако судебная коллегия по гражданским делам Жамбылского областного суда оставила это решение в силе.

▪️ Судебные акты вступили в законную силу.

При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник — Верховный Суд Республики Казахстан

https://t.me/jambyl_sottary
👍48👏76
👍37🔥3
▪️ Қарағанды қаласының Ә.Бөкейхан ауданының сотына қарыз шарты бойынша ақша қаражатын өндіріп алу туралы бастапқы талап қою және мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қою келіп түсті.

▪️ Талап қоюшының пікірінше, тараптардың арасында қарыз шарты жасалған.

▪️ Осы шарт бойынша жауапкерге берешегін өтеу үшін ақша қаражаты берілген.

▪️ Қарызды қайтару жөніндегі міндеттеме орындалмағандықтан, талап қоюшы қарыз сомасын, тұрақсыздық айыбын және сот шығыстарын өндіріп беруді сұрады.

▪️ Жауапкер талаптармен келіспей, қолхатты жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюмен сотқа жүгінді.

▪️ Ол ақша қаражатын алмағанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұған дейін ол жұмысқа орналасу мақсатында жеке кәсіпкерге жүгініп, автокөлікті жалға алу шартын жасасқан.

▪️ Қолхат жеке кәсіпкердің (ЖК) нұсқауымен жалдау шартын жасау кезінде «күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда» деген негізбен жасалған. Алайда іс жүзінде ешқандай ақша берілмеген.

▪️ Жауапкер автокөлікті бір күн ғана пайдаланып, кейін оны қайтарып берген. Қарыз шарты бойынша берешектің бар екені және осыған байланысты шығарылған сот актісі туралы оған кейіннен белгілі болған.

▪️ Заң бойынша қарыз нақты мәміле болып табылады және қарыз алушыға ақшалай қаражатты іс жүзінде берген сәттен бастап қана жасалған болып есептеледі.

▪️Алайда талап қоюшы ақшаны беру фактісін құжатпен растай алмады.

▪️ Іс материалдарымен қолхаттың ақша қаражаты іс жүзінде берілмей жасалғаны расталды.

▪️ Сонымен бірге, сот даулы мәміле заңнама талаптарын, оның ішінде субъектілік құрам мен тараптардың еркін білдіруге қатысты талаптарды бұза отырып жасалды деген қорытындыға келді.

▪️ Шарт ЖК мен жеке тұлғаның арасында ресімделген, бұл ретте аталған жағдайда қарыз беру заңнамада белгіленген шектеулерге қайшы еді.

▪️ Ұсынылған дәлелдемелерді олардың жиынтығында бағалай отырып, сот ақша қаражатының нақты берілгенін растайтын дәлелдердің жоқ деген қорытындыға келді.

▪️ Осыған байланысты қолхатпен ресімделген мәміле жалған мәміле болып табылады.

▪️ Сот ақша қаражатын өндіріп алу туралы бастапқы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

▪️ Қарсы талап қою қанағаттандырылып, қолхат негізінде жасалған мәміле АК-нің 157-бабының 1-тармағына сәйкес жарамсыз (маңызсыз) деп танылды.

▪️ Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

▪️ Сот шешімі заңды күшіне енді.

Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.

https://t.me/krgsoty
👍443🔥2
▪️ В суд района им.Ә.Бөкейхана г.Караганды поступили взаимные исковые требования: первоначальный иск о взыскании денежных средств по договору займа и встречный – о признании сделки недействительной.

▪️ По версии истца, между сторонами заключен договор займа, по которому ответчику переданы денежные средства для погашения имеющейся задолженности.

▪️ Поскольку обязательства по возврату займа исполнены не были, истец просила взыскать сумму долга, неустойку и судебные расходы.

▪️ Ответчик, не согласившись с требованиями, обратился со встречным иском о признании расписки недействительной.

▪️ Он пояснил, что денежных средств не получал. По его словам, ранее он обратился к ИП с целью трудоустройства и заключил договор аренды автотранспорта.

▪️ Расписка была составлена по указанию ИП при подписании договора аренды «на случай непредвиденных обстоятельств», однако фактической передачи денег не было.

▪️ Автомобилем ответчик пользовался один день, после чего вернул его.

▪️ О наличии задолженности по договору займа и вынесенном судебном акте ему стало известно позднее.

▪️В силу закона, заем является реальной сделкой и считается заключенным только с момента фактической передачи денежных средств заемщику.

▪️ Однако истец не смогла документально подтвердить факт передачи денег. Материалами дела подтверждено, что расписка была составлена без фактического получения денег.

▪️ Кроме того суд пришел к выводу, что спорная сделка совершена с нарушением требований законодательства, в том числе касающихся субъектного состава и свободы волеизъявления сторон.

▪️ Договор оформлен между ИП и физическим лицом, при этом предоставление займа в данном случае противоречило установленным законодательством ограничениям.

▪️ Оценив представленные доказательства в их совокупности, суд пришел к выводу об отсутствии подтверждения фактической передачи денежных средств.

▪️ В связи с этим сделка, оформленная распиской, является мнимой.

▪️ Суд отказал в удовлетворении первоначального иска о взыскании денежных средств.

▪️ Удовлетворен встречный иск, сделка по расписке признана недействительной (ничтожной) на основании пункта 1 статьи 157 ГК.

▪️ Постановлением судебной коллегии по гражданским делам Карагандинского областного суда решение суда первой инстанции оставлено без изменения, апелляционная жалоба – без удовлетворения.

▪️ Решение суда вступило в законную силу.

При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник - Верховный Суд Республики Казахстан

https://t.me/krgsoty
👍553🔥3
👍362
▪️Қызылорда қаласында әйел адам мен оның кәмелетке толмаған балаларын жалдамалы тұрғын үйден шығару туралы атқарушылық іс қозғалды.

▪️Мемлекеттік сот орындаушысы жылу беру маусымы аяқталғанға дейін атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру туралы қаулы шығарды.

▪️ Тұрғын үйден шығару туралы азаматтық іс бойынша талап қоюшы – «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ осы шешіммен келіспей, сот орындаушысының қаулысын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінді.

▪️Талап қоюшы әйел адамның тұрғын үйдің меншік иесі емес екенін және пәтерде жалдау шартының негізінде тұрғанын, сондықтан, тұрғын үйден шығаруды кейінге қалдыруға негіз болмағанын көрсетті.

▪️ Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар сот орындаушысының әрекеттерін заңды деп таныды және
- Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін;
- балалардың мүдделерін басымдықпен қорғау қажеттілігін;
- ізгілік, әділдік және парасаттылық қағидаттарын негізге ала отырып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

▪️ Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот істі қарап, кәмелетке толмаған балалары бар отбасына қатысты атқарушылық іс жүргізу қозғалғанын анықтады.

▪️ Заң бойынша жылу беру маусымы кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарын, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларды, сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жалғыз тұрғын үйінен шығаруға жол берілмейді.

▪️ «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңда сот орындаушысына жылу беру маусымы кезеңінде азаматтардың осындай санаттарына қатысты тұрғын үйден шығару туралы атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті жүктелген.

▪️ Кассациялық сот тараптар арасында бұрын тұрғын үйді кейіннен сатып алу талабымен жалдау шарты жасалғанын назарға алды, бұл отбасының дауланып отырған тұрғын үй-жайда ұзақ уақыт бойы және тұрақты тұрғанын растайды.

▪️ Сот атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру уақытша сипатта екенін, сот актісін орындауға кедергі келтірмейтінін және кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғаудың заңда көзделген кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап көрсетті.

▪️Кассациялық сатыдағы сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шешімдерін күшінде қалдырды.

Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.

https://t.me/kass_sud_kz
👍45
▪️ В Кызылорде было возбуждено исполнительное производство о выселении женщины и ее несовершеннолетних детей из арендного жилья.

▪️Государственный судебный исполнитель вынес постановление о приостановлении исполнительного производства до окончания отопительного сезона.

▪️ Не согласившись с данным решением, истец по гражданскому делу о выселении - АО «Казахстанская Жилищная Компания» обратилось в суд с административным иском о признании постановления судебного исполнителя незаконным и его отмене.

▪️ Истец указал, что оснований для приостановления выселения не имелось, поскольку женщина не являлась собственником жилого помещения и проживала в квартире на основании договора аренды.

▪️Суды первой и апелляционной инстанций отказали в иске, признав действия судебного исполнителя законными с учетом:
- положений Конвенции о правах ребенка;
- необходимости приоритетной защиты интересов детей;
- принципов гуманности, справедливости и разумности.

▪️Кассационный суд по административным делам, рассмотрев дело, установил, что исполнительное производство было возбуждено в отношении семьи, в составе которой имеются несовершеннолетние дети.

▪️ По закону, в период отопительного сезона не допускается выселение из единственного жилья социально уязвимых слоев населения, семей с несовершеннолетними детьми, а также лиц с инвалидностью первой или второй группы.

▪️ Законом «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» на судебного исполнителя возложена обязанность приостанавливать исполнительное производство о выселении таких категорий граждан в период отопительного сезона.

▪️ Кассационный суд принял во внимание, что между сторонами ранее был заключен договор аренды жилья с последующим выкупом, что свидетельствовало о длительном и постоянном проживании семьи в спорном жилом помещении.

▪️ Суд отметил, что приостановление исполнительного производства носит временный характер, не препятствует исполнению судебного акта и направлено на обеспечение предусмотренных законом гарантий защиты прав несовершеннолетних детей.

▪️С учетом всех обстоятельств дела, кассационная инстанция оставила в силе решения судов первой и апелляционной инстанций.
 
При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник — Верховный Суд Республики Казахстан

https://t.me/kass_sud_kz
👍587🔥3💯3
👍31👏3
▪️ Шымкент қаласының тұрғыны (ІІ топтағы мүгедектігі бар) тұрғын үй мен жер учаскесіне, сондай-ақ пәтерге қатысты берілген сенімхаттар мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануды талап етіп, сотқа жүгінді.

▪️Талап қоюшы сенімхаттың қандай жағдайда берілгені және оған қашан қол қойғаны есінде жоқ екенін, ол өз мүлкіне билік етуге ешқандай ерік білдірмегенінін, сенімхат ресімделгенде және мәміле жасалған кезде өзі облыстық психикалық денсаулық орталығында стационарлық режимде ем қабылдағанын мәлімдеді.

▪️ Жауапкерлер (екі нотариус және оған туыс боп келетін үш адам) оның психикалық жағдайын пайдаланып, құжаттарын ресімдегенін, содан кейін оған тиесілі барлық мүлкі, яғни жер учаскесі бар тұрғын үйі мен пәтері сатылып кеткенін атап көрсетті.

▪️Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі соты істі қарау барысында жауапкерлер әйел адамнан сенімхаттарды алғаннан кейін оның атынан әрекет етіп, оған тиесілі жылжымайтын мүлкіне билік еткенін, соның салдарынан талап қоюшы тұрғын үйінен айырылып, туыстарының үйінде тұруға мәжбүр болғанын анықтады.

▪️ Сот-психиатриялық сараптама қорытындысымен бұл әйел 2019 жылдан бастап психикалық ауруға – зияткерлік-мнестикалық функцияларының төмендеуімен сипатталатын органикалық этиологиядағы тұлғалық бұзылысқа шалдыққаны расталды.

▪️ Сенімхатқа қол қойған кезде ол өз әрекеттерінің мәнін түсінбеген және оларға басшылық жасай алмаған.

▪️ Сарапшылардың қорытындылары медициналық құжаттардағы мәліметтерге, талап қоюшының психиатриялық стационарға бірнеше рет емдеуге жатқызылғаны туралы деректерге, клиникалық тексеру нәтижесінде диспансерлік есепте тұрғанына және оған денсаулық жағдайына байланысты мүгедектігі мерзімсіз белгіленгеніне негізделген.

▪️ Зерттеу нәтижесінде оның ойлау қабілеті, жады, эмоциялық тұрақтылығы және зияткерлік функцияларының айқын бұзылыстары анықталған.

▪️ Сот ұсынылған дәлелдемелерді бағалай келе, сенімхаттарды ресімдеу кезінде талап қоюшының ерік білдіруі саналы болмаған деген қорытындыға келді, сондықтан мәмілелер заңды деп есептелмейді.

▪️ Сот тараптарды бастапқы қалпына келтіріп, сенімхаттарды да, сатып алу-сату шарттарын да жарамсыз деп таныды.

▪️ Осылайша, сотқа жүгінген әйел адамның мүліктік құқықтары қалпына келтірілді.

▪️ Шешім заңды күшіне енді.

Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.

https://t.me/shymkent_sottary
👍36👏8
▪️ Жительница Шымкента, ограниченная в возможностях по здоровью (2-я группа), обратилась в суд с требованием признать недействительными доверенности и договоры купли-продажи жилого дома с земельным участком и квартиры.

▪️Истец указала, что не помнит, при каких обстоятельствах была выдана доверенность и момент ее подписания.

▪️ Утверждает, что она не выражала воли на распоряжение имуществом.

▪️ На момент оформления доверенности и заключения сделки она находилась на стационарном лечении в областном центре психического здоровья.

▪️ Ссылалась на то, что ответчики (двое нотариусов и трое родственников) воспользовались её психическим состоянием и оформили документы, по которым в последствии было реализовано всё принадлежащее ей имущество – жилой дом с земельным участком и квартира.

▪️ Межрайонный суд по гражданским делам г.Шымкента при рассмотрении дела установил, что получив доверенности от женщины,ответчики действовали от ее имени и распорядились принадлежащей ей недвижимостью, в результате чего истец лишилась жилья и была вынуждена проживать у родственников.

▪️Судебно-психиатрической экспертизой подтверждено, что с 2019 года эта женщина страдает психическим заболеванием –расстройством личности органической этиологии со снижением интеллектуально-мнестических функций.

▪️ На момент подписания доверенности она не могла понимать значение своих действий и руководить ими.

▪️ Выводы экспертов основаны на данных медицинской документации, сведениях о неоднократных госпитализациях в психиатрический стационар, нахождении на диспансерном учете в результате клинического обследования, установлении ограничения по здоровью бессрочно.

▪️ Исследование показало выраженные нарушения мышления, памяти, эмоциональной устойчивости и интеллектуальных функций.

▪️ Оценив представленные доказательства, суд пришел к выводу, что волеизъявление истца при оформлении доверенностей не было осознанным, а потому сделки не могут считаться законными.

▪️ Суд признал недействительными как доверенности, так и договоры купли-продажи, приведя стороны в первоначальное положение

▪️ Имущественные права женщины восстановлены.

▪️Решение вступило в законную силу.

При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник — Верховный Суд Республики Казахстан

https://t.me/shymkent_sottary
👍494🔥31
👍23🔥31
▪️ Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Петропавл тұрғынын сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған баланы асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамады деп айыптау бойынша қылмыстық істі қарады (ҚК-нің 139-бабы).

▪️ Сотталушы сот бұйрығы негізінде кәмелетке толмаған ұлын асырауға алимент төлеуге міндетті болды.

▪️ Алайда өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан жалтаруға байланысты 1,5 млн теңгеден астам алимент бойынша берешек қалыптасқан.

▪️ Сот нақты жұмысқа орналасу және табыс алу мүмкіндігіне қарамастан, сотталушы ресми жұмысқа орналасу шараларын қолданбағанын, Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінбегенін, алимент төлемегенін анықтады.

▪️ Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының кінәсін мойындауын және өкінуін, оның ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

▪️ Сот тұрғылықты жері бойынша сотталушының теріс сипаттамасын, алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты орындамағаны үшін оны бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартуды, тараптардың татуласуына байланысты ҚК-нің 139-бабы бойынша бұрын қылмыстық жауаптылықтан босату фактісін назарға алды.

▪️ Түзетуге мүмкіндік берілгеніне қарамастан, сотталушы өзі үшін тиісті қорытынды жасамаған және баланы күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындаудан жалтаруды жалғастырған.

▪️ Сонымен қатар, сот 2021 жылдан бастап ұлымен байланыс орнатпағанын, оның тәрбиесіне қатыспағанын, баланың денсаулығы мен тағдырына қызығушылық танытпағанын анықтады.

▪️ Сот сотталушыны сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін кінәлі деп тапты (ҚК-нің 139-бабы).

▪️ Оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

▪️ Сот үкімі заңды күшіне енді.

Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.

https://t.me/soltustikoblystyksoty
👍402🔥2
▪️ Специализированный межрайонный судом по делам несовершеннолетних Северо-Казахстанской области рассмотрел уголовное дело по обвинению жителя Петропавловска в неисполнении обязанностей по уплате средств на содержание несовершеннолетнего ребенка по решению суда (статья 139 УК).

▪️ Подсудимый на основании судебного приказа был обязан выплачивать алименты на содержание несовершеннолетнего сына.

▪️ Однако в связи с уклонением от исполнения возложенных на него обязанностей образовалась задолженность по алиментам в размере более 1,5 млн тенге.

▪️ Суд установил, что несмотря на наличие реальной возможности трудоустройства и получения дохода, подсудимый мер к официальному трудоустройству не предпринимал, в Центр занятости населения не обращался, алименты не выплачивал.

▪️ При назначении наказания суд учел признание вины и раскаяние подсудимого, отсутствие у него отягчающих обстоятельств.

▪️ Суд принял во внимание отрицательную характеристику подсудимого по месту жительства, его неоднократное привлечение к административной ответственности за неисполнение исполнительного документа о взыскании алиментов, факт освобождения ранее от уголовной ответственности по статье 139 УК в связи с примирением сторон.

▪️ Несмотря на предоставленную возможность исправиться, подсудимый должных выводов для себя не сделал и продолжил уклоняться от исполнения обязанностей по содержанию ребенка.

▪️ Кроме того, судом установлено, что с 2021 года он не поддерживал связь с сыном, не принимал участия в его воспитании, не интересовался состоянием здоровья и судьбой ребенка.

▪️ Суд признал подсудимого виновным в неисполнении обязанностей по уплате средств на содержание несовершеннолетнего ребенка по решению суда (статья 139 УК).

▪️ Ему назначено наказание в виде 1 года лишения свободы.

▪️ Приговор суда вступил в законную силу.

При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник — Верховный Суд Республики Казахстан

https://t.me/soltustikoblystyksoty
👍45🔥32
👍31🔥3
▪️ Орал қаласының 58 жастағы тұрғыны аурухананың реанимациясында қайтыс болған.

▪️ Марқұмның ұлы полицияға жүгінген, бірақ қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылған.

▪️ Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті жүргізген тексеру емделушіге медициналық көмек көрсету кезінде бұзушылықтарды анықтады.

▪️Әкесінің өліміне әкеп соқтырған медицина қызметкерлерінің әрекеттері (әрекетсіздігі) деп есептей отырып, ұлы сотқа ауруханадан және емдеуші дәрігерден моральдық зиянның орнын толтыру туралы талап қою берген.

▪️Орал қаласының №2 соты істі қарап, емделушінің бірнеше рет медициналық көмекке жүгінгенін анықтады, бірақ медицина қызметкерлері оны мас күйінде болғанына сілтеме жасай отырып, оған қажетті тексеру жүргізуден бас тартқан.

▪️ Бұл ретте ағзадағы алкоголь құрамына зерттеу жүргізілмеген.

▪️Денсаулық сақтау басқармасының call-орталығына жүгінгеннен кейін ғана емделуші ишемиялық инсульт диагнозы қойылған терапия бөліміне жатқызылған.

▪️ Басталған емге қарамастан, емделуші келесі күні қайтыс болған.

▪️ Аурухана өкілі талап қоюды мойындамады.

▪️ Прокурор талап қоюды ішінара қанағаттандыру туралы қорытынды берді.

▪️Белгіленген мән-жайлар мен іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді ескере отырып, сот медициналық көмектің уақтылы көрсетілмеуі емделуші үшін орын алған өлім-жітімнің алдын алудың нақты мүмкіндігін жоғалтуға әкелді деген қорытындыға келді.

▪️ Сот сонымен қатар әкесінің өлімі талап қоюшыға терең моральдық азап әкелгенін және медицина қызметкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар оның әділетсіздік, үмітсіздік, ашуланшақтық және эмоционалды күйзеліс сезімін тудырғанын атап өтті.

▪️ Сот шешім шығарған кезде мәлімделген талаптарды ішінара қанағаттандырды және моральдық зиянды өтеу ретінде талап қоюшының пайдасына ауруханадан 4 млн теңге өндіріп алды.

▪️ Сот шешімі заңды күшіне енді.

Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет.

https://t.me/BQOsbq
👍37🔥32
▪️ 58-летний житель Уральска скончался в реанимации больницы.

▪️ Сын умершего обратился в полицию, однако досудебное расследование было прекращенго за отсутствием состава уголовного правонарушения.

▪️ Вместе с тем проверка, проведенная Департаментом Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения, выявила нарушения при оказании пациенту медицинской помощи.

▪️ Считая, что именно действия (бездействие) медработников привели к смерти отца, сын обратился в суд с иском о взыскании компенсации морального вреда с больницы и лечащего врача в солидарном порядке.

▪️ Суд №2 г.Уральска, рассмотрев дело, установил, что пациент неоднократно обращался за медицинской помощью, однако медработники каждый раз отказывали ему в проведении необходимого обследования, ссылаясь на нахождение его в состоянии алкогольного опьянения.

▪️ При этом исследование на содержание алкоголя в организме проведено не было.

▪️ Лишь после обращения в call-центр Управления здравоохранения пациент был госпитализирован в терапевтическое отделение, где ему диагностировали ишемический инсульт.

▪️Несмотря на начатое лечение, уже на следующий день пациент скончался.

▪️ Представитель больницы иск не признал.

▪️ Прокурором дано заключение об удовлетворения иска частично.

▪️ С учетом установленных обстоятельств и представленных по делу доказательств суд пришел к выводу, что несвоевременное оказание медицинской помощи привело к утрате реальной возможности предотвратить наступивший для пациента летальный исход.

▪️Суд также отметил, что смерть отца причинила истцу глубокие нравственные страдания, а выявленные нарушения со стороны медработников обоснованно вызвали у него чувство несправедливости, отчаяния, гнева и эмоционального потрясения.

▪️ При вынесении решения суд частично удовлетворил заявленные требования и взыскал с больницы в пользу истца 4 млн тенге в качестве компенсации морального вреда.

▪️Решение суда вступило в законную силу.

При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник — Верховный Суд Республики Казахстан

https://t.me/BQOsbq
👍493🔥3
👍285👏2